Ключевые слова: пословицы, национальный менталитет, паремия, образ, арабоведение, мировоззрение, художественная система, идентичность



бет1/2
Дата13.09.2023
өлшемі42.59 Kb.
#477416
  1   2
Кожабекова статья2021


Kozhabekova Sh.B.,
Candidate of philological science,
Professor
KazUIR and WL, Almaty, Kazakhstan
e-mail:Sholpan200965@mail.ru
Place of proverb categories in recognizing the relationship of relatives’ mentality among Arab and Kazakh nations
Key words: Proverbs, national mentality, preaches, image, the world of Arabic-language-learning, worldview, the system of artistic description, matching.
Annotation: Any nation’s worldview, way of thinking, imagery world represent its sentence building. Secondly, Arabic customs and traditions, national wisdom, moral values are evaluated with proverb-filled artistic description. Besides, this article has fulfilled the aim to match with Kazakh proverbs in order to fathom lexical meaning of word-usage peculiar to Arabic mentality.
Роль категорий пословиц и поговорок в признании родства менталитета у арабов и казахов
Ключевые слова: пословицы, национальный менталитет, паремия, образ, арабоведение, мировоззрение, художественная система, идентичность.
Аннотация: Мировоззрение и система мышления нации, образный мир передается через язык этой нации. С одной стороны, это, с другой стороны, пресловутые изображения арабского народа, о которых мы говорим, влияют на признание арабских традиций и народной мудрости, моральных ценностей. Кроме того, в этой статье мы достигли своей цели, сопоставив казахские пословицы, чтобы полностью понять лексическое значение фраз, характерных для арабского менталитета.
Қожабекова Ш.Б., ф.ғ,к., профессор.
Абылай хан ат. ҚазХҚ ж ӘТУ,
Шығыс филологиясы кафедрасы,
Алматы, Казақстан
Sholpan200965@mail.ru

АРАБ –ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТУЫСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МЕНТАЛИТЕТІН ТАНУДА МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР КАТЕГОРИЯЛАРЫНЫҢ ОРНЫ


Тірек сөздер: Мақал-мәтелдер, ұлттық менталитет, паремия, образ, арабтану әлемі, дүниетаным, көркемдік бейнелеу жүйесі, сәйкестік.
Аңдатпа: Қандай да бір халықтың дүниетанымы мен ойлау жүйесі, образдық әлемі сол халықтың сөз саптауы арқылы хабардар етеді. Бұл бір жағы болса, екіншіден, біздің сөз етпек болған араб халқының мақал-мәтелдермен көмкерілген көркем бейнелеулері араб салт-дәстүрлері мен халық даналығын, моральдық құндылықтарын тануға әсерін тигізеді. Сонымен қатар, бұл мақалада араб менталитетіне тән сөз оралымдарының лексикалық мағынасын толық түсіну мақсатында қазақ мақал-мәтелдерін сәйкестендіріп қою арқылы көздеген мақсатымызды орындадық.
Белгілі бір халықтың ұлттық менталитетін ашу, қалыптастыру, бейнелеу үшін сол халықтың сөз саптау ерекшелігіне қарай оның сөз оралымын лингвистика тұрғысынан қарастыру; әлбетте жалпы паремия термині қамтитын фразеологиялық бірліктер, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерін тілге тиек ету өте тиімді. Арабтану әлеміне қалам тартқан Б.Я Шидфар еңбектерінен ежелгі араб көшпенділерінің этикалық, эстетикалық дүниетанымдарын паш ететін көркемдік-бейнелеу жүйесін терминологиялық, фразеологиялық, афоризмді, мақал-мәтелді(أمثال ,амсаал) сөз өрнектерін, Құран мен хадис және араб поэзия тілін кеңінен танып, білуге болады[1]. Араб классикалық тіл ілімінде фразеологиялық материал жеке дара емес, (علم البلاغة ,ильмул-балаға) шешендік өнер және (علم اللغة ,ильмул-луға) сөздік қор саласында қарастырылады. Араб шешендік өнері, оның ішінде мақал-мәтелдері лексикографиялық сипаттама негізінде әл-Майдани, әл-Мубаррад, ибн Мансура, әт-Тикрити зерттеулерінен орын алса, ал орыс ориенталист ғалымдары Гордлевский[2], Г.Л.Пермяков [3], В.Д.Ушаков[4], Г.Ш.Шарбатов[5], Ю.Н. Кудрявцев [6], [7]. араб халқының көркем ой-бейнесін айшықтайтын тілі арқылы оның ұлттық-мәдениетін, салт-дәстүрі діни дүниетанымының өзіндік ерекшелігін айқындап береді. Бұл мақаламызда кезінде көшпенді ел болған араб, қазақ халқының мақал-мәтелдерінің ортақ тұстары мен өзіндік ерекшелігін салғастыра зерттеу арқылы біз араб халқының дүниетанымын, болмыс-бітімін, ой-түйсігін, ұлттық менталитетін анықтау мүмкіншілігіне ие боламыз. Сонымен, араб тіліндегі (مثل масал) лингвистикалық еңбектерде мақал-мәтелден гөрі «образ», «теңеу», «үлгі», «мысал», термин (تمثيل тамсиил) кеңейтілген, ұлғайтылған метафора, яғни бір нәрсені не жағдаятты салыстырып, оған белгілі бір сипаттама беру мақсатындағы түпнұсқа не когнитивті инвариант болып табылады. Сонымен қатар, «астарлы әңгіме»,( قول қаул) «сөз сөйлеу», «дәйексөз», (وعز уа,з) «насихат айту» сияқты тб мағыналарды қамтуы арабтар үшін мұндай көркем сөз оралымдарының еш айырмашылығы жоқтығын білдіреді. Сол себепті де араб тілінде мақал мен мәтел бірігіп айтылып жатады. Әл-Фахури еңбегінде масал (مثل масал) VII-ғасырдың белгілі араб грамматигі Әбу әл-Бақа әл-Куфуи анықтамасы бойынша: «Масал-ол қарапайым халықтың да, ақсүйектің де қуанышы мен қайғысын білдіруде белгілі бір құбылысты астарлап айтып, жеткізуі. Адамдар «масал»ды өз ойларын қарапайым тілде бірақ, басқа афоризмдер мен қанатты сөздерден гөрі шешенірек айту үшін қолданады» [8.8]. «Масал төрт сипатымен айрықшаланады, олар: қысқа да нұсқалығы, дөп түскен мағыналылығы, сұлу теңеуі мен кемелденген астарлылығы» [8.8]. Көрнекті араб ғалымы Ибн Қайм әл-Жаузи араб масалдарын зерттей келе, төмендегідей 3 топқа бөледі[9.19]: 1. Араб тілі грамматикасы мен стилін сақтай отырып, араб әдеби тілінде жазылып, тұрақталған мақал-мәтелдер; мысалы: «( إن في الشر خيارا инна фи-шшари хайаран) Жамандықтың да жақсылығы бар» (Жаман айтпай жақсы жоқ), Осы жерде тағы бір айта кететін жайт, Құранның пайда болуы араб тіліндегі мақал-мәтелдердің қарқынды дамуы мен таралуына, оның стиль ерекшелігі стандартқа айналуына себеп болды. Құран аяттарындағы барлық уақытқа сәйкес келетін даналық сөздер мен тағылымдар жоғары адамгершілік, адамдар арасындағы қарым-қатынас принциптері мен саналы өмір, мейірімділік пен әділеттіліктің қажеттілігін атап көрсетіп отырды. Кейіннен бұл аяттың кейбірі мақал-мәтелдерге ауысып, арабтар күнделікті өмірде әртүрлі жағдайларға жүгіну үшін қолданыла бастады, мысалы: (إن مع العسر يسرا) Расында, қиындықпен жеңілдігі бар (Құран 94: 5). «(قل لي من أصدقاءك أقول لك من أنت қул лии ман ,асдиқаука ,ақуулу лака ман ,анта) Достарыңның кім екенін айтсаң, сенің кім екеніңді айтамын» (Жолдасың бұзық болса, сенің түзіктігің қайсы? Жақсы адам жолдасынан белгілі). 2. Грамматикалық қателіктерге көңіл бөлінбей, классикалық араб тіліне сәйкессіз, бастысы дыбыс үндестігі мен ырғақты маңыздырақ санайтын, ауызекі тілдегі (диалект) халық масалдары; «(في واحد ما يستحقوش كالواقد الشمع بين العميان ألى يعمل معروف, иллаа иагмал магрууф фии уаахид иастахиққууш ка-л-уаақид ишшамги байна-л гиммиаан) Жақсылықты түсінбейтінге хайырлы іс жасау – соқырлар арасына шам жаққанмен бірдей» (Тунис мақалы). (Жақсыға жанас, жаманнан адас. Жақсыға айтсаң, білер, жаманға айтсаң, күлер). 3. Ақыл-кеңес, тәрбие беру мақсатында жан-жануарлар туралы аңыз-ертегілер негізінде айтылатын аллегориялық сарындағы сатиралық масалдар[9.19-20]. Ал, қазақ мақал-мәтелдерінің қазақ халқы үшін мәні зор екендігіне дәлел «Сөз асылы - мақал», «Мақал-сөздің мәйегі» «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» дей келе, мақал - мәтелдер – талай замандар бойы қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі, халықтың ақыл - ой, даналығы мен тапқырлығы, кең мазмұнды бір - ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі, өзі әрі ықшам, әрі көркем,- деген әрбір қазаққа белгілі анықтамамен тоқталайық... Әр халықтың мақал-мәтелдері сол ұлт дүниетанымы мен мәдениетімен астарласып, ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігі сол халықтың менталитеті мен жалпы түсінігіне байланысты бағаланып жататынын ескерсек, әрбір айтылған көркем сөз образдарына түсініктеме беру- арнайы аялық ілім мен тілдік бейнені біріктіріп, тани білуде жатыр. «Жасырын», «контекстік», «тұспалды мағына», «айтылмаған ой» жеке тұлғаның немесе сол қоғамның менталитеттік көңіл-күйі мен қатынасы, объективті шындықты санадан тыс сезінуі сол оралымды тіркестер арқылы беріледі. Сондықтан араб тіліндегі масалдардағы жеке сөздер түсінікті болғанымен, ол паремиологиялық тіркестегі бүтін образ бен мағына тіл иесі емес қабылдаушыға бұлыңғыр құбылыс болып көрінеді. Оған мысалды арабтанушы ғалым Е.В.Кухареваның «Араб мақал-мәтелдері ұлттық менталитеттің көрінісі ретінде» атты монографиясына жүгіне отырып, отбасылық қатынастар саласындағы араб халықтарының әлеуметтік өмірінің моральдық-этикалық нормаларын ашатын, туыстық қарым-қатынастың маңыздылығын қазақ мақалдарымен салғастыра отырып талдайық[10]. Араб мақал-мәтелдерінің ауызекі тілінде жалпы және негізгі нормалардың күрделі көрінісі (عصبية ,асабиа) болып табылатын жоғары саналы бірлік, рулық рух, ерлерге қатысты тұқымға берік адалдық ұғымы араб менталитетіне өте тән. Мысалы; «(إبن ابنك إلك وبن بنتك لو ,ибн ибнак илак уи бн бинтак лау) Сенің ұлыңның ұлы саған, сенің қызыңның ұлы оған)» деген араб мақалында қыз тұрмысқа шыққаннан кейін, сол барған отбасынының адамына айналады, ал, ұлы үйленгенде, өз әулетіне келін түсіріп, тұқымын көбейтеді,-деген дәстүрлі көзқарас жатыр, мұнда аялық ілім өмір шындығымен байланыстырылып отыр, яғни, араб халқына сіңген тәрбиеге сүйенсек, әлі күнге дейін, араб елдерінің отбасы заңында қандай да бір себептермен қызы қайтып келсе де, қыз баласынан туылған немере ұл сол өз әкесінің отбасында қалады деген сөз. Бала кезінен мұндай жағдайларға үйреніп өскен арабтың ұлы мен қыз менталитеті бұл өмір шындығын кәдуілгідей, дұрыс деп қабылдайды. «Ұл ұяға, қыз қияға», «Ұл - орныңдағы ту, қыз ـ айдындағы қу», «Артында қызы қалғанның — ісі қалғаны, Ұлы қалғанның — өзі қалғаны», «Әр атаның өз ұлы бар, әр бұтаның өз гүлі бар» деп, қазақ халқы үшін де ұлдың орны сол әулетке маңызды екені, ал қыз баласының жат жұрттық болатыны, оның сол барған жерінен қайтып келуі «Қыздың барар жері күйеу, ұлдың барар жері диірмен», «Қайтып келген қыз жаман, қайта шапқан жау жаман», «Шыққан қыз шиден ары», «Қыз ұшқан қу» сияқты мақалдарда қазақ менталитетінде де жағымсыз образға ие болып, араб ұғымымен ұштасып жатыр. Жақын туған туыстармен қарым-қатынас, бір-біріне деген сүйіспеншілік екі ұлт мақалдарынан кеңінен табылып жатыр, соның бір көрінісі «Бауыр, аға, іні» мәселесі, (ألأخ جناح әл-аах жанаах) Бауырың-қанатың» (Бауырың –қорғанышың, сүйенішің мағынасында) [11.38]. «(ألولد مولود و الجوز موجود و الخي لحنين آمنين آيعود ,ал-уалад маулууд уи л-жауз маужууд уил хаййа –л-хинииан мниин айа гууд) Ұл туылады, күйеу табылады, сүйікті бауырым қайдан келеді» (Иордан мақалы) [11.630]. «(أخوك سيفك إن نابتك نائبة ахуука сайфука ,ин наабатка наа,ибат) Ағаң (бауырың) - сенің қылышың, егер қиындық саған туса», «(أعن أخاك و لو بالصوت ,агин ахаака уа лау бис-саут) Сөзбен болса да, бауырыңа көмектес»(Ливан мақалы) [12.81], «(أخاك أخاك إن من لا أخا له كساع إلى الهيجا بعير سلاح ахаака ахаака ,инна ман лаа ахаа лаһу касааг ила –л һайжаа бигайри силах) Ағаңды құрмет тұт, ағасы жоқ шайқасқа қарусыз барғанмен тең». Араб танымында аға, іні, бауыр деп қандас, туыстық жақындықтан басқа «рухани бауыр» яғни, жақын дос, жолдастықты да білдіреді. Қазақтың «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар», «Жақсы аға - орман, жақсы іні – қорған», «Аға алдында пейіліңді көрсет», іні алдында мейіріңді көрсет», «Ағадан — ақыл, ініден— ізет», «Ағаңнан айырылсаң — қанатыңның қайырылғаны, әкеңнен айырылсаң — асқар тауыңның шағылғаны», «Бауырласың болмаса, жолдас ізде, жақсы жолдас — бауырлас». тб мақалдары да қазақ халқының да ағайын, туыстықты берік ұстайтын халықтығын танытып тұр. Ал, тағы бір ескеретін жағдай, отбасы беріктігі мен туыстық қатынаста араб халқы «әке, «ана», «бауыр», «апа-қарындас»тан басқа нағашы көкесіне ерекше ықылас білдіретіндігіне төмендегі масалдар куә. Мысалы: «( بيت خالك أوفى لك байт хаалак ауфаа лак) Көкеңнің (нағашы) үйі –нағыз сенімді үйің», «( إلخال امخلا و العم امولى ,илхаали мхалаа уал-гамми ммуалаа) Нағашы көкем-дорба, өз көкем-мырза» (Иордания мақалы) [13.21] . Осы сарындас тб араб масалының мағынасына лексикалық анализ жасайтын болсақ, араб халқында нағашы жұрты апа-қарындастарының ұл-қыздарына көмегін аямай, соларға барын тосып, бала кезінде киіндіріп, тойғызып жіберсе, өскенде де материалды қол ұшын беруді ұмытпайтынын мақалдарында баса айтады. Ал, қазақтың «Жігіттің бір жұрты нағашысы», «Нағашымен күрессе, жиені жығылар», «Нағашы жұртың – сыншыл келеді» тб осы сияқты мақалдары дәстүрлі қазақ қоғамында нағашының жиенге қарағанда жолы үлкен екендігі, жиеннің жақсылығына сүйініп, жамандығына күйінетіні, әрқашан тілеуін тілеп, қамқоршы болатыны, сонымен қатар, қазақтың жиеніне қалағанын беріп жіберу салт-дәстүрі тағы бар. Араб халқында өз көкесінің жолы бөлек, ол «(عمك اول شاربгаммука аууалу шаариб) Өз көкең-алғашқы тостаған» «(عمك خرجكгаммука хуржука) Өз көкең-қоржын» дегендеріне қарағанда, ол отбасында ең алғаш болып ас алатын құрметті кісі, сондай-ақ қаталдығы мен мырзалығы қатар жүретін қамқоршы. Қазақ тілінде көкесі (әкесінің аға-інілері) туралы нақты айтылған мақалдар болмағанымен, ағайын, бауырлар татуластығы, бірлігі жайлы мақал мәтелдер өте көп; «Ағайын ала болса ауыздағысынан айрылар», Атың жақсы болса — қанатың, «Ағайын жақсы болса — санатың», «Туысы бірдің — уысы бір», Ағайынмен жауласпа — басың азаяды, көршіңмен дауласпа — асың азаяды, деумен қазақ мақалдары ағайын арасындағы араздықты сынға алып отырады. Араб масалдарындағы ата-ана, апа-қарындас мәселесіне тоқталсақ, жаһилия (VI-ғасырға дейін) заманында әкенің, ұлдардың ролі отбасы асыраушысы, тайпаның қорғанышы ретінде өте биік болса, әйел затының құны болмаған; оларды еркектер сатып жіберу, өлтіре салу, тұрмысқа зорлап беру құқығына ие болды, әсіресе жаңадан туған нәресте қызды тірідей көму салты жалғасып жатты. Ислам діні келуімен, Құран Кәрім, Тәкуир сүресінің «( وإذا الموءودة سئلت بأي ذنب قتلت ) Тірі көмілген қыздар сұралған кезде, қай күнәмен өлтірілді» деп, 8-9- аяты түскенде ғана бұл зұлымдық тоқтатылды. Және Құран Кәрім, Исра сүресінің, 24-аятында ата-аналарды (екеуін де) құрметтеу, оларға ыстық ықыласпен қарауды бұйрық етті: «(وَاخْفِضْ لَهُمَا جَنَاحَ الذُّلِّ مِنَ الرَّحْمَةِ وَقُلْ رَبِّ ارْحَمْهُمَا كَمَا رَبَّيَانِي صَغِيرًا) Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: «Раббым! Ол екеуі мені кішкентайымда тәрбиелегендей Сен де оларды мәрхаметіңе бөлей гөр!,-де». Аллаһ сөзі-Құран Кәрім, одан кейін пайғамбарымыз Мухаммад (САС) хадистерінің тәрбиесі мен насихатының арқасында араб халқының менталитеті түбірімен өзгерді: «(رضا الله في رضا الوالد ) «Аллаһ ризашылығы-ата-ана ризашылығында», «( غضب الأب من غضب الرب) «Әкесін ренжіткені-Аллаһты ренжіткені», «(الْجَنَّةُ تَحْتَ أَقْدَامِ الأمَّهَات) «Жәннат-аналардың табанының астында» деген хадистер мен масалдар «(كلمة امي كيف العسل في فمي ) «Анамның сөзі-аузымдағы әселдей», «(أعظم الناس حقاً على المرأة زوجها وأعظم الناس حقاً على الرجل أمه ) «Әйелден жоғары тұрған ең ұлы адамдар - оның күйеуі, ал ерлерден гөрі ең ұлы адамдар - оның анасы», тб талай араб мақалдары ата- ана дәрежесін биіктетті. Қазақ халқында «Баланың бас ұстазы — ата-ана», «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің», Ата - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ..., Ата - кеме, ана - дария. Әке - тірегің, ана – жүрегің» тәрізді мақалдар жиынтығы да ата-анаға деген ізет пен құрметті меңзейді. Араб дүниетанымына өшпес із қалдырған Ислам тәрбиесі мен насихаттарының тағы бір көрінісі - «Мұсылман бауырлар» терминін ала келді. Қандас болмаса да, бір ұлт, бір ел, бір материктен емес мұсылмандар өз араларында Аллаһ үшін, діни бірлік пен сүйіспеншілікке шақырды: «(قول ﷺ: المسلم أخو المسلم لا يظلمه ولا يُسْلمه، النبي) «Мұсылман мұсылманның бауыры, ол бауырына зұлымдық та жасамайды, (тағдыр тәлкегіне) де тастап та кетпейді», немесе «(قال رسول الله ﷺ: انصر أخاك ظالمًا أو مظلومًا) «Зұлым бауырыңды да, зұлымдыққа ұшыраған бауырыңды да құтқар» деген хадистың мәнін пайғамбарымыз: «Бауырыңның зұлымдық жасауына кедергі бол, міні, осы сенің құтқарғаның» деп түсіндіреді.
Сонымен, қорыта келе, араб-қазақ мақал-мәтелдері жалпы алғанда, лексико-грамматикалық жүйелері мен фразеологиялық көркем бейнелері бір-бірінен соншалықты алшақ жатқанымен, түпкі ой мен берер мағынасы қатар түсіп, тәлім-тәрбие мен жақсылыққа шақыру мақсатымен ұштасып жатыр. Және араб масалдарында отбасы, әулет, ру-тайпа болып біріккен араб халқында қандас туыс өте жоғары бағаланатынын білдік. Араб халқының шығу тегі, ата-бабалар шежіресімен мақтану, өз ру-тайпа мүшелерінің мүдделерін жаппай қорғау міндеті,тіптен кінәлісінің төлемақысын бірігіп төлеп алып шығу заңдылықтары жоғарыда айтқанымыздай, жалпы және негізгі нормалардың күрделі көрінісі (عصبية ,асабиа) болып табылатын биік саналы бірлік, рулық рух, ерлерге қатысты тұқымға берік адалдықпен көмкерілген араб менталитетінің нық әсері екендігін таныдық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет