Кодексi Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi n 481 Кодексi "Егемен Қазақстан"


астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су



бет3/9
Дата07.07.2016
өлшемі0.6 Mb.
#183435
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9

             астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су
             қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және
             су бұру саласындағы құзыретi

       Ескерту. 39-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.12 N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.



      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
      1) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқарады, оларды қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      1-1) мемлекеттiк меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының есебiн жүргiзедi, иесiз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсiмдердi жүргiзедi;
      2) бассейндiк су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және санитарлық қорғау аймақтарын белгiлейдi;
      2-1) бассейндiк су шаруашылығы басқармаларының келiсiмiмен су қорғау аймақтары мен белдеулерiн шаруашылық пайдаланудың режимi мен ерекше жағдайларын белгiлейдi;
      3) конкурстық негiзде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен су объектiлерiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға бередi;
      4) бассейндiк кеңестердiң жұмысына және бассейндiк келiсiмге қатысады, су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау, елдi мекендердi сумен жабдықтау, су бұру жөнiндегi өңiрлiк бағдарламалардың жобасын бассейндiк кеңестердiң қарауына енгiзедi, бассейндiк кеңестердiң ұсынымдарын зерделейдi, оларды iске асыру жөнiнде шаралар қабылдайды;
      5) су объектiлерiн ұтымды пайдалану және қорғау, елдi мекендердi сумен жабдықтау, су бұру жөнiндегi, оның iшiнде жердi гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлейдi және оларды iске асыруды қамтамасыз етедi;
      6) су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi бассейндiк бағдарламаларды iске асыруды жүзеге асырады;
      7) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындармен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға берудi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс, түбiн тереңдету және басқа да жұмыстарды жүргiзу шарттарын келiседi;
      7-1) тиiстi аумақтарда су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн шешедi;
      7-2) су шаруашылығы құрылыстарындағы авариялардың зардаптарын жою жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады;
      8) тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады;
      9) жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын әзiрлейдi;
      10) ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне су жеткiзу және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру бойынша көрсетiлетiн қызметтер құнын субсидиялау жөнiндегi iс-шараларды iске асырады;
      11) су пайдаланушылар арасында су пайдалану лимиттерiн бөледi;
      12) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 39-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.12 N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.10 N 180-IV, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

7-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы
бассейндiк басқару

      40-бап. Бассейндiк су шаруашылығы басқармасының


               мiндеттерi мен функциялары

      1. Бассейндiк су шаруашылығы басқармалары (бұдан әрi - бассейндiк басқармалар) - уәкiлеттi органның облыстарда бөлiмдерi бар, су қорын пайдалану және күзету саласындағы өңiрлiк органдары (екi және одан да көп облыстардың аумақтарында олардың қызметi жүзеге асырылады және оның өкiлеттiктерi қолданылады), олардың негiзгi мiндетi тиiстi бассейн аумағында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру болып табылады.


      2. Бассейндiк басқармалар мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) бассейндiк принцип негiзiнде гидрографиялық бассейннiң су ресурстарын кешендi басқару;
      2) оң экономикалық әсерге, орынды, әдiл және экологиялық жағынан тұрақты су пайдалануға қол жеткiзу мақсатында су қатынастары субъектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
      3) тиiстi бассейн шегiнде перспективалық жоспарлар мен даму бағдарламалары негiзiнде су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келiсiмдер дайындау және iске асыру;
      4) су қорын пайдалану мен қорғауға, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңдарын сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп бассейндер бойынша мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу;
      6) осы Кодекспен белгiленген тәртiппен  арнайы су пайдалануға рұқсат беру, олардың күшiн тоқтата тұру;
      7) мыналарды:
      тиiстi бассейннiң су объектiлерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының жоспарларын;
      судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындардың және басқа да құрылыстардың құрылыс орнын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды;
      судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды салу мен реконструкциялаудың жобалау алдындағы құжаттамасы жобаларын;
      су объектiлерiнде, су қорғау белдеулерi мен аймақтарында құрылыс, түбiн тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсiмдiктерiн өндiру жөнiндегi жарылыс жұмыстарын, кабельдер, труба құбырларын және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргiзу туралы құжаттарды;
      су пайдаланушылардың су объектiлерiн сақтау, олардың жай-күйiн жақсарту жөнiндегi iс-шаралар жоспарларын келiсу;
      8) судың жай-күйiне әсер ететiн өндiрiстiк, ауыл шаруашылық және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың нәтижесiнде туындаған зардаптарды жою жөнiндегi жұмыстарға қатысу;
      9) су пайдаланушылар деңгейiнде және тиiстi бассейн бойынша су пайдалану лимиттерiн айқындау;
      9-1) су объектiлерiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға беру жөнiндегi конкурстарды ұйымдастыруға және өткiзуге қатысу;
      10) жер асты суларының қорларын бекiтуге қатысу;
      11) бiрлесiп пайдаланылатын су қоймаларының салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар iрi су қоймаларының жұмыс режимiн бақылауды жүзеге асыру;
      11-1) оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға берiлген су объектiлерiн пайдаланған кезде жеке және заңды тұлғалардың белгiленген су сервитуттарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      12) облысаралық, аймақаралық, мемлекетаралық су объектiлерi бойынша су алу мен су бөлу жоспарларын әзiрлеу және олардың сақталуын бақылау;
      13) тиiстi бассейн суларын кешендi пайдалану мен қорғау схемасын, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiн келiсу;
      14) тиiстi бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге қатысу;
      15) cу объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және оларда су пайдалану шарттарын келiсу;
      16) судың жай-күйiне әсер ететiн, су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында белгiленген нормалар мен ережелердi бұзып жүзеге асыратын су шаруашылығы объектiлерi мен өзге де объектiлердi қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талаптар қою;
      17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тарту үшiн Қазақстан Республикасы су заңдарының бұзылуы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа беру;
      18) Қазақстан Республикасының су заңдары бұзылған жағдайда мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу туралы сотқа талап-арыз беру;
      19) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы, судың жай-күйi мен сапасын жақсарту жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету;
      20) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру мәселелерi бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау;
      21) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау iсiнде халық арасында ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргiзу;
      22) алып тасталды
      23) арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау және тiркеу;
      24) бассейндiк кеңестiң жұмысын ұйымдастыру, бассейндiк кеңестiң мүшелерiмен бассейн аумағындағы су қорын пайдалану және қорғау мәселелерi бойынша консультациялар өткiзу, бассейндiк кеңес дайындаған ұсынымдарды талдау, оларды iске асыру жөнiнде шаралар қабылдау, бассейндiк кеңестiң ұсынымдарын мүдделi мемлекеттiк органдар мен су пайдаланушыларға жеткiзу.
      Ескерту. 40-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2007.01.09. N 213 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.10. N 180-IV, 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      41-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi


              мемлекеттiк органның аумақтық органдарының су
              ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн
              iске асыруға қатысуы

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы аумақтық органдарының су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн iске асыруда:


      1) жасалған су шаруашылығы баланстары, тиiстi бассейннiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары негiзiнде су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жоспарларын келiсуге;
      2) уәкiлеттi органмен бiрлесiп тиiстi бассейннiң су объектiлерiнiң мониторингiн жүргiзуге;
      3) өз құзыретi шегiнде су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға;
      4) бассейндiк келiсiмдер әзiрлеуге және ведомстволық бағыныстағы аумақтарда олардың жүзеге асырылуын бақылауға;
      5) су объектiлерiн пайдалану, ұдайы молайту және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк (аймақтық және бассейндiк) бағдарламалар үшiн ұсыныстар әзiрлеуге қатысады.
      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық органдары су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғаудың бекiтiлген бас схемаларына сәйкес су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн жүзеге асыруға қатысады.

      42-бап. Су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау


               туралы бассейндiк келiсiмдер

      1. Су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келiсiмдер (бұдан әрi - бассейндiк келiсiмдер) бассейндiк басқармалардың, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының және су объектiсi бассейнiнiң шегiнде орналасқан басқа да субъектiлердiң арасында олардың қызметiн бiрiктiру және үйлестiру, сондай-ақ су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды iске асыру мақсатында жасалады.


      2. Бассейндiк келiсiмдерде тараптардың орындау мерзiмi көрсетiлiп, нақты су қорғау iс-шараларын iске асыру үшiн қажеттi күштер мен құралдарды кооперациялау жөнiндегi мiндеттемелер болады.
      3. Бассейндiк келiсiмдердi дайындау су шаруашылығы баланстары, су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғау схемалары, су объектiлерiн пайдалану, қалпына келтiру және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламалар, ғылыми және жобалық әзiрлемелер, даму болжамдары және өзге бағдарламалар негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Бассейндiк келiсiмдердiң мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру үшiн жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шарттармен және тәртiппен, қаражаты су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға арналған қорлар құруы мүмкiн.
      Ескерту. 42-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

      43-бап. Бассейндiк кеңес

      1. Бассейндiк кеңес тиiстi бассейн шегiнде құрылатын консультациялық-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Тиiстi бассейндiк басқарманың басшысы басқаратын бассейндiк кеңес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының басшыларынан, мемлекеттiк органдардың аумақтық органдарының басшыларынан және су пайдаланушылардың өкiлдерiнен тұрады. Бассейндiк кеңестiң құрамына қоғамдық бiрлестiктердiң және олардың қауымдастықтарының өкiлдерi де кiруi мүмкiн. Бассейндiк кеңестiң әзiрлiк жұмысын ұйымдастыру бассейндiк басқармаға жүктеледi.
      3. Бассейндiк кеңес су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы көкейкестi мәселелердi қарайды, бассейндiк келiсiмге қатысушылар үшiн ұсыныстар мен ұсынымдар енгiзедi.
      Ескерту. 43-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

8-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк жоспарлау

       Ескерту. 8-тараудың және 44-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      44-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау
              және су бұру саласындағы мемлекеттiк жоспарлаудың
              мiндеттерi

      1. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк жоспарлаудың мiндеттерi:


      халықтың ауыз су мен тұрмыстық қажеттерiнiң бiрiншi кезекте қанағаттандырылуын ескере отырып, су пайдаланушылардың арасында суларды ғылыми негiзделген түрде бөлудi қамтамасыз ету;
      сулардың қорғалуын және олардың зиянды әсерiнiң алдын алуды қамтамасыз ету болып табылады.
      2. Су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды мемлекеттiк жоспарлау үшiн су шаруашылығы баланстары, суларды кешендi пайдалану мен қорғау схемалары жасалады, сондай-ақ өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы әзiрленедi.
       Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      45-бап. Су шаруашылығы баланстары

      1. Су шаруашылығы баланстары су объектiлерiнiң бассейндерi, экономикалық аудандар және тұтас республика бойынша су ресурстарының болуын және оларды пайдалану мүмкiндiгiн бағалауға арналған.
      2. Негiзгi өзендердiң бассейндерiне арналған және тұтас республика бойынша су шаруашылығы баланстары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен әзiрленедi.
      3. Су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге байланысты шығындар бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 45-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

      46-бап. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау


               схемалары

      1. Cу ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары су ресурстарын ықпалдасып басқару мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау мақсатында әзiрленедi.


      2. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын  уәкiлеттi орган мүдделi мемлекеттiк органдардың қатысуымен ғылыми және мамандандырылған жобалау ұйымдарын тарта отырып әзiрлейдi.
      3. Кешендi схемаларда көзделетiн iс-шаралар:
      1) өндiрiс технологиясын жетiлдiру негiзiнде су ресурстарын ұтымды әрi үнемдi пайдалануға;
      2) суы аз және сусыз процестердi қолдануға;
      3) суару жүйелерiнде және сумен жабдықтау жүйелерiнде су ресурстарының қайтарымсыз ысырабын азайтуға;
      4) су ресурстарын реттеу, өзен ағындысын бассейнаралық қайта бөлу, тазартылмаған ағынды сулар ағызу көлемiн азайту есебiнен жергiлiктi су ресурстарын мүмкiндiгiнше барынша пайдалануға;
      5) қалаларды, елдi мекендердi, ауыл шаруашылығы алқаптары мен басқа да объектiлердi су басуының және топан су басуының алдын алуға бағытталуға тиiс.
      4. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен әзiрленедi және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
      Ескерту. 46-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

      47-бап. Өндiргiш күштердi және экономика салаларын


              дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында
              су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы

      1. Өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемалары құрамында су объектiлерiне экологиялық жағынан жол берiлетiн деңгейде су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы әзiрленедi.


      2. Су ресурстарын өндiргiш күштер мен экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында пайдалану және қорғау болжамын орталық атқарушы органдар әзiрлейдi.
      3. Орталық атқарушы органдар әзiрлеген өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдары су ресурстарын пайдаланудың жол берiлетiн деңгейi нысанасында уәкiлеттi органда келiсуден өтедi.
      Ескерту. 47-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

9-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылау мен сараптама

      48-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы


               бақылаудың мiндеттерi мен түрлерi

      1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi:


      шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiнен сулардың жай-күйi мен өзгеруiн қадағалау;
      су қорғау iс-шараларының орындалуын тексеру болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.
      3. Уәкiлеттi органның мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi басты мiндеттерi:
      1) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын барлық министрлiктермен, агенттiктермен, ведомстволармен өзара iс-қимыл жасауды және қызметiн үйлестiрудi;
      2) шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiнен судың жай-күйiн және өзгеруiн қадағалауды, сондай-ақ су қорғау iс-шараларының орындалуын тексерудi;
      3) су қорын пайдалану мен оны есепке алудың белгiленген тәртiбiн;
      4) суларды қорғау жөнiндегi мiндеттердiң орындалуын;
      5) су объектiлерiне зиянды әсер етудiң алдын алуды және жоюды;
      6) барлық жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
      4. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 48-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз),  2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      49-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы


               мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар

      1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды өз құзыретi шегiнде мыналар жүзеге асырады:


      1) уәкiлеттi орган;
      2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы;
      3) жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган;
      4) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
      5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган;
      6) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
      7) фитосанитарлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      8) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары.
      2. Уәкiлеттi орган су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiредi.
      3. Уәкiлеттi орган және оның бассейндiк су шаруашылығы басқармасы:
      1) су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын, олардағы және ерекше қорғалатын су объектiлерiндегi шаруашылық қызметiнiң белгiленген режимiнiң сақталуын;
      2) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келiсiмдердiң шарттары мен талаптарының орындалуын;
      3) су объектiлерi бойынша су пайдаланудың және су бөлудiң белгiленген нормалары мен ережелерiнiң, лимиттерiнiң, сондай-ақ су пайдалану режимiнiң сақталуын;
      4) су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерiн және су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуын;
      5) су объектiлерiнен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшерiне бастапқы есеп жүргiзудiң, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйiн және мемлекеттiк аттестаттау мерзiмдерiнiң сақталуын, су пайдаланушылардың белгiленген есептiлiк мерзiмдерiн сақтауын;
      6) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берiлген рұқсаттарда белгiленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсерiне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды орындауын;
      7) су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға берудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақталуын;
      8) су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзудiң және су объектiлерiн пайдалану мен қорғау бөлiгiнде жер бетi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақталуын;
      9) белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектiлерiн салуға, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектiлерiн, су қорғау аймақтары мен белдеулерiн пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметiне сай келуiн;
      10) су объектiлерiн өз бетiмен пайдалануға, су қорғау аймақтары мен су объектiлерi белдеулерiнiң аумақтарында өз бетiмен құрылыс салуға жол берiлмеуiн;
      11) суды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы ғылым мен техника жетiстiктерiнiң және озық тәжiрибенiң, су тұтынудың үлесiн азайту жөнiндегi iс-шаралардың кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда енгiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады.
      Қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсiп қауiпсiздiгi, халықтың   санитарлық-эпидемиологиялық cалауаттылығы, ветеринария саласындағы уәкiлеттi органдар, карантиндiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган және жергiлiктi атқарушы органдар:
      1) өз құзыретiне сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      2) су қорының сапалық және сандық жай-күйiнiң өзгеруiн тексерудi және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;
      3) су заңнамасының бұзылуын жою шараларын қабылдайды;
      4) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мәселелерге қатысты нормативтiк құқықтық құжаттар дайындауға қатысады;
      5) су объектiлерiне белгiленген талаптарды бұза отырып жүргiзiлген ағынды су ағызуды тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы, сондай-ақ су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн жекелеген өндiрiс объектiлерiнiң, цехтар мен кәсiпорындардың қызметiне тыйым салу туралы белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi.
      Ескерту. 49-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      49-1-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласында



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет