Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»



Дата03.03.2016
өлшемі41.08 Kb.
#35616
түріКодекс


жоба

5 САЙЛАНҒАН БЕЙНЕУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ

ШЕШІМІ

23 желтоқсан 2013 жыл №20/31 Бейнеу селосы



2014-2016 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 148-V Заңдарына, Маңғыстау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/188 «2014 - 2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2184 реттік санымен тіркелген) шешіміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін, оның ішінде 2014 жылға келесі көлемде:


  1. кірістер – 7524226,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2291422,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 6610,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 16071,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5210123,0 мың теңге;



  1. шығындар – 7524226,0 мың теңге;

  2. таза бюджеттік кредиттеу – 79049,0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 97230,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 18181,0 мың теңге;



  1. қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;



  1. бюджет тапшылығы (профициті) – -79049,0 мың теңге;

  2. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –

79049,0 мың теңге;

2. Облыстық бюджеттен 2014 жылға аудан бюджетіне 2302845,0 мың теңге субвенция бөлінгені қаперге алынсын.

3. 2014 жылға арналған аудан бюджетіне кірістерді бөлу нормативтері мынадай көлемде белгіленсін:

1) төлем көзiнен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 100 пайыз;

2) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 100 пайыз;

3) төлем көзiнен салық салынатын шетелдiк азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы – 100 пайыз;

4) әлеуметтік салық – 100 пайыз.

4. Аудан әкімдігінің резерві 5000,0 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.

5. Жоғары тұрған бюджеттерден төмендегідей ағымдағы нысаналы трансферттер, нысаналы даму трансферттері және бюджеттік кредиттер бөлінгені қаперге алынсын:

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға – 266152,0 мың теңге;

үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдердің еңбекақыларын көтермелеуге – 10704,0 мың теңге;

инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу бағдарламасы бойынша Бейнеу селосында жеке тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскелеріне сыртқы инженерлік коммуникациялар (газофикация және электрификация) құрылыстарын салуға – 199440,0 мың теңге;

елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бағдарламасы бойынша Бейнеу селосында су тазарту имараты құрылысын салуға және Бейнеу селосында селоішілік су құбыры құрылыстарына (1,2,3 кезең) – 1452800,0 мың теңге;

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілетін бюджеттік кредиттерге – 97230,0 мың теңге;

облыстық бюджет есебінен білім беру объектілерін салу және реконструкциялау бағдарламасы бойынша – 499605,0 мың теңге;

облыстық бюджет есебінен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу бағдарламасы бойынша – 478577,0 мың теңге.

6. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс жасайтын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық және фармацевтика қызметкерлеріне, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының қызметкерлеріне бір жолғы коммуналдық қызметтерді өтеуге және отын сатып алуға 12100 теңге көлемінде әлеуметтік көмек белгіленсін.

7. Жергілікті өкілетті органның келісімі бойынша жергілікті атқарушы орган айқындайтын, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесіне сәйкес, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда 25 процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.

8. «2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі» қоса беріліп отырған 4 және 5 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

9. «2014 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылу процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарлама тізбесі» қоса беріліп отырған 6 - қосымшаға сәйкес белгіленсін.

10. «2014 жылға арналған әрбір қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі» қоса беріліп отырған 7 - қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

11. Осы шешім «Бейнеу аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет ресурсында (beineu.maslikhat.gov.kz) жариялансын.

12. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Қ.Әбілшеевке жүктелсін.

13. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен соң 10 (он) күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы Аудандық мәслихат

хатшысы
Н.Хайруллаев А.Ұлықбанов
«КЕЛІСІЛДІ»

«Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

_________________М.Нысанбаев

«23» желтоқсан 2013 жыл



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет