Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Хаттама № 7
18.02.2022г.
Қарағанды
Куратор— Рахимжанова Н.Ж.
Старосталар – Адилмурат А., Ержан Г.
Қатысқандар: ТФП-211 және 212 топ студенттері.
Күн тәртібі:
ТФП-211 және 212 топ студенттерімен «Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына арналған «Қазақ даласының ұстазы» атты кураторлық сағат өткізу.
Тыңдалды:
1. Топ кураторы Рахимжанова Н.Ж. оффлайн форматта «Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына арналған «Қазақ даласының ұстазы» атты баяндама жасап, көрнекі материалдар презентация түрінде берілді. Тақырыбы: «Даланың дара ұстазы Ы Алтынсариннің туғанына 180 жыл»
Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
Кел, балалар, оқылық!
Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Сынып сағатымыздың мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен танысу.
Әр халықтың болашаққа бет алған тарихы даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар сілтеген, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Халқымыздың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановпен, ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевпен бірге аса көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин.
Өмір деректері жайлы бейнебаян көрсетілімі
« Артық болмас білгенің»
Ы. Алтынсарин - алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш
рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап
өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы.
Ы. Алтынсарин 1841 жылдың 20 қазанында қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өмірден қайтып , жастайынан атасы Балқожаның тәрбиесінде өскен.
Осы атасының ықпалымен Ыбырай 1850 жылы Орынборда ашылған орыс - қазақ мектебіне оқуға алынады. Сабақты ерекше ынтамен оқыған ол 1857 жылы «өте жақсы»деген бағамен бітіреді.
Ы. Алтынсариннің оқып, білім алуына жағдай жасап, ақыл - кеңес беріп отырған атасы Балқожа би еді. Оқуда жүрген жас Ыбырайға атасы хат арқылы өлең мен күш - қуат, ынта - жігер беріп отырады.
Балқожа бидің баласына жазған хаты.
Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін құдайтағалам;
Атаң мұнда анаңмен есен - аман,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Сабаққа көңіл бөлсең басыларсың;
Ата - анаң өнер білсең асырарсың,
Надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың.
Шырағым, мұнда жүрсең нетер едің?
Қолыңа құрық алып кетер едің.
Тентіреп екі ауылдың арасында
Жүргенмен не мұратқа жетер едің.
Содан кейін өз елінде 2 жылдай, 1859 жылы Орынборға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде белгілі шығыс зерттеушісі ғалым - профессор В. Григорьевпен жақын танысып, оның кітапханасын пайдалануға мүмкіндік алады.
1860 жылы Орал сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашуға ұйғарылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне оқытушы болуға рұқсат алады. Қазақстан мектептерінің жұмысы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік қызметпен айналысуынан бастап ерекше жанданды.
1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыс ағартушыларының еңбектерін зерттеді. Соларға еліктеп қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Сөйтіп 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісті.
Бұл кітап ана тіліміздегі тұңғыш оқулық еді. Хрестоматияға тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелері, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, аударма шығармаларын енгізген болатын.
Ұжымдық оқу
Кел, балалар, оқылық!
Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Ідемей - ақ табылар.
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған.
Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: |