2.5. Математика технология саласында
Менің мектебімде Досан Ертаевич мектеп технологы. Ол кісінің жеке кабинетінде көптеген қолдан жасалған заттарды көруге болады. Менің көкейіме «Математика технология сабағында қажет пе?» деген сұрақ туындады. Браып өз сұрағымды қойып, сол сұрағыма мынадай жауап алдым.
Белгілі бір қобдишаны жасау үшін біз өзімізге қажетті өлшемді таңдап аламыз. Одан кейін біз өзімізге керекті форманы таңдап аламыз. Математикада қаншама бұрыш түрлері бар: төртбұрыш, үшбұрыш, алтыбұрыш және т.б. Қобдишаны жасау үшін не қажет? Ең алдымен біз өзімізге керекті форманы таңдап аламыз, мен төртбұрышты қобдишаны жасадым. Кейін барып өзіме керек өлшем бірлігін таңдап алдым. Бір жақ қабырғасын 12 см деп алсам, екінші қабырғасын 8 см деп алдым, ал ұзындығына келетін болсақ 5 см деп алдым. Кейін барлығын осы өлшемдер арқылы кесіп алған соң, оларды арнайы клей көмегімен біріктіріп алдым. Ең соныңа қарай мен оның қақпағын жаңағы өлшемдер арқылы өлшеп, кесіп алдым. Ең согныңда оларды арнайы бұрағыш арқылы біріктірдім. Осымен менде төртбұрышты қолға ыңғайлы қобдиша шықты.
2.6 Математика тігін саласында
Киім тігуде ең қажеттісі , ол адамның өін дұрыс есептеп алу.Ол үшін математиканы білуіміз керек.Сантиметрлік өлшеммен оның иығын, ұзынды- ғын,жеңінің ұзындығын,енін өлшейміз.Сосын фасонын таңдап, өлшеп алынған өлшемдер бойынша қиямыз. Математикалық есеп бойынша қайырғанда матадан қосымша қалдыру керек екенін ұмытпай бәрін дәптерге жазып отырамыз.Содан кейін барып тігуге кірісеміз.Дәл, нақты өлшенген матадан сәнді де,әдемі көйлек тігіледі. Жеті рет өлшеп, бір рет кес демекші , есеп дәлірек болғаны жөн.. Өлшем бірліктерсіз тігін саласын да елестете алмаймыз, Себебі метр,сантиметр, миллиметр өлшем бірліктері қолданылады. Яғни метрді сантиметрге, сантиметрді-миллиметрге айналдыруды білгеніміз абзал.
Киім өлшемін таңдау
Бел жағы (см)
|
58-62
|
62-66
|
66-70
|
70-74
|
74-78
|
78-82
|
82-86
|
86-90
|
94-98
|
Жанбас жақ (см)
|
84-88
|
88-92
|
92-96
|
96-100
|
100-104
|
104-108
|
108-112
|
112-116
|
120-124
|
Ресей өлшемі
(RUS)
|
40
|
42
|
44
|
46
|
48
|
50
|
52
|
54
|
58
|
Европа / Германия
(EUR / GER)
|
32
|
34
|
36
|
38
|
40
|
42
|
44
|
46
|
50
|
Франция
(FR)
|
34
|
36
|
38
|
40
|
42
|
44
|
46
|
48
|
52
|
Италия (IT)
|
36
|
38
|
40
|
42
|
44
|
46
|
48
|
50
|
54
|
США (USA)
|
0
|
2
|
4
|
6
|
8
|
10
|
12
|
14
|
18
|
Великобритания (UK)
|
4
|
6
|
8
|
10
|
12
|
14
|
16
|
18
|
22
|
Халықаралық (INT)
|
XXS
|
XS
|
S
|
M
|
L
|
XL
|
XXL
|
XXXL
|
|
2.7. Математика бизнесте(саудада)
Күнделікті өмірде анамыз біздерді дүкенге жіберіп жатады. Сондай уақытта біз алатын алмамыздың кг айтып жатамыз, не болмаса керек затымыздың санын айтып жатамыз. Барлығын дүкенші аға, тателеріміз есептеп, қанша шыққанын айтып жатады. Сондай уаұытта біздер де ақшамызды беріп жатамыз. Артығымен берген уақытта біздерге қалған ақшамызды беріп жатады. Бұлда математика болып саналады.
Тіпті базарға барып сауда жасасақ немесе өмірге қажетті практикалық өлшеулер жүргізгенде математикалық өте терең білім қажет деп ойламаймын. Математикалық терең білім математика бағытындағы мамандықты таңдаған адамға аса қажет және ол адам өз мамандығы бойынша өз саласын дамытады. Барлық адамның қабілеті бірдей емес. Сондықтан математикаға қабілеті бар адам ғана математикалық терең білім алып, ал математикаға қабілеті төмен адам күнделікті қажетті математикалық есептеулерді білсе жеткілікті. Бизнес-жоспар бұл сіз өз бизнесіңізбен жетуді қалайтын нәрсе мен өзіңіздің мақсаттарыңызға жету үшін қолда бар ресурстардың пайдаланылуын жоспарлайтын тәсілдің қағазға түсірілген моделі болып табылады . Дүкенде болсын, базарда да сауда жасау үшін арифметикалық амалдардың қай-қайсысыда қолданылады.
ІІІ. Қорытынды
Мен зерттеу жұмысының басында, егер математика күнделікті өмірде ешкімге қажет емес ғылым болса, онда қарапайым адамға оның заңдылықтарын білу міндетті емес деп болжағанмын. Бұл пікірім дұрыс емес болды.
Математика тарихына көз жүгірте отырып, оның ғалымдардың бос қиялының жемісі емес, тікелей өмірдің қажетілігінен туындаған ғылым екеніне. яғни, «Математика барлық ғылымдардың патшасы» (К.Гаусс) екендігіне көз жеткіздім.
«Алдыңғы жақсы, артықы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсысы» -деп заңғар жазушы М.Әуезов айтқандай, бүгінгі алған мәліметтеріңіз өмірде пайдаға асуы тиіс. Қиын да болса математика ғылымының биігіне шыққан даналарымыз, жерлес математиктеріміз сияқты алдарыңа үлкен мақсат қойып, бар қиындықтан мойымай нәтижеге жете білуіңіз қажет. Дәл солардай дана академик болмағанмен, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бағып» қоғамға пайдалы азамат болу парызыңыз.
Мен зерттеу жұмысының басында , егер математика күнделікті өмірде ешкімге қажет емес ғылым болса, онда қарапайым адамға оның заңдылықтарын білу міндетті емес деп болжағанмын. Бұл пікірім дұрыс емес болды.
Математика тарихына көз жүгірте отырып, оның ғалымдардың бос қиялының жемісі емес, тікелей өмірдің қажетілігінен туындаған ғылым екеніне көз жеткізе аламыз.
Сандар арқылы адамның санасының қалыптаса бастаған уақытын, оның өмірге, қоршаған әлемге және өзіне деген көзқарасын байқауға болады. Адамның қабілеті мен күші саннан көрінеді.
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі жаңа тұз – дәстүрі мен дүниетанымындағы сандарға байланысты ұғымдарды зерттеп, зерттедім.
Математиканы оқып – үйрену есеп шығаруды үйрену үшін ғана емес, кез – келген проблеманы шеше білу, өз қабілетіңізді жетілдіре алу үшін қажет. Сондықтан, «Мен ақша санаймын, өз кірісім мен шығысымды есептей білемін, одан өзге математиканың маған қажеті шамалы» деуге болмайды. Егер олай десеңіз, адам өмірінің мәнін түсінбегеніңізді көрсетесіз, өмір деп отырғаныңыз шын мағынасында өмір емес, жай ғана тіршілік болады. Біз тек сол үшін жаратылмағанбыз, бізге ақыл – сана сол үшін берілмеген. Біз өз өмірімізді мағыналы қылып, барлық жетістіктерге жету үшін табиғатты, бүкіл білімді пайдалана білуіміз керек.
Оқу, әдебиеттерді оқып, зерделеу және мамандармен кездесулер арқылы практикалық жұмыстарды жүргізу барысында сауалнама қорытындысы бойынша «Математика біздің өмірімізде маңызды орын алады» деген қорытындыға келдім.
«Ғылым математиканың көмегімен жетілдіреді», менің сыныптастарым мен достарым дұрыс қорытынды жасап, өмірдің өзі математикасыз және есептеусіз болмайтынына сенемін, математика пәнінің қандай мәселесі болмасын, ол математика пәніне деген көзқарасты өзгертеді. пән. Қазақстанның болашағы жарқын, жоспарлы, білімді болады деп сенемін. Математиктер күнделікті өмірді өмірден ешқашан ажырата алмайтынымызға сенімді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. С. Х. Сираждинов, Г.П. Матвиевская. Ал- Хорезми- выдающийся математик и астроном средневековья. Москва. «Просвещение», 1983.
2. Г.И. Глейзер. История математики в школе. IX-X классы. Москва. «Просвещение» 1983.
3. Б.В.Гнеденко. Математика в современном мире. Москва. «Просвещение» 1980.
4. Қырық қазына.Ә.Доспамбетов-Алматы 1997
5. «Математика және физика» журналдары 2009- 2016ж.
6. Интернет материалдары.
Достарыңызбен бөлісу: |