Тілім менің – тірлігімнің айғағы мәнерлеп оқу күні



бет1/5
Дата29.09.2023
өлшемі30.71 Kb.
#479118
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Тілдер апталығы



«АСТАНА ПРОФИ» ҚАЛАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ


Тілім менің – тірлігімнің айғағы»

мәнерлеп оқу күні


Өткізген: қазақ тілі мен
әдебиет пәнінің оқытушысы
Арыстанова Арайлым Кенжебаевна

Астана - 2023 жыл


«Тілім менің – тірлігімнің айғағы»
атты мәнерлеп оқу күні


Сабақтың мақсаты: Тілге құрметпен қарау, білім алушылардың қызығушылықтарын арттыру, танымдылық талаптарын жетілдіру, өз елінің ақындарын сүйіп оқу, сөйлеу, ойлау және іздену шеберлігін арттыру. Өз Отанын сүюге, туған тілін қадірлей білуге көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Мемлекеттік тілге байланысты суреттер, мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
II Оқытушының кіріспе сөзі
Оқытушы: Құрметті оқытушылар мен студенттер! Бүгінгі «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты мәнерлеп оқу күніне қош келдіңіздер! Аталған іс-шарамыздың мақсаты – өз халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ана тілін білім алушының бойына сіңіру. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтімен, әлдиімен, атаның қасиетті сөздерімен басталады.
Қыркүйектің 22-і Қазақстан Республикасы Халықтарының тілдері күні болып жариялануы аса маңызды оқиға. Сондықтан да бүгінгі мереке ардақ тұру, өз Отанының жанындай сүйетін, әр адамның жүрегіне шуақ құятын мерейлі сәт. Ең алдымен, бұл біздің колледжіміздің ортақ мерекесі. Екіншіден, тіл түсінетін құрал болғандықтан, бұл мереке татулықтың, береке-бірліктің бастауы. Үшіншіден, тіл тарих тереңінен бойлап, өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқымас бұлағы.
1 жүргізуші (Саят):
Тіл – халықтың жаны, ұлттық болмысы мен өзіндік кескін-келбетін айқындайтын басты белгісі. Тілі тұғырлы елдің тәуелсіздігі ғұмырлы, рухы асқақ, іргесі берік болары сөзсіз. Алаштың алқаракөк аспанына «өрмелеп шығып күн болғысы келген» ақиық ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров:
«Сүйемін туған тілім – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
«Шыр» етіп жерге түскен минутімнен,
Құлағыма сіңірген таныс үнін», - деп жырлап, ана тіліне деген перзенттік сүйіспеншілігі мен шынайы құрметін өрнекті өлең жолдары арқылы білдірген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет