Білім бұлағы кітапты сүйіңіздер! Горький.
Өсіп келе жатқан балаға кітаптың берері мол. Оның ой-өрісін дамытуда. сөз байлығын көбейтуде, сонымен қатар еңбекқорлыққа және адамгершілікке әсемдікті түсіне ,сүйе білуге үйретуде, экологиялық білім беруде де орны бөлек ұстаз кітап болып табылады.
Жас кезінен кітап оқуды серік етіп оқығанының дұрыс немесе бұрыстығын өзі ұғып сараптай білуге, оны өзгеге де дәлелді түрде жеткізе білуге үйренудің алғашқы сатысын мектеп қалайды.
Балалар өте әсершіл. Алған әсерлерін көпке дейін ұмыта алмай әңгімелеп жүреді және жағымсыз кейіпкерлердің қылықтарына шын көңілмен реніш білдіріп отыратынын өздеріңіз де білесіздер ғой. Олар еліктегіш те.Кітаптан жақсылықтың үнемі жеңіске жетіп, жамандықтан басым түсіп,т салтанат құратынын ұғып, өздері де жаман қылық көрсетуден аулақ болады деп ойлаймын. Балаларға арналған кітаптардың түрлі-түсті болып келуі және мазмұнды да , әсем безендірілген суреттерге толы болуы да кітапқұмарлықты оятады.
Кітаптың тек қана суретін көріп қою жеткіліксіз . Бұл суреттердің не үшін салынғанын анықтап айтып, сен қалай ойлайсың деп қызықтыра білген абзал. Салынған суреттермен дұрыс жұмыс түрі ұйымдастырылса ғана оқыған кітаптың мәні ашылып , мағынасы санасына жететін болады.
Барлық әдет атаулының бала жастан бастап қалыптасатынын ғалымдар дәлелдеген.Таңертеңгі тазалық талаптарын орындаудан бастап, дене қимылдарымен айналысуды да осы кезде бастайды.Адам өміріндегі ең маңызды нәрсе- күн тәртібін сақтау. Күнделікті жасалатын жұмыстардың ретін сағатына, минутына дейін дәл есептеп үйренуге бала кезінен бастап әдет қалыптастырады.
Өмірі көрмеген аң не құс туралы да ең бірінші болып кітап таныстырады.Жер бетіндегі тамаша жерлердің сұлулығын сипаттауда кітапқа жететін көмекші жоқ..Кітапты тек қана бала оқу керек деген ұғым түбірімен қате. Балаңызбен бірге өзіңіз де қолыңызға кітап алып, ондағы оқиғаларға араласып кетіңізші.Сіз бір жұмбақ әлемге еніп кеткен сияқты болып, одан бас көтере алмай қаласыз.
Кітаптың назарынан ешбір тақырыптың да тыс қалмайтынын сіз жақсы білесіз.Бүгінгі күні белең алып келе жатқан жаман әдеттермен күрестің де белсенді мүшесі кітап екенін ұмытпаңыз. Егер балаңыз жат қылықтан бойын алыс ұстап , емін-еркін шат өмір сүрсін десеңіз осыны ескеріп қойыңыз
Осындай тамаша досты балаңызға таныстырып, оған кітап оқып беріп жүрсіз бе?Кеш қалмаңыз! Әлде…