Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру



Pdf көрінісі
бет179/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

127- 
6 а п. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру 
1. 
Адамды психиатриялық стационарга заңсыз орналастыру немесе онда заңсыз устау - 
уш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
тузеу жұмыстарына не уш жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
2. 
Дәл сол іс-әрекет, егер ол: 
1) 
пайдакүнемдік ниетпен немесе өзге де жеке мудделілікпен жасалса; 
2) 
адам оларды өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаса; 
3) 
көрінеу кәмелетке толмаган адамга қатысты жасалса; 
4) 
абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп соқса - 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан үш 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылга дейінгі мер- зімге 
бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Психиатриялык стационарга орналастырудың негізі жэне тэртібі Қазақстан Республикасының 
«Психиатриялык көмек көрсету жэне азаматтарга ондай көмек көрсетуге байланысты кепілдіктер 
туралы» арнаулы Заңында көрсетілген. Осы заңга сәйкес психиатриялык стационарга осындай 
дертпен ауыратын адамдар тек қана дәрігерлік-психиатриялык комиссиянын тиісті қорытындысына 
немесе сот қаулысына сәйкес орналастырылады. Сау адамды психиатриялық стационарга 
орналастыру заңсыз деп танылады. Қылмыстың тікелей объектісі - адамның бостандығын реттейтін 
қогамдық қатынастар. 
Объективтік жагынан қылмыс адамды психиатриялык стационарга заңсыз орнала- стыру немесе 
заңсыз ұстау арқылы сараланады. 
Заңда көрсетілмеген негіздер бойынша немесе жалган кұжаттар жасау жолымен сау адамды 
психиатриялык стационарга орналастыру осы мекемелерге заңсыз орналастыру деп танылады. 
Емдеу мерзімі өткен немесе сауыққан адамды шыгарудан бас тарту психиатриялық стационарда 
заңсыз ұстау деп табылады. 
Қылмыс формальдық құрамға жатады, ал адамды психиатриялық стационарга заңсыз 
орналастырған уақыттан бастап аяқталган деп танылады. 
Субъективтік жагынан қылмыс тікелей қасаканалықпен істеледі. Қылмыстык ниет - 
пайдакүнемдік, кек алу, жек көру, қызганыш т.б. болуы мүмкін. Қылмыстық ниеттің іс- әрекетті 
саралауға әсері болмайды, бірақ жаза тағайындағанда ескерілуі мүмкін. 
Қылмыстың субъектісі - заңсыз психиатриялык стационарға орналастыруға немесе заңсыз 
ұстауға шешім қабылдаған адамдар (дәрігер-психиатр, емдеуші дәрігер немесе жалған құжат 
дайындаган психиатр-дәрігер, сондай-ақ қаулы шығарган судья). Басқа І6-ға толган адамдар осы 
қылмыстың ұйымдастырушысы, айдап салушысы немесе көмектесушісі болуы мүмкін. 
Дәл сол әрекет, егер ол: 
I) пайдакүнемдік ниетпен немесе өзге де мүдделілікпен жасалса; 
2) адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаса; 
3) көрінеу кәмелетке толмаган адамга қатысты жасалса; 
4) абайсызда жәбірленушінің өліміне не өзге ауыр зардаптарга әкеп соқса - осы қылмыстың 
ауырлататын түріне жатады (127-баптың 2-тармагы). 
Пайдакүнемдік ниеттің түсінігі Қылмыстык кодекстің 99-бабының 2-тармағының «8» 
тармақшасында берілген. Адамның қызмет бабын пайдаланып - психиатриялық стационарга заңсыз 
орналастыруга ыкпал жасауы Қылмыстық кодекстің 127-бабының 2-тармагының «1» 
тармакшасымен саралануга жатады. 


284 
Абайсызда жәбірленушінің өлімге душар болуы заңсыз психиатриялық стационарга 
орналасканына ыза болган адамның өзін-өзі өлтіруі немесе басқа есі ауыскан аурулардың жабылып 
өлтіруі салдарынан орын алуы мүмкін. Өзге де ауыр зардаптарга - жәбірленушінің ауыр, орта дене 
жарақатын алуы, өзінің немесе туыстарының психиатриялық ауруға шалдыгуы т.с.с. жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет