Тақырыбы: Мен оқыған бір кітап Мақсаты



бет1/4
Дата13.07.2022
өлшемі19.58 Kb.
#459679
  1   2   3   4

Тақырыбы:Мен оқыған бір кітап
Мақсаты:
Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
Әрбір тұлғаның кітап оқу арқылы кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту. Оқырманның кітапқа деген ерекше көзқарасын қалыптастыру.
Әрбір тұлғаның ой-өрісін кеңейтіп, білім алудағы кітаптың маңыздылығын айқындау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Оқыған кітаптың қызықты, мағыналы түйінін анықтау. Кітапхананың белсенді, үздік оқырмандарын анықтау
Оқушыларды білім құралы кітаптың маңызымен таныстыру. Оның алғашқы шығу тарихымен және алғашқы баспагерлермен, еліміздің баспаларымен таныстыра отырып, сөздік қорларын, тіл байлықтарын, ой - өрістерін дамыту. Оқушыларды білімділікке, адамгершілікке, кітапты бағалай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші:
Жасымда білім бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл мақұрым қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?-

деп Ұлы Абай атамыз өзінің білім дариясына кешірек қол сермеп қалғанын өкінішпен айтады. Бұнда ақын: Білім алуға бала кезіңнен ден қойсаңдар, өкінбейсіңдер, балғын шақта алған білімдерің, оқыған кітаптарың мәңгі бақи естеріңде қалады дегенді меңзейді.
- Ал, балалар, бізге білім берер негізгі құрал не?
- Әрине, кітап. Кітапты оқи отырып адамның ішкі рухани жан дүниесі артады. Айналадағы өмір мен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбы - құрдастарыңмен жақсы болуға қандай да бір жақсылық істеуге құлшындыратын да осы – кітап. Біз кітаптың маңызын жақсы білеміз, Бірақ оның шығу тарихын көп біле бермейміз. Сондықтан бүгінгі тәрбие сағатымызда: Алғашқы кітаптарды қалай жасады? Кітап басу ісін кім ойлап тапты? Қазақ тілінде ең алғашқы шыққан кітап қалай аталады? Тағыда басқа бізді ойландырған сұрақтарға жауап табамыз.
Ендеше Бейнероликке назар аударайық. «Кітап-сарқылмас қазына»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет