Дәріс мақсаты:
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»
мақаласына шолу;
Рухани жаңғыру: «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ
тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасына сай
«Төртінші индустриялық революция» (Авторы –
Клаус Шваб, 2018) кітабының «Робототехника мен
сервистер» тақырыбына шолу;
Роботтар мен олардың
қолдану аймағына сараптама
жасау.
Рухани жаңғыру: «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»
Kiтап үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде - төртінші
индустриялық
революция
жөнінде жалпы мағлұматтар
жинақталған.
Екінші бөлімде – негізгі
түрлендіруші
технологияларға
сипаттама беріледі.
Үшінші
бөлімде
-
революцияның салдары және
ол көлденең тартатын саяси
ұрандардың мазмұны егжей-
тегжейлі баяндалады.
Клаус Шваб кітап
жайлы
Біз бүгін баршамыздың өмірімізді де, жұмысымызды да, күнделікті
қарым-қатынасымызды да түбегейлі өзгертетін алапат индустриялық
революцияның бастауында тұрмыз.
Бұл төртінші революция ауқымы,
қарымы мен күрделілігі жағынан да осы уақытқа дейінгі адамзат
тарихындағы құбылыстардың барлығынан асып түседі. Жасанды
интеллектінің, роботтандырудың, робот-автомобильдердің, 3D
басып
шығарудың, нанотехнологияның, биотехнологияның дамуымен және
тағы да толып жатқан ғажайыптардың пайда болуымен барлық салада
қарыштап көкке өрлейтін, таңғаларлық технологиялық дүмпуге куә
болмақпыз.
Бүкіләлемдік экономикалық Давос форумының негізін қалаушы
және тұрақты президенті Клаус Шваб осындай алапат өзгерістердің
әлеуетін
алдын ала болжап, терең байыптап, оны адамзат игілігіне
жарату жолдарын қарастыратын еңбек жазған.
Демек, бұл кітап адамзаттың ортақ болашағы үшін алаңдайтын және
революциялық технологияларды қоғам тіршілігіне икемдеуге ниетті
жасампаз ортаға арналған.
Кітаптың II бөлімінде автор Бүкіләлемдік
экономикалық
форумның, сонымен қатар бірнеше ғаламдық сарапшылық
кеңестердің жүргізген зерттеулерінің нәтижелеріне назар
аударады.
Атап айтқанда, бұл тарауда келтірілетін
инновациялардың
барлығы – компьютерленген есептеу қуатының арқасында
қамтамасыз етіліп, жетілдірілген технологиялар және төртінші
инновациялық
революцияның
мегатрендтерін
анықтап,
технологиялық драйверлердің (drivers) ауқымын кеңірек ашып
көрсету үшін мен бұл трендтерді:
физикалық, цифрлық және
биологиялық деп үшке бөледі.
«Төртінші индустриялық революция» Клаус Шваб кітабына шолу