гидротехникалық құрылыстарды пайдалану
1. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен iске қосу олардың мақсатына, осы құрылыстарды жобалау кезiнде әзiрленген шарттар мен нормаларға сәйкес жүргiзiледi.
2. Су пайдаланушылардың тежеуiш гидротехникалық құрылыстардың көмегiмен жер үстiндегi ағын суды реттеуi кеме қатынасы және осы өзен бассейнiнiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау ескерiле отырып, уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және өзге де мүдделi органдармен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 111-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.
7-Бөлiм. Су объектiлерiн қорғау және судың
зиянды әсерiне қарсы күресу
23-тарау. Су қорғау қызметi
112-бап. Су объектiлерiн қорғау
1. Су объектiлерi:
1) зиянды қауiптi химиялық және уытты заттармен және олардың қоспаларымен табиғи және техногендiк ластанудан, жылу, бактериялық, радиациялық және басқа ластанудан;
2) қатты, ерiмейтiн заттармен, өндiрiстiк, тұрмыстық және өзге де тектегi қалдықтармен қоқыстанудан;
3) сарқылудан қорғалуға тиiс.
2. Су объектiлерi:
1) табиғи жүйелердiң экологиялық тұрақтылығының бұзылуын;
2) халықтың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуiн;
3) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының азаюын;
4) сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауын;
5) су объектiлерiнiң табиғи молаю және тазару қабiлетiнiң төмендеуiн;
6) су объектiлерi гидрологиялық және гидрогеологиялық режимiнiң нашарлауын;
7) су объектiлерiнiң физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерiне терiс әсер ететiн басқа да қолайсыз құбылыстарды болғызбау мақсатымен қорғалуға тиiс.
3. Су объектiлерiн қорғау:
1) су объектiлерiн пайдаланудың кез келген түрiн жүзеге асыратын барлық су пайдаланушыларға осы объектiлердi қорғау жөнiнде ортақ талаптар қою;
2) шаруашылық қызметiнiң жекелеген түрлерiне арнайы талаптар қою;
3) жаңа техника мен экологиялық, эпидемиологиялық жағынан қауiпсiз технологиялар енгiзе отырып, су қорғау iс-шараларын жетiлдiру және қолдану;
4) су қорғау аймақтарын, су объектiлерiнiң қорғау белдеулерiн, ауыз сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтарын белгiлеу;
5) су объектiлерiн пайдалану мен қорғауды бақылаудың мемлекеттiк және басқа да нысандарын жүргiзу;
6) су объектiлерiн қорғау жөнiндегi талаптардың орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
4. Орталық органдар және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес су объектiлерiн сақтау, олардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ аталған құбылыстардың зардаптарын жою жөнiнде тұрақты даму принципiмен үйлесiмдi шаралар қолданады.
5. Қызметi су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптарды сақтауға және ұйымдастырушылық, технологиялық, орман-мелиорациялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитарлық-эпидемиологиялық iс-шараларды және су объектiлерiн ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ететiн басқа да iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.
Ескерту. 112-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2007.01.09. N 213 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
113-бап. Су объектiлерiн ластанудан қорғау
1. Су объектiлерiнiң сапалық жай-күйiн нашарлататын және пайдаланылуын қиындататын заттардың немесе ластаушы нәрселердiң су объектiлерiне тасталуы немесе өзге де тәсiлмен түсуi су объектiлерiнiң ластануы деп танылады.
2. Су объектiлерiн, диффузиялық ластануды (жер бетi мен ауа арқылы ластану) қоса алғанда, ластанудың барлық түрiнен қорғау жүзеге асырылады.
3. Су объектiлерiн ластанудан қорғау мақсатында:
1) су объектiлерiнiң су жинау алаңында улы химикаттарды, тыңайтқыштарды қолдануға тыйым салынады. Су объектiлерiнiң су жинау алаңы мен санитарлық қорғау аймағында дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық iс-шаралар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жүргiзiледi;
2) радиоактивтi және уытты заттарды су объектiлерiне тастауға және көмуге;
3) тазарту құрылыстары жоқ және нормативтерге сәйкес тиiмдi тазартуды қамтамасыз етпейтiн өнеркәсiп, тамақ объектiлерiнiң ағынды суларын су объектiлерiне ағызуға;
4) су объектiлерiнде радиоактивтi және уытты заттар бөлiнуi қоса жүретiн технологиялардың ядролық және өзге де түрлерi пайдаланылатын жарылыс жұмыстарын жүргiзуге;
5) су объектiлерiнде және су шаруашылығы құрылыстарында халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн техника мен технологиялардың қолданылуына тыйым салынады.
114-бап. Су объектiлерiн қоқыстанудан қорғау
1. Су объектiсiне қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа да қалдықтардың, сондай-ақ салмақты бөлшектердiң түсуi, соның салдарынан оның гидрологиялық жай-күйi нашарлап, су пайдаланудың қиындауы су объектiлерiнiң қоқыстануы деп танылады.
2. Су объектiлерiне қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды тастауға және оларды көмуге тыйым салынады.
3. Су объектiлерiнiң су жинау алаңдарын, су объектiлерiнiң мұз қабатын, мұздықтарды қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және шайылу кезiнде жер үстi және жер асты су объектiлерiнiң сапасын нашарлатуға әкеп соғатын басқа да қалдықтармен қоқыстауға жол берiлмейдi.
115-бап. Су объектiлерiн сарқылудан қорғау
1. Ағындының рұқсат етiлетiн деңгейiнiң ең аз мөлшерiнiң, жер үстi су қорының азаюы немесе жер асты су қорының кемуi су объектiлерiнiң сарқылуы деп танылады.
2. Су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбау мақсатында су объектiлерiн пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар:
1) су объектiлерiнен лимиттен тыс қайтарымсыз су алуға жол бермеуге;
2) су қорғау аймақтары мен белдеулерi аумағында жер жыртуға, мал тоғыту мен санитарлық дауалауға, құрылыстар салуға және су объектiлерiнiң сарқылуына әкеп соғатын басқа да шаруашылық қызмет түрлерiн жүргiзуге жол бермеуге;
3) су қорғау iс-шараларын жүргiзуге мiндеттi.
3. Жеке және заңды тұлғалар жүргiзетiн су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау iс-шаралары уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен алдын ала келiсiледi.
116-бап. Су объектiлерiнiң және су шаруашылығы
құрылыстарының су қорғау аймақтары
мен белдеулерi
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерi мен мемлекеттiк орман қоры құрамына кiретiн су объектiлерiн қоспағанда, су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн сақтау үшiн ерекше пайдалану шарттары бар су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленедi.
2. Су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және оларды шаруашылықта пайдалану режимiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органмен, ал сел қаупi бар аудандарда - қосымша төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлiп бекiтiлген жобалау құжаттамасының негiзiнде белгiлейдi.
3. Алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
4. Алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
5. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережелерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
Ескерту. 116-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.10. N 180-IV, 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
117-бап. Суларды санитарлық қорғау аймақтары
1. Ауыз сумен жабдықтау, емдеу, курорттық және халықты сауықтырудың өзге мұқтаждары үшiн пайдаланылатын суларды қорғау мақсатында облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары санитарлық қорғау аймақтарын белгiлейдi.
2. Санитарлық қорғау аймақтары мен санитарлық қорғау белдеулерiн белгiлеу тәртiбiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
Ескерту. 117-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.
118-бап. Су объектiлерiндегi төтенше экологиялық
жағдай немесе экологиялық апат аймақтары
1. Шаруашылық қызмет немесе табиғи процестер нәтижесiнде халықтың денсаулығына, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiне, қоршаған ортаның жай-күйiне қауiп төндiретiн өзгерiстер болатын су объектiлерi төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық апат аймақтары деп жариялануы мүмкiн.
2. Cу объектiлерiндегi немесе өзен бассейндерiндегi және жер асты су көздерiндегi төтенше экологиялық жағдайды Қазақстан Республикасының Үкiметi жариялайды.
119-бап. Су қорғау белдеулерiндегi жер учаскелерiн
уақытша пайдалануға беру және су қорғау
аймақтары мен белдеулерiндегi шаруашылық
қызметiнiң режимiне қойылатын талаптардың
сақталуын бақылау
1. Су объектiлерiнiң су қорғау белдеулерiндегi жер учаскелерi шаруашылық қызмет режимiне қойылатын талаптарды сақтау шартымен, Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiнде белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға берiлуi мүмкiн.
2. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiндегi шаруашылық қызмет режимiне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган өздерiнiң құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
Ескерту. 119-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2009.07.10. N 180-IV Заңымен.
120-бап. Жер асты су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi
1. Өндiрiстiк қызметi жер асты суларының жай-күйiне зиянды әсер етуi мүмкiн болатын жеке және заңды тұлғалар жер асты суларының мониторингiн жүргiзуге және су ресурстарының ластануы мен сарқылуын және сулардың зиянды әсерiн болғызбау жөнiнде уақтылы шаралар қолдануға мiндеттi.
2. Ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн болатын жер асты суларының су жинау алаңдарында радиоактивтi және химиялық қалдықтар көмудi, үйiндiлердi, зираттарды, мал қорымдарын және жер асты суларының жай-күйiне әсер ететiн басқа да объектiлердi орналастыруға тыйым салынады.
3. Егер жер асты суларының жай-күйiне әсер етсе немесе әсер етуi мүмкiн болса, жерлердi ағынды сумен суаруға тыйым салынады.
4. Гидрогеологиялық ұңғымалар, соның iшiнде өздiгiнен төгiлетiн және барлау ұңғымалары, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен консервациялау құрылғыларымен жабдықталуға немесе жойылуға тиiс.
5. Егер жеке және заңды тұлғалар бұрғылау және басқа да кен жұмыстарын жүргiзу кезiнде суы бар жиектердi ашса, олар өздiгiнен төгiлетiн және барлау ұңғымаларын реттеушi құрылғылармен және бақылау құралдарымен жабдықтауға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген жобалау құжаттамасына сәйкес жер асты суларын қорғау жөнiндегi басқа да шараларды қолдануға мiндеттi.
6. Жер асты суларының су алу құрылыстарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар жер асты суларының санитарлық қорғау аймағы мен олардың мониторингiн ұйымдастыруға мiндеттi.
7. Мелиорацияланған жерлерде сорғыту жүйелерiн салу мен пайдалану кезiнде арнайы cу пайдалануға рұқсаты болған жағдайда жер асты суларын сыртқа шығаруға жол берiледi.
8. Жер асты суларын пайдалануға байланысты су тарту құрылыстарын орналастыру, жобалау, салу және пайдалануға беру кезiнде олардың жер үстi су объектiлерi мен қоршаған ортаға зиянды әсерiн болғызбайтын шаралар көзделуге тиiс.
9. Пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау және өндiру, жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану кезiнде жер қойнауын пайдаланушылар жер асты суларының ластануы мен сарқылуының алдын алу жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
24-тарау. Шағын су объектiлерi және
оларды қорғау ерекшелiктерi
121-бап. Шағын су объектiлерi
1. Шағын су объектiлерiне көлемi мынадай табиғи су объектiлерi:
тұйық су объектiлерi бойынша - су бетiнiң алаңы он гектарға дейiнгi;
өзендер бойынша - ұзындығы екi жүз километрге дейiнгi ағын сулар жатады.
2. Шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану, әдетте, ортақ су пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.
3. Шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын арнайы су пайдалану тәртiбiмен пайдалану уәкiлеттi орган осындай су пайдаланудың олардың жай-күйiне салдарларын зерттегеннен кейiн және мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда мүмкiн болады.
122-бап. Шағын су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi
1. Шағын су объектiлерiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерi шегiнде ортақ су пайдалану режимiн және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруды, сондай-ақ олардың ластануының, қоқыстануы мен сарқылуының алдын алу және жою жөнiндегi шараларды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, ал сел қаупi бар аймақтарда - төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша белгiлейдi.
2. Шағын су объектiлерiнiң сарқылуын, ластануын және азып-тозуын болғызбау мақсатында су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк бағдарламаларында және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларында оларды қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шаралар кешенi жеке көзделедi.
3. Шаруашылық қызметi шағын су объектiлерiнiң жай-күйi мен режимiне әсер ететiн жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi органмен келiсiлген шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын қалпына келтiру және олардағы сулардың тазалығын сақтау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi.
Ескерту. 122-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
25-тарау. Судың зиянды әсерiнiң алдын алу
және оларды жою
123-бап. Мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды
тұлғалардың судың зиянды әсерiнiң алдын
алу және оларды жою жөнiндегi мiндеттерi
Мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар судың мынадай зиянды әсерлерiнiң:
су тасу, су басу, топан су басу;
жағалаудың, қорғау бөгеттерiнiң және басқа да құрылыстардың қирауы;
жерлердiң батпақтануы мен сортаңдануы;
топырақ пен су объектiлерiнiң эрозиясы, жыралардың пайда болуы, сырғымалар, сел тасқындары мен басқа да зиянды құбылыстардың алдын алу және оларды жою жөнiнде iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.
124-бап. Судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды
жою жөнiндегi шараларды жүзеге асыру тәртiбi
1. Су шаруашылығы ұйымдары, су пайдаланушылар, жеке және заңды тұлғалар елдi мекендердi, өнеркәсiп объектiлерiн, ауыл шаруашылығы жерлерiн, қорғалатын аумақтарды судың зиянды әсерiнен қорғау жөнiндегi алдын алу iс-шаралары мен ағымдағы iс-шараларды жоспарлауға және жүргiзуге мiндеттi. Судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi алдын алу iс-шаралары мен ағымдағы iс-шараларды қаржыландыру су пайдаланушылардың қаражаты мен бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
Жеке және заңды тұлғалар судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi су шаруашылығы iс-шараларын өткiзу кезiнде:
1) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарын салуда, пайдалануға беруде, пайдалануда, жөндеуде, реконструкциялауда, консервациялауда, пайдаланудан шығаруда және жоюда қауiпсiздiк нормалары мен ережелерiн сақтауға;
2) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстары қауiпсiздiгiнiң нашарлап кетуiнiң жай-күйiн жүйелi түрде талдауға;
3) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарына ұдайы тексеру жүргiзуге;
4) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарындағы аварияларды жоюға арналған қаржылық және материалдық резервтердi құруға;
5) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарындағы төтенше жағдайлар туралы хабарлайтын оқшау жүйелердi үнемi дайындықта ұстауға мiндеттi.
2. Судың зиянды әсерiнен туындаған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 124-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
26-тарау. Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде жұмыстар жүргiзу тәртiбi
125-бап. Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен
белдеулерiнде кәсiпорындарды және басқа да
құрылыстарды орналастыру, жобалау, салу,
реконструкциялау және пайдалануға беру шарттары
1. Су қорғау белдеулерiнiң шегiнде:
1) су объектiлерiнiң сапалық және гидрологиялық жай-күйiн нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметiне немесе өзге де қызметке;
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпiрлердi, көпiр құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстердi және су көлiгi қызметiне байланысты өзге де көлiк инфрақұрылымдары объектiлерiн, сондай-ақ су объектiсiндегi рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерiн беруге;
4) су объектiлерiнiң және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген қазiргi бар объектiлердi пайдалануға;
5) жекелеген учаскелердi шалғындандыруға, егiн егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлердi өңдеудi қоспағанда, топырақ және өсiмдiк қабатын бұзатын жұмыстарды жүргiзуге (оның iшiнде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндiруге);
6) шатыр қалашықтарын, көлiк құралдары үшiн тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7) тыңайтқыштардың барлық түрлерiн қолдануға тыйым салынады.
2. Су қорғау аймақтарының шегiнде:
1) су объектiлерiн және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген жаңа және реконструкцияланған объектiлердi пайдалануға беруге;
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектiлерге реконструкция жүргiзуге, сондай-ақ құрылыс, су түбiн тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргiзуге, пайдалы қазбалар өндiруге, кәбiл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгiленген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органдармен, уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдармен және басқа да мүдделi органдармен келiсiлген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргiзуге;
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнiмдерiн сақтайтын қоймаларды, көлiк құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерiн, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсiп қалдықтарын төгетiн құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргiзуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына керi әсер ететiн басқа да объектiлердi орналастыруға;
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерiн, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егiстiктердi, зираттарды, мал көмiндiлерiн, сондай-ақ жерүстi және жерасты суларының микробпен ластану қаупiне себепшi болатын басқа да объектiлердi орналастыруға;
5) жүктелiм нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимiн нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметiнiң басқа да түрлерiне;
6) су көздерiндегi су кемерiнен екi мың метрге жетпейтiн қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерiн улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендiру тәсiлiн қолдануға;
7) концентрациясының жол берiлетiн шегi белгiленбеген пестицидтердi қолдануға, қардың үстiне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретiнде пайдалануға тыйым салынады.
Су қорғау аймағында мәжбүрлi санитариялық өңдеу жүргiзу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсiз және орташа тұрақсыз пестицидтердi қолдануға жол берiледi.
3. Су объектiлерiнде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерiнен басқа) жаңа объектiлердi (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерiн және коммуникацияларды) жобалау, салу және орналастыру, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелерi су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейiн тұрғызылған қолданыстағы объектiлердi реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейiндеу) уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен келiсiледi.
Ықтимал сел қаупi бар су объектiлерiндегi нақ осындай қызмет - табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органмен, ал су кемелерi жүретiн су жолдарында су көлiгi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiледi.
4. Қолданылуы су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер етуi мүмкiн жаңа объектiлердiң құрылысын немесе қолданыстағыларын реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейiндеу) жобаларында техникалық сумен жабдықтаудың тұйық (ақпайтын) жүйесi көзделуге тиiс.
5. Су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер етуi мүмкiн қолданыстағы (салынып жатқан) объектiлердi консервациялау және жою (кейiннен кәдеге жарату) уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен және өзге де мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
6. Су объектiлерiнiң аумағы арқылы көлiктiк немесе инженерлiк коммуникациялар салу жобалары тасқын суларды өткiзудi, су объектiлерiн пайдалану режимiн, судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбауды, олардың зиянды әсерiнiң алдын алуды қамтамасыз ететiн iс-шаралардың жүргiзiлуiн көздеуге тиiс.
Көрсетiлген жобалар уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, энергиямен жабдықтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлуге жатады.
7. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен келiсiлген жобалары болмаса және мемлекеттiк экологиялық сараптаманың, мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындыларын (экологиялық және басқа да сараптамалардың қорытындыларын қамтитын) алған жобалары болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделi жөндеуге) тыйым салынады.
Ескерту. 125-бап жаңа редакцияда - ҚР-ның 2009.07.10 N 180-IV Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
126-бап. Су объектiлерiнде және олардың су қорғау
Достарыңызбен бөлісу: |