«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б. Байбек жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді



Дата01.07.2016
өлшемі50.97 Kb.
#171198
Петропавл қ. 2014 ж. 19 тамызы

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары барысында Б.Байбек Петропавл ауыр машина жасау зауытында жас жұмысшылармен кездесті. Сонымен қатар, аймақтағы ҮЕҰ өкілдерімен кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарлама жобасын талқылады. Бұдан соң партияның облыстық филиалының кезектен тыс ХХ конференциясына қатысты.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары барған бірінші пункт – өнеркәсіп секторына қондырғылар жасайтын Петропавл ауыр машина жасау зауыты болды. Зауыттың жұмыс істеп тұрғанына 50 жылдан асқан. Бүгінгі күні кәсіпорын Қазақстанның және алыс-жақын шетелдердің технологиялық нарығындағы алдыңғы қатарлы өндіріс орны саналады. Кәсіпорында 1000-нан астам адам еңбек етуде, олардың төрттен бірі - жастар.

Кәсіпорынның жұмысымен танысқан соң, Б.Байбек зауыттың жас жұмысшыларымен – инженерлермен, конструкторлармен, машина жасау мамандарымен т.б. кездесті.

Партия қызметі тиімділігінің көрсеткіші жастарды жаңа Қазақстанның дамуына белсене үлес қосуға жұмылдыру болып табылмақ. Осы орайда, Б.Байбек аталған кездесуде: «Нұр Отан» партиясы Доктринасының негізгі құндылықтарының бірі – қуатты экономика. Партиямыздың Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастардың техникалық мамандықты игеруіне баса назар аударуда. Бұл әсіресе елімізде индустрияландырудың жаңа кезеңі басталған уақытта барынша маңызды. Сіздер сол жастардың жаңа білімді меңгеріп, ғылыми-техникалық даму көшінен табылатын шоғырысыздар. Жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы жастар бос отырмай, еңбекке ұмтылуы керектігін айтты. Жұмыс орындары ашылуда, ендеше Сіздер еңбек етіп, өз болашақтарыңызды өз қолдарыңызбен қалыптастыруларыңыз керек», - деді.

«Жас Отан» жастар қанатының қызметі туралы анықтама:

СҚО «Жас Отан» жастар қанаты құрамында 10 мыңнан астам адам бар. Жасотандықтар тұрақты түрде ардагерлерге жәрдемдесіп тұрады және қарттар үйіне де барып, қолғанат болады.

Облыста партиялық «Жастар – Отанға!», «Сәтті қадам», «Жастар кадрлық резерві», «STOP қылмыс» және басқа да жобалар белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Мысал үшін, 2009 жылдан бері «Жастар кадрлық резерві» ауқымды жобасы жүзеге асырылуда. Жоба қолға алынғаннан бері Солтүстік Қазақстан облысынан 450-ден астам адам тіркелген. Биылғы жылдың басынан бері СҚО-дан 66 адам өтінім берсе, олардың 10-ын комиссия жобаға әрі қарай қатысуға ұсынған.

«Жастар – Отанға!» жобасы аясында 2014 жылдың 1 ақпанынан бері «Кеңес орталығы» кеңес беру орталығы жұмысын бастады. Орталықта 300 жас баспана, жұмыспен қамту, бизнес құру, басқа да мемлекеттік бағдарламаларға қатысу бойынша кеңес алған. Сонымен қатар, аталған жоба шеңберінде 50 белсенді жастан құралған «Еріктілер мектебі» қызмет ете бастады. Олардың жұмысы халықаралық EXPO-2017 көрмесіне еріктілер даярлау бойынша білім беру модулін қалыптастыру болып табылады.

«Сәтті қадам» жобасы аясында жастар жергілікті атқарушы органдарда, акционерлік қоғамдарда, шағын және орта бизнес құрылымдарында, сонымен қатар кәсіпорындарда тағылымдамадан өтуде. Өткен жылы аймақтың ұйымдары мен мекемелерімен 9 меморандумға қол қойылды. Жобаға 30 адам қатысып, олардың 16-сы тағылымдамадан өтуде. Тағылымдама қорытындысы бойынша 3 адам жұмысқа орналасты.

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасын жүзеге асыру барысында «Жас Отан» ЖҚ еріктілері мен белсенділері 311 ҰОС ардагерінің қал-жағдайын бақылады. 53 Кеңес Одағы Батырының, 11 «Даңқ» орденінің толық иегерінің мәліметтері нақтыланды.

«Мықты бизнес – Қуатты мемлекет» жобасы бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің және «Даму» қорының қатысуымен кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге (1125 адам) 21 оқыту семинары, 400 адамды қамтыған «Өз бизнесіңді баста!» республикалық акциясы өтті.

«STOP-қылмыс» бойынша республикалық «Таза сессия» (500-ден астам студентке сауалнама жүргізілді), «Қауіпсіз аула» (Үй маңындағы аумақтардың қоғамдық қауіпсіздігін тексеру), «Жолдағы қабылдау», «Әділет органдары кеңес береді», сонымен қатар темекіге қарсы акция, т.б. акциялар өткізілді.

«Біздің ауыл» («Наше село») жобасы шеңберінде 409 акция мен сенбіліктер өткізілді, 421 қоқыс төгу орны тазаланды, 63,9 мыңнан астам ағаш және бұта отырғызылды, 150 әлеуметтік нысан жөнделді, 112 балабақша және ауладағы спорттық алаңдар және т.б. жөнделді.

Жұмыс сапары барысында Б.Байбектің аймақтық Үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) жетекшілерімен болған кездесуінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасы талқыланды. Бағдарламаны алдағы уақытта партияның Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысында қабылдау жоспарлануда. Кездесуге қатысушылар жиында жобаға қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Бұған дейін мәлімделгендей, бағдарлама жобасына қатысты аймақтардағы партия мүшелерінен, сарапшылар қауымдастығы мен интернет қолданушылардан 700-ден астам ұсыныс пен толықтырулар келіп түсті.

Басқосу барысында партия Төрағасының бірінші орынбасары Бағдарлама жобасының негізгі бағыттарының бірі қоғамдық бақылау болатынына, бұл мәселеде азаматтық қоғам институттарының рөлі шешуші рөл атқаратынына тоқталды.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары бұдан кейін «Нұр Отан» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХ конференциясына қатысты. Облыстық филиалдың жұмысы жөнінде партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов баяндады. Облыста 15 аумақтық филиал мен 372 бастауыш партия ұйымы «Нұр Отанның» 40 мыңнан астам мүшесінің басын қосып отыр.

Конференция барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасының жобасына ұсыныстарын жолдады. Мәселен, солтүстікқазақстандықтар әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзыушылық жөнінде хабарлай алатын және дәл уақытында жемқорлықпен күрес заңнамасы мәселесі бойынша интернет-кеңес ала алатын бірыңғай интернет-портал құруды ұсынды. Бұған қоса партиялық «Айқын тариф» жобасы аясында монополист – компаниялардың (энергетиктер, жылумен, сумен қамтамасыз етушілер және осы сияқты құрылымдар) халыққа қызметті неғұрлым толық және ашық түрде көрсетуін қамтамасыз ету үшін жұмысты ХҚКО-лар немесе «Бір терезе» үлгісімен ұйымдастыру ұсынылды.
Конференцияда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы болып Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов сайланды.

Партияның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының қызметі жөнінде анықтама:

Биылғы жылы қоғамдық қабылдау бөлмелерінде азаматтарды 560 қабылдау болған. Бұл 2013 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4 есеге артық. Өтініштердің 75 пайыздан астамы оң шешімін тапса, қалғандары бақылауда. Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жасалған талдау аймақта негізгі пробламалық мәселелер баспанамен қамту, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы төлеу, жұмыспен қамту, комуналдық қызметтер көрсетуге қатысты екенін көрсетеді.

Партиялық «Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде СҚО-да мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жасалды; бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және жеке кездесулер мен қабылдаулардың арқасында мүмкіндігі шектеулі 500-дей азамат жұмысқа тұрғызылды.



www.nurotan.kz; www.twitter.com/Nur_Otan; www.facebook.com/nurotan.kz;

http://instagram.com/nur_otan; http://www.flickr.com/people/99240259@N06/;



e-mail: press@nurotan.kz тел: +7 7172 55-55-63, +7 7172 55-55-96




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет