Күнделікті өмірдегі математика


Мамандық иелерімен кездесу



бет5/6
Дата22.10.2022
өлшемі126 Kb.
#463229
1   2   3   4   5   6
математика

Мамандық иелерімен кездесу
Математика қандай мамандық иелеріне қажет? Деген сұрақ көкйімде туындады. Сол себепті мен өз сұрағыма жауап іздеу барысында бірнеше м амандық иелеріне барып, сұрағыма жауап алдым.

2.3. Математиканың медицинада қажеттілігі
Мен ең алдымен өз мектебімнің медбейкесі Батес Ташеноваға барып «Математика медицинада қажет пе?» деп сұрағымды қойдым. Батес Ташенова математика пәнінің біз дүниеге келген күнннен бастап қажет екенін айтты. Сәби дүниеге келген кезде салмағы мен бойы өлшенеді, баланы әрбір 3 сағат сайын тамақтандырып тұру керек. Кішкене нәрестені 6 айға дейін күнделікті шомылдырып тұру керек.Баланы жуындыратын бөлменің температурасы - 37°С , ал судың температурасын арнайы термометрмен тексеріледі.Сонымен қатар ай сайын баланың салмағы мен бойын өлшеп тұрады.Салмағы нәрестенің жасына сәйкес келетіндігін анықтауға медицина қызметкері көмектеседі деп маған математика пәнінің медицинадағы қажеттілігін атап көрсетті. Міне жоғарыда айтылғандай математика тек есептеу ғылымы ғана емес, адам өмірі үшін де маңызы зор екендігін білдім.
2.4. Математика асханада
Мен күнделікті өмірде анамның және әпкемнің ас дайындаған уақытта өлшеп жататынын байқайтын едім. Бірақ бұның не себепті қажет екенің сұрап көрмеппін. Кейін анамнан «Математика асханада қажет пе?» деп сұрадым. Анамның айтуы бойынша математиканы білудің асханада үлкен маңызы бар екен. Кез — келген асты дайындау үшін, оған қолданылатын азық — түліктердің құрамы, мөлшері қатаң сақталуы қажет. Асты дайындау барысында азық — түліктерді өлшеу кезінде салмағы мен көлемін білу үшін математикалық шамалар қолданылады, сонымен қатар уақыт өлшемі де маңызды роль атқаратынын білдім. Анам маған менің сүйікті асым бәліштің қалай дайындалатының айтып берді.
Ол үшін қажетті азық-түліктер: 4 жұмыртқа , 250гр сүт, 200 құмшекер, 1 пакет қопсытқыш, 400гр ұн керек деп айта өтті. Тамақты міндетті түрде өлшеп дайындау қажет, себебі белгілі бір қажет азық мөлшерінен көп салынса онда ол біз ойлағандай шықпайды, дәл солай уақытын қарап отырмасақ ол ас не күйіп кетуі мүмкін не болмаса шикі пісуі мүмкін деп анам қөоса кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет