Кодексi Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi n 481 Кодексi "Егемен Қазақстан"


аймақтары мен белдеулерiнде жұмыстар жүргiзу



бет9/9
Дата01.07.2016
өлшемі0.63 Mb.
#170604
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9

                аймақтары мен белдеулерiнде жұмыстар жүргiзу

      1. Су объектiлерiндегi немесе су қорғау аймақтарындағы су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн құрылыс, түбiн тереңдету және жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды және басқа да ресурстарды өндiру, кабельдердi, құбырлар мен басқа да коммуникацияларды төсеу, орман ағаштарын кесу, бұрғылау және өзге де жұмыстар уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен, кеме қатынасына жатқызылған су объектiлерiнде - қосымша су көлiгi органдарымен де келiсiм бойынша жүргiзiледi.


      2. Су объектiлерiнде және олардың су қорғау аймақтарында жұмыстар жүргiзу тәртiбi су объектiлерiнiң жай-күйiн, қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтау талаптарын ескере отырып, уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және өзге де мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша әрбiр су объектiсi бойынша жеке-дара айқындалады.
      Ескерту. 126-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

8-Бөлiм. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су
объектiлерiндегi шаруашылық қызметтi
құқықтық реттеу ерекшелiктерi

27-тарау. Ерекше мемлекеттiк маңызы
бар су объектiлерi

      127-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су


                объектiлерiндегi шаруашылық қызметтiң
                құқықтық режимi

      Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiндегi шаруашылық қызметтi реттеудiң құқықтық режимiне мыналар кiредi:


      1) экономика мүдделерiнiң экологиялық, мәдени және тарихи құрамдас бөлiктермен балансын сақтау негiзiнде аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету;
      2) табиғи су кешенiнiң су объектiлерiндегi судың деңгейiн белгiленген шектi белгiден төмен болмайтындай деңгейде сақтау;
      3) өндiрiстердiң жұмыс iстеуiнiң технологиялық схемалары мен ұйымдастыру-экономикалық нысандарын тұрақты жетiлдiру негiзiнде су ресурстарын тиiмдi пайдалану;
      4) су бассейнi мен су объектiсiнiң жай-күйiн жақсарту;
      5) аймақтың экономикалық, ресурстық әлеуетiн және оның санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық салауаттылығын сақтауда жұртшылықтың рөлiн арттыру;
      6) балық ресурстарын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн сақтау және ұдайы молайту;
      7) рекреациялық кешендi дамыту;
      8) заңдылықты және экологиялық құқық тәртiбiн нығайту.

      128-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су


                объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi

      Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiн қорғаудың ерекшелiктерi мыналар болып табылады:


      1) аймаққа бөлу және жеке аймақтар бойынша су және экологиялық нормативтер белгiлеу;
      2) су объектiлерiне және олардың экологиялық жүйесiне антропогендiк жүктеме нормалау;
      3) аймақтың су объектiлерiн пайдалану ережелерiн белгiлеу кезiнде олардың ерекшелiктерiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының есепке алуы;
      4) өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату кезiнде кешендiлiктi қамтамасыз ету;
      5) су объектiсi бассейнiнiң аумағын су және жел эрозияларынан, шөлейттенуден, батпақтанудан, қайталама сортаңданудан, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен және басқа да заттармен ластанудан қорғау;
      6) бұзылған cy объектiлерiн және cy қорының жерлерiн қайта өңдеу;
      7) су объектiлерiнiң арналары бойынша табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су берудiң шаруашылық су беру алдындағы басымдығы.
      Ескерту. 128-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

      129-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су


                объектiлерi аймағындағы шаруашылық
                қызметке қойылатын талаптар

      Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi аймағын қорғау мақсатында оларда шаруашылық қызметтiң ерекше режимi белгiленедi, ол:


      1) санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық жағдайды сақтау мен жақсартуға бағытталған қызмет түрлерiнiң басымдығын;
      2) су объектiлерiнiң экологиялық жүйесiне шаруашылық қызметтiң әсерiн ұдайы азайтуды;
      3) тұрақты даму принциптерiнде әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешудiң және ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiн қорғаудың баланстылығын көздейдi.

      130-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi


                аумағында тыйым салынған қызмет түрлерi

      Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiнiң аумағында:


      1) бассейннiң табиғи экологиялық жүйелерiнiң бұзылуын, қоршаған ортаның халықтың өмiрi мен денсаулығына қауiптi өзгерiсiн туғызатын шаруашылық және өзге де қызметке;
      2) радиоактивтi қалдықтарды және зарарсыздандыруға немесе кәдеге жаратуға келмейтiн өнiмдi ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi аймақтарына әкелуге, сондай-ақ онда сақтауға немесе көмуге;
      3) қамыс шабуға және құрғақ өсiмдiктердi өртеуге, орман ағаштарын тамырымен жұлуға, балық уылдырық шашатын өзендердiң арналарын өңдеуге;
      4) мiндеттi мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасыз аумақта шаруашылық қызметтi және жұмыстар мен қызмет көрсетулердi жүргiзуге тыйым салынады.

      131-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi


                аймағындағы шаруашылық қызметтi реттеуге
                мемлекеттiң қатысуы

      1. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiнiң экологиялық жүйесiн сақтау және қалпына келтiру мақсатында орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары су объектiлерiн кешендi пайдаланудың және қорғаудың бассейндiк схемаларын жасау кезiнде аймақтың ерекшелiктерiн ескередi.


      2. Мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн республикалық деңгейде үйлестiру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi Ұлттық үйлестiру кеңесiн құруы мүмкiн.
      Ескерту. 131-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20. N 13 (01.01.2005 бастап күшiне енедi), 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

9-Бөлiм. Су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды реттеудiң экономикалық тетiгi

       Ескерту. 9-бөлiмнiң тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.



28-тарау. Су пайдалануды реттеудiң
экономикалық әдiстерi

      132-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау


               және су бұру саласындағы экономикалық реттеудiң
               түрлерi

       Ескерту. 132-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      Экономикалық реттеудiң негiзгi түрлерi:
      1) су пайдаланушылардан Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген төлемдер мен алымдарды алу;
      2) су объектiлерiн ұтымды пайдалану және қорғау, елдi мекендердi сумен жабдықтау және су бұру мәселелерiн көздейтiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарын әзiрлеу;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың ресурстар сақтау, қалдығы аз технологияларды және энергияның дәстүрден тыс түрлерiн енгiзуi және игеруi, су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану, сумен жабдықтау және су бұру жөнiндегi басқа да тиiмдi шараларды жүзеге асыруы кезiнде оларға кредиттiк және өзге де жеңiлдiктер беру;
      4) қоғамдық қорлар құру және оларды су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау үшiн пайдалану болып табылады.
       Ескерту. 132-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      133-бап. Су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы төлеу

      1. Қазақстан Республикасында ортақ су пайдалану тегiн жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалану Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады.

      134-бап. Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су


               бұру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу

      1. Су пайдаланушыларға су беруге, сумен жабдықтауға, су бұруға,  жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын және басқа да су шаруашылығы iс-шараларын орындауға байланысты көрсетiлетiн қызметтер ақылы негiзде жүзеге асырылады.


      2. Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су бұру бойынша көрсетiлген қызметтер үшiн тарифтер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасына сәйкес бекiтiледi.
      3. Су беру жөнiндегi қызметтер үшiн ақы төлеу тәртiбi мен талаптары тараптардың шарттарымен айқындалады.
      Ескерту. 134-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi),   2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз)  Заңдарымен.

      135-бап. Су шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың


                түрлерi және су қорын ұтымды пайдалану
                мен қорғау жөнiндегi инвестициялық
                саясаттың принциптерi

      1. Су шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың негiзгi түрлерi:


      1) су шаруашылығы жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерiн ұстау;
      2) су беруге байланысты емес трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөнiндегi шығындарды қаржыландыру;
      3) ерекше авариялық қаупi бар су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды  қаржыландыру;
      4) су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердiң жаңаларын салуға және қазiр барларын қайта құруға қаржы ресурстарын, оның iшiнде қарыз қаражаттарын тарту;
      5) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су шаруашылығы субъектiлерiне жеңiлдiктi және ұзақ мерзiмдi кредиттер мен басқа да артықшылықтар беру;
      7) мемлекеттiк меншiктегi су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру болып табылады.
      8) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      2. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау, суармалы жерлердi гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының қауiпсiздiгi жөнiндегi инвестициялық саясаттың негiзгi қағидаттары:
      1) қайтарымды негiзде орталықтандырылған инвестициялардың есебiнен су саласын дамытуды мемлекеттiк қолдау;
      2) инвестициялық су шаруашылығы қызметiнде пайдалану үшiн ұйымдардың өз көздерiнiң рөлiн арттыруды ынталандыру;
      3) қарыздарды, оның iшiнде мемлекет кепiлдiктерiн тарту практикасын кеңейту;
      4) инвестицияларға бағытталған бюджет қаражатын жұмсауды мемлекеттiк бақылау болып табылады.
      3. Су шаруашылығын мемлекеттiк қолдау және су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi, сондай-ақ пайдаланылмайтын және қайта қалпына келтiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiктегi су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарын жою жөнiндегi инвестициялық саясат Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 135-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      136-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау


                саласындағы сақтандыру

      1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы сақтандыру су қатынастарының объектiлерiне, басқа адамдардың өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне зиян келтiру салдарынан шарттан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелi болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауға байланысты қатынастар кешенi болып табылады.


      2. Ерiктi сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өз еркi бойынша жүзеге асырады. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы ерiктi сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртiбi сақтандырушы мен сақтанушылар арасындағы келiсiмдермен айқындалады.

10-Бөлiм. Су даулары және Қазақстан Республикасының
Су заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

29-тарау. Су дауларын шешу

      137-бап. Су даулары

      1. Су объектiлерiн, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану мен қорғау және суды бөлу мәселелерi бойынша су қатынастары субъектiлерiнiң арасында туындайтын даулар су даулары болып табылады.
      2. Су қатынастары субъектiлерiнiң арасындағы су даулары тараптардың келiссөздерi, оларды су пайдаланушылар бiрлестiктерi құрған органдарда, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарында және уәкiлеттi органда немесе соттарда қарау арқылы шешiледi.
      Ескерту. 137-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

      138-бап. Өз бетiнше басып алынған су объектiлерi мен су


                шаруашылығы құрылыстарын қайтару

      Өз бетiнше басып алынған су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары заңсыз пайдаланылған уақыт iшiнде Қазақстан Республикасының су заңдарының бұзылуынан келтiрiлген зиян өтелiп, иесiне қайтарылады. Өз бетiнше басып алынған су объектiлерiн қайтару Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.



30-тарау. Қазақстан Республикасының
су заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

      139-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы


                заң бұзушылықтар

       Ескерту. 139-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының  2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      140-бап. Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзғаны
               үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.


       Ескерту. 140-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

11-Бөлiм. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

31-тарау. Трансшекаралық суларды пайдалану
және қорғау

      141-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау


                саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың
                негiзгi бағыттары

      Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары:


      1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар жасасу негiзiнде трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы мүдделерiн қорғау;
      2) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау;
      3) шекаралас елдердiң трансшекаралық сулар бойынша мемлекетаралық қатынастары бөлiгiнде су заңдарын үйлестiру мен жақындастыруға қатысу;
      4) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық, нормаларды, стандарттарды, жобаларды және мониторингтi бiрлесiп әзiрлеу және iске асыру болып табылады.
      Ескерту. 141-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      142-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау


                саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың
                принциптерi

      Қазақстан Республикасы трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы өз саясатында мынадай принциптердi басшылыққа алады:


      1) экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және халықаралық табиғат қорғау ынтымақтастығын дамыту;
      2) халықаралық су құқығының жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларын ескере отырып, трансшекаралық ағын судың барлық елдерiнiң су ресурстарын әдiл, ақылға қонымды және өзара тиiмдi пайдалану құқығын қамтамасыз ету;
      3) болашақ ұрпақтардың қажеттiлiктерiне зиян келтiрмей қазiргi ұрпақтың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруды ескере отырып, су ресурстарын басқару;
      4) адамның экологиялық құқықтарының, мүдделерiнiң және трансшекаралық өзендер бассейндерiнiң су шаруашылығы жүйелерiнiң экономикалық даму балансын сақтау;
      5) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау проблемаларын шешу кезiнде өзара көмек көрсету және даулы мәселелердi бейбiт түрде реттеу;
      6) трансшекаралық сулардың жай-күйiне ықтимал трансшекаралық әсер етудiң алдын алу жөнiндегi сақтық шараларын қамтамасыз ету;
      7) халықаралық жауапкершiлiк және трансшекаралық әсер етуден туындаған залалды өтеу.

      143-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау


                саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың
                тетiгi

      Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тетiгi:


      1) трансшекаралық әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн қызметтi жүзеге acыру кезiнде трансшекаралық суларды олардың трансшекаралық сипатын ескере отырып, ақылға қонымды және әдiл түрде пайдалануды қамтамасыз етудi;
      2) трансшекаралық суларды экологиялық жағынан негiзделген түрде және ұтымды басқару, қоршаған ортаны сақтау және қорғау негiзiнде пайдалануды;
      3) ластауды қоршаған ортаның басқа құрамдас бөлiктерiне ауысуға әкелмеуге тиiс болатын трансшекаралық суларды ластауды тыю, оны болғызбау, шектеу және қысқарту жөнiндегi шараларды;
      4) трансшекаралық әсер етуден бұзылған экологиялық жүйелердi сақтауды және, қажет болған жағдайда, қалпына келтiрудi;
      5) ағынды суларды ағызудың шектi нормаларын белгiлеудi, су пайдаланудың қазiргi заманғы техникалық жетiстiктерiне және экономикалық ықтимал жағдайларына сәйкес келетiн су сақтаудың қатаң нормаларына бағдарлауды;
      6) трансшекаралық сулар мен су объектiлерiнiң мониторингi бағдарламаларын әзiрлеу мен келiсудi және оларды iске асыруға қатысуды;
      7) трансшекаралық суларды басқаруға, реттеуге және қорғауға қаржылық және техникалық жағынан бiрлесiп қатысуды;
      8) трансшекаралық өзендердiң бассейндерiндегi су шаруашылығы ахуалы туралы ақпарат алмасуды, төтенше су жағдайлары кезiнде шұғыл хабардар етудi және өзара көмек көрсетудi;
      9) нормативтiк-құқықтық базаны бiрегейлендiру, трансшекаралық суларды және оларға байланысты экологиялық жүйелердi қорғау мен қалпына келтiрудiң бiрлескен бағдарламалары мониторингiнiң, оларды әзiрлеудiң және iске асырудың бiрыңғай жүйелерiн құру саласында шекаралас елдермен ынтымақтастықты, осы мақсаттар үшiн халықаралық ұйымдардың қаражатын тартуды;
      10) трансшекаралық сулар мен су шаруашылығы құрылыстарын бiрлесiп пайдалану жөнiнде iс-шаралар әзiрлеудi, келiсудi және жүзеге асыруды;
      11) Қазақстан Республикасы бекiткен трансшекаралық суларды пайдалану және қopғaу саласындағы мемлекетаралық және үкiметаралық келiсiмдердi бiрлесiп iске асыру үшiн қажет болған жағдайда трансшекаралық суларды басқару жөнiндегi мемлекетаралық орган құруды;
      12) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау жөнiнде аймақтық және ұлттық деректер базасын құруды;
      13) су проблемаларын шешу жөнiнде бiрлескен ғылыми-техникалық зерттеулер жүргiзудi;
      14) трансшекаралық суларды ұтымды пайдалануға және қорғауға байланысты өзге де қызметтi көздейдi.

      144-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау


                саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың
                экономикалық негiзi

      Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негiзi:


      1) осы су объектiсiнде және оған iргелес аумақта биологиялық тепе-теңдiктi ұстап тұру, ұдайы молайту және сақтау мақсатында трансшекаралық суларды тиiмдi және ұтымды пайдалануды;
      2) трансшекаралық әсер ету нәтижесiнде кiнәлi тарап келтiрген залал үшiн өтемдiк жауапкершiлiктi;
      3) пайдаланылатын су ресурстарына үлес қосып қатысу принципiнде басқа мемлекеттер пайдаланатын трансшекаралық суларды басқару, реттеу және қорғау жөнiндегi су шаруашылығы объектiлерiн бiржақты пайдалануды жүзеге асыратын мемлекетке шығындарын өтеудi;
      4) мемлекеттердiң бiрiнiң тиiстi бекiтiлген халықаралық шарттардың негiзiнде белгiленген өзiнiң трансшекаралық сулар үлесiн (үлесiнiң бөлiгiн) өтемдiк негiзде екiншi мемлекетке беруiн көздейдi.

      145-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау


                мәселелерi жөнiндегi дауларды реттеу

      1. Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасындағы трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау мәселелерi бойынша даулар iзгi ниет, өзара сыйластық және тату көршiлестiк қатынастар негiзiнде келiссөздер жүргiзу арқылы немесе дауға қатысушы тараптар үшiн қолайлы басқа әдiспен шешiледi.


      2. Келiссөздерде өзара қолайлы шешiмдерге қол жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайда, егер трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау жөнiндегi Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, су дауларын шешудiң төрелiк процесi орынды деп танылады.      

32-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер

       Ескерту. 32-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР-ның 2009.07.10. N 180-IV Заңымен.

       145-1-бап. Өтпелi ережелер

      Осы Кодекстiң 125-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының ережелерi су қорғау белдеулерi шекараларының шегiнде 2009 жылғы 1 шiлдеге дейiн тұрғызылған ғимараттар мен құрылыстардың пайдаланылуына қолданылмайды. Бұл ретте оларды пайдалануға ұйымдастырылған, орталықтандырылған кәрiз, ластанған ағынды суларды бұрып жiберудiң және тазалаудың өзге жүйесi немесе iшiндегi заттарды әкетудi қамтамасыз ететiн су өтпейтiн науалар болған кезде ғана жол берiледi.


       Ескерту. 145-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.10. N 180-IV Заңымен.

      146-бап. Осы Кодекстi қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Кодекс ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1993 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Су кодексi (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 7, 149-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 22, 408-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2001 ж., N 3, 20-құжат; N 24, 338-құжат);
      "Қазақстан Республикасының Су кодексiн күшiне енгiзу туралы" 1993 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 7, 150-құжaт).

      Қазақстан Республикасының


      Президентi

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет