Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


- 6 а п. Кәмелетке толмаган адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз



Pdf көрінісі
бет211/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

143-
6 а п. Кәмелетке толмаган адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз 
әкету 
1. 
Кәмелетке толмаган адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге 
заңсыз әкету - 
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
2. 
Пайдакүнемдік немесе өзге де жамандық ниетпен не адамдар тобының алдын ала сөз 
байласуымен жасалган дәл сол іс-әрекет - 
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде 
айыппул салуга не сол мөлшерде түзеу жумыстарына не бес жылга дейінгі мерзімге бас 
бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
3. 
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган іс-
әрекеттер - 
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан жеті жылга дейінгі мерзімге бас 
бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Кәмелетке толмаған адамды Қазакстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету 
үшін қылмыстық жауаптылык жаңа Қылмыстық кодекстің 143-бабында тұңғыш рет көзделген. 
Қылмыстың объектісі кәмелетке толмаған адамның құқықтары мен бостандыктары. Заңсыз әкету 
қылмыстың объективтік жағының белгісі. Заңсыз әрекетгер әр түрлі болады: жалған құжат жасау, 
эртүрлі алаяқтық тәсілдерді пайдала- ну, бала асырап алу заңын көрінеу бұзу т.с.с. Қылмыс 
субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, пайдакүнемдік мақсатпен істеледі. Қылмыс 
субъектісі - І6-ға толган, есі дұрыс осы іс-әрекетті істеген адам.


314
 
Пайдакүнемдік немесе өзге де жамандық ниетпен не адамдар тобыныц алдын ала сөз 
байласуымен жасалған дэл сол іс-әрекет - осы қүрамның ауырлататын түріне (143-бап, 2-бөлігі) және 
осы баптын бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер - 
осы қылмыстың (143-бап, 3-бөлігі) аса ауырлататын түріне жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет