ҚОРЫТЫНДЫ
Көші-қон үдерістерін және олардың Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кезеңдегі дамуына әсерін талдап-зерттеулердің нәтижесінде біз төмендегідей теориялық тұжырымдар мен практикалық ұсыныстар жасадық:
1. Ұлттық шекаралар арқылы көшіп-қонулар мен нашар дамыған елдерден жақсы дамыған елдерге «ақылды адамдарының кетуі» ХХІ ғасырдың «бетбейнесін» қалыптастыратын негізгі күштердің бірі болады. Бұның ең кемінде үш себебі бар. Біріншіден, көші-қон (мигранттарды қабылдайтын) өндірісі дамыған елдердің де, сондай-ақ (мигранттарды жөнелтетін) нашар дамыған елдердің де демографиялық сипаттарын күрт өзгертетін болады. Екіншіден, жоғары білікті жұмысшылардың нашар дамыған елдерден кетуі табысы төмен елдерге де, сондай-ақ қабылдаушы елдерге де өз әсерін тигізетін болады. Үшіншіден, халықаралық диаспоралар орасан зор, әрі ықпалды іскерлік әлеуетке ие.
2. Ғалым экономистердің көзқарастарының эволюциясы халықтың көші-қонының мәнін, себептерін, факторларын, заңды байланыстарын анықтау жолымен дамыды. Бұлардың бәрі көші-қон үдерістерінің негізінде ең алдымен экономиканың дамуының қажеттіліктерімен шартталған заңдылықтар жатқандығын анықтауға мүмкіндік берді. Адамдардың өз өмір сүру жағдаяттарын жақсартуға тырысуы халықтың көші-қонының заңдылықтарының бірі болып отыр, сондай-ақ ол адамдардың өздері қалаған әлеуметтік стандарттарға қол жеткізуінің көрінісі болып табылады. Халықтың қозғалысына, едәуір дәрежеде экономиканың дамуымен байланысты болған, мемлекеттік-саяси факторлардың әсері де болады, дегенмен, белгілі бір тарихи кезеңдерде бұл фактор дербес функциональдық мәнге ие болады.
3. Халықтың көші-қоны өзінің функциональдық мазмұны тұрғысынан қарастырылған кезде заңды байланыстарды және өзара тәуелділіктерді бейнелейтін күрделі, әлеуметтік-экономикалық категория ретінде көрініс табады. Ол өмірлік іс-әрекеттің көптеген жәйттерімен тәуелділенген қоғамдық дамудың бір мезетте әрі құралы, әрі факторы болып табылады. Бұндай жәйттер — әлеуметтік-экономикалық қатынастар, мигранттарды еңбектік және физиологиялық бейімдеудің мәселелері, қоныс аударушы халықтың демограифялық құрылымының ерекшеліктері, оның жаңа әлеуметтік-мәдени және этникалық ортаға енуінің жағдаяттары. Халықтың көші-қонының үдерісінде туындайтын қарым-қатынастардың күрделі жүйесін талдап-зерттеулер оны басқарудың механизмдерін жасап шығу мақсатымен осы құбылыстың ерекшеліктерді анықтауға, сыртқы хаостың астарынан оған тән болған заңды үрдістерін ашуға мүмкіндік береді.
4. Еңбек мигранттарының санының өсуіне көптеген әрқилы, сонымен қатар өзара тәуелді факторлар әсер етеді. Осы факторлардың өзара әрекеттесуінің механизмдерін, сондай-ақ оның еңбек нарығына және тұтастай алғанда бүкіл экономикаға әсерін білу көші-қон стратегиясын жасап шығу үшін өте маңызды.
5. Білікті жұмысшылардың нарығы негізінен стихиялы түрде қалыптасады және көп жағдайларда қабылдаушы және жөнелтуші елдердің мүдделеріне бірдей дәрежеде жауап бере алмайды. Бұл нарықты өркениетті ету үшін әлеуметтік әділдікке, жөнелтуші және қабылдаушы елдердің өзара пайдалылығы және халықаралық серіктестігі ұстанымдарына негізделген таза нарықтық механизмдердің жеткіліксіз екендігі айқын болып отыр. Сонымен қатар, келісімделген іс-әрекеттің шеңберінде жөнелтуші және қабылдаушы елдер, сондай-ақ халықаралық ұйымдар жүзеге асыруы тиіс осы нарықты реттеуші ойластырылған әрекеттер де қажет.
6. Көші-қон үдерістерін басқару стратегиясының келешегін бағалай отырып, одан жақын арада аса зор нәтижелер күтудің қажеті де жоқ шығар. Көп жағдайда сыртқы шараларға бір жағынан — ауыл тұрғындарының қалаға қоныс аударуы және еңбек нарығы мәселелерінің шиеленісуі сияқты, ал екінші жағынан — шетелге қоныс аударуға және дамыған елдермен байланысты кеңейтуге қажетті шығындардың өсуі тәрізді үдерістер қоса қабаттасып жүріп отырады. Еңбек күші шамадан тыс көп елдердің дамуын ынталандыру, тіпті, оның шеңберінде жүргізілген шаралар әлеуметтік әділеттілік, қоршаған ортаны қорғау, адам құқықтарын сақтау және т.б. талаптарына толықтай жауап бергеніне қарамастан, қысқа мерзімдік кезеңде халықтың көші-қондық жылжымалылығының өсуіне алып келеді. Сол себепті де жақын онжылдықтар ішінде батыс елдеріне — сыртқы шаралардың қаржылық ауыртпалығы және көші-қондық қысымының ұлғая түсуі сияқты екі жүктеме түсетін тәрізді. Дегенмен, мигранттарды жөнелтуші және қабылдаушы елдердің мұқтаждықтары мен мүмкіндіктері, мүдделері өзара есепке алынған жағдайда, олар бірлесіп жұмыс атқарған жағдайда көші-қон үдерістерін басқару орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік келешекте біршама тиімді нәтижелер беруі мүмкін.
7. Этникалық көші-қон және кәсіпкерлік өзара тығыз байланысты құбылыстар. Кәсіпкерлік этникалық көші-қонсыз да өркендеуі мүмкін, алайда мигранттар кәсіпкерлікке белгілі бір әлеуметтік-мәдени реңк беріп қана қоймай, көп жағдайда оның дамуының қозғаушы күшіне айналуы да мүмкін. Сонымен бір мезетте көші-қонның өз бизнесін ашу, дәулетінің деңгейін көтеру сияқты экономикалық себептері бұрын да, алдағы кезеңде де негізгі қозғаушы күш бола бермек. Этникалық бизнес — жеке этникалық азшылықтардың қандайда бір іс-әрекет түріне бейімділігінің және мигранттардың басқа мәдени-әлеуметтік ортада өмір сүруге сәтті бейімделуінің үйлесімінің нәтижесі.
8. Біздің Қазақстан Республикасы халқының көші-қонының себептерін факторлық талдап-зерделеуіміз сыртқы көші-қонның дамуына тарихи-этникалық факторлардың, ал ішкі көші-қонның дамуына әлеуметтік-экономикалық факторлардың басты себеп болып отырғандығы жөнінде тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
9. Сыртқы көші-қон Қазақстан Республикасы халқының демографиялық сипаттамаларын өзгерткен негізгі фактор болып табылады. Егемендік алғаннан кейінгі кезеңдегі көші-қон үдерістерін талдап-зерттеулер 1990 жылдардың бас кезінде барынша күшейіп кеткен көші-қондық шығындардың қарқыны бірте-бірте азайғандығын, көші-қон үдерістерінің тұрақтанып келе жатқанын көрсетті. Алдағы кезеңде көші-қондық жағдайдың жақсаруы экономикадағы табысты өркендеудің болуына және қоғамдық-саяси өмірдің тұрақтылығына байланысты болмақ.
10. Қазақстанның дамушы аудандарындағы құрылымдық реформалардың тереңдеуі, экономиканың жан-жақтылануы, оның өркендеуінің ішкі көздерінің нығаюы халықтың өмір сүруге біршама қолайлы аумақтар мен жерлерге тиімді қайта қоныстануын қамтамасыз етеді.
11. Қазақстанның облыстарының аудандары көлемінде ішкі-көші-қонның ағындарын талдап-зерттеулер соңғы жылдарда ауыл тұрғындарының қалаларға қоныс аудару үрдістерінің сақталып отырғандығын көрсетуде. Тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының ауыл халқының көші-қондық жағдайлары, олардың едәуір жылжымалылығымен сипатталып отыр, бұл өз кезегінде еңбек нарығының дамуына, сондай-ақ елдің демографиялық параметрлеріне әсерін тигізеді.
12. Біздің белгілі бір индикаторлар бойынша болжам жасауымыз елдің халқының тұтастай алғанда бірте-бірте өсетінін, 2030 жылдың бас кезіне қарай 19,8-20,9 миллион адамға, ал 2050 жылы 23,5-26,8 миллион адамға дейін көбеятінін көрсетіп отыр. Бұл болжам қазіргі кезеңдегі қалыптасқан жағдайдан туындайтын пассив болжам емес. Ол бойынша белсенді демографиялық және көші-қондық саясатты жасап шығу және жүзеге асыру бойынша үлкен көлемдегі жұмыстар атқарылуы тиіс. Тек сол жағдайда ғана біз болжамданып отырған нәтижеге қол жеткіземіз, ал Қазақстан болса БҰҰ-ның мамандары алдын ала болжамдап отырған халық санының азаюы қаупінен құтылып, тұрақты демографиялық дамуды қамтамасыз етеді.
13. Тұтас, барлық бағыттарда кеңейтілген ауыл халқына білім беру жүйесін жасап шығу біздің пікірімізше, тірек базаға айналуы мүмкін, елдегі халықтың көші-қонының белгілі бір проблемаларын шешіп, жастардың ауылды жердерде тұрақтап қалуына көмектесуі мүмкін, ол жерде жастар аға ұрпақтың басшылығымен, уақыт өте келе Қазақстанның ұлттық ауылшаруашылық өндірісін дамытудың жоғары білікті маманданған еңбек ресурстарына айналуы және оның тәуелсіз мемлекет ретіндегі ұлттық-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі мүмкін.
14. Көші-қон үдерістері тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына жақсы да, жаман да әсерін тигізуі мүмкін. Дегенмен, жаман әсерлері басымырақ болады. Айталық, көші-қонның нәтижесінде Қазақстан экономикасына келген жалпы шығын ондаған миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Көші-қонның нәтижесінде едәуір қаржылық шығындар, білікті жұмысшы күшінің азаюы және соның салдарынан еңбек ресурстары сапасының төмендеуі, зияткерлік әлеуеттің шетелге кетуі, жаңа мамандарды дайындауға орасан зор шығынның кететіндігі Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне шынайы қатер төндіріп тұр.
Дегенмен, экономиканың өркендеуі және елдің еңбек нарығындағы жағдайдың жақсаруы, жалпы алғанда, көші-қон үдерістерінің теріс салдарларын едәуір азайтады.
15. Қазақстан Республикасында сыртқы көші-қонды реттеу бойынша белгілі бір мемлекеттік саясат қалыптасты, бұл саясатты жүзеге асыру көші-қон саясатын құқықтық қамтамасыз ету — біріншіден, жалпы алғанда, елдің және оның азаматтарының қауіпсіздігі, сондай-ақ салық төлеушілердің жағдайының жақсаруының, экономиканың өркендеуінің маңызды факторларының бірі; екіншіден, сапалы иммиграцияның қолайлы шарттарын жасау екендігін дәлелдеп отыр.
Біздің пікірімізше, қазіргі қолданыстағы саясаттың сыртқы көші-қонды реттеу саласындағы теріс тұстардың бірі жеке мәселелерді, соның ішінде еңбек иммигранттарының, әсіресе заңсыз иммигранттардың құқықтарын сақтау мәселелерінің жеткіліксіз дайындалып шығуы болып отыр. Осы мәселенің оң шешімін табуы республикадағы демократияның жан-жақты дамуына ықпалын тигізері сөзсіз.
16. Қазіргі кездері әлсін-әлсін дайындалып-жасалып жатқан халықты республикалық және облыстық деңгейде жұмыспен қамту бағдарламалары еңбек нарығындағы жағдайды реттеудің және халықтың республика ішіндегі қозғалысын тұрақтандырудың басты факторы экономикалық дамудың нарықтық перспективаларының бар болуы екендігін көрсетіп отыр. Еңбек ресурстарын қайта қалпына келтірумен және еңбекке қабілетті халықтың жұмыс орындарына сұранысымен теңгермеленген еңбекті пайдалану саласын кеңейту міндеттері, сондай-ақ оларды жүзеге асыруға қажетті материалдық ресурстардың қалыптастырылуы осы негізде шешілуі тиіс.
17. Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін халықаралық іс-тәжірибе өзінің білікті мамандарының еңбек нарығын қалыптастыруында жақсы үлгі бола алады. Бүкіл әлемдегі жоғары білікті қазақ қызметкерлерінің қоғамдастығын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған арнайы бағдарламаларды дайындап шығу қажет.
Ғылыми кадрларды және жоғары білікті мамандардың шетелге кетуіне байланысты жағдайды тек түбегейлі шаралар: саяси және экономикалық тұрақтылық, ғылым мен инновациялық іс-әрекетке қаржы салуға арналған ресурстарды жинақтау ғана шеше алады.
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ
Монография:
1 Нарық экономикасы жағдайындағы халықтың көшіп-қонуы. – Алматы: Қазақ ұлттық аграрлық университеті, 2006. – 203 б.
Оқу-әдістемелік басылымдар:
2 Еңбек нарығы экономикасы. Алматы: КазНАУ, 2004 ж. – 37 б.
3 Менеджмент. Алматы: КазНАУ, 2006г. – 67 б. (Авторлықпен Аманчиева А.Р.).
4 Менеджмент и организация агробизнеса. Типовая учебная программа. Алматы: КазНАУ, 2003 г. (в авторском коллективе).
5 Экономика и менеджмент. Типовая учебная программа, для магистрантов. Алматы: КазНАУ (в соавторстве)
Мақалалар:
а) ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау және аттестаттау комитеті басылымға рұхсат етілген
6 Көшіп – келушілердің бейімделу жолдарын жақсарту. – Алматы: Халықаралық Бизнес Университеті, Хабаршы №4 (6), 2007 ж. – 111 б.
7 Сыртқы көшіп – қонуды мемлекеттік реттеу. – Алматы: Халықаралық Бизнес Университеті, Хабаршы №2 (4), 2007 ж. – 16 б.
8 Әлеуметтік салаға көшіп - қонудың әсері. - Алматы: Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, Ізденістер, нәтижелер №1, 2007 ж. 202 б.
9 Совершенствование менеджмента и его влияние на стабилизацию миграционных процессов в Казахстане.–Алматы: Ізденіс №2(1), 2007 ж.–47 б.
10 Иммиграцияның еңбек нарығына әсері. – Алматы: Аграрлық нарық проблемалары №2, 2006 ж. – 100 б.
11 Развитие рынка труда в сельхозпроизводстве и его значение для стабилизации миграционных процессов Казахстана.- Алматы: Экономика и статистика №1, 2006 ж. – 41 б.
12 Көші-қон үдерісінің отандық экономикаға әсер етуінің кейбір мәселелері. Алматы: Статистика, учет и аудит №2(23), 2006 ж. – 21 б.
13 Сыртқы сауданы либералдандыру – эмиграцияны азайту. – Астана: С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті №4(43), 2006 ж. – 152 б.
14 Анализ потоков внутренней миграции сельского населения в республике Казахстан за годы суверенного развития. Алмыты: Казахский национальный аграрный университет, Исследования, результаты №4, 2005 г. – 165 с. (Соавтор Э.Х. Синицына).
15 Влияния миграционных процессов на развитие трудового потенциала Республики казхастан и его сельхозпроизводство. – Алматы: Поиск №4, 2005 г. – 90 с.
16 Миграционные процессы и безработица в Казахстане. Алматы: Проблемы агрорынка №4, 2005 г. – 87.
17 Развитие малого предпринимательства в сельскохозяйственном производстве Казахстана – источник стабилизации миграционных процессов в стране. Астана: С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті №9, 2005 г. – 188 с.
ә) Шет ел басылымдарында:
18 Закономерности формирования человеческого капитала, и их влияние на миграционные процессы. Бишкек: Кыргызский Государственный университет им. И. Арабаева №6, 2006 г. – 223 с.
19 Теоретические основы развития или стабилизации миграционных процессов. Бишкек: Кыргызский Государственный университет им. И. Арабаева №6, 2006 г. – 226 с.
20 О необходимости использования рыночных механизмов в управлении потоками внутренней миграции. Бишкек: Международная научно-практическая конференция, 2007 г. – 185 с.
б) Басқа мерзімдік баспалар мен ғылыми еңбектер жинақтарындағы жарияланғандар:
21 Проблемы улучшения системы управления аграрным производством. Астана: Вестник науки №3, КазАУ им. С.Сейфуллина, 2004 г. – 174 с. (Соавтор Ж. Сулейменов).
22 Некотрые проблемы повышения эффективности зерна. Астана: Вестник науки №4, КазАу им. С.Сейфуллина, 2004 г. – 166 с. (Соавтор Ж. Сулейменов).
23 Ауыл және жас маман. Алматы: Халықаралық конференцияның материалдары, 2004 ж. – 56 б.
24 Социально-экономические проблемы стабилизации миграционных процессов. Алматы: Основы экономики №2, 2007 г. – 11 с. (Соавтор Ш. Альпеисова).
25 Білікті мамандардың тұрақтамауы. Алматы: Жаршы №3(170), 2007 ж. – 13 б.
26 Көшіп – қонудың демографиялық өзгеріске әсері. – Алматы: Қазақ ұлттық аграрлық университеті, 2007 ж. – 117 б.
27 Анализ миграционной ситуации сельского населения в Республике Казахстан. Алматы: Экономика негіздері №4, 2007 ж. -20 б.
28 Проблемы экономического образования. Алматы: Основы экономики № 2, 2006 г. – 23 с. (Соавтор Г. Юльчиева).
29 Әлеуметтік салаға көшіп-қонудың әсері. Алматы: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, 2006 ж.
30 Иммиграция және өндіріс. Алматы: Экономика негіздері №6, 2006 ж. – 17 б.
31 Внутренняя миграция сельского населения РК. – Алматы: Основы экономики №3, 2006 г. – 21с.
32 Совершенствование механизма сокращения безработицы – фактор положительного влияния на миграционные процессы в Казахстане. Алматы: Международный научный симпозиум, 414 с.
33 Ауыл жастарының келешегі. Алматы: Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары, 2005 ж. - 23 б.
34 Ауылдағы жұмыссыздық Алматы: Халықаралық конференцияның материалдары, 2004 ж. - 106 б.
35 Еңбек ресурсы - әлеуметтік – экономикалық категория. Алматы: Жаршы №6, 2003 ж. – 9 б. (Б.Қ. Жұмақанов).
36 Ауылдағы әлеуметтік жағдай. Алматы: Халықаралық конференциясының материалдары, 2003 ж. – 164 б. (Э.Ә. Ақтөреева).
37 Теоретические аспекты возникновения миграционных процессов в Казахстане. Алматы: Материалы Международной научно-практической конференции, 2007 г. – 385 с.
РЕЗЮМЕ
Мухаммедов Абу Уринбасарович
Экономические проблемы государственного регулирования миграции населения
Диссертация представлена на соискание ученой степени доктора экономических наук по специальности: 08.00.05 – Экономика и управление народным хозяйством.
Объектом диссертационного исследования является социально-экономическое развитие Республики Казахстан в современных условиях постсоциалистического периода.
Предметом исследования являются миграционные процессы, развивающиеся в современном Казахстане.
Основной целью данного диссертационного исследования является комплексное изучение теоретических и прикладных проблем влияния миграции на экономику, ее сущности, причин и последствий для развития общества в рыночных условиях, исследование теоретико-методологических подходов выбора предпочтительного режима экономической политики в целях ее регулирования.
Методологическая основа исследования. В качестве исходной основы послужили теоретические положения, разработанные мировой экономической наукой, а также труды ученых-экономистов стран СНГ и дальнего зарубежья.
Отправной точкой данного исследования служит гипотеза о том, что экономика Республики Казахстан, ранее входившей в социалистический блок превратился в рыночную. При этом для достижения поставленной цели и решения главных задач диссертационного исследования в качестве основополагающего было принято положение, что миграция – сложное социально-экономическое явление, требующее комплексного научного анализа. При его исследовании очеувидна необходимость сочетания разных научных подходов, в том числе с использованием статстических и динамических методов системного, сравнительного и факторного анализов. Кроме того, в методологическом инстркментарии исследованиям влияния миграционных процессов на экономику значительная роль пренадлежит системно-генетическому подходу, позволяющему проанализировать проблему через взаимосвязь и взаимодействие целого и элементов системы – «экономика – общество - человек». Широко использовались не только общеизвестные приемы экономических исследований и общенаучные методы познания, но и структурно-деятельностный подход, позволивший рассмотреть проблему в динамике. Все это, на наш взгляд, позволило обеспечитьдостоверность результатов диссертационного исследования и обоснованность выводов.
Научные результаты, полученные соискателем в ходе исследования (основные положения, выносимые на защиту).
1. Представлен механизм взаимосвязи и взаимообусловленности роста и развития миграционных процессов, с состоянием экономики, ее институциональной структурой, социально-экономическим положением страны, а также с проблемами человека, его рационального выбора в соотвествующих условиях.
2. На основе исследования многоаспектного и крайне сложного характера структуры, выявлены природа и сущность миграции населения, показаны социально-экономические последствия ее развития для стран, находящихся в процессе трансформации.
3. Показано, что в постсоветской рыночной экономике на условия, способствующие вовлечению человека в миграционные процессы влияют неразвитость демократических и рыночных институтов, степень прозрачности и сложности миграционного законодательства, низкий уровень оплаты труда, низкое качество оказываемых государством услуг.
4. Доказанно, что закономерности мировой экономики и соответсвующие им макроэкономические тенденции явились мощным катализатором роста эмиграции высококвалифицированных кадров в таких осуществляющих реформы странах, как Республика Казахстан.
5. Аргументирована необходимость пересмотра задач и критериев миграционной и экономической политики по регулированию миграционных процессов. Частью экономической политики должны стать меры по созданию отечественного рынка квалифицированного труда.
Практическая значимость результатов исследования.
Полученные в работе результаты диссертационного исследования могут быть использованы в дальнейшей разработке проблем влияния миграционных процессов на экономику и концепций миграционных стратегий, как среднесрочного, так и долгосрочного характера. Концептуальный анализ противоречий и проблем становления полнеценной рыночной экономики, связанных с развитием рынка квалифицированного труда, могут помочь в дальнейших научных и практических разработках экономической теории. И, наконец, полученные в ходе исследования результаты, прежде всего, связаны с вахными теоритическими положениями которые вносят новизну в понимание характера, роли и последствий миграции населения в процессе перехода к полноценным рыночным отношениям.
SUMMARY
Mukhamedov Abu Orynbasaruly
“The Economic Issues of the State Regulation of Population’s Migration”
Specialty: 08.00.05 - Economics and national economy administration
The object of the research work is the current social-economic development of the Republic of Kazakhstan after the socialist epoch.
The topic of the research is the modern development of migration tendencies in Kazakhstan.
The methodological bases of the research. The theoretical definitions of the World Economics Science and the works of CIS, near and far foreign countries’ researchers have been the basis for the given research.
The source of the work has been the prognosis that the economy of the ex-socialist country - Kazakhstan transferred into market-oriented economy. It is based on the assumption that the complex social - economic notion, which needs the systematic analysis of migration, is the very way to achieve the aims and objectives of the paper.
While researching migration, the harmony of various scientific viewpoints, including statistic and dynamic methods, comparative and factor analyses should be taken into consideration. Besides, the investigation of the influence of migration processes on the economy requires much attention to the systematic-genetic analysis of the interaction of economy-society-man. Along with well-known economic research methods, the structural-action method has been also widely applied, which enables to consider the matters in their dynamics. In our opinions, all these facts give the full basis to consider the research results and statements completely original and well-based.
The scientific results taken by the researcher.
While investigating the topic, the following results have been received in this work:
-
The increase and development of migration processes is completely interconnected with the country’s institutional structure, social-economic conditions, and its human problems. As a result the mechanism of interdependency and interconnectedness of all these factors has been revealed.
-
The nature and the essence of the population’s migration have been identified as a result of the research of the complex and multi-aspect structure of migration. Besides, the social-economic consequences of migration increase, particularly, for the countries undergoing changes, were marked.
-
It was illustrated, that the insufficient development of democratic and market institutions, the level of the complexity of migration laws and ill quality of public service are the main factors affecting the man’s involvement into migration in terms of after-Soviet market economy.
-
It was proved that, the increase of the competent professionals’ flow to abroad in such countries as Kazakhstan with many reforms taking place, is mainly caused by the world economic laws and macroeconomic tendencies.
-
The necessity of revising the objectives and criteria of economic regulations of migration processes was emphasized. Measures should be taken to create the national market of competent labor.
The practical significance of the research results.
The research results can be applied in addressing the issues of the influence of migration processes on economy and in planning an average-term and long-term strategies of migration. In-deep research of the contradictions and problems in the formation of a market – oriented economy can make an important contribution to the improvement of economic theory, particularly, in working out the scientific-practical issues of economic theory. Finally, research results are theoretically well-based assumptions that give an opportunity to understand the character, specific features, role and consequences of population’s migration during the transformation into market relations in a new way.
Достарыңызбен бөлісу: |