Клиенттердің банктік шоттарын жүргізу аясында ақпарат беру бойынша банк қызметін көрсету шарты



Дата07.07.2016
өлшемі107.29 Kb.
#183867
Клиенттердің банктік шоттарын жүргізу аясында ақпарат беру бойынша банк қызметін көрсету шарты

 





«____» ________ 20___ ж.

Осы Клиенттердің банктік шоттарын жүргізу аясында ақпарат беру бойынша банк қызметін көрсету шарты:

бұдан әрі «банк» деп аталатын «Kaspi Bank» АҚ пен

Шартта көзделген тәртіппен және талаптарда Шартқа қосылатын Банк Клиентінің арасында,

бұдан әрі бірлесіп Тараптар, ал жеке Тарап деп аталады,



клиенттің банктік шоттары бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы ақпарат беруге байланысты Клиентке банк қызметін көрсету шарттарын анықтау мақсатында жасалды.


    1. Осы Шартта, осы Шарттың аясында жасалатын Келісімдер мен Өтініштерде қолданылатын терминдер мыналарды білдіреді:

      1. «СМС» – шотқа мониторинг жүргізу сервисі, қашықтағы байланыс арналарының көмегімен Клиенттің банктік шоттары бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы ақпарат беру үшін жасалатын, Клиенттің банктік шотын жүргізу аясында Клиентке көрсетілетін электронды банк қызметі;

      2. SMS хабарлама – Банк Клиенттің телефон нөміріне жіберетін, банктік шотты жүргізу аясында Клиентке берілетін мәліметі бар хабарлама;

      3. «СМС» қызметін іске қосу – Банктің Клиентке «СМС» қызметін көрсетуі және Банктің Клиенттің өтінішінде SMS-хабарламаларды жіберу мақсатында көрсетілген оның ұялы/қалта телефонының нөмірін тіркеуі;

      4. Банктің деректер қоры – Банктің SMS-сұратуларды алуын, тіркеуін, өндеуін және орындауын, сондай-ақ Банктің SMS-хабарламаларды жіберуін қамтамасыз ететін, Банктің бағдарламалық-техникалық кешені;

      5. Шарт – www.kaspibank.kz мекенжайы бойынша Банктің интернет-ресурсында жарияланған, қосылу шартының нысанында жасалатын, клиенттердің банктік шоттарын жүргізу аясында ақпарат беру бойынша банк қызметін көрсетудің осы жария шарты;

      6. Өтініш – Клиентті осы Шартқа қосу арқылы, Клиентке «СМС» қызметін көрсету үшін Банк белгілеген стандартты нысан;

      7. Клиент – Банкпен Банктік шот шартын жасасқан және Өтінішке қол қою және оны Банкке беру арқылы Шартқа қосылған жеке немесе заңды тұлға;

      8. Клиенттің қызметке арналған ұялы/қалта телефонының нөмірі (бұдан әрі – Клиенттің телефон нөмірі) – Клиенттің өтінішінде көрсетілген, SMS-хабарламаларды алу мақсатындағы телефон нөмірі;

      9. Оператор – Қазақстан Републикасының заңнамасына сәйкес Клиентпен жасасқан байланыс қызметін көрсету туралы шарттың немесе Клиентке оның аясында Клиенттің телефон нөмірі берілген осыған ұқсас басқа шарттың негізінде ұялы байланыс қызметін көрсетуге құқылы заңды тұлға;

      10. Шот – клиенттің Банкте ашылған банктік (жинақ/ағымдағы) шоты;

      11. «СМС» қызметі немесе Қызмет – Клиентке Шот бойынша операцияларды жүргізу туралы мәліметтерді беру мақсатында Банктің клиенттердің банктік шоттарын жүргізген кезде қашықтағы байланыс арналарының көмегімен Клиенттің банктік шоттары бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы ақпарат беру үшін жасалатын, SMS хабарламаларының көмегімен көрсететін шотқа мониторинг жүргізу сервисі қызметі.

      12. Есептесу кезеңі – «СМС» қызметін іске қосқан күннен басталатын бір айға тең уақыт кезеңі. Әрбір келесі есептесу кезеңінің басталатын күні өткен есептесу кезеңінің аяқталатын күнінен кейінгі келесі күн;

      13. Грейс кезең – ол кезде Қызметті пайдаланғаны үшін комиссия (төлем) алынбайтын, Банк белгілейтін уақыт кезеңі;

      14. Қалдық – бұл Клиенттің шоттарындағы ақша сомасы, соның ішінде Есептесу кезеңі үшін комиссиялық сыйақыны төлеу үшін қажетті сома;

      15. Операция – Клиенттің шоттарында көрсетілуге тиіс операция, соның ішінде шот бойынша толықтыру, ақша алу (Банктің комиссияларын есептен шығаруға байланысты операцияларды қоспағанда);

      16. Электрондық банк қызметі – Клиенттің банктік шоттағы ақша сомасы, банктік шоттар бойынша жүргізілген операциялар туралы, төлем жасауға және ақша аударуға, банктік шотты ашуға және жабуға және/немесе банктің телекоммуникация желілері бойынша, спутниктік байланыс немесе басқа да байланыс түрлері арқылы берілетін банк операцияларының басқа да түрлерін жүзеге асыруға байланысты ақпаратты алу мақсатында Клиенттің өзінің банктік шотына қолжетімділікті алуына байланысты қызмет. Электрондық банк қызметтері ақпараттық-банктік және транзакциялық-банктік қызметтерге бөлінеді;

Шарттың шеңберіндегі электрондық банк қызметтеріне соның ішінде Интернет желісіндегі Банктің www.kaspibank.kz мекенжайы бойынша веб-сайтында көрсетілген қызметтер, соның ішінде «СМС» қызметі жатады. Электрондық банк қызметіне жататын Банктің басқа да қызметін көрсету тәртібін Банк анықтайды және Интернет желісіндегі Банктің www.kaspibank.kz мекенжайы бойынша веб-сайтында қызмет көрсету басталатын күнге дейін 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын алдын ала жарияланады. Банк белгілеген қашықтағы байланыс арналары арқылы «СМС» қызметін көрсетуге байланысты сұрақтар бойынша ақпарат алуға болады.

    1. Тараптардың өзара әрекетін анықтау және Қызмет көрсету шарттарын анықтау осы шарттың мәні болып табылады.

    2. Шартқа қосылған Клиент пен Банк Шартта белгіленген барлық шарттар мен міндеттемелерді қабылдайды.

    3. Қызмет аясында Банк Клиенттің Өтінішінде көрсетілген Клиенттің банктік шоттары бойынша Клиенттің жасаған операциялары туралы мәліметтері бар SMS-хабарламаларды автоматты режимде жібереді.

    4. Клиент Өтінішке қол қою арқылы:

1) онымен құқықтық қатынастар аясында Банктен Клиенттің телефон нөміріне жіберілетін SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ұялы байланыс операторының абоненті болып табылатынын;

2) Банк құпиясын құрайтын ақпаратты Операторға, Клиент туралы коммерциялық құпияны Банкке, Клиент туралы қызметтік ақпаратты, соның ішінде жеке деректері туралы ақпаратты ашуға келісетінін;

3) Банкке осы Шартта жазылған мақсатта, тәртіппен және талаптарда Банктің қолданыстағы тарифтеріне сай Банкте ашылған Шоттардан Клиенттің өкімінсіз төлем сомасын есептен шығару арқылы қызмет көрсеткені үшін төлемақыны алуға өзінің жазбаша келісімін беретінін растайды.


    1. Қызмет мына шарттардың барлығы орындалған кезде көрсетіледі:

1) Клиенттің SMS-хабарламаларды алуға арналған GSM стандартындағы техникалық құралы болса;

2) Клиент онымен құқықтық қарым-қатынас аясында Банктен Клиенттің телефон нөміріне жіберілетін SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігі қамтамасыз етілетін Оператордың абоненті болса;

3) Клиент «СМС» қызметін іске қосу үшін қажетті ақпаратты Банкке берсе;

4) Банк Қызметті іске қосса.



    1. Клиенттің «СМС» қызметін алу үшін техникалық және/немесе басқа да мүмкіндіктерді жоғалтуы Банк бұл туралы хабардар болған сәтке дейін және Клиент жоғарыда көрсетілген мүмкіндіктерді жоғалтқанын ескере отырып, «СМС» қызметін көрсетудің осы шарттарында көзделген тәртіппен «СМС» қызметінен бас тартқанға дейін Клиент «СМС» қызметін көрсеткені үшін Банкке төлем жасау міндетінен босатылмайды.

    2. Қызмет алу үшін техникалық және/немесе басқа да мүмкіндіктерді жоғалтқан Клиент кідірмей Банктің бөлімшесіне/филиалына хабарласуға міндетті.

    3. Қызмет іске қосқан сәттен бастап көрсетіледі.

    4. Қызметті іске қосу Клиенттің Банк белгілеген нысан бойынша жазбаша өтініш беруі арқылы жүргізіледі. Бұл кезде Клиент жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын беруге тиіс.

    5. Қызмет көрсету мынадай жағдайларда тоқтатылады:

1) Клиент «СМС» қызметін көрсетудің осы шарттарында анықталған тәртіппен, соның ішінде «СМС» қызметін алу үшін техникалық және/немесе басқа да мүмкіндіктерінің болмауынан «СМС» қызметін алудан бас тартқан кезде. Банк мұндай өтінішті қабылдаған күннен кейінгі келесі күннен бастап Банк «СМС» қызметін көрсетпейді;

2) Клиент Шарттан бас тартқан кезде;



3) Клиенттің барлық шоттары жабылғанда.

    1. Қызмет көрсеткені үшін төлем Клиенттен Шартта белгіленген тәртіппен төлем сомаларын Клиенттің өкімінсіз Клиенттің өтінішінде көрсетілген тәртіппен шоттардан есептен шығару арқылы алынады.

    2. Қызметті іске қосқан сәттен бастап Банк Клиенттен Тарифтерге сәйкес төлемді өндіріп алады.

    3. Егер Клиент есептесу кезеңінде шоттар бойынша «СМС» қызметін көрсетуге алып келген операцияны жүргізген жағдайда, Қызмет көрсеткені үшін комиссия есептесу кезеңінің соңғы күні алынады. Егер Клиент осы есептесу кезеңінде шот бойынша бір де бір операция жүргізбесе, комиссия алынбайды.

    4. Егер есептесу кезеңінің соңында Клиенттің шоттарындағы қалдық тарифтерге сай қызмет көрсеткені үшін төлем мөлшерінен аз соманы құраса және Шоттардағы қалдық мөлшері комиссия төленбеген есептесу кезеңінде қызмет көрсеткені үшін комиссияны төлеуге жеткілікті болған сәтте жаңартылса, қызмет көрсету уақытша тоқтатылады.

    5. Қызметті алғаш іске қосқан кезде Банктің тарифтеріне сай Грейс кезең қолданылады.

    6. Клиент Қызметтен бас тартқан кезде Клиент қызметті қайта іске қосқан кезде грейс кезеңін алу мүмкіндігінен айырылады.

    7. Егер Клиенттің Банкпен жасасқан бірнеше шоттары болған жағдайда, қызмет көрсеткені үшін төлем Клиенттің қалауы бойынша Шоттардан комиссияларды есептен шығару кезектілігіне сай алынады. Банк өз бетінше, сондай-ақ Клиенттің Банкке берген өтінішінің негізінде (тиісті жазбаша өтінішін беру арқылы) есептен шығару кезектілігін анықтауға құқылы.

    8. Банктің міндеттері:

      1. Клиенттердің өтініштерін қабылдау;

      2. Қалдық болған кезде Қызмет көрсету және осы Шартта белгіленген талаптарды сақтау.

    9. Клиенттің міндеттері:

      1. Қызмет ақысын төлеу міндеттемесін тиісінше орындау;

      2. Банктің осы Шарттың талаптарын орындауға байланысты сұратуларына уақтылы әрі біршама толық жауап беру.

      3. Қызметті жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін банктік шоттарды толықтыру;

      4. Егер Тараптардың арасында жасалған шарттарда немесе қызмет көрсету шарттарында өзгеше көзделмесе, Банктің www.kaspibank.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында жарияланған Банкің тарифтерімен белгіленген мөлшерде «СМС» қызметіне уақтылы ақы төлеу.

    10. Клиенттің телефон нөмірін пайдалану тәртібі Банктің қатысуынсыз Клиент пен Оператор арасындағы шарттық қатынастармен реттеледі.

    11. Шарттың талаптары бұзылған жағдайда, Банк басқа Тарапқа жазбаша хабарлама беріп, мына шараларды ретпен қабылдауға құқылы:

      1. Қызмет көрсетудегі мүмкін шектеулер туралы ескерту;

      2. Қызмет көрсетуді шектеу және (немесе) тоқтата тұру;

      3. Шартты біржақты тәртіппен бұзу.

    12. Банк Клиентке Қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы:

1) егер мұндай қызмет түрін көрсету шартта көзделмесе;

2) егер Шарттың шеңберінде, сондай-ақ Банк пен Клиенттің арасында жасалған кез келген басқа шарттың шеңберінде Клиенттің Банк алдында орындалмаған міндеттемелері болса;



3) егер Клиент «СМС» қызметін алу үшін техникалық және басқа да мүмкіндіктері барын растамаса және/немесе «СМС» қызметін іске қосу үшін қажетті ақпаратты, атап айтқанда Клиенттің «СМС» қызметін алуға арналған ұялы/қалта телефонының нөмірін бермесе.

    1. Клиент мына тәсілдердің бірімен Қызметті алудан бас тартуға құқылы:

      1. Банк белгілеген нысан бойынша жазбаша өтінішін Банкке (өзі) беріп, бұл кезде Клиент жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұқасын беруге тиіс;

      2. Банктің Клиенттен қашықтағы байланыс арналары арқылы алған өтінішімен.

    2. Клиент Банкке жазбаша өтінішін беру арқылы Банкке өзі барып, Клиенттің телефон нөмірін өзгертуге құқылы, бұл кезде Клиент жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұқасын беруге тиіс.

    3. Тараптар Шарт бойынша кез келген міндеттемелерін бұзған жағдайда, тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлеу және шығындар мен шығыстарды өтеу Шарт бойынша тиісті міндеттемелерін тиісті түрде орындау міндеттемесінен босатпайды.

    4. Тараптар Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап береді.

    5. Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың алдында қандай да болмасын залал немесе шығындар, тікелей немесе жанама, байланыс жүйелерінің немесе жабдықтың кез келген зақымдалуымен немесе тоқтап қалуымен келтірілген немесе табиғи катаклизмадан, апаттардан, қоғамдық тәртіпсіздіктерден немесе Тараптардың еркінен тыс басқа да себептерден болған қызмет көрсетудегі үзілістер үшін жауап бермейді. Егер мұндай жағдайлардың кез келгені міндеттемелерді Шартта белгіленген мерзімде орындауға тікелей әсер етсе, бұл мерзім сәйкес жағдайлардың әрекет еткен уақытына сәйкес ұзартылады. Қазақстан Республикасының уәкілетті органының форс-мажор жағдайларының туындауын растайтын жазбаша куәлігі форс-мажордың дәлелі ретінде қызмет атқарады.

    6. Шарт мерзімсіз қолданылады және Тараптардың кез келгені басқа Тараптың мекенжайына алдын ала жазбаша хабарлама жолдау арқылы бұзуы мүмкін. Клиент Қызметтен бас тартқан жағдайда, ажырату туралы жазбаша өтініштің негізінде қызметтен ажыратылады.

Бұл кезде Тараптардың қаржылық және басқа да міндеттемелері Шартты бұзатын күнге дейін толық көлемде орындалуы тиіс. Шартты бұзғанға дейін реттелмеген қаржылық қатынастар ол бұзылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

    1. Тараптардың Шарт бойынша бір-біріне жіберетін барлық хабарламалары және (немесе) хабарлары, Шартта тікелей көзделген жағдайлардан басқа кезде күшінде болады және, егер олар жазбаша түрде жасалса, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойса және тапсырыс хатпен, курьерлік қызметпен жіберілсе немесе оларды алғаны туралы белгі қойылып, Тараптардың шартта көрсетілген мекенжайлары бойынша хат тасушы арқылы жеткізілсе, жеткізілген болып саналады.

    2. Осы Шартпен реттелмеген басқа барлық өзара қарым-қатынастар жеке шарттарда және (немесе) Тараптардың арасындағы қосымша келісімдерде айтылады.

    3. Банк Клиенттің анық, толық немесе нақты нұсқауының болмауы салдарын туындаған электр қуатын ажырату, байланыс желісінің зақымдалуы, сондай-ақ қате түсіндіру және т.с.с., үшінші тұлғалардың төлемдерді орындамауы немесе орындауды кідіртуі нәтижесінде, Клиенттің Шарттың талаптарын және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзуы нәтижесінде және Банкке қатыссыз басқа да себептер бойынша туындаған төлемдерді орындамағаны немесе орындауды кідірткені үшін жауап бермейді.

    4. Банк Клиентке SMS-хабарламаларды жіберу мүмкіндігінің болмауына (Қызмет көрсету мүмкіндігінің болмауына) жауап бермейді, егер мұндай мүмкіндіктің болмауы Клиенттің және/немесе Оператордың олардың арасындағы құқықтық қарым-қатынастардың аясындағы әрекетінен немесе әрекетсіздігінен болса, сондай-ақ Клиенттің, Оператордың және басқа үшінші тұлғаның басқа да әрекеттерімен немесе Банктің бақылау саласынан тыс басқа да себептерге байланысты болса, және Оператордың немесе басқа үшінші тұлғаның әрекетінің немесе әрекетсіздігінің нәтижесінде келтірілген кез келген шығындар үшін жауап бермейді.

    5. Банк Клиенттің құжаттарды ресімдеген кезде жіберген қателері үшін және Қызметке қосылған кезде телефон нөмірлерін, деректемелерді қате көрсеткені үшін Банк жауап бермейді.

    6. Егер Клиент Банкке қызметті алу үшін өзінде бар техникалық немесе басқа да мүмкіндіктер туралы жалған ақпарат берген жағдайда, Клиенттің телефон нөмірі туралы қате ақпарат берсе, Клиент мұндай ақпаратты беруге байланысты барлық тәуекелдерді (соның ішінде қаржылық) көтереді.

    7. Осы Шарттың талаптары Банк пен Клиенттің арасында қосымша келісім ретінде бұрын жасалған шарттармен реттелетін Банк пен Клиент арасындағы қарым-қатынастарға қолданылады.

    8. Клиент пен Банк рұқсат етілмеген төлемдерді зерттеу, шара қолдану және ескерту мәселелерінде ынтымақтастық орнатуға міндеттенеді.

    9. Шарттың талаптарын орындау барысында Тараптар арасында туындаған даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар келіссөздер арқылы шешеді. Тараптар келіссөздер арқылы өзара келісімге қол жеткізбесе, даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

    10. Банктің қолы мен деректемелері:


«Kaspi Bank» АҚ

Алматы қ., Әди Шәріпов к-сі, 90

СТН 600700043016

Басқарма Төрағасы


_______________ М Ломтадзе

***

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет