Тақырыбы: « Қазақ елі – менің Отаным» Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының өзіндік тарихы, мәдениеті, рәміздері бар тәуелсіз ел екенін түсіндіріп, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: - Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, нақыл сөздер, суреттер т.б.
Жемісті тәрбиенің сыры – шәкіртке құрметпен қарауда
Тәрбие – қиын іс, тәрбиеге жағдай жасау – әр адамның ең елеулі борыштарының бірі. Тәрбие ошағы - мектеп. Тәрбиенің ауданы кең, түбі терең. Тәрбие болмаған жерде шын ақылды, мәдениетті өмір де болмақ емес…
Жүру барысы: - Музыка ойналып тұрады.
- Мұғалімнің сөзі:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Сіздерді еліміздің ең үлкен мерекесі Республика күнімен құттықтаймын! Қазақтың батыры Бауыржан Момышұлы кезінде «Отан үшін отқа түс-күймейсің» деген. Өйткені Отан- қасиетті ұғым. Отанымызға, туған халқымызға адал қызмет ету – біздің азаматтық борышымыз. Қазақстан Республикасының туған күні қазақ тарихына алтын әріппен жазылды. Аңсап халық көп күткен Аңсап халық көп күткен Егеменді ел болдық Көңіл – күйі тоқ жұртпен Асқақтатып саз, әнге Сал өнерпаз кіл дүлдүл. 25 – і қазанның Республика күні бұл! - Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев әні: Шәмші Қалдаяқов Алтын күн аспаны, Ұрпаққа жол ашқан, Алтын дән даласы, Кең байтақ жерім бар. Ерліктің дастаны, Бірлігі жарасқан, Еліме қарашы! Тәуелсіз елім бар . Ежелден ер деген, Қарсы алған уақытты, Даңкымыз шықты ғой. Мәңгілік досындай. Намысын бермеген, Біздің ел бақытты, Қазағым мықты ғой! Біздің ел осындай! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным!
Достарыңызбен бөлісу: |