Күні, кабинет Өскемен қаласы №43 орта мектеп-гимназиясы



Дата24.02.2016
өлшемі230.21 Kb.
#17320
түріСабақ

Күні, кабинет

Өскемен қаласы № 43 орта мектеп-гимназиясы

Қазақстан тарихы 8-сынып

Мұғалімі: Жақсыбаева М.С.


Тақырыбы

Қазақстанның Ресейге қосылуы.

Сабақ мақсаты:


1.Қосылудың себептері,Тевкелев бастаған елшіліктің келуі,Орынбор экспедициясының қызметі жайлы білімдерін бекіту.

2. Империя ұғымын дамыту.

3. Ресейге қосылудағы мәдениетке тигізген ықпалын және оның мәнін түсінуге тәрбиелеу.


Сабақ құралы:

Электронды оқулық, интерактивті тақта, слайд.

Сабақ түрі:

Мәтінмен жұмыс

Сабақ типі:

Қайталау- бекіту

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1 мин.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ХVІІІғ. Алғашқы үштен біріндегі қазақ-орыс қатынастары.


ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

ХVІІІғ. Қазақстандағы саяси өзгерістер.

ІV. Жаңа сабақ.



1.Гипермәтінді (факторларды тыңдау).

Әбілқайыр Жоңғарлармен соғысып жатқан кезде,Ресейге елші жіберген болатын,оны 1726ж. Қойбағар бастап барып,ол жауапсыз қалған болатын. 1730ж. Кіші жүз билері Ресеймен әскери одақ құруды ұсыныады, бірақ Әбілқайыр 1730ж. Қыркүйек айында Сейітқұл Қойдағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілікті Петербургке жібереді.1731ж. анна иоанновна Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға қол қояды.

Қазақстаннан ант алу үшін патша үкіметі Әбілқайырға 1731ж. 30 сәуірде Петербургтен А.И.Тевкелев бастаған елшілікті жібереді.Бұлардың ішінде дипломатиялық келісім жасауға башқұрттың ықпалды старшыны батыры Таймас Шайымовта келді.Бұл экспедицияны қорғауды Әбілқайырдың өз ұлы Нұралыға тапсырылды. 1731ж. 10 қазанда Әбілқайыр хан және оның жақтастары Ресейдің қол астына өту туралы ант қабылдады.Тевкелев осы сәтті ісі үшін орыс әскерінің генералы,ал Таймас Шайымов тархан атағын алды. 1731ж. Орта жүздің ханы Сәмеке Ресейдің қол астына өтті. 1740ж. Орынборда Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен сұлтан Абылай Ресейдің қол астына өтті.1731ж. патша Әбілқайырдың көмегімен Хиуа хандығын өзіне қосуды көздеді.1742ж. патша қол астына 30 000 қарақалпақтар өтті.

Кіші жүз қазақтарымен байланысты нығайту үшін 1734ж. Қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды.Оны И.К.Кириллов басқарды, көмекшісі қазақтарды жақсы білетін А.И.Тевкелев болды.Кейін бұл экспедиция Орынбор экспедициясы деп аталды.Оның құрамында 2700 адамның 2500 әскери қызметкер еді.1735ж. Әбілқайыр ханның өтініші бойынша Орынбор қаласының негізі қаланды. И.К.Кириллов қайтыс болғаннан кейін экспедицияны В.И.Татищев басқарды.Патша үкіметінің бекіністер салуы, жер дауын шиеленістіріп жіберді. 1734ж. Бастап қазақтар Жайық өзеннің оң жағына қоныстануына тыйым салды.1742ж. патша үкіметі Жайық өзеніне, Жайық қалашығына, салынып жатқан бекіністерге жақын келуіне тыйым салды.Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын қазақтарға бұл үлкен қайшылықтар әкелді.



2. Анимацияны тыңдау.

3. Хронологиялық диктант (актив студионың шторын жабу арқылы , тексеру( толық ашып).

V.Бекіту.

4. 4.тест жұмысын алу арқылы бекіту

VІ.Қорытынды.



VІІ.Үй жұмысы

Ой толғау жазу (шығармашылық тапсырма).

VІІІ.Бағалау.







Күні, кабинет

Өскемен қаласы № 43 орта мектеп-гимназиясы

Қазақстан тарихы 8-сынып

Мұғалімі: Жақсыбаева М.С.


Тақырыбы

ХАНДЫҚ БИЛіКТІҢ ЖОЙЫЛУЫ

Сабақ мақсаты:


  1. Қазақ жеріндегі отарлық езгінің күшеюі және реформалардың жүргізілуі туралы білім беру.

  2. Қазақстандағы халыққа білім беру, денсаулық сақтау, сауданың дамуы т.б. деректерді талдау.

  3. Ресей мәдениетінің жетістіктерін бағалауға тәрбиелеу.

Сабақ құралы:

Электронды оқулық, интерактивті тақта, слайд.

Сабақ түрі:

Дәстүрлі сабақ

Сабақ типі:

Қайталау-бекіту сабағы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1 мин.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Қазақстанның Ресейге қосылуы.

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

ХІХғ. Қазақстандағы саяси өзгерістер.

ІV. Жаңа сабақ.


1.Гипермәтінді (факторларды тыңдау төмендегі мәтін дыбыстық айтылады).

1812жылы Кіші жүздің Жайықтьвд оң жақ бетіндегі қазақтарға Бөкей сүлтан өз алдына жеке хан болып шыға келсе, 1815 жылы Орта жұзде Уәли ханмен қатар және Бөкей сұлтан да хан болып тағайындалды.

Орта жүзде 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан кдйтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңадан хан тағайындап жатуды кажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанский жасаған және Ресей императоры I Александрдін жарлығымен бекі-тілген «Сібір қыргыздары туралы жаргы» күшіне енді.

Округтар болыстарға бөлінді, ал болыстар ауыл әкімшіліктерінен түрды. Әр округта 15—20 болыс, әр болыста 10—12 ауыл, ал әр ауылда 50—70 үй болатын болды. Сырткы округтағылар Сібір қыргыздары (қазақтары. — &вт.) облысына біріктірілді. Жаңа әкімшілік бірлігі орасан зор аумақты алып жатқан Омбы облысынын. күрамына кірді. Томск және Тобыл губерниялары мен Омбы облысы Батыс Сібір генерал-губернаторы-на бағындырылды. Оның орталығы Тобыл қаласында орналасты.

Округтарды сайланып қойылатын ага султандар, болыстарды бо-лыстар, ал ауылдарды — ауыл старшындары баскарды. Болыс сүлтан-дары мен ауыл старшындары әкімшілік, шаруашылык және поли-цейлік қызметтерді қоса аткарды. Ауыл старшындарын көшпелілердің өздері сайлайтын және оларды бұл лауазымды қыз-метке округтық мекеме бекітетін. Сайлау үш жылда бір рет өткізіліп түрды. Сүлтандар старшындарды сайлауға қатыспайтын.



1854 жыл-дан бастап аға сүлтандыкқа шыккан тегі Шыңғыс әулеті емес адам-дар да сайлана алатын болды.

Округтық приказдың қатаң белгіленген міндеттері болды:

  • округтағы халыктың қауіпсіздігін камтамасыз ету;

  • халыкқа білім беруге қам-қорлық жасау;

  • түрмыстык жағдайлар мен шаруашьтлық жұмыстарын жаксарту;

  • қарақшылық тонауды, барымтаны және екімет билігіне бағынбау әрекеттеріне тьшым салу;

  • өз бетімен кетіп, озбырлык жа-сауға жол бермеу;

  • тергеуді және сот істерін әділ жүргізу;

  • діни наным-сенімдерге байланысты проблемаларды шешу;

  • көпестер керуенінің жүріс-тұрысын бақылау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • (алым-салық) жинау.

Патша үкіметі сауда-саттықты қолдап, көтермелеп отырды. Әрбір қазақ өзінін өндірген өнімін округ аумағында да, одан тыс жерлерде де сатуға қүкыкты болды. Сүлтандар сауда керуендерін шетелдерге де, Сібір шекара шебіне де жіберіп түру қүқығын сақтап қалды. Тап осындай күқыкты орыс көпестері де пайдаланды. Сыртқы округтар-ды басып ететін сауда керуендерінен ешқандай да баж саяыгы алын-байтын тәртіп орнатылды.

1824 жылы Қарқарады және Көкшетау округтары, 1831 жылы Аягөз, 1832 жылы Ақмола, 1833 жылы Баянауыл және Үш~ булақ, 1834 жылы Аманқарагап (кейінірек Кусмурын атанды), 1844 жылы Көкпекті округтары күрылды.

1854 жылы Ертістің он жағалауындағы казақтар үшін Семей ішкі окруғы ашылды. 1856 жылы Жетісу жерінде Алатау ерекше округы ашылды. Бүл екі округты орыс офицерлерінің арасынан тағайын-далған бастықтар басқарды.

2. Анимацияны тыңдау.

1822 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы П.К. Эссен Ресей астанасына«Орынбор қыр~ ғыздары (қазақтары. — авт.) жөніндегі жарғыньщ» жобасын жөнелт-ті. Бүл кезде Кіші жүзде ІЛергазы әлі де хан больш түрған еді. Бүл реформа бойынша Клші жүз аумағы Жайықтың сырт жагын-дагы үш округқа бөлінді. 1828 жылы ондағы әкімшілік бірліктерінін аттары өзгертіліп, Батыс, Орта және Шыгыс округтары деп аталды. Кіші жүздегі екімет билігі Орынбор губернаторына тікелей бағына-тын басқарушы-султандардың колына кешті.

1844 жылы «Орынбор қырғыздары туралы ереже» шықты:

  • Жаңа ереже бойынша билер сотына барынша шектеу қойылды,

  • ұсақ-түйек мәселелерді ғана қарайтьш болды.

  • Үкіметке қарсы әре-кеттер жасау,

  • кісі өлтіру, карақшылык жасап ел тонау,

  • барымта алу сияқты қылмысты істерді әскери сот қарады.

  • ұрлық жасау,

  • алаяқ-тық, бүзақылык,

  • 50 сомнан жоғары мүліктік талап сиякты істер Ресей империясы Шекара комиссиясының жанындагы жалпы заңдар негЫнде каралды.

  • Орынбор әкімшілігіне карайтын қазақтардың жағдайы олар-дың Орта жүздегі қандастарына қарағанда әлдекайда ауыр еді.

Дегенмен де, XIX ға-сырдың 20-жылдарындағы реформалардың отаршылдык сипаты мен мәні күшті болғанына қарамай, олар қазақ даласында сауда-саттық-ты, денсаулык сақтау ісін және халықка білім беруді едәуір дамытуға оң ыкпалын тигізді.

3.Электронды оқулықтың Тапсырмаларын орындау:

1) Жауаптарын жазыңдар

  • 1781-1815жж. Орта жүздің ханы (Уәли хан)

  • 1822ж. «Сібірқырғыздары Ережесінің »авторы кім? (М.Сперанский)

  • 1824ж. «Орынбор қырғыздары туралы Жарғыны» кім дайындады? (П.Эссен)

  • «Жарғы» бойынша рекрут салығынан кімдер босатылды.(көшпелі халықтар)

  • Билеуші сұлтандарды кімдер сайлады. (әскери губернатор)

2) Электронды оқулықтың Картамен жұмыс

    • 1855ж. қай жерде 2-қалалық жәрмеңке ашылды.(Семей)

    • Орта Азияда сауда байланыстарын Ресейдің бақылауында болған негізгі қала.(Петропавл)

    • Арынғазы ханды мойындаған қазақтардың көп бөлігі қөайда тұрды.(Ақмешіт)

V.Бекіту.

4. Тапсырмаларды орындау 3) Электронды оқулықтың

VІ.Қорытынды.



VІІ.Үй жұмысы

деңгейлік тапсырма (шығармашылық тапсырма).

VІІІ.Бағалау.






Күні, кабинет

Өскемен қаласы № 43 орта мектеп-гимназиясы

Қазақстан тарихы 8-сынып

Мұғалімі: Жақсыбаева М.С.


Тақырыбы


Отаршылдық езгіге қарсы ұлт- азаттық қозғалыстар.

Сабақ мақсаты:


  1. Қазақ даласындағы ұлттық езгіге қарсы болған көтерілістерді қайталау, еске түсіру..

2.Саяси сана сезімінің өсуі, ұлттық езгіге қарсы тұруы туралы түсініктерін дамту.

3. Ұлттық мүддені сақтай білуге тәрбиелеу



Сабақ құралы:

Электронды оқулық, интерактивті тақта, слайд.

Сабақ түрі:

Қайталау.

Сабақ типі:

Зерттеу сабағы (тарихи тұлғалардың өмірін)

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1 мин.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық- азаттық көтерілісі.

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

ХІХғ. Қазақстандағы саяси өзгерістер.

ІV. Жаңа сабақ.


1.Гипермәтінді (факторларды тыңдау).

ИСАТАЙ-1791ж. дүниеге келшен, беріш руынан шыққан,МАХАМБЕТ- татар және орыс тілдерін жақсы білген.Дальмен таныс болған,Карелинмен жақын болған,



1836ж.- Жәңгір ханға қарсы шыққан.

1836-1837жж.- петиция жіберді.

1836ж.- Жайық казак әскерлерінен жерді тартып ала бастады.

1837ж.- Жүніс Жантеліұлы беріш руынынң старшыны келіп қосылды.1837ж. көтерілісшілер хан ордасына басып кіруді көздеді, Исатай Ханмен бейбіт келіссөз жүргізуді көздеді.Алайда, көтерілісшілерге қарсы 1000 астам адам шоғырланды. 1837ж. Тастөбе деген жерде жазалаушы отрядтар мен көтерілісшілер арасында кескілескен шайқас болды.Көтерілісшілер зеңбірекке қарсы тұра алмай кері шегінді, исатайдың басына 500 сом ақша тігілді.1837ж. 13 желтоқсанда көтерілісшілер1838ж. 2 шілде Қиыл мен Ақбұлақ өзендерінің бойында шешуші шайқас болды.Исатай қаза болды.

Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар ёнтізғен алым-салыктарды жою еді.

Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер,
сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды.
Кетерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырларыже-текшілік етті.

Көтеріліске катысушылар негізінен қазак халқы еді. Бірақ олар-дың арасында орыстар мен башкүрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Кенесары 1838 жылы өзінің адамдарын Батыс Сібір генерал-гу-бернаторына жіберіп, оған арнайы хат жолдады. Хатында Ақтау бе-кінісі мен Ақмола приказын жоюды, Омбыда түтқында отырған ез адамдарын түгел босатуды талап етті. Генерал-губернатор Кенеса-рының адамдарының барлығын да саптағы мың солдаттың арасынан откізіп, дүре соқтырды. Олардың әскерге жарайтындары түрақты армия қатарына алынып, қалғандары Шығыс Сібірге жер аударыл-ды. Генерал-губернатордың бүл кылығы Кенесары сұлтанның ашу-ызасын келтіріп, котерілісті бастап жіберуін тездетті. 1838 жылы Кенесарының сарбаздары Қоңырқүлжа Қүдаймендіүлының ауылдарына шабуыл жасады, оның 12 мыңға жуық жылқысын айдап әкетті. Акмола тоңі-регіндегі бекіністер түрғындарының 2,5 мың малы қоса кетті. Сүлтан Кенесарының туған қарындасы Бопай бастаған сарбаздар Кекше-тау округының ауылдарына шабуыл жасады. 1838 жылы Кенесарының сарбаздары Қоңырқүлжа Қүдаймендіүлының ауылдарына шабуыл жасады, оның 12 мыңға жуық жылқысын айдап әкетті. Акмола тоңі-регіндегі бекіністер түрғындарының 2,5 мың малы қоса кетті. Сүлтан Кенесарының туған қарындасы Бопай бастаған сарбаздар Кекше-тау округының ауылдарына шабуыл жасады. Орынбор губернаторы В. Перовский мен Батые Сібір губернато­ры П. Горчаковтың арасында Кенесарыға карсы калай күрес жүргізу жөнінде өзара келіспеушілік пайда болды. В. Перовский Кенеса-рыға қарсы күресті бейбіт келіссөздер арқылы да жүргізу керек десе, П. Горчаков әскери күш қолданып, көтерілісшілерді аяусыз қырып-жою жоспарынан танбады.



2.Тарихи тұлғаларды зерттеу.(тарихи тұлғалар бөлімімен жұмыс және қосымша деректермен жұмыс)

  • К.Қасымұлы (1802-1847жж.)

  • М.Өтемісұлы (1803-1846жж.)

  • И.Тайманұлы (1791-1838жж.)

  • С.Датұлы (1837-1847жж.)

3. Терминологиялық диктант (глоссариймен жұмыс актив студионың шторын пайдалану арқылы)

    • Жұт-

    • Жер-

    • Миграция-

    • Отарлау-

V.Бекіту.



4. Тарихи оқиғаны бағалау (эссе жазу «Қазақстанды отарлаудың тарихи маңызы»)

VІ.Қорытынды.



VІІ.Үй жұмысы

Мазмұндау Гипермәтінді

VІІІ.Бағалау.






Күні, кабинет

Өскемен қаласы № 43 орта мектеп-гимназиясы

Қазақстан тарихы 8-сынып



Мұғалімі: Жақсыбаева М.С.

Тақырыбы


Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.

Сабақ мақсаты:


  1. Ұлы жүздің Ресей империясына қосылу мақсаты туралы білімді бекіту..

  2. Шиеленіскен саяси жағдайдан шығу жолын Ресрй үкіметіне қосылу арқылы шешу жолдарын кеңінен талқылау.

  3. Ұлтаралық қатынастарды сақтауға тәрбиелеу.

Сабақ құралы:

Электронды оқулық, интерактивті тақта, слайд

Сабақ түрі:

Диспут сабақ

Сабақ типі:

қайталау

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1 мин.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Отаршылдық езгіге қарсы ұлт- азаттық қозғалыстар

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

ХІХғ. Қазақстандағы саяси өзгерістер.

ІV. Жаңа сабақ.


  1. Мәтінмен жұмыс:

    • Саяси факторлар;

    • Әлеуметтік-экономикалық факторлар;

    • Мәдени факторлар;

Үндістан жағынан Англияның Орта Азия мен Қазақстанның оң-түстік өңіріне деген мүддесі пайда болды:

  • Қытай Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аумағы жөнінде бейтарап саясат үстануды одан әрі жал-ғастырды.

  • Оның бірінші (1840—1842) және екінші (1856—1860) апиын соғыстарынан мойын бүруға мұршасы келмеді.

  • 1851—1860 жылдарда-ғы тайпиндер кетерілісі, азамат соғысы,

  • Шығыс Түркіс-танда 1822—1859 жылдары қайта-қайта бүрқ ете түсумен болған көте-ріліс бұл елдің іргесін шайқалтып кеткен еді.

  • Қытай-дың Жетісу жағына қарай жылжи түсу ниеті де болатын.

  • Ресей империясының алдында Қазақстанды түпкілікті жаулап алу, одан әрі Орта Азия мемлекеттерін бағындыру сияқты мәселенің тұруы әбден заңды сияқты еді.

Ресей қол астына өту



1818 жылы Үлы жүз қазақтарының өкілдері патша үкіметіне өтініш айтып, өздерін Ре-сейдің қол астына алуды сұрады.

1819 жылы Ресей үкіметі Абылай ханның үлы Сүйік сүлтанның өтінішін қанағаттандырды — 55 мың 500 қазақ Ресейдің қол астына өтті.

1824 жылы Үлы жүздің тағы да 14 сұлтаны — Абылай ханның немерелері мен Әділ төренін, балала-, ры басқарған 165 мыңға жуык ер адам Ресейдің қол астына өтті.

Бекіністер салу:



1.Аягөз (1831),

2.Ақтау (1835),

3.Ұлытау (1835),

4.Қапал (1846) бекіністері бой кетерді.

5.1848 жылы Ресей империясы Ұлы жүз үшін пристав (кішігірім әкім) лауазымды қызметін белгіледі.

6. 1854 жылы Верный бекінісі бой көтерді


1860 жылы

Тоқмақ және Пішпек бекіністерін басып алды.

1860 жылғы 21 қазанда

Үзынагаш бекінісі түбінде шешуші шайқас болып етті.

1863 жылы

Жумгал және Қүртқа бекіністерін басып алды.

1864 жылы

Әулиеата, Шымкент, Туркістан қалаларына
шабуыл жасады.


1833 жылы

Орынбор өлкесінің әскери губернаторы болып
В.А. Перовский тағайындалды

1834 жылы

Маңғыстауда Новоалександровский ка-
малының негізі қаланды.

1847 жылы

Ресей әскерлері Сырдария өзе-
нінің сағасын басып алып, онда Райым қамалын

1848 жылы

Қазалы бекінісін салу қолға алынды.

1853 жылы

Ақмешітті басып алған-нан кейін Сырдария бекініс шебі пайда болды.

1861 жылы

патша үкі-метінің әскерлері Сырдария өзені бойындағы Жаңақорғанды ба-сып алды.

1866 жылдың көктемінде

орыс әскерлері Бүха-
ра әмірлігі аумағының едөуір бөлігін басып алды

1867 жылы

Түркістан генерал-губернаторлығының қүрамына енгізілді

1873 жылы

Ресей ескери экспедициялық корпусы Хиуа хандығының астана-
сын да басып алды

1867 жылы

Ташкент қаласында орналасқан
Түркістан генерал-губернаторлығын қүру туралы жарлык шықты.

1867 жылы

Жетісу казактарының әскерлері құрылды


2.Терминологиялық сөздік:

Қазы — билік айтушы, төреші. Мұсылмандық сот, мүсылман күқығын жақсы білетін адам.

Плацдарм — әскери операциялар әзірленетін, жаттығулар өткізетін алаң немесе кеңістік.

Пристав — Ұлы жүз қазақтарын басқару үшін бекітілген лауазымды кызмет.

3.Тарихи тұлғаларды жасау:

Арынғазы Әбілғазыұлы (1833 жылы қайтыс болған) 1816-1821 жылдары билік еткен Кіші жүз ханы. Арынғазы қазақтардың Орта Азия хандықтарының шабуылдарына қарсы азаттық қозғалысын ұйымдастырушы ретінде белгілі.

Колпаковский Герасим Алексеевич (1819-1896) - генерал-майор, өмірінің басым көпшілігін Батыс Сібір мен Орта Азияда әскери қызметпен өткізген. Алатау округының және Ұлы жүз қазақтарының бастығы, Семей және Жетісу облыстарының бастығы,сондай-ақ Дала өлкесінің генерал-губернаторы болған.
4. Тапсырмаларды орындау:

2) Бос жолға керекті сөздерді жазу (тексеру-қатемен жұмыс жасау)

3) Картамен жұмыс


  • Алғашқы су диірмені қайда салынды (Верныйда)

V.Бекіту.



4) Қазақстанның Ресейге қосылуының маңызы ЭССЕ (ой толғау жазу,басып шығару)

VІ.Қорытынды.



VІІ.Үй жұмысы

деңгейлік тапсырма (шығармашылық тапсырма).

VІІІ.Бағалау.






Күні, кабинет

Өскемен қаласы № 43 орта мектеп-гимназиясы

Қазақстан тарихы 8-сынып



Мұғалімі: Жақсыбаева М.С.

Тақырыбы


Қазақстандағы 1867-1868 жж. реформалар

Сабақ мақсаты:


  1. Қазақ даласын отарлау мақсатында жүргізілген 1867-1868жж. Реформалар жайлы білімді бекіту.

  2. Қазақ жеріндегі жүргізілген жаңашылдықтар жайлы түсініктерін дамыту.

  3. Қоғамдағы және мәдениеттегі құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.

Сабақ құралы:

Электронды оқулық, интерактивті тақта, слайд

Сабақ түрі:

қайталау

Сабақ типі:

Дәстүрлі емес.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1 мин.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

ХІХғ. Қазақстандағы жүргізілген реформалар.

ІV. Жаңа сабақ.





1.Гипермәтінмен жұмыс; нәтижесінде кесте толтыру,

2. Анимацияны мұқият тыңдау; конспектілеу.




Жаңа реформалар жүргізудің қажеттігі туындады.

Біріншіден, қазақ даласында сұлтандардың билігі әлі де бұрынғысынша сақталып қала берген еді. Олардың билігі патша үкіметінің Қазақстан аймағын неғүрлым тезірек отарлауына кедергі келтірумен болды.

Екіншіден, кезінде тиісті жарғыларға сай қабылданған әкімшілік-аумақтық бөлініс оған қосымша аумақтар-дың қосылуына байланысты жаңа жағдайдағы езгерістерге сәйкес келмей қалды. Мәселен, XIX ғасырдың 60-жылдарында Ресей им-периясына Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аумағы қосылған бола-тын. Сондықтан да енді осы аймақтарды әкімшілік жағынан бағын-дыру және шаруашылық жағынан нығайта түсу қажет болды. Өлкені басқару ісін Ресейдің өзге аймақтарындағы басқару құрылымына барынша жақындатып, бірыңғайландыру талап етілді.

Үшіншіден, Ресейдің еуропалық бөлігінде карқынды дамып келе жатқан онеркәсіп үшін арзан шикізат коздері мен жұмысшы күші қажет болды

Төртіншіден, Қазақстанның кең-байтак аумағын мекенде-ген казақтар үшін бірыңғай салық жүйесін енгізу талап етілді



Бесіншіден, Ресейдің еуропалык бөлігіндегі жері жоқ шаруаларды Қазақ-стан аумағына ұйымдастырылған түрде көшіру көзделді




Өлкенің өзіндік ерекшеліктерін зерттеу үшін және оны баскару туралы ереженің жобасын әзірлеу мақсатымен:


  • 1865 жылы елдің Ішкі істер министрі Гирстің басшылы-ғымен «Дала комиссиясы» құрылды.

  • Оның құрамына ресейлік ше-неуніктер мен офицерлер кірді. Жаңа ережені жасауға казақ ақсүй-ектері мүлде жолатылмады.

  • 1867 жылы II Александр: «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге» қол қой-ды.

  • 1868 жылы «Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын бас-қару туралы уақытша Ереженің» жобасын да бекітіп берді.

  • Басқарудың жаңа ережесін 1869 жылғы 1 мамырдан бастап енгізу козделді.

1867—1868 жылдардағы реформалар бүкіл Қазақстанды тұңғыш рет түгел қамтыды. Онда үш генерал-губернаторлық әкімшілік кү-рылды. Әрбір генерал-губернаторлық облыстарға болінді:

    1. Орынбор генерал-губернаторлығы — Орал және Торғай облыстарын,

    2. Батыс Сібір генерал-губернаторлығы — Ақмола және Семей облыста­рын,

    3. Түркістан генерал-губернаторлығы Жетісу және Сырдария облыстарын қамтыды.

    4. Семей ішкі округы Семей облысының Павлодар және Семей уездерінің кұрамына,

    5. Ішкі Орда (бүрынғы Бокей хандығы) Астрахан губерниясының құрамына қосылды.

Генерал-губернаторлық
Облыс (әскери шубернатор)




Уездерден (уезд бастығы)
Болыстардан (болыс- 3 жыл)
Ауылдардан (ауыл старшындары 3- жыл)


Генерал-губернаторлық



Облыс



Уездер



Түркістан

Жетісу

Сергиополь,Қапал,Верный,

Жаркент,Ыстықкөл,Тоқмақ




Сырдария

Қазалы,Перовский,Түркістан,

Шымкент,Әулиеата,Ходжент,

Жызақ




Орынбор

Орал

Орал,Гурьев,Калмыково,Жем


Торғай

Елек(Ақтөбе),Николаев(Қостанай),

Ырғыз,Торғай




Батыс Сібір

Ақмола

Ақмола,Көкшетау,Петропавл,

Омбы,Атбасар



Семей

Павлодар,Семей,Қарқаралы,

Өскемен


3. Тапсырмаларды орындау:

1) Есімдерді жазу;

2) Жауаптарыңды негіздеңдер;

3) Картамен жұмыс;

4) Қажетті датаны қойыңдар;

4. Саяси факторларды (мәтінмен жұмыс жасау) негізгі ойды тұжырымдау.


V.Бекіту.



5. Тестпен жұмыс

VІ.Қорытынды.



VІІ.Үй жұмысы

Мазмұндау Гипермәтінді

VІІІ.Бағалау.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет