Сақ-массагет, скиф мәдениетінің антика әлемі мәдениетімен мәдени өзара әрекеті мен бір-біріне әсері
Сақ-массагет, скиф мәдениетінің антика әлемі мәдениетімен мәдени өзара әрекеті мен бір-біріне әсері
Сақтар — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған. Бұл халық өзін өзі сақа, сақ деп атаған.
Оларды көне гректер скифтер деп атаған. Ол туралы грек тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінде, 5 томында, жағырапияшы Страбон «Жағырапиясында» жазып қалдырған.
Сақтар мекендеген жерлер.
Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «саға» дейді. Массагеттер — ежелгі грек авторларының деректері бойынша Каспий мен Арал теңізі аралығын мекендеген тайпалар тобының ортақ атауы. Массагеттердің шыққан тегі мен қалыптасуы туралы нақты ғылыми деректер жоқ. Массагеттер этнонимнің шығуы туралы бірнеше нұсқа бар. Вильгельм Томашек пен Йозеф Маркуарт авесталық masyo-ға, яғни балық дегенге жақындастырады. Осыдан көпше түрінің жалғауы -ga, олар masyaka ~ masyaga алып, массагеттердің жартысы балықпен тамақтанады деп жазған Страбоның хабарымен салыстырады. Басқаша айтқанда, Томашек пен Маркварт массагет этнонимі балықпен тамақтанатындар дегенді білдіретініне сенді.
Басқалары, мас-, -сақа- және -та демеулікктерден қалыптасқан этнонимдік құрамды «ұлы сақ ордасы» деп түсіндіреді. Бұл этноним ежелгі қытай хроникаларында «да юечжи» дегенді білдіреді, «ұлы геттерге» жартылай жақын деген нұсқасы да бар. Алайда юэчжилердің сөздерін зерттеген Бертольд Лауфер ежелгі қытай фонетикасының ерекшеліктерін ескере отырып, Хан әулетінің жазбаларында сақталған юэчжи деген сөзді sgwied-di ретінде қалпына келтірді және оны белгілі Sogdoi, яғни Соғдиана атымен осетиндік, скифтік, соғдылық және ягнобтық тілдерінің ұқсастығына қарай сөз алдына қойылатын -di қосымшаны көпшенің демеулігі сияқты мағынасын ашты. Бірақ ежелгі авторлардың бірде-біреуі Согдианада тұратын массагеттерді ауыздықтамайды. Кеңес ғалымы С.П.Толстов соңғы болжамның шындыққа жақындығын дәлелдей келіп, Сырдарияның төм. жағындағы археол. ескерткіштерді Массагеттерге тиесілі деп санайды. Бірақ оған қарсы пікірлер де бар. Геродоттың айтуынша, Массагеттер көшпелі тайпалар. Олар соғысқа атпен де, жаяу да шыққан, ат әбзелдерінің бірнеше түрлері болған. Қару-жарақтары мен әшекей бұйымдары мыс пен алтыннан жасалған. Ахемен әулеті патшасы Кир Массагеттермен соғыста олардың падиша-ханымы Томиристен жеңіліп, қаза тапқан. Страбонның жазуынша Массагеттер күнге табынған. Оған құрбандыққа жылқы шалатын болған. Страбон Массагеттерге жер өңдеуді кәсіп еткен Арал маңындағы хорезмдік басқа тайпаларды да қосады.
http://emirsaba.org
Достарыңызбен бөлісу: |