Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Ақтөбе қаласы Қазақстан Республикасының ірі экономикалық, өндірістік орталығы болып табылады. Бақылау мәліметтері бойынша, атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары қалыпта сақталып отыр. Атмосфераның ластану индексі (АЛИ) республиканың басқа қалаларымен салыстырғанда орта деңгейден жоғары 9-10 бірлікті құрайды (Ақтау-3,44, г., Атырау-1,69, г. Орал-0,87 қалаларының атмосфералық ластану индексімен салыстыру үшін). Ақтөбе қаласында атмосфералық ауаның ластану деңгейінің жоғарылығы - құрамындағы формальдегидтің (4,3 ШРК) және азот диоксидінің (1,3 ШРК) шамадан тыс сақталуы салдарынан болып отырғандығы анық. Өлшенген заттардың, көміртек тотығының, күкірт диоксидінің және азот диоксидінің орта концентрациясы рауалы норма шегінде болды. Бір мәртелік азот диоксидінің концентрациясы- 1,4 шекті рауалы концентрацияға жетті.
Қаладағы Ақтөбе гидрометеорологиясы және «Казгидромет» МҚК мониторингі орталығының атмосфералық ауаны бақылаушы тұрақты үш орындары бар. Бұрын мұндай 8 орын болды, бірақ бюджеттен қаржы бөлінудің жоқтығынан 3-і ғана жұмыс жасады. Осындай себеппен атмосфералық ауа сапасының сынамасын талдау тек қана 7 қоспа бөлігі бойынша анықталады. Халықаралық экология академиясының жүргізген экологиялық рейтингісі бойынша Ақтөбе қаласы 7 лас қалалар құрамына еніп отыр.
Ақтөбе облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, жыл сайын «Таза ауа» операциясы орындалады. Операция Ақтөбе облысының ІІБ жол полициясы қызметкерлерінің қатысуымен өтеді. 2014 ж. «Таза ауа» операциясын өткізу барысында 162 бірлік заңды және жеке тұлғалардың автокөліктері тексерілді. Қорытынды өлшеудің нәтижелері бойынша, тексерілген автокөліктердің 38%-да уыттылық пен түтіндік нормаларының шамадан тыс пайдаланылғандығы анықталды.
Ақтөбе облысында шамамен 20 компания бензин және дизельдік отынды таратумен айналысады.
Бірақ тасымалданатын және таратылатын отынға қажет бақылаудың болмауы салдарынан, сапа төмендейді, шығарындылар көлемі артады.
Олай болса атмосфералық ауаның ластануына үлес қосатын ластаушы көздердің дизельдік және бензин отынын таратушы автозаправка стансалары болып табылады[1].
Достарыңызбен бөлісу: |