Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтыру



Pdf көрінісі
бет174/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

118- 
6 а п. Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтыру 
1. 
Басқа адамды АИТВ/ЖИТС жуқтыру қаупіне көрінеу душар ету
 -
 
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не бір жуз сексен сагатқа дейінгі мерзімге қогамдық жумыстарга тартуга 
не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуга жазаланады. 
2. 
Өзінде АИТВ/ЖИТС бар екендігін білген адамның осы ауруды басқа адамга жуқтыруы- 
бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
3. 
Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, екі немесе одан да көп адамга қатысты не 
көрінеу камелетке толмаган адамга қатысты жасалган іс-әрекет
 -
 
төрт жылдан сегіз жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Ескерту. 
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді жасаған адам, егер 
АИТВ/ЖИТС жұқтыру қаупіне душар болған не оны жұқтырған басқа адам біріншісін- де осы аурудың 
бар екендігі туралы уақтылы ескертілген және жұқтыру қаупін туындатқан әрекеттерді жасауға өз 
еркімен келіскен жағдайда, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 
Қылмыстық кодекстің П8-бабының І-тармағында басқа адамды көрінеу АИТВ/ ЖИТС-ны 
жүқтыру қаупінде калдырғаны үшін жауаптылық көзделген. Қылмыстың тіке- лей объектісі - 
адамдардың өмірі жэне денсаулығы. 
Қылмыс объективтік жағынан баска адамды көрінеу көрсетілген ауруды жұктыру каупінде 
калдыруы арқылы жүзеге асырылады. 
Қазіргі уақытта ғылымда осы ауруды жүқтырудың екі түрлі жолы белгілі. Оның бірін- шісі 
жыныстык қатынас аркылы, ал екіншісі қан арқылы (медициналық қүралдарды, шприцтерді тиісті 
дәрежеде пайдаланбай, осы аурумен ауыратын адам қанының басқа адамға жагылуы т.с.с.). 
Қылмыс күрамы формальдық, Пб-баптың І-тармағы бойынша жауаптылык АИТВ/ ЖИТС - 
ауыруын жүқтыру қаупін туғызған сәттен бастап аяқталған деп танылады. Бүл жерде кылмыс 
зардабы орын алмайды. Жүқтыру тәсілінің қылмысты саралауға әсері болмайды. 
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Ол туралы заңның өзінде 


279 
ауруды корінеу жүқтыру деп тура көрсетіліп тұр. Кінэлі адам өзінің әрекетімен басқа адамға 
АИТВ/ЖИТС - ауруын жүқтыру қаупін төндіргенін сезеді жэне осы әрекеттерді істеуді тілейді. 
Қылмыстың субъектісі І6-ға толған, өзінде иммун тапшылығы вирусы (АИТВ/ЖИТС) бар адам 
Қылмыстық кодекстің П8-бабының 2-тармағында өзінде АИТВ/ЖИТС бар екендігі гуралы білетін 
адамның оны басқа адамға жүқтыруын карастырған. Бүл қылмыс көрсетілген ауруды нақты 
жүқтырган уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Осы баптың 3-тармағында екі немесе одан да 
көп адамға, не көрінеу кәмелетке толмағандарға АИТВ/ЖИТС-ны жүқтырғаны үшін жауаптылық 
белгіленген. 
Әйел зорлау, нәпсікұмарлық сипаттағы күш қолдану, он алты жасқа толмаған адам- мен 
жыныстык катынаста болу жэне нәпсіқұмарлық өзге іс-әрекеттер, жас балаларды азгындату 
әрекеттерін жүзеге асыру кезінде жәбірленушіге кінәлінің АИТВ/ЖИТС ви- русын жүктыру 
әрекеттері қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады. 
ҚК-тің 118-бабының ескертуіне сэйкес осы баптын бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген 
іс-әрекеттерді жасаған адам, егер АИТВ/ЖИТС жұктыру қаупіне душар болған не оны жұқтырған 
басқа адам біріншісінде осы аурудың бар екендігі туралы уақтылы ескертілген жэне жұқтыру қаупін 
туындаткан эрекеттерді жасауға өз еркімен келіскен жағдайда, қылмыстық жауаптылықтан 
босатылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет