Пәні:Ұйымның серверлік жабдығын монтаждау
Тобы:
Күні:
1. Кабель арқылы өзара жалғанған бірнеше компьютерлер тобы – бұл ...
а) компьютер сыныбы
b) желілік бейімдеуіш
c) жергілікті желі
d) топология
2. Жергілікті желі ... үшін қызмет етеді.
a) компьютерлер арасында мәліметтер алмасу
b) компьютердің сипаттамасын жақсарту
c) басып шығару жылдамдығын арттыру
d) компьютердің жұмыс істеу қауіпсіздігі
3. Желідегі компьютердің атауын білу не үшін керек?
a) пайдаланушыны қалай шақыруды білу үшін
b) эстетикалық түр үшін
c) желідегі компьютерді іздеу үшін
d) оны өшіру үшін
4. Жұмыс үстелінде қандай белгіше жергілікті желіде жұмыс істеуге арналған?
a) Менің компьютерім
b) Себет
c) Менің құжаттарым
d) Желілік орта
5. Желілік басып шығарғыш – бұл ...
a) лазерлік басып шығарғыш
b) бөлек пайдаланушылар үшін ортақ қатынас құру басып шығарғышы
c) жергілікті желідегі әрбір компьютерде тұрған басып шығарғыш
d) түрлі түсті басып шығарғыш
6. Қалтаны ортақтастыруды баптау … ашылады.
a) желілік ортаның мәтінмәндік мәзірі арқылы
b) қалтаны тінтуірдің сол жақ батырмасын шерткенде
c) қалтаның мәтінмәндік мәзірі арқылы
d) қалтаны екі рет шерткенде
7. Жергілікті желі компьютерлері арасында мәліметтерді жеткізу ... арқылы орындалады.
a) басып шығарғыш
b) телефон
c) модем
d) шоғырлағыш (концентратор)
8. Өз компьютеріңізде қалтаны ... әмірлерінің көмегімен ортақтастыруға болады.
a) қалтаның мәтінмәндік мәзірі – Ортақтасу мен қауіпсіздік – Ортақтасу
b) желілік орта – Ортақтасу мен қауіпсіздік – Ортақтасу
c) қалтаны шерту – Ортақтасу мен қауіпсіздік – Ортақтасу
d) қалтаны екі рет шерту – Ортақтасу мен қауіпсіздік – Ортақтасу
Достарыңызбен бөлісу: |