Күндізгі оқу бөлiмi



бет1/6
Дата03.07.2016
өлшемі2.57 Mb.
#175771
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі

Төтенше жағдайлар комитеті

Көкшетау техникалық институты

Күндізгі оқу бөлiмi


Өрттің алдын алу кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

ӨАА кафедрасының бастығы

__________К.К.Карменов

Дипломдық жұмысы (жоба)

Күндізгі оқу факультетінің курсанты: К.К.Бекназаров


Мамандығы: 5В100100 «Өрт қауiпсiздiгi»Бакалавр

Тақырыбы: «Ақтөбе қаласында орналысқан ААҚ Ақтөбе Мемлекеттік әуежайының жанар-жағармай қоймасында мұнай өнімдерін сақтау технологиясының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша инженерлі техникалық шешімдер өңдеу».
Орындаушы: ___________ Бекназаров К.К.

Жетекшi:_______________Максимов П.В




Көкшетау 2015 ж.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер минстрлігі Төтенше жағдай комитеті Көкшетау техникалық институты
Күндізгі оқу факультеті.

Өрттің алдын алу Кафедрасы

ТАПСЫРМА

дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау бойынша мамандығы


5В 100100 «Өрт қауіпсіздігі»
1. Тақырыбы: «Ақтөбе қаласында орналысқан ААҚ Ақтөбе Мемлекеттік әуежайының жанар-жағармай қоймасында мұнай өнімдерін сақтау технологиясының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша инженерлі техникалық шешімдер өңдеу». № «157» 10.09.2014ж. Институт бұйрығымен бекітілді

2. Аяқталған жұмысты (жобаны) тапсыру «_____» ____________2015 ж.

3. Жұмыс (жоба) бойынша қолданылған мәліметтер Жанар-жағармай қоймасы

4. Бөлімдердің орындалу уақыты, сұрақтарды қарастыру, қысқаша мазмұны:





р/с

Бөлімнің атауы

Орындалу уақыты

1

Кіріспе

09.11.14 ж.

2

Жалпы мінездемесі

13.01.15 ж.

3

Технологиялық процестің сипаттамасы

27.01.15 ж.

4

Жанар-жағармай қоймасында өрт жарылыс қауіпті зонаға анализ жасау

10.02.15 ж.

5

Қондырғылар мен құбырлардың істен шығу себебін анықтау

24.02.15 ж.

6

Тұтану көздерінің технологиялық мінездемелеріне сараптама жасау

10.03.15 ж.

7

Жанар-жағармай қоймасының териториясында мұнай төгілуінің зияндығына сараптама жасау

24.03.15 ж.

8

Алдын ала қорғау шараларын өңдеу

07.04.15 ж.

9

Жанар-жағармай қоймасында өртқауіпті және өрт жарылыс қауіпті категориясын анықтау

21.04.15 ж.

10

Инженерлік және техникалық іс шаралардың экономикалық әсері

05.05.15 ж.

11

Графикалық бөлігі

18.05.15 ж.

12

Алдын ала қорғау

19.05.15 ж.

13

Қорғау

13.06.15 ж.

5. Тапсырманың берілген уақыты

6. Бекітемін (каф.бастығы) ө.қ.қ полковнигі Карменов К.К.

7. Жетекші ө.қ.қ капитаны Максимов П.В.

(лауазымы; аты-жөні; қолы; күні)

8. Тапсырманы қабылдап, орындаған Бекназаров К.К.

9. Кеңесшілер:

Экономика бөлімі бойынша ө.қ.қ майоры Салпыков А.Д.

Графика бөлімі бойынша ө.қ.қ подполковнигі Карденов С.А.


Мазмұны


Кіріспе...........................................................................................................................6

1бөлім. ААҚ Ақтөбе Мемлекеттік әуежайының жанар-жағармай қоймасының мінездемесі...................................................................................................................8

1.1. Жанар-жағармай қоймасының технологиялық процесстердің сипаттамасы мен қысқаша мінездемесі............................................................................................8

1.2. Физико-химиялық және өрттік жарылыс қауіпі бар мұнай өнімдері..............9

1.3. Жанар-жағармай қоймасының негізгі технологиялық параметрлерінің мінездемесі............................................................................................................11

2 бөлім. Жанар-жағармай қоймасындағы өрт жарылғыштық аймақтардың пайда болуының сарапталуы....................................................................................14

2.1. Аппараттардың ішіндегі қалыпты жұмыс жағдайдағы жарылысқа қауіпті ортаның бағалануы....................................................................................................14

2.2. Көлденең құрышты сұйық қоймалар. Тік құрыштан жасалған сұйық қоймалар.....................................................................................................................16

2.3. Эксплуатация кезінде жанғыш заттардың еш бұзылусыз сыртқа шығуындағы өртқауіпсіздігінің бағалауы мен алдын алу шараларын жоспарлау...................................................................................................................17

2.3.1. Мұнай өнімдерінің сұйық қоймалардан шығу кезіндегі мұнай базасындағы дайындықтың бағалануы...................................................................17

2.3.2. Жанар-жағармай қоймасының құймалы-төкпелі эстакада кезіндегі аумақтың газдылық эстакадабағалануы..................................................................19

3 бөлім. Аппараттардың және құбырлардың бұзылуының себебін сараптау.....22

3.1. Сұйық қоймалардың бұзылу себептерінен сарапаттау және олардың сыртқы факторларға қарсы тұруы қабілетін бағалау..........................................................22

3.2. Төгу –құю эстакадаларының зақымдалуының себептерінің сарапталуы және жергілікті апат жағдайларындағы аймақтың газданылуының бағалануы...........23

3.3.Құбырларының бұзылу ерекшеліктерін талдау және олардың қысымға қарсы тұруын бағалау...............................................................................................25

3.4. Сорап станциясындағы технологиялық құрылымдардың мұнай өнімдерін айдау кезіндегі бұзылу себептерін анықтау............................................................27

4 бөлім. Технологиялық өрт қауіпсіздігінің пайда болу себептерін саралау......29

4.1. Атмосфералық тоқтың бірінші және екінші көрінуінің сарапталуы.............30

4.2. Статистикалық тоқтын қауіпін болдырмауды бағалау...................................30

4.3. Механикалық ұшқылардың болдырмауын бағалаулар.................................32

4.4. Пирофлық қосындылардың жасалуының қауіптілігінің бағалануы.............32

4.5. Тоқ құралдарындағы ұшқынның пайда болу қауіпін бағалау.......................33

5 бөлім. Жанар-жағармай қоймасының аймағындағы мұнай өнімдерінің жайылу қауіпінің сарапталуы................................................................................................34

6 бөлім. Жанар-жағармай қоймасындағы жабдықтар мен өрт пен жарылысқа қарсы құрылғыларды орнатудағы өрт қауіпсіздігіне арналған профилактикалық іс шаралардың жоспары............................................................................................36

6.1.1. Бірінші және екінші атмосфералық тоқтың пайда болуынан сұйық қоймалардағы қорғаныс шараларының бағалануы................................................36

6.1.2. Мұнай өнімдерін қайта ауыстырып құятын №1 сорғыш станциясындағы жасалынған найзағайдан қорғайтын құралдың тәжірибесі...................................39

6.1.3.Теміржол эстакадасындағы найзағай қорғаныш пен автоцистерналарға құятын цистерналардың найзағай қорғанышының сараптамасы.........................40

6.2. Жанғыш ортаны жою.........................................................................................41

6.3. Үлкен және кіші дем кезінде туындайтын жағдайларды азайту...................41

6.4. Аппараттар мен құрылғыларды бұзылудан сақтап қалу................................42

6.5. Өртену көздері және мүмкіндіктері..................................................................43

6.6.Өрттің болмауының алдын алу үшін жасалатын профилактикалық іс шаралар.......................................................................................................................44

7 бөлім. Өртке және өрт жарылысына қарсы жанар-жағармай қоймасының құрылғыларының қамтылуын анықтау...................................................................47

8 бөлім. Сулы салқынданудың тұрақты қондырғысының гидравликалық

есебі.............................................................................................................................52

9 бөлім.Қабылданған шешімдердің экономикалық тиімділігі..............................56

Қорытынды.................................................................................................................61

Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................63



Кіріспе

Қазіргі уақытта, біздің еліміздің дамуының экономикалық қиын кезеңдеріне қарамастан, мұнай табатын және мұнай өңдейтін өнеркәсіптердердің даму қарқындылығы,отын-энергетикалық кешеннің маңызды бөлігі ретінде, өсуін жалғастыруда.

Кез келген өнеркәсіп саласы жанармайсыз жұмыс істей алмайды. Тоқтаусыз автокөлік жұмысы үшін,ауылшаруашылық техникасы үщін,өндірістік мекемелер мен электро-жылумен қамтамасыз ету үшін мұнай өңдейтін зауыттар мен комбинаттардың әр түрлі типті қоймалары бар тармақтар жүйесі құрастырылды:шикізат,тауарлы,аралық,толық және дайын өнімдер.

Резервуарлы парктер орнатылған мұнай мен мұнай өнімдерінің қоймаларының арасындағы ең негізгіліерінің бірі болып табылады. Мұнай табу мен өңдеу көлемінің үлкеюі, сәйкесінше резервуарлы парктердің көлемінің үлкеюіне әкеледі.

Резервуарлы парктердің жалпы жағдайы, сақталған мұнай өнімдерінің көлемі мен номенклантурасына,сонымен қатар резервуарлардың сыйымдылығымен сипатталады. Осыған байланысты, осы объектілерде өрт қаупі жоғары. Салыстырмалы түрде көлемі шағын аудандарда өрт қауіпті сұйықтықтар аз кездеседі, ал кейде жүз мың тоннаға дейін есептеледі.

Резервуарлы парктерге қаншама кең көлемді, кещенді өрт қауіпсіздік шаралары жүргізілсе де, бұл жерде өрттің болуы,біздің елімізде де, шетелде де бар. Бұл факт, өртке қарсы қорғанудың мәселелерін, бұл объектілерде болашақта жетілдіруді талап ететінін растайды.

Резервуарлы парктегі өрт қауіпін төмендетумен қатар, қоршаған ортаны мұнай өнімдерінің булануынан сақтау өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Отандық тәжірибеде қолданатын, булануға қарсы көмірсутектердің шығынына қарсы шаралар,толық шешім емес, өйткені олар тек шығынды азайтады, бірақ жоймайды. Қоршаған ортаны қорғау мен резервуарлы парктердегі өрт қауіпсіздігін төмендету мәселелерінің шешімі, мұнай өнімдерінің булануы мен жарылу қаупі бар концентрациялы заттардың қалыптасуын алып тастайтын немесе шектейтін қазіргі әдістерді еңгізу болып табылады.

Қазіргі қоғам ауыл өндірістік саласындағы шаруашылық салаларына жоспарлы және келісімді жетілдірулер жасап отыр. Солардың ішінде ең көп таралғаны және жетілдірілгені техникалық сала. Технологиялық өндірістер аумағында көптеген өзегістер болып жатыр, осыған орай өрт қауіпсіздік шаралары көптеп орын алуда. Механизациялау, автоматизациялау, электрофикациялаулардың технологиялық процестері электрокабельді шаруашыылқтың дамуымен сипатталады. Және бұндай жерлер өрт шығу қауіпі аса жоғары аймақ болып есептеледі.

Республикамыздың экономикалық шарықтауына ең маңыздысы бұл көмірсутектік шекізаттың қорлары болып отыр. Дегенмен қазақстанның мұнай қоры өте көп,себебі оның негізгі бөлігін Каспий теңізінің қайраны құрайды.

Мұнай өндіретін салаларда технологиялық орнатулар кезіндекөптеген қиындықтар көптеп кездесіп отырады және бұл қиындықтар осы салалардың өртқауіпсіздігін арттырады. Алатын өнімнің көбеюі, көліктер, мұнайды сақтау және өңдеу үздіксіз сұйық қоймалардың аумағын кеңейтеді. Соған орай өрт қауіпсіздігіне байланысты сұрақтарда туындайды.

Мұнай мен мұнай өнімдеріне сұйық қоймалар өнеркәсіп құрылысндағы жоғарғы өрт қауіпсіздік аймағы болып есептеледі. Практикалық жұмыстар мен өртке қарсы іс шараларда кез келген жағдайда өрттің ала білу жағдайлары үйретіледі. Мұнай мен мұнай өнімдерінің өртенуі сұйық қоймаларда үлкен қиындықпен тоқтатылады және бұндай жағдайлар көп шығынға әкеледі. Өрттің алдын ала білу, тоқтату шараларын өткізу маңызды болып есептеледі.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне сүйенсек коптеген тәжірибелерден көргендей сұйық қоймаларда мұнай мен мұнай өнімдерінің туындауы сақтық шараларын жүргізбегеннен туындайтынын байқадық. Сол жүргізілген тәжірибелер мен зерттеулер мұнай базаларында және мұнай сақтау аймақтарында өнімдері өрттен сақтау мәселесіндегі сұрақтарды толығымен шешуге болатынын көрсетті.

Жобада мұнай сақтау және өңдеуге арналған мұнай базалары мен жанар- жағармай қоймасының өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында көптеген маңызды идеялар көрсетілген. Қазіргі уақытта заман талабына сай мұнай сақтау және мұнайды өңдеу базалары өте жоғары қарқынмен дамуда. Базадағы барлық мұнай өңдейтін қондырғыларды механизациялау қолға алынған. Жжм қоймасының орналастырылатын мұнай сақтау резервуарлары өрт қауіптілігі жоғары обьектілер болып есептеледі. Өрт қауіптілігі жоғарылаған сайын өрттің алдын алу мақсатында жаңадан әдіс тәсілдер ойлап табылуда. Қазіргі таңда әрбір резервуарға автоматты түрде өрт болған жағдайда көбік беретін өрт сөндіру қондырғылары орналастырылған. Понтонды әдіспен де өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету республика көлемінде кеңінен таралуда.

Дипломдық жобада мұнай өңдеу базаларындағы өндірістік аймақтар мен көлемі үлкен резервуарлардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету техникалық регламентке және резервуарларды эксплуатациялау нормативтерінің талабына сай талданып жасалды.

1 бөлім. ААҚ Ақтөбе Мемлекеттік әуежайының жанар-жағармай қоймасының мінездемесі

1.1. Жанар-жағармай қоймасындағы технологиялық процесстердің сипаттамасы мен қысқаша мінездемесі

ААҚ Ақтөбе Мемлекеттік әуежайының жанар-жағармай қоймасы Ақтөбе қаласында әуежай территорииясында орналасқан. Мұнай өнімдерінің жеткізілуі теміржол арқылы орындалады.

Проект бойынша екі ағызбалы теміржол фронты қарастырылады: ашық түсті мұнай өнімдері мен қоңыр түсті мұнай өнімдері үшін.

Ашық түсті мұнай өнімдерін қабылдау үшін екі жақтық КС-2 эстакадасы қарастырылған,оның ұзындығы 72 метр. Вагон-цистерналарына төменнен құю үшін әрбір бағанада жалғастық орналастырылған. Эстакададағы құрылым қадамы -6 метр.

Майларды төгу процесстері әрбір бесінші құрылым бойынша орындалады. Олар төкпелі фронтта бочкаларға қойып орналасқан. Ол үшін жәшіктер қоймасында арнайы орын бөліп берілген. Оларға таратпалы крандарда бөлінген, олар сұйық қоймадағы бочкаларды тазатру үшін арналған. Оларды қайта толтырып отыру үшін тіреуіші бар крандар орнатылған.

Құю-төгу операциялары арнайы эстакадалар арқылы жүргізіледі.

Екі тартып алуға арналған сорғы ветиляциясы орнатылған. Сорғыларда : екі поршен сорғысы П-75 пен П-80, алты орталық сорғы-5НДВБ мен 6НДВБ, екі вакуумдық сорғы РМК-3 орнатылған.

Ашық түсті мұнай өнімдерін сақтау үшін тік сызықты сұйық заттар сақтайтын ыдыстар қолданылады. Соның ішінде :

2000 куб.м -5 түйір

1000 куб.м -3 түйір.

Қоңыр түсті мұнай өнімдерін сақтау үшін екі жерасты шығырларықолданылады. Онда тік сызықты сұйық заттар сақтайтын сыйымдлығы 750куб.м ден болатын 2 түйірі орналасқан. Оның шектеулі сыйымдылығы – 750куб.м.

Автоцистерналарға ашық түсті мұнай өнімдерін құю үшін тиеу жұмыстарына арналған 4 орындық автоқұйғыш пайдаланылады,ал қоңыр түсті мұнай өнімдеріне 1 орындық берілген.

Технологиялық құбырлардың сызбанұсқалары келесі шарттар бойынша орындалады:


  1. Ашық түсті мұнай өнімдерін теміржолдарға қабылдау бірден 4 вагоноцистерналармен және 2 қоңыр түсті вагоноцистерналардың мұнай өнімдері мен майларға.

  2. Ашық түсті мұнай өнімдерін сорғылар арқылы құймалы және автоқұймалы крандармен станцияларға жіберу.

  3. Автоматтық және өлшеп орайтын машинаға сорғыштың көмегімен кіші ыдыстарға бөлшектеп өлшеу және құю.

  4. Құбырларды тазарту.

  5. База ішілік ыдыстарға кұю.

Теміржолдан ашық түсті мұнай өнімдерін қабылдап алу үшін 7 түрлі ссору жүйелі құбырлар қолданылады: олардың 1 0 219 х және 159 х 5 және үш құбырлар 0 159 х 5 майлар және қоңыр түсті мұнай өнімдері үшін.

Қабылданғанғанға тоғытпалы құбарларының ағызып жіберу майдандарының сорғы үйірлерінен сұйық қойма паркіне дейін:

а) ашық түсті мұнай өнімдері үшін 9 құбыр- 8 0 159 х 5 және 1 0 219 х 1

б) қоңыр түсті мұнай өнімдері және майлар үшін 3 0 159 х 5

Автоцистерналарға ашық түсті мұнай өнімдерін құю 7 құбыр бойынша орындалады: олардың 2 0 159х6 этилденген жанармай және дизельдік жанармай және 5 0 108х4 тармақтың 3 0 57х3,5 құймалысы.

Қоңыр түсті мұнай өнімдері мен майларды құю үшін автоцистерндерге 10 0 108х4 жинақталған. Ашық түсті мұнай өнімдерін құбырлар арқылы қабылдау және жіберу қатты жерлерде орналастырылған. Қоңыр түсті мұнай өнімдері мен майларды қабылдау және жіберу нағыз жылытылған және отқа төзімді лакпен боялған жерде орналастырылған. Барлық құбырлар сорып шығарылуға бейімделіп орналастырылған.

Мұнай базасының аумағында химиялық зертхана орнатылған. Онда мұнай өнімдерін ылғи қатаң бақылауда ұстап отырады.

Мұнай базасының аумағында шағын бекет ТП400-10/0,4 орналасқан . авариялық электрожабдығы дизельдік шағын 100 квт бекетте орналасқан.

Қосымша механикалық цех, электрліцех,жәшіктер алаңы, жәшіктер қоймасы, материялдық қойма, гараж, екі администраторлық ғимарат, өтпе бөлмелері бар.

1.2. Физико-химиялық және өрттік жарылыс қауіпі бар мұнай өнімдері

Жанаржағармай - түссіз тез жанатын сұйықтық,олар жеңіл көмірсутектердің араласы. Олар жану барысында төменге қызып түседі. Қыздырылған қабаттардың өсім жылдамдығы 0,7 м/с; қыздырылған қабат қысымы 80-100* С; оттың кызымы 1200* С. А-76 жанаржағармайы спирттің қоспасы және түссіз тез жанатын сұйықтықтан тұрады. Қоспаның құрамы %(масс): жанаржағармай А-76-8; изобутан-6-9; метанол-14,5-15; су-0,08-0,15; тұтану қызуы -35*С; өздігінен тұтану қызуы 375*С;оттың шектеулі таралу қызуы: төменгіде -35*С, жоғарыда 17*С.

Авияциялық жанармай тығыздығы 732 кг/м ; тұтану қызуы -37*С; өздігінен тұтану қызуы 440*С; оттың шектеулі таралу қызуы: төменгіде -35*С,жоғарғыда-017*С.

tнпв – Δt ≤ tр < tвпв + Δt


Әртүрлі маркадағы дизтопливалардың өртке және жарылысқа қарсы көрсеткіштері
1.2.1 кесте




АВТ

ДА

ДЗ

ДЛ

ДС

ДТ-1

ДТ-2

3

Молекулалық қысым

-

-

-

-

-

-

-

172,3

Тығыздық

866

847

815

841

832

916,8

921

804

Қайнау қызуы

-

-

185-348

198-356

-

-

-

209

Жанғыш тобы

ЖС

ЖС

ТТС

ЖС

ЖС

ЖС

ЖС

ТТС

Тұтану қызуы,*С

75

64

59

65

92

110

110

48

Жанудың қызуы,*С

-

-

-

-

112

-

-

-

Өздігімен жанудың қызуы,*С

260

330

237

225

231

370

350

225

НКПВ,%(об)

-

-

-

-

-

-

-

0,6

НТПВ/ВТПВ,*С

-

571/105

54/98

64/116

76/146

90/13

7


91/15

5


43/92

Керосин –тез жанатын сұйықтық 2 кестеде көрсетілген көрсетілім.


Әртүрлі маркадағы өтке қауіпті көрсетілім көрсеткіші.

1.2.2 Кестесі




Керосин

Тығыздық

кг/м 3


Қызу,*С

Жалынның жайылу қызулық шектеуі.

,%(

Н

К



П

В


қайнау

Жалындау

жану

өздігінен жану

Төменгі

жоғарғы

Ағартқыш

729

-

57

63

238

35

75

-


Сульфиттелген

810

-

51

-

235

43

75

-


Тракторлық

823

-

4-28

-

290

4-27

35-69

1

Мазут-жанғыш сұйықтық. Өз алдына мұнай отындарынан қалған қалдық өнімдерді құрайды. Қрамы,% : көмірсутек-83,5-88,5; сутегі 10,5-12,5; тығыздық 890-995 кг/м ; тұтану қызуы 85*С; өздігінен жану 250*С; оттың шектеулі таралу қызуы: төменгі -35*С,жоғарғы -17*С. Мазуттар жану барысында төменде жанады. Күйіп кету жылдамдығы 0,015 кг/ (м2с); қызудың қыздыру қабаты 230-300*С, жалынның қызуы 1000*С.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет