Жоба
Аудан әкімдігінің 2014 жылғы
22 желтоқсандағы «2015-2017
жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №759 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 109 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына және «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №34/258-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы №43/348-V (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №3374 санымен тіркелген) шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
1. «Төлеби ауданының 2015-2017 жылдарға арналған аудан бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 10 774 677 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 926 393 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 13 726 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 36 792 мың теңге;
трансферттер түсiмi – 9 797 766 мың теңге;
-
шығындар – 10 830 702 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 5 946 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 5 946 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде;
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 69 971 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 61 971 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 5 946 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 3 376 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 59 401 мың теңге.».
Аталған қаулының 1, 5, 6 қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қаулының бекітілуі аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Р.Бейсебаеваға жүктелсін.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы М.Пернебеков
Достарыңызбен бөлісу: |