Күні:
Тобы:
Пәні: Этнопедагогика
Тақырып: Этнопедагогиканың пәні, оның негізгі ұғымдары, мақсаты.
Мақсаты: Этнопедагогика ұғымына анықтама беру, түсіндіру. Халықтық педагогиканың мазмұнын және негізгі қызметтерін айқындау.
Негізгі ұғымдар : Этнопедагогика, халықтық педагогика, этникалық қауым, этнос, тәрбиелік мәдени мұра.
Этно грек сөзі,тайпалар мен халықтарды зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы. Педагогиканың ұлттық бөлімі «Этнопедагогика» ұғымын ғылымға тұңғыш рет енгізген чубаш ғалымы Г. Н. Волков (1974).
Этнопедагогика – белгілі бір халықтың , тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік мәдени мұрасы, халықтық ғылым болып табылады.
Этнопедагогика – халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.
Этнопедагогика пәні қоғам сұранысына қарай нақтыланып, өзгеріп отырады. Этнопедагогика жеке тұлға дамитын, әлеуметтік нормаларды меңгеретін ортадан баланы тәрбиелеу және оқыту жайындағы діни ілімдерде, ертегілерде, аңыздарда, ырым-тыйымдарда, өлеңдерде, жұмбақтарда, мақал-мәтелдерде, ойындарда, ойыншықтарда және басқа халық мұраларында сақталған білімдерді жинақтап жүйелейді. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін отбасылық өмірді, дәстүрлерді, филасофиялық-этникалық, педагогикалық ой-пікірлерді зерттейді.
Педагогиканың дамуын халықтың педагогикалық дәстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық туғызып қана қоймайды, сондай-ақ тарихи -педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының, ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін оларды келешекте зертеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы.
Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи педагогикалық даму заңдылықтарына ие. Осыған орай оларды жалпы және даралық тәртіптегі элементтер құрайтынын; жалпы заңдылық этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс,өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы,оның қайта құрылуына тәуелділігімен анықталса; даралық заңдылық этнопедагогиканың ұлттық «адамшылық табиғаттың» адамгершілік тұрғыдан қорғалуын, генефондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету басты міндет болып табылады.
Этнопедагогиканың халыққа білім беру саласында қолданылу жағдайларымен байланысты мәселелер проблеманың өзіне және оның шешілу жолдарына толық түсіндірме беру арқылы баяндалғаны тиімді.
Дәл сондықтан да этнопедагогиканы алдымен оқу тәрбие процесіне кеңінен енгізудің негізгі жолы өткен кезеңдерде қисынсыз алынып тасталған халықтық және табиғатпен үйлесімділік педагогикалық принциптерін жаңарту екендігі арнайы атап көрсетіледі. Халықтың педагогикалық даналығы халықтық тәрбие құралдарын толық пайдаланған жағдайда дәл осылар педагогика ғылымын байытуға; халыққа білім беруді жаңартуды жүзеге асыруға; отбасы, балабақша, кәсіби оқу орындары тәрбие проблемаларын шешудегі одағын нығайтуға елеулі үлес қосатын бастау болып табылатындығын ескеру керек.
Этнопедагогикадағы бала денсаулығы мен денесінің жетілуі жөніндегі қамқорлық, ақыл ой, мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез құлықты реттеу , өзін өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтитын аса бай фактілермен танысу болашақ мамандарды оқылатын материалға қызығушылығын арттырады.
Құрылымында этнопедагогика элементтері бар немесе өзге өлшем мен көрініс беретін сабақтар жобаларын кластан тыс жұмыс түрлерін дайындап, өткізу; этнопедагогикалық тақырыптарды үйірмелер жұмыстарының бағдарламаларына енгізу, этнопедагогикалық факультативтар ұйымдастыру, халық педагогтары шығармалары бойынша класс сабақтары циклін ұйымдастыру, тарихи этнопедагогикалық тақырыптамалар бойынша жоғарғы кластар үшін кештер дайындау, арнайы этнопедагогткалық газеттер, хабарламалар ұйымдастыру және өткізу әдістемелері жайлы бірізділікпен баяндаудың студентті этнопедагогика материалдарымен жұмыс істеуге баулудың мәні ерекше.
Тарихи педагогикалық әдебиеттерде соңғы уақытта «Халық педагогикасы» деген ұғымды зерттеушілер бір біріне қарама қайшы төрт тұрғыдан қарастырып жүр.
Олардың біріншілері: халықтың санасына тән рухани құбылыс деп қараса; екіншілері: әр халықтың педагогикалық тәжірибесі; ал үшіншілері. Халықтық педагогикалық ойлар мен іс әрекеттерәнәі бірлігі, төртіншілері: халық тәрбиесі туралы өғылым деп қарайды.
Халық педагогикасының теориялық негіздерін зерттеуші ғалым Е.Л. Христова халық педагогикасын «халықтың таптық педагогикалық санасы» деп қарастырады.
Зерттеуші педагог Г.С. Виноградов халық педагогикасын халықтың педагогикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, оны «білім мен дағдылар жиынтығы» деген пікірді құптаған.
Халық педагогикасымен ұзақ жылдар бойы айналысып, келелі үлес қосқан көрнекті ғалым Г.Н. Волков педагогикалық әдебиеттерге тұңңғыш рет «этнопедагогика» деген ұғымды енгңзген. « Этнопедагогика халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым.» дейді Г.Н. Волков.
Халықтық тәрбиенің түрлі аспектілері сөз болған бірқатар зерттеулерде (Битиева Н.Б, Қыдырәлиева К.Н, Насруллаева Н.Н, Байман Ф.Е, т.б.) халықтық педагогикалық білімдерінің жиынтығы ішінде, әсіресе патриоттық тенденциялардың, отбасы тәрбиесі және адамгершілік жайлы қағидалардың, эстетикалық, еңбек және ақыл ой мәселелеріне қатысты түсініктердің орнын бөліп атайды.
Халықтық педагогикалық білімдері комплексті және синтетикалық сипатта деп бағалауға әбден болады. Себебі аса ауқымды педагогикалық мәліметті қабылдап, оны жадында сақтау және келер ұрпаққа дәлме дәл жеткізе алу үшін ойды жинақтап айтудың тиімді жолдары мен түрлері қарастырылған.
Халқымыз ғасырлар бойы өз ұрпағын адамгершілікке, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді. Осы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі халықтық педагогика болды деуге болады.
Халықтық педагогика салт дәстүр, жол жора, қонақ күту рәсімдері, ел жұрт, ру тайпа, қала берді бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім тәрбиенің түрі, адам мінезі, іс әрекетін қалыптастырудың белгілі нормасы болып табылады.
Этнопедагогиканың зерттеу әдістері жиі сөз болған жекелеген авторлар еңбектерінде әдет ңұрыптар мен дәстүрлер халықтық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жөніндегі этнографиялық материалдардың халықтық тәлім тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі.
Этнопедагогика кең теориялық қорытындылауды талап ететін проблемалармен қатар, фактілік материалдар жинақтау, тереңдеп зерттеу мен талдауды қажет ететінг жекелеген мәселелер де аз емес.Оның алдында шешілуі ең қиын алдымен педагогика мен этнографияға мәнді жәрдемін тигізетін өзекті міндеттер тұр.
Диалектикалық ілімге сүйене отыра этнопедагогика ұдайы мұрагер болу жаңару және жаңаны тудыру процесінде өмір сүретін қозіалысты жүйе деп әбден қарастыруға болады.Мұнымен байланысты этнопедагогикада жаңа құбылыстардың пайда болуы және алға басуы; XX ғасырдың басына дейінгі және одан кейінгі кезеңдерді этностық педагогиканың даму тенденцияларын ашып көрсетуге елеулі орын берілуі қажет.
Этнопедагогика білімдерін қолдану рухсыздыққа, ұлттық жоққа шығаруға, тарихи ессіздікке нақты тосқауыл қояды ғ балалар мен жасөспірімдерге халықтық құндылықтар мен дәстүрлер, ұлттық мәдениет мұрагерлері ретіндегі адамзаттық борышын жете түсінуге , оларды өзінің ата аналары, өткен ұрпақ , бүтін халық ісін жалғастыруға үйретуге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |