Күн бұлыңғыр. Жер жүзі әлі ашыла қоймапты. Суық боз тұман басып тұр. Онша қою емес. Сәл ғана ызғырық еседі



Дата18.02.2024
өлшемі13.2 Kb.
#492280
5,7 сынып Бақылау диктанты

7-сынып
Диктант


Қысқы таң
Күн бұлыңғыр. Жер жүзі әлі ашыла қоймапты. Суық боз тұман басып тұр. Онша қою емес. Сәл ғана ызғырық еседі.
Түні бойы қылаулаған болу керек. Кеше ғана айнадай қып сыпырып, күреп тастаған есік алдында жаздағы көк теректің басынан төгілген ақ үлпек сияқты боп, жұлықтан асар – аспас қылау қар көлпілдеп жатыр. Сатай торы дөнен тұрған қораға барғанша, үлпек қар табанына шодырайып жабысып қалды.
Бұл кезде таң әбден атқан. Тұман сәл сейілгендей болды, бірақ сол бұлыңғыр қалпы. Аспан мен жердің еш айырмашылығы жоқ, біртегіс ақ бұлыңғыр. Ұшқындаған ақ қырау таусылар емес, құйылып тұр. Қырау басқан торы дөненнің жал – құйрығы аппақ. Сатайдың бойы тоңазып, кірпіктері қайта – қайта айқасып, жабысып қап келеді. Ол бойын жылытпақ боп, торы дөненді тебініп, шаба жөнелді.

(С. Мұратбеков, 120 сөз)



5-сынып
Бақылау диктанты
Қайың
Қайың туралы ән мен жыр да, сурет те көп.
Қайың — сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік болады.
Ашық жерлерде қайың кейде жеке-дара да өседі, дегенмен көп ретте орман болып тұрады. Жазғы жап-жасыл шөп пен жайнаған гүлдің ортасында тұрған ақ балтыр қайың тоғайы ол бір ғажайып сурет.
Қайың сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында, яғни жаңғақ ағашы мен талдан кейін гүлдейді. Оның гүлдері сырға тәріздес болып келеді. Қайыңның жапырағы сарғая бастаған кезде қыркүйек айы туады.
Қайың тез өседі. Одан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі-дәрмек әзірлейді. Бұтақтарынан сыпырғыш, қабығынан саңырауқұлақ пен жеміс-жидектер теретін себет тоқиды. Қайыңнан фанер дайындап, үй жиһазын жасайды.
(«Ол кім? Бұл не?», 104 сөз)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет