Клара (көзі күлімдеп). Хош келдіңіз, аға! Қал-жағдайыңыз қалай? Жеңгеміз, бауырларымыз аман ба? Біздің үйге де келетін күніңіз болады екен-ау, ә! ҚАйырбек



Дата03.01.2022
өлшемі14.32 Kb.
#451265
Көрініс Клара


Көрер көзге қораштау көрінер үш бөлмелі тоқал там. Клара есік алдында кір жуып жатыр. Әлтек-тәлтек басқан кішкене екі баласы жанында асыр салып ойнап жүр. Бір кезде кекиіп Қайырбек келеді. Үсті-басы жып-жинақы, мұнтаздай тап-таза, тойға баратындай сықиып киініп алған.  Ағасының іздеп келгенін жақсылыққа жорыған Клара қуанып қалады.

КЛАРА (көзі күлімдеп). Хош келдіңіз, аға! Қал-жағдайыңыз қалай? Жеңгеміз, бауырларымыз аман ба? Біздің үйге де келетін күніңіз болады екен-ау, ә!

ҚАЙЫРБЕК. Неге келмеске, өз үйім емес пе!

КЛАРА. Әрине, өз үйіңіз, ішке кіріңіз. Шай демдеп жіберейін!

ҚАЙЫРБЕК (күмілжіңкіреп). Жоқ, әуре болмай-ақ қой, асығыспын.

КЛАРА. Соншама қайда асығып барасыз? Бір келгенде азырақ тізе бүгіп, бір-екі кесе шай ішіп кетпедіңіз бе енді.

ҚАЙЫРБЕК.'>ҚАЙЫРБЕК.  Ырғалып-жырғалып жүретін уақыт емес, жұмыс бастан асады. Тек сенімен ашық сөйлесейін деп едім.

КЛАРА. Не жайында? (шошынып) Аманшылық па, әйтеуір?

ҚАЙЫРБЕК (міңгірлеп). Үйді босатыңдар!

КЛАРА (үрпиіп). Қайсы үйді?

ҚАЙЫРБЕК. Неше үйің бар еді? (сұқ саусағымен көрсетіп) Мына үйді!

КЛАРА. Не?.. Не деп тұрсыз?..

ҚАЙЫРБЕК. Не, түк ұқпайтын кеще болып қалғансың ба?

КЛАРА. Бұл үйді бізге әкем алып берген жоқ па?!

ҚАЙЫРБЕК. О заманда бұ заман, қызға үй алып бергенді қайдан көріп едің?!  Таласпа, үй менікі.

КЛАРА. Өз үйіңіз бар емес пе?

ҚАЙЫРБЕК (кекірейіп). Онда шаруаң болмасын!

КЛАРА. Біз оған таласып жатқан жоқпыз ғой!

ҚАЙЫРБЕК. Менің үйіме таласатындай сен кім едің сонша?

КЛАРА. Сізге ол үйді де әкем алып бермеп пе еді?!

ҚАЙЫРБЕК. Кім айтты саған? Көп сөзді қой да, үйді босат!

КЛАРА. Неге босатады екенмін?! Үй менікі, кеудемде жаным барда ешкімге бере қоймаспын.

ҚАЙЫРБЕК. Өз ерікіңмен босат, әйтпесе, сотпен қуып шығарамын.

КЛАРА. Аға, не деп тұрсыз?.. Бұл үйді менің өлігімді аттап қана ала аласыз.  Сотпен мені қорқытпай-ақ қойыңыз.

ҚАЙЫРБЕК. Ендеше, өз обалың өзіңе. Қалағаның сол болса, сотта кездесерміз! 

Қайырбек артына айбар тастап, сес көрсетіп кетіп қалады. Клара сенерін де, сенбесін де білмей, аң-таң күйде аңтарылып тұрып қалады.



КЛАРА (кейіп). Құдай-ау, ағама не көрінген, дәті барып, қалай келді екен, ә?! Не болып кетті мына дүние?.. (кемсеңдеп) Айдап салып отырған ана сайқал ғой, оқытып-дуалап тастағаннан саума, өзі! (ойға батып) Шынында да бұл қалай болды, а?! Түк түсінсем бұйырмасын?! Ағамның бізге суықтау екенін бұрыннан білетінмін, сезетінмін, бірақ дәл осындай қатыгез деп ойламаппын! Әй, бірақ, бір әке-шешеден туған ағам емес пе, қорқытып-үркітсе де, сотқа сүйрей қоймас. Ойланар... Жүрегі тас емес қой, жібір! Бәрібір бұл үйден бізді қуып шыға алмайтынын өзі-ақ түсінер. Сот та адамның баласы ғой, шындықты айтсақ қараулық таныта қоймас. 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет