Күні: 14. 02. 2015ж Пәні: Әдебиеттік оқу Тақырыбы: «Көктем сәні» ертегісі Мақсаты



Дата17.07.2016
өлшемі35.08 Kb.
#205863
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектебінің бастауыш пәнінің мұғалімі Байменова Гүлзира Сағынбайқызы.
Бекітемін: А.Молдабаева

Күні: 14.02.2015ж

Пәні: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: «Көктем сәні» ертегісі
Мақсаты: 1) Ертегінің негізгі идеясы мен мазмұнын ұғындыру, мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру.

2) Баланың еркін ойын, ұшқыр қиялын, дүниетанымын кеңейту. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, табиғат құбылысының бір – біріне байланысты екенін түсіндіру, өздігінен жұмыс істеуге, талдауға, қорытынды жасай білуге машықтандыру.

3) Оқушыларды табиғатты қорғауға, оны сүйе білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Гүл шоқтары, аңдардың суреті

Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап

Түрі: дәстүрлі сабақ

Типі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Ә)Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын сұрау

І. Жансүгіровтің «Жазғытұрым» өлеңін жатқа сұрау.


Сұрақ – жауап бойынша өткен сабақты бекіту.

  1. І. Жансүгіров кім?

  2. Өлеңде көктемнің қандай белгілері айтылған?


III. Жаңа сабақ түсіндіру

Қызығушылығын ояту.

Қар мұз еріп,

Су көбейіп,

Сай салаға ағады.

Бүршік шашып,

Жапырық ашып

Гүл, бәйшешек басады,

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Күн жылы болады

гүл Хош иіс





  • Балалар біз бүгін «Көктем сәні» ертегісімен танысамыз.

  • Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

  • Көктемде жан – жануарларда қандай өзгерістер болады?

  • Аюлар түлейді. Аю, борсық ұйқыдан тұрады. Бұғылардың мүйіздері түседі. Мүйіздерден әр түрлі дәрілер жасалады.

  • Ақбөкен, бұғы, елік, арқар, бұлғын – «Қызыл Кітапқа» енген аңдар. Бұл аңдарды аулауға болмайды, мемлекет қамқорлыққа алған. Бұлғын – терісі бағалы аң. Ол жылы жақта, орманды жерде тіршілік етеді. Бұл жануар азайып кеткендіктен, оны аулауға тыйым салынған.

  • Көктем мезгілі бір ғажайып ертегіге ұқсайды. Ал ертегі дегеніміз не?

  • Қиялдан туған әңгіме

  • Ертегілер әр түрлі болады:

  1. Қиял - ғажайып ертегілер

  2. Хайуанаттар жайындағы ертегілер

  3. Шыншыл ертегілер.




  • Олай болса, бүгінгі өтетін сабағымыз хайуанаттар жайлы ертегілерге жатады.


Аңдар туралы жұмбақ жасыру.

1. Тойды баққан,

Қойды қаққан. (Қасқыр)


  1. Күндіз – түні ерінбей,

Үйді жүрер күзетіп. (Ит)

  1. Екі жеңдей құлағы,

Дыбыс сезіп тұрады.

(Қоян)


4.Жақпар тастың өркенінде,

Секіреді құламай,

Қия құздың өр төсіне,

Орғып шығар ол оңай. (Арқар)


5 Сайқымазақ құлағы бар,

Барған жерде ұрлығы бар,

Бұл қандай аң? (Түлкі)
6. Төбесінде қу бұтақ,

Алар екен кім бұтап? (Бұғы)


7. Мұрны насос, кран да,

Таң қаламын, бұл аңға! (Піл)




  • Балалар, осы аталған аңдардың барлығы бүгінгі біздің өтетін ертегіміздің басты кейіпкерлері екен.

IY. Оқулықпен жұмыс

«Көктем сәні» ертегісін рөлге бөліп оқыту.

Ертегідегі аңдардың әрқайсысының жауаптарын талдату.

Ертегіге сүйеніп гүл шоқтарын құрастыру


Сергіту сәті:

Дәптермен жұмыс

Нөсер – жауын

Шаттық – қуану

Жігер – ынта

Күлкі – 69 түрі бар, өмірі жақсы
Сұрақ – жауап бойынша жұмыс


  1. Арыстанға бұлғын не деп жауап берді?

  2. Аңдар неге риза болды?

  3. Өздерің көктем сәні не деп ойлайсыңдар?

  4. Ертегіден бұлғынның Арыстанға жауап берген сөзін тауып оқу.



Y. Сабақты бекіту

- Біз бүгін қандай ертегімен таныстық?



- Сендерге ертегі несімен ұнады?
YI. Үйге: оқып түсінігін айту. Ұнаған аңның суретін салу

YII. Оқушыларды бағалау.

А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектеп



Тақырыбы: «Көктем сәні» ертегісі

Сыныбы: 3 «Б»

Орындаған: Байменова Г

20014 – 2015 оқу жылы



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет