Кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»



Дата05.07.2016
өлшемі34.4 Kb.
#180944
түріКодекс

24.желтоқсан.2008 жыл№100 мемлекеттік тіркеу №10-7-68


Жаңақорған кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және базалық ставкасының түзету коэфициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Жер Кодексі» Кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:


  1. Жаңақорған кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) 1

қосымшаға және базалық ставкасының түзету коэффицинттері 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  1. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн

өткен соң қолданысқа енгізіледі
Аудандық мәслихаттың кезекті Аудандық мәслихат

ХІ сессиясының төрағасы хатшысы
С.ДҮЙСЕБЕКОВ

Жаңақорған аудандық мәслихатының

2008 жылғы 24 желтоқсандағы №100

шешіміне 2 қосымша


Жаңақорған ауданындағы аймақтардың жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері


Аймақ №

Аймақтардың жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

І

1,5

ІІ

1,4

ІІІ

1,3

ІМ

1,2


Жаңақорған ауданындағы аймақтық шекараларының сипаттамасы


Аймақ №

Жер-кадастрлық кварталдар қиылыстары шегіндегі базалық аймақтардың шекаралары

Нысаналы мақсаты

Аймақ көлемі, га

І

Аймақтың шекарасы солтүстік шығысы Жаңақорған автожолы және Самара-Шымкент автожолымен, оңтүстік шығысы Жаңақорған шипа-жайын бойлай батысынан темір жол көпірімен шектесе, Тайпақкөл каналының бойымен темір жолға келіп тіреледі. Мал өнімдері өндірілетін цех осы аймаққа кіреді, солтүстігі Абай көшесі, солтүстік шығысы Раушан көшесімен Самара-Шымкент автожолымен шектеседі.

Әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, банкілер, жеке тұрғын үйлер, көп қабатты тұрғын үйлер, кафелер, дүкендер, т.б нысандар орналасқан.

996,7

ІІ

Кенттің солтүстік батысы темір жолмен бастап оңтүстігі Абай көшесін бойлай, Раушан көшесін және Самара-Шымкент трассасымен шектеледі.

Әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, банкілер, жеке тұрғын үйлер, кафелер, дүкендер, т.б нысандар орналасқан.

578,6

ІІІ

Аймақ шекарасы оңтүстігі Ы.Алтынсарин көшесін бойлай, батысынан Тайпақкөл каналымен шектеседі.

Жеке тұрғын үйлер, кафелер, дүкендер, стадион т.б нысандар орналасқан.

417,6

ІV

Бірінші учаскесі: Бұл аймақ солтүстігі Ы.Алтынсарин көшесінен басталып, солтүстік шығысынан темір жол көпіріне дейінгі жолды бойлай, шығысынан темір жолмен және оңтүстігі Сырдария өзенімен шектеседі.

Жеке тұрғын үйлер, кафелер, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан.

210,0




Екінші учаскесі: Кенттің солтүстік шығысын алып жатыр. Солтүстік батысы Жаңақорған- Шалқия автожолымен, оңтүстігі Самара-Шымкент автожолымен шектеседі.

Әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, жеке тұрғын үйлер, кафелер, дүкендер, т.б нысандар орналасқан.

350,3


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет