234
сотталган адамдарга катысты - жазаны өтегеннен кейін үш жыл өткен соң;
4) ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталган
адамдарға қатысты - жазаны
өтегеннен кейін алты жыл өткен соң;
5) аса ауыр кылмыстар үшін бас бостандыгынан айыруга сотталған адамдарға қатысты жазаны
өтегеннен кейін сегіз жыл өткен соң жойылады.
4. Егер сотталган адам Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тэртіппен жазасын
өтеуден мерзімінен бүрын босатылса немесе жазаның өтелмеген бөлігі жазаның негүрлым жеңіл
түрімен ауыстырылса, онда сотталгандықты жою мерзімі жазаның іс жүзінде өтелген мерзімі негізге
алына отырып, негізгі жэне қосымша жаза түрлерін өтеуден босатылган кезден бастап есептеледі.
5. Егер соттың үкімі бойынша адамға негізгі жазамен қатар қосымша жаза тағайындалса, онда
сотталғандықты жою мерзімі негізгі жэне қосымша жаза түрлерін өтеу кезінен бастап есептеледі.
Белгілі бір лауазымды аткару немесе белгілі бір қызметпен айналысу күқыгынан
өмір бойына
айыру түрінде қосымша жаза тағайындалған жағдайларда, онда сотталғандықты жою мерзімі
жазаның негізгі түрін өтеу кезінен бастап есептеледі.
6. Адам әртүрлі ауырлык дәрежесіне жататын қылмыстар үшін қылмыстык күқық
бүзушылықтардың жиынтыгы бойынша немесе үкімдердің жиынтығы бойынша сотталган кезде,
сотталгандык эрбір қылмыс үшін жеке жойылады, бүл ретте жою мер- зімдері қылмыстық қүқық
бүзушылықтардың жиынтығы немесе үкімдердің жиынтыгы бойынша
жазаны өтеу кезінен бастап
есептеледі (ҚК-тің 79-бабы, 1-6-бөліктері).
Сотталгандықтан арылу сот тағайындаған жазаның түрі мен мерзіміне байланысты эр түрлі
болады.
Сотталғандыктан арылу мерзімі негізгі және қосымша жазаны өтеген немесе одан босатылган
күннен бастап есептелінеді. Сотталгандықтан арылу мерзіміне ескіру мер- зімі үзілмеген айыптау
үкімін орындаудың барлык мерзімі кіреді. Егер үкім заң күшіне енгеннен кейін орындалмай қалса,
онда сотталгандық атақ үкімді орындаудың ескіру мерзіміне байланысты жойылады. Егер адам заңда
белгіленген тәртіппен жазадан шартты түрде мерзімінен бүрын босатылса немесе оның жазасы
негүрлым
жеңіл жаза- мен ауыстырылса, сотталғандықтан арылу мерзімі жазаның нақты өтелген
уақытынан бастап есептелінеді.
Сотталғандыктан арылу рақымшылық немесе кешірім беру актісі арқылы да жүзеге асырылуы
мүмкін. Сотталгандықтан арылуды сотталгандық атақты жоюдан ажырата білу керек. Сотталғандық
атакты жою Қылмыстық кодексте көрсетілген шарттар негізін- де соттың арнаулы шешімі бойынша
жүзеге асырылады.
Қылмыстық заңда сотталғандықтан арылудан басқа накты бір жагдайларға бай- ланысты
адамның сотталғандық атағын мерзімінен бүрын жою туралы мәселесі де қарастырылған.
Егер сотталган адам жазасын өтегеннен кейін өзін мінсіз үстаса, сот оның өтініші бойынша
соттылыкты жою мерзімі откенге дейін одан соттылықты алып тастай алады.
Бұл норма ауыр немесе аса ауыр қылмыстар үшін бас бостандыгынан
айыруға сотталган
адамдарга, сондай-ақ қылмыстардың қауіпті немесе аса қауіпті қайталануы жагдайында жаза
тагайындалган адамдарга қолданылмайды (79-бап, 7-бөлігі).
Егер сотталған адам соттылықты жою мерзімі өткенге дейін тагы да қылмыс жасаса,
соттылыкты жою мерзімі тоқтатылады. Бірінші қылмыс бойынша соттылықты жою мер- зімі сонгы
қылмысы үшін негізгі және қосымша жазаны іс жүзінде өткеннсн кейін қайта