Класс Time. – 2013. - №28. – 10 шілде
Сейдахметова Р. ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық
ұтқырлық орталығының директоры
Түрлі мақсатта аудиториялардың талаптарына жауап ретіндегі Қазақстандық университеттердің білім беру бағдарламаларын бағалау
Қазақстандық экономиканың тәуелсіздік жылдар барысында дамуы білім беру сапасының өсуімен және кәсіби мамандарды даярлаумен байланысты. Елбасымыз Н.Назарбаев атап өткендей, Қазақстандағы индустриалды-инновациялық үрдістің негізгі мәселелерін шешу үшін, еліміздің технологиялық келешегіне зияткерлі тірек бола алатын, бәсекеге қабілетті жаңа білім беру жүйесін қалыптастыру қажет. Себебі, сапалы білім – инновациялық экономиканың мықты негізі.
Қазіргі таңда қазақстандық жоғары оқу орындарының алдында - еңбек нарығы талаптарына сәйкес келетін сапалы білім беру мәселесі тұр. Мысалы, сапамен қамтамасыз етудің бірден-бір құралы ретінде, отандық жоғары оқу орындарының ұлттық және әлемдік рейтингтерге қатысуы саналады, себебі білікті еңбек нарығының агенті ретінде университеттердің рейтингтік бағасы қоғамға да, тұтынушыларға да маңызды. Сондай-ақ, жылдық рейтингтер жоғары оқу орындары түлектерін жұмысқа орналастыруда, білім беру гранттарын иеленуде қолданылады.
Жаһандану жағдайында әр жоғары оқу орны бәсекеге қабілетті болуға ұмтылады. Әлемнің ең әйгілі университеттерінің өзі жеткен деңгейімен шектеліп қалмай, ары қарай жетістікке жетуге ұмтылады. Жоғары оқу орны неғұрлым жетілген болса, өз атағын дәлелдеу үшін соғұрлым көп күш салады.
Рейтингтік мониторингтің Қазақстандық тәжірибесі Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығымен өткізілетін, жоғары оқу орындарымен жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларын академиялық саралаумен байланысты. Қазіргі таңда бакалавриат мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарын саралау, университеттің білім беру қызметінің сапасын бағалауда маңызды орын алып отыр. Тек сапалы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын жоғары оқу орындары ұлттық рейтингісі ғана талапкерлердің оқу орнын таңдау сұрағына жауап беруге көмектеседі.
2013 жылы бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарын саралау 5 өлшем бойынша жүзеге асырылды (100%): дарынды студенттердің, оқытушылардың және зерттеушілердің шоғырлануы (20 %); ресурстардың жеткіліктілігі (15%); академиялық ұтқырлық (20%); түлектердің бәсекеге қабілеттілігі (20%); ғылыми қызмет (25%).
Рейтинг-2012 өткізу тәжірибесін негізге ала отырып, ағымдағы жылдың әдістемесіне аздаған өзгерістер енгізілді. Мысалы, шетелдік және қазақстандық оқытушылар мен студенттердің ұтқырлық бағдарламасын ескеретін, «Халықаралық қатынас» өлшемі «Академиялық ұтқырлық» өлшеміне ауыстырылды. Мұндай жаңалық академиялық ұтқырлық бағдарламасының дамуына өз үлесін тигізеді деп ойлаймыз.
Университеттердің ұлттық рейтингі Қазақстандық жоғары оқу орындарының жаңғыруы мен дамуына, сонымен қатар олардың инновациялық жолға көшуіне ықпал ететіндіктен, Орталық сарапшылары, бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарын бағалау әдістемесінде, сұранысқа ие журналдарда ғылыми зерттеу нәтижелері көрсетілген мақалалардың жариялану көрсеткішін де ерекше атап өтті.
2013 жылғы рейтингіде қолданылған әдістеме бакалавриаттың жеке мамандықтары бойынша ЖОО-ның рейтингін анықтау міндетін мақсат етіп қойды. Сондықтан классикалық (көпсалалы), техникалық, экономикалық және басқа да жоғары оқу орындары тең жағдайда сараптамадан өтті. Жоғары оқу орындары берген мәліметтер басқа да ақпарат көздерімен дәлелденді. Мәселен, ЖОО-ның оқытушыларының импакт-факторлы журналдарда жарияланған ғылыми мақалаларының үлесі 0,25-тен төмен болмауы секілді мәліметтерді ғылыми жұмыстар базасы мен электрондық нұсқаларынан анықтауға болады. Сондай-ақ, жоғары оқу орындары ұсынған мәліметтер, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Жоғары білім беруді бірыңғай басқару жүйесінде тексерілді. Ұсынылып отырған әдістемеде, бастапқы ресурстарға қарағанда бағалау нәтижелеріне жол берілді. ЖОО-ны белгілі бір бакалавриат мамандығына анықталған 5 өлшем бойынша ең жоғары алатын рейтинг балы 1000-ға тең болды.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының рейтингінде 11 бағыт және 108 білім беру бағдарламалары бойынша 69 жоғары оқу орны қатысты. 2012 жылмен салыстырғанда ағымдағы жылда жоғары оқу орындарының саны кеміді. Жекешелендірілген жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингісіне қатыспау себебі озық отандық жоғары оқу орындарына тиісті бәсеке құрай алмауында екенін атап өткен маңызды.
Рейтинг нәтижелері бойынша үздік топқа 43, оның ішінде 9 ұлттық, 19 мемлекеттік, 1 халықаралық, 11 акционерлік және 3 жекешелендірілген жоғары оқу орындары кірді.
Әрине, қызмет көрсету тұтынушылары үшін ең тартымды білім беру бағдарламалары ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындарымен ұсынылған. Мысалы, «Білім» бағыты бойынша озық позицияларды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты; «Жаратылыстану ғылымдары» – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті; «Техникалық ғылымдар және технологиялар» – Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті; «Ауылшаруашылық ғылымдары» – Қазақ ұлттық аграрлық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті; Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті; «Экономика және бизнес» – ҚМЭБИ Университеті және Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті; «Денсаулық сақтау» – С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Астана медицина университеті,
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті.
Сонымен, 2013 жылдың бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша академиялық саралау нәтижелері, қазақстандық жоғары оқу орындары білім беру қызметінің сапасын сырттай бағалауында жоғары қызығушылық танытқанын көрсетті. Осының бәрі, қазақстандық университеттердің білім беру бағдарламаларын бағалау, әртүрлі мақсатты аудиториялардың талаптарына жауап ретінде қызмет ететініне куә.
Құрметті талапкер! Қазақстандық жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларының рейтингі сіздерге болашақ мамандықты таңдауға көмектеседі деген үміттеміз!
Рейтинг-2013 барлық қатысушыларына ынтымақтастықтары үшін өз алғысымызды білдіреміз.
5В042000 Сәулет
1. Халықаралық білім беру корпорациясы
2. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
3. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
4. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
5. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
6. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
7. Инновациялық Еуразия университеті
8. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
9. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
5В042100 Дизайн
1. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
2. Халықаралық білім беру корпорациясы
3. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
4. Алматы технологиялық университеті
5. «Тұран-Астана» университеті
6. «Сымбат» дизайн және технология академиясы
7. А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
8. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
9. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
10. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
11. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
12. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
13. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
14. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
15. Қазақ технология және бизнес университеті
5В050600 Экономика
1. ҚМЭБИ Университеті
2. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
3. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
4. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
5. Алматы экономика және статистика академиясы
6. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
7. Қазақ гуманитарлық заң университеті
8. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
9. Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
10. «Тұран-Астана» университеті
11. Казақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
12. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
13. Алматы технологиялық университеті
14. Рудный индустриалдық институты
15. Қазақ ұлттық аграрлық университеті
16. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
17. Инновациялық Еуразия университеті
18. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
19. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
20. Атырау мұнай және газ институты
21. М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы
22. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
23. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
24. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
25. Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті
26. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
27. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
28. Қазақ технология және бизнес университеті
29. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
30. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
31. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
32. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
33. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
34. Халықаралық білім беру корпорациясы
35. Алматы гуманитарлы- техникалық университеті
36. Қазақстан-Американдық еркін университеті
5В050700 Менеджмент
1. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
2. Халықаралық Бизнес Академиясы
3. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
4. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
5. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
6. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
7. Алматы экономика және статистика академиясы
8. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
9. Инновациялық Еуразия университеті
10. Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
11. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
12. Қазақстан-Американдық еркін университеті
13. «Тұран» университеті
14. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
15. Рудный индустриалдық институты
16. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
17. Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті
18. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
19. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
20. Атырау мұнай және газ институты
21. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
22. Алматы гуманитарлы- техникалық университеті
23. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
5В050800 Есеп және аудит
1. ҚМЭБИ Университеті
2. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
3. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
4. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
5. Алматы экономика және статистика академиясы
6. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
7. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
8. «Тұран-Астана» университеті
9. Казақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
10. Қазақ ұлттық аграрлық университеті
11. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
12. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
13. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
14. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
15. Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
16. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
17. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
18. Атырау мұнай және газ институты
19. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
5В050900 Қаржы
1. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
2. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
3. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
4. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
5. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
6. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
7. Қазақ гуманитарлық заң университеті
8. Қазақ ұлттық аграрлық университеті
9. Инновациялық Еуразия университеті
10. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
11. Алматы технологиялық университеті
12. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
13. Қаржы академиясы
14. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
15. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
16. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
5В060800 Экология
1. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
2. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
3. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
4. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
5. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
6. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
7. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
8. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
9. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
10. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
11. Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
12. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
13. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
14. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Ауылшаруашылық ғылымдары
5В080100 Агрономия
1. Қазақ ұлттық аграрлық университеті
2. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
3. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
4. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
5. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
6. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
7. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
8. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
9. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
5В080400 Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
2. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
3. Қазақ ұлттық аграрлық университеті
4. Атырау мұнай және газ институты
5. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
6. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
5В080700 Орман ресурстары және орман шаруашылығы
1. Қазақ ұлттық аграрлық университеті
2. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
3. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
4. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
5. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
6. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
7. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
5В080800 Топырақтану және агрохимия
1. Қазақ ұлттық аграрлық университеті
2. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
3. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
4. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
5. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
5В090300 Жерге орналастыру
1. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
2. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
3. Қазақ ұлттық аграрлық университеті
4. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
5. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
6. Атырау мұнай және газ институты
5В090400 Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету
1. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
2. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
3. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
4. «Тұран-Астана» университеті
5. Қазақ технология және бизнес университеті
6. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
7. «Тұран» университеті
8. Атырау мұнай және газ институты
5В090700 Кадастр
1. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
2. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
3. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
4. Қазақ ұлттық аграрлық университеті
5. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
6. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
5В090800 Бағалау
1. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
2. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
3. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
4. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
5. Алматы экономика және статистика академиясы
6. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
7. Қазақ ұлттық аграрлық университеті
8. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Рейтинг-2013 Үздік 30 тобына енген жоғары оқу орындары
1. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
2. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
3. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
4. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
5. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
6. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
7. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
8. Қазақ ұлттық аграрлық университеті
9. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
10. Қ.А. Ясауи атындағыХалықаралық қазақ-түрік университеті
11. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
12. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
13. Қазақ ұлттық өнер университеті
14. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
15. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
16. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
17. Алматы технологиялық университеті
18. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
19. Алматы энергетика және байланыс университеті
20. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
21. Астана медицина университеті
22. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
23. ҚМЭБИ Университеті
24. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
25. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
26. Халықаралық білім беру корпорациясы
27. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
28. М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы
29. Қазақ гуманитарлық заң университеті
30. Халықаралық Бизнес Академиясы
Достарыңызбен бөлісу: |