айыппул салуга не сол мөлшерде түзеу жумыстарына не алты жылга дейінгі мерзімге бас
бостандыгын иіектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жаза- ланады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың кодекстегі бұл бап мүлдем жаңа норма болып табылады.
Қылмыстық кұқық бұзушылықтың тікелей объектісі заңмен белгіленген азаматтардың ереуілге
қатысу немесе қатысудан бас тарту құкыгы.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың қосымша тікелей объектісі азаматтардың өмірі, денсаулығы,
адамгершілігі.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың жәбірленушісі - ереуілге мэжбүрлеу аркылы қатысқан немесе
соған катысудан бас тартқан адам.
Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жагынан адамның баска біреуді ереуілге қатысуға
немесе ереуілге катысудан бас тартуға мәжбүрлеу немесе өз қызмет бабын пай- даланып не күш
көрсету немесе оны қолданамын деп корқыту аркылы ереуілге қатысуға немесе занды ереуілге
қатысудан бас тартуға мәжбүрлеуі арқылы жүзеге асырылады (ҚК-тің 157-бабы 2-бөлігіне).
Қыл мыстық құкық бұзушылықтың істелу тэсілі - күш көрсету немесе оны колданамын деп
қорқыту арқылы ереуілге қатысуға немесе заңды ереуілге катысудан бас тартқызуға мәжбүрлеу
болып табылады. Мэжбүрлеудің түсінігі Қылмыстык кодекстің 155-бабында толық беріледі. Мұндай
мэжбүрлеу лауазым адамы немесе жай адамдардың тарапынан орын алуы мүмкін. Ереуіл өткізу
арнаулы нормативтік-құкықтықактімен реттеледі. Яғни Қылмыстық кодекстің 157-бабы бланкеттік
диспозицияға негізделген. Қылмыстык құкық бұзушылық формальдық құрамға жатады жэне ол
заңның диспозициясында көрсетілген эрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп
танылады. Қылмыстық құкық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстык құкық бұзушылықтың мақсаты - заңсыз ереуілге қатысуга немесе заңды ереуілге
қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу.
Қылмыстық құқык бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған жай немесе арнаулы субъект
(лауазымды адам).
Достарыңызбен бөлісу: |