Сөйледі:
Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы
Ы. Алтынсариннің бірнеше әңгімелері бойынша көріністі тамашалап бұл әңгімелердің тәрбиелік мәнін терең мағынада түсінуге шақырамыз.
1 әңгімеден көрініс
Автор: Атымтай Жомарт кедей бола тұрып, кейін өзінің еңбегі арқылы
байыған адам.
Бұл әңгіме оқушыларды еңбекқорлыққа, айналасындағы адамдарға қайырымды болуға, көмектесуге үйретеді.
Атымтай Жомарт
(Жомарт жұмыс жасап жүреді, үстінде жаман киім)
1 кісі: - Жомарт, құдай берген дәулетіңіз бар, ашқа - тамақ, жалаңашқа - киім, үйсіздерге - үй болдыңыз, сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не?
2 кісі: - Бір мезгіл таза киім киіп, дәулетті адамша жүресіз. Бір мезгіл ескі - құсқы киім киіп жүресіз. Бұны қалай түсінеміз?
Жомарт:- Төрт түрлі себеп бар. Әуелгі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне бойы әдет етсең, көңілге жел кіргізеді, сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиреніп, көз салмай, кем – кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын.
Екінші: Бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұным кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер үлгі алсын деймін.
Үшіншісі: Күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір - екі пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі, сіңімділігі болады екен.
Төртінші: Құдай тағаламның берген дәулетін өзімсініп тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп - жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын.
1-кісі: - Ия, Атымтай Жомарт, енді бәрі де түсінікті. Еңбекпен келген ас тәтті.
2 -кісі: - Бейнетсіз рахат жоқ.
Ал еңбектің түбі рахат
2- әңгімеден көрініс.
Автор: «А құдайым бала бер, бала берсең сана бер, санасыз бала бергенше, артынан бәрін - бәрін ала бер»- деп Ыбырай Алтынсарин өзінің мақал - мәтелдер жинағында келтіргендей, кішкентай қыз ақылдылығы мен тапқырлығының арқасында әкесін жазадан аман алып қалды. Бұл әңгімесінде Ыбырай Алтынсарин балаларды ата - анасын сыйлауға, қадірлеуге, батылдыққа, ақылдылыққа үйретеді.
Мейірімді бала.
Патша: - Біздің Қытай халқында мынадай заң бар. Егер кімде - кім біреуді алдаса қолы кесіледі. Осы заңды білесің бе?
Төре: - Білем.
Патша: - Білсең, өзің істеген күнәңді мойныңмен көтересің. Сондықтан сен өз еліңдегі адамды алдағаның үшін қолың кесіледі. Уәзірлер дайынсыңдар ма?
Уәзір: - Дайынбыз.
Патша: - Жазаны бастауға рұқсат.
Қыз бала: - Тоқтатыңыздаршы, құдай үшін тоқтай тұрыңыздаршы.
Патша: -(тоқтат деген ишара беріп) Бұл кімнің қызы?
Төре: - Менің қызым.
Қыз бала: - Тақсыр патша, менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан айырылуы керек болады. Мінекей, тақсыр, әкемнің қолы.
Бұл қол да менің жазықты болған атамның қолы.
Патша: - Қызым сенің қолыңды кескеннен не пайда? Кінәлі сен емес қой.
Қыз бала: - Уа, әміршім! Мен осы төренің қызымын. Мына қолды осы төренікі деп есептеңіз. Өйткені, мұнымен бала-шағасын асырауға шамасы келмейді. Бұйырыңыз тақсыр! Осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруға.
Патша: -(Төреге) Мына қызыңның ақылдылығы мен мейірімділігінің арқасында сенің қолыңды кеспеуге бұйырамын.
Төре: Басын иіп, рахмет айтады.
Патша: - Ата көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
Төре: - Жақсы бала әкесінің есіктегі басын төрге сүйрейді,
Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.
Қорытынды: «Дыбыстар сөйлейді»әдісі бойынша Ыбырай атаға мінездеме беру
Ы – ынталы;
Б – білімді;
Ы – ыждағатты;
Р – рахымшыл;
А – ақылды;
Й – иманды
Ыбырай атаның бойындағы бар қасиеттер барлық баланың бойынан табылады деп сенім білдіремін!
Міне, осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата - анасын сыйлап құрмет тұтуға, еңбекқор болуға шақырамын!
Іс-шара барысында Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен тағдыры, оның өмірінің белгісіз фактілері, оқиғалары, ондаған жылдар бойы «өте құпия» деген белгімен құжатталғаны туралы баяндалатын «Ұлы қазақтардың құпиялары мен тағдырлары» деректі-публицистикалық фильмдер сериясынан «Әлихан Бөкейханов — ақсүйектер рухы…» бейнефильм көрсетілді.
Ә. Бөкейхановтың өмірі мен қызметі туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық бөлімді келесі студенттер дайындады:
— Авзал Аружан, ТФП-211 топ студенті, қоғам қайраткерінің өмірі туралы айтып, оның бүкіл өмірі қазақ халқын біртұтас ұлт ретінде сақтауға, оның ұлттық мемлекеттілігін қалпына келтіруге ұмтылғанын атап өтті.
— Бакназар Диана, ТФП-211 топ студенті, журналистік және публицистикалық қызмет туралы қызықты презентациялық материал дайындады.
— Хавсалем Саулеш, ТФП-212 топ студенті, қоғамдық-саяси қызмет туралы презентация жасады.
—Абсаматова Жанлысай, ТФП-211 топ студент, іс-шараға қатысушыларды ғалымның ғылыми қызметімен таныстырды.
Әлихан Бөкейхановтың шығармашылығы туралы білімдерін сынауға арналған конкурстан тұратын практикалық бөлім өткізілді (30 сұрақ).
Бекітті: ақпаратты ескеру.
Куратор Рахимжанова Н.Ж.
Старосталар Адилмурат А.,
Ержан Г.
Достарыңызбен бөлісу: |