Клетка биологиясы Жасуша тіршіліктің ең кіші өлшем бірлігі



Дата22.04.2023
өлшемі26.36 Kb.
#472583
Клетка биологиясы


Клетка биологиясы
Жасуша – тіршіліктің ең кіші өлшем бірлігі

  1. Эндоплазмалық тор (ЭПТ) - (гр. эндо - ішкі, гр. плазма - жапсырылған) - жасушаның ішін түгелдей бірімен-бірі тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе - түйіршікті ЭПТ, бекінбесе, тегіс жарғақшалы ЭПТ дейді. Тегіс жарғақшалы ЭПТ майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады. Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ рибосомаларында нәруыздар синтезделеді. ЭПТ торланған түтікшелері жасуша ішіндегі басқа органоидтардың қатынас жасауына көмектеседі.



  1. 2.Рибосома (рибонуклеин қышқылы, лат. soma - дене) - цитоплазмада бос күйінде, жарғақшаға (ЭПТ) бекінген күйінде болатын нәруызды дөнек тәрізді өте ұсақ органоид. Ол нәруыз синтезіне қатысады



  1. 3.Митохондрия (гр. mitos - жіпше, гр. chondrion - дәнек) - барлық тірі жасушаларда болады. Пішіні таяқша, жіпше, дәнек тәрізді түзіліс. Жасушада ондаған, мыңдаған митохондриялар кездеседі. Сыртын 2 қабатты жарғақша қаптайды. Сыртқы жарғақшасы тегіс, ішкі жарғақшасы қатпарлы. Митохондриялар - май қышқылдарьш синтездеп, жасушаларды энергиямен қамтамасыз ететін энергия жинақтаушы құрылым. ішкі жарғақшадағы ферменттер глюкоза мен аминқышқылдарды ыдыратып, май қышқылдарын тотықтырады.



  1. 4.Лизосома (гр. mitos - еріту, гр. soma - төн) - домалақ немесе сопақша пішінді, бір қабатты жарғақшалы түзіліс. Құрамындағы ферменттердің әсерінен нәруыз молекулаларымен полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді.



  1. 5.Гольджи жиынтығы - ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.



  1. .Жасуша орталығы - центриоль (лат. centrum - орталық нүкте, орталық) Гольджи жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік. Жасуша бөлінуінің алғашқы кезеңінде 2 центриоль бірінен-бірі екі полюске карай ажырайды. Ортасында ұршықша жіпшелер пайда болады. Жасушалардың бөлінуіне қатысады.



  1. Нәруыздар - көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт және т. б. элементтерден тұратын күрделі ағзалық заттар. Нәруыздар 45°-80° С-да ұйиды. Олардың құрамы 20 аминқышқылынан тұрады.



  1. . Майлар үш элементтен құралған, олар: көміртегі, сутегі, оттегі. Майлар судан жеңіл, суда ерімейді. Май глицерин мен май қышқылынан тұрады.



  1. 3. Көмірсулар - майларға ұқсас, көміртегі, сутегі, оттегіден тұрады. Көмірсу деп аталу себебі, сутегі мен оттегінің арақатынасы сумен бірдей. Демек, сутегі атомы оттегі атомынан 2 есе көп деген сөз.



  1. ДНҚ - жасуша хромосомасында (ядрода) болады, ол тұқымқуалау белгілерін ата-аналарынан ұрпақка берілуін кадағалайды. Жасушадағы нәруыздардың құрамын анықтайды



  1. . РНҚ - жасушаның цитоплазмасында болады. РНҚ әр жасушаның өзіне ғана тән нәруыздардың түзілуіне қатысады.

.

  1. Цитоплазма (гр. kytos - жасуша, гр. plasma - іркілдек сұйықтық) - жасушаның ішін толтырып тұратын іркілдек сұйықтық. Жасуша мен сыртқы орта арасында жүретін зат алмасуды қамтамасыз ететін жасушаның қажетті бөлімі.



  1. Ядро - жасушаның реттеуші орталығы. Пішіні - домалақ, таяқша, үрмебұршақ тәрізді, екі жағы қысыңқы және т. б. эритроциттер (қан жасушасы) мен тромбоциттерде (қанның пластинкасы) ядро болмайды. Ядроның сыртын цитоплазмадан бөліп тұратын екі қабат жарғақша қаптайды

  2. Хромосома (гр. chroma - түсі, гр. soma - тән, тез боялатын дене) - тұқымқуалау қасиетін сақтайтын жіл, таяқша тәрізді түзіліс. Адамның дене жасушаларында хромосомалардың саны тұрақты - 46,

  3. . Хромосоманың бөліктерін - «ген» (грекше гр. genos - туыс, тегі бір) дейді. Гендер хромосоманың ұзындығына қарай түзу сызық бойымен орналасқан. Олар тұқымқуалау белгілерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады.

  4. Ядрошықтар - кейбір жасушаларда пішіні мен құрылымын өзгертіп тұратын тығыз түзіліс (денешік). Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңінде ядрошық жойылып, басқа кезеңінде қайта түзіледі. Ядрошық нуклеин қышқылының синтезіне қатысады.

  5. Плазмалық жарғақ (плазмалық мембрана) — жасуша қабықшасы — плазмолемманың негізін құрайтын билипидті-протеинді құралым, қалыңдығы 6-10 нм. Екі қабатты липидті жарғақ құрамына фосфолипидтер, сфингомиелиндер, холестерин кіреді.

  6. Гиалоплазма (гр. hyalinos — мөлдір, шыны тәрізді; гр. plasmos — плазма) — жануарлар және өсімдік жасушалары цитоплазмасының органеллалар мен қосындылар орналасатын біркелкі қоймалжың заты, жасуша цитоплазмасының негізгі заты

  7. Дихтиосомалар Гольджи аппаратының негізгі құрылымдық бірлігі болып саналатын қабықшалы қабықшалар. Диктиосомалар жиынтығы байланысқан көпіршіктерімен және түтікшелер торымен Гольджи кешенін құрайды.

  8. Автофагия (грек, autos — өзім, өздігінен; phagein — жеу, жою, обырлық, жемірлік) — жасуша цитоплазмасында түзілген артық заттарды, мысалы, қалыптан артық мөлшерде түзілген гормон дәншелерін өзінің лизосомаларының көмегімен жою құбылысы. Өзінде түзілген заттарды еріту арқылы жоятын лизосомаларды автофагосомалар деп атайды.

  9. Автолиз (гр. 'αὐτός' — өзім, өздігінен; λύσις — ыдырау, еру) — өздерінің жасуша цитоплазмасы құрамындағы гидролиздік ферменттерінің әсерінен жасушалар мен ұлпалардың өздігінен ыдырау процесі; ағзаның немесе жасушаның өз құрамының заттар бөліктерін қорытуы. Автолиз бірқатар физиологиялық процестерге тән және қалыпты тіршілік жағдайында өтіп жататын құбылыс.

  10. Пероксисомалар--көлемдері 0,2 мкм-ден 0,5 мкм-ге дейінгі мөлшердегі мембраналы көпіршіктер. Олар лизосомалар секілді Гольджи кешенінің транс-полюсінен бөлініп шығады. Көпіршіктің мембранасының астында неғұрлым тығыз бөлігі мен перифериялық аймағы болады.

  11. Матрикс - негіз, жасуша ішкі құрылымдары мен олардың арасындағы қуыстарды және сол құрылымдарға негіз алатын біртекті, ұсақ, түйіршік заттар.

  12. Микрофиламенттер дегеніміз – 4 нм-дей ақуыз жіпшелері. Олардың көпшілігі актин молекулаларынан құралады. Актин молекулаларының 10-шақты түрі анықталған. Сондай-ақ, актинді филаменттер цитоқаңқаның сүйемелдеу құрылымын түзетін шоқтарға топтастырылады.

  13. Цитоқаңқа- жасушаның белгілі бір құрлымдық деңгейін ұйымдастырылуын бір қалыпты ұстан тұратын ерімитін нәруыздар кешені болып табылады

  14. Центросома микротүтікшелердің жиналатын орны

  15. Миозин – бүлшық ет нәруызы белсенді филоменттер бойымен қозғалатын белсенді компонент

  16. Микротүтікшелер өте мықты олар цитоқаңқанаң негізін құрайды

  17. Тубулин микротүтікшелердің құрамбөліг ідиаметрі 4нм шамасындағы кішкене голобулярлық белок

  18. Микрофиломенттер 4нм дей ақуыз жіпшелері олардың көпшілігі актин молекуласынын құралады

  19. Кариология жасушаны тұтасымен құрлымы мен құрамын және функциясын зерттейтін ғылым

  20. Эухроматин хромосоманың активті болімі саналады онда негізінде гендер кешені жинақталады

  21. Пластидтер тек өсімдік жасушасына тән органойд өсімдікке түс береді

  22. Хлоропласт өсімдікке жасыл түс береді және фотосинтез процесіне қатысады органикелық зат тузуге қатысады

  23. Хромопласт қызыл сары әртүрл түс беретін пластид гүл мен жемістерде сан алуан рең беріп түрады

  24. Лейкопласт туссіз пластод қоректік заттар қорға жиналады тамырда тұқымда болады

  25. Гистон дегеніміз хромосомадағы құрылыс қызметін атқаратын нәруыз

  26. Кариокениез ядроның бөлінуі

  27. Пазмалема цитоплазмамен байланысқан ішкі қабат

  28. Пиноцитоз жоғары молекелалы заттарыдың жасушаға енуі су және сумен бірге кіретін минералды заттар

  29. Фагацитоз өатты түйіршікті заттардың клеткаға енуі

  30. Гидрофилді – су сүйгіште деп аталса яғни сумен әрекеттесе алатындар

  31. Гидрофобты – судан қорқатындер яғни сумен әрекетеспитіндер

  32. Десмосома тығыз байланыстырушы контакт байланыстырушы белок десмоглиндер бар

  33. Эндоцитоз жасушаға қоректік заттардың енуі плазмолемма арқылы өту процесі. эндоцитоз кезінде плазмолемма цитоплазмаға қарай иіле еніп, әртүрлі мөлшердегі ойықтар жасайды.

  34. Экзоцитоз– заттардың жасушалардан сыртқа шығарылу процесі. Экзоцитоз кезінде жасуша цитоплазмасындағы әртүрлі протеин молекулалары, мукополисахарид немесе май тамшылары, ферменттер және т.б. заттар көпіршіктер түрінде жасуша плазмолеммасымен қапталып, жасушадан сыртқа шығарылады.

  35. Перексисома өте ұсақ дөңгелек микро денешік ұсақ органойд эпт да түзіледі

  36. Жарықсыз өсірген өсімдіктерде болатын этиопластар жарықтың әсерінен жасыл түске боялып, хлоропластқа айналады. Осы айналу барысында ішкі мембрана қатпарлана өсіп тилакоид

  37. Тилакоидтар өзара топтасып граналар пайда болады.

  38. Тилакоидты граналардан бос кеңістікті строма деп атайды

  39. Апоптоз клетканың өлуінің бір формасы

  40. Гликокаликсте жасуша плазмолеммасының сыртындағы күрделі молекулалы протеиндерді, майларды, көмірсуларды қорытып, оларды өздерінің қарапайым мономерлеріне айналдыратын ферменттер болады.

  41. Ламелла (сонымен қатар строматикалық немесе қырлы тилакоид) — тәуелсіз мембранамен қоршалған пластидтердің құрылымдық элементі. Ламеллалар, тилакоидтар сияқты, грандардың бөлігі болып табылады, бірақ ламеллалар тилакоидтарға қарағанда ұзағырақ және сонымен бірге оларды бір-бірімен байланыстыратын көрші грандардың бөлігі болып табылады

  42. Секреция сұйық заттардыі клетадан шығарылуы

  43. Экскреция клеткадан қатты заттардың сыртқашығарылуы

  44. мейоз Бұл өмірлік циклында жыныстық көбею кезеңі болатын эукариотты организмдерді сипаттайтын жасушалардың бөліну түрі.

  45. Зигота - бұл жыныстық көбею деп аталатын процестің нәтижесі, ол екі гаметалық немесе жыныстық жасушалардың бірігуін қамтиды, екі түрлі индивидтер шығарады (көбіне «ер» және «әйел») және генетикалық ақпараттың жартысына ие. әрқайсысы.

  46. Митоздағы сияқты, мейозға дейінгі ұрық жасушаларының циклінің фазасы интерфейс

болып табылады.

  1. I профазасы кезінде гомологты хромосомалардың (әкесі мен анасының екі түрлі ата-анасының эквивалентті хромосомалары) арасындағы қосылуы немесе физикалық байланысы жүреді.

  2. Метафаза кезінде шпиндельдің микротүтікшелі талшықтары гомологты хромосомалардың центромерлеріне және жасушаның қарама-қарсы полюстеріне жабысады;

  3. Анафаза IБұл фазада қайталанатын гомологты хромосомалар бөлінеді, өйткені олар шпиндельдің микротүтікшелерінің арқасында жасушаның қарама-қарсы полюстеріне қарай «тартылады»

  4. Телофаза IОсы кезде хроматидтер «деконденса», яғни микроскопта аз көрініп, тән формасын жоғалтады.

  5. Профаза II митоздық профазаға өте ұқсас. Бұл кезеңде гомологты хромосомалардың бірігуі және кроссовер болмайды.

  6. Метафаза II метафазадан экватор жазықтығында қатар орналасқан хроматидтер санымен ерекшеленеді. Метафазада I тетрадалар байқалады, ал II-де митоздық метафазадағыдай сол хромосоманың апа-хроматидтері ғана байқалады

  7. Анафаза II Бұл кезеңде апа-хроматидтер бөлінеді, өйткені олар клетканың қарама-қарсы полюстеріне қарай ығысқан. Осы сәттен бастап әрбір хроматид тәуелсіз хромосома болып саналады.

  8. Телофаза II Телофазаның басында ядролық қабық жасушаның әр полюсінде таралған гомологиялық хромосомалардың қайталанбаған жиынтығында қалпына келеді, содан кейін цитокинез немесе еншілес жасушалардың бөлінуі жүреді.

  9. Хроматид - қайталанатын хромосоманың екі бірдей көшірмесінің жартысы. Ұяшықтарды бөлу кезінде бірдей көшірмелер хромосоманың аймағында centromere деп аталатын біріктіріледі.

  10. Хроматин - бұл ақуыздарға оралған ДНҚ , әрі хроматин талшықтарын қалыптастыру үшін бүктелген. Хроматин ДНК-ны жасуша ядросына сіңіру үшін жинақтауға мүмкіндік береді. Хроматин талшықтары хромосомдарды құрастырады .

  11. Цитокинез — жасушалардың күрделі бөлінуінің (митоздың) ақырғы телофаза сатысында жасуша денесінің екіге тең бөлінуі

  12. Кроссинговер (ағылш. crossіng-over – айқасу) – гомологтық хромосомалардың ұқсас бөліктері арасындағы ажырау және қайта бірігу нәтижесінде болатын айқасу.

  13. Конъюгациясы – гомологтық хромосомалардың уақытша жұптасып айқасуы; бұл кезде хромосоманың гомологтық бөліктерінде алмасу жүреді

  14. Некроз (гр. nekros — өлі, шірік, өлі еттену) - тірі организмдегі жасуша мен ұлпалардың өлуі.

  15. Апоптоз деп – клетканың бағдарланған, энергияны қолданумен өтетін, клетка өлімінің белсенді процессі. Бұл клеткалы өлімнің ерекше түрі

  16. Инициация «бағдарлау» – бағдарламаның анықталуы, өлген жасушалардың жойылуы

  17. . Овогенез— жұмыртқа жасушасының даму процесі. Овогенез көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен тұрады.

  18. овоцит ( көне грекше: ᾠόν, жұмыртқа + κύτος - «жасуша»), - көбеюге қатысатын аналық гаметоцит немесе жыныс жасушасы.

  19. Сперматогенез — еркек жануарлардың жыныс безінде жүреді. Бұл процесс кезегімен өтетін төрт кезеңнен: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезеңдерінен тұрады.

  20. Базальдық мембрана (membrana basalis, лат. membrana — жарғақ, basalis — негіздік) - эпителий ұлпасының эпителиоциттері мен олардың астындағы борпылдақ дәнекер ұлпасы шекарасында орналасқан құрылым

  21. каспалар олар бағдарламаланған жасуша өлімінің немесе апоптоз жолының эффекторлы белоктары. Олар жоғары консервіленген цистеинге тәуелді және аспартатқа тән протеаздар отбасына жатады, олардан олардың атауы шығады.

  22. Гистондар - лизин мен аргининге бай ақуыздар, олар ДНҚ-мен әрекеттесіп, хроматин бойына қайталанатын нуклеосома деп аталатын суббірлік түзеді.

  23. Нуклеосома Интерфейс кезінде хроматинді электронды микроскоп арқылы бақылап, алқа немесе розаринге ұқсас пішінді ұсына алады. Алқадағы әр інжу - ДНҚ талшықтарымен байланысқан нуклеосома деп аталатын сфералық суббірлік және хроматиннің негізгі бірлігі.

  24. Центромера - хромосоманың боялған кезде қалғанымен салыстырғанда аз боялған болып көрінетін бөлігі. Бұл ахроматикалық шпиндельдің талшықтарымен әрекеттесетін хромосома аймағы митозда да, мейозда да профазадан анафазаға дейін.

  25. Теломерлер - бұл хромосомалардың аяқ түзетін бөліктері.

  26. Метацентрия Бұл прототиптік хромосома, центромера хромосоманың ортасында орналасқан және екі қолдың ұзындығы бірдей

  27. Субметацентрлік Хромосоманың бір қолының ұзындығы екіншісінен үлкен, бірақ бұл өте асыра айтылған нәрсе емес.

  28. Акроцентрлік Бір қол өте қысқа, ал екінші қол өте ұзын

  29. Телоцентрлі Хромосоманың бір білігі өте қысқа, оның центромері бір шетіне қарай орналасқан

  30. Гаплоидты организмдерде, яғни әр хромосоманың тек бір жиынтығын қамтитын, олар n әрпімен ұсынылған.

  31. Цитоскелет Жасушалардың пішінін сақтайтын, ақуыздардың және оларды қолданатын органеллалардың қозғалысы мен тасымалдануын басқаратын, сонымен қатар бүкіл жасушаның қозғалуына немесе орын ауыстыруына көмектесетін ішкі цитоскелеті бар

  32. Цитозол Эукариотты жасушалардың цитозолында олардың өмірлік процестеріне ықпал ететін әр түрлі функциялар үшін арнайы органеллалар бар

  33. Глобулярлы хромопласттар пигменттердің жиналуы және крахмалдардың жойылуы нәтижесінде пайда болады. Олар пайда болған кезде, бұл глобулярлы хромопласттар оларды жауып тұратын қабықшасы жоқ глобулалар түзеді. Глобулярлы хромопласттар, әдетте, киви жемістерінде немесе лехозаларда кездеседі.

  34. Кристалды хромопласттарға пигменттер жиналатын ұзын, тар, ине тәрізді мембраналар тән.

  35. Цианобактериялар - физикалық жағынан фотосинтезге қабілетті балдырларға ұқсас бактериялар;

  36. Гликолиз (грек, glykys — тәтті, lysis — еру) — адам мен жануарлар организмдеріндегі арнайы ферменттердің әсерінен оттегсіз ортада көмірсулардың (негізінен глюкозаның) ыдырау процесі.

  37. Бактериоз – бактерия зақымдануынан болатын өсімдіктер ауруы

  38. Митоз (Ежелгі грек тілі μίτος«жіп») — дене (соматикалық) жасушалардың бөлінуі

  39. Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңі — интерфаза кезеңінде,

  40. метакинез – хромосомалар жасушаның экватор аймағына жиналып шоғырланады, жасуша бөлінуге дайындалады;

  41. Анафаза – хроматин жіпшелерінің болашақ жас жасушалардың полюстеріне қарай созылып, ахроматин ұршығын құрау кезеңі.

  42. Телофаза митоздың ақырғы сатысы. Телофаза кезінде хромосомалардың қозғалуы аяқалады, митоздық аппарат бұзылады, ядрошықтар пайда болады.

.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет