Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»



Дата03.07.2016
өлшемі22.77 Kb.
#174453
түріКодекс
жоба


кезекті 43-сессия



Ақай ауылдық округінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы


«Қазақстан Республикасының Жер Кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Қармақшы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округінің шекарасы (шегі) жерлердің экспликациясы бойынша жалпы көлемі 679 гектар болып белгіленсін.

2. Осы қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қармақшы

ауданының әкімі



С.Мақашов

Қармақшы аудандық мәслихатының кезекті сессия төрағасы

_________О.Бодыбаев




Қармақшы аудандық

мәслихатының хатшысы



М.Наятұлы


Қармақшы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы

« » қаулысына

және Қармақшы аудандық мәслихатының

2015 жылғы « » шешіміне

қосымша

Ақай елді мекеннің шекарасы (шегі) белгіленген жерлердің экспликациясы




Жерлердің атауы

Жалпы көлемі (гектар)

Оның ішінде (гектар):

Құрылыстар асты

Ауыл шаруашылығы алқаптары

Басқа да жерлер

егістігі

жайылымдар

1

Ақай ауылдық округінің шекарасы (шегі)

679

320

-

303

56


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет