Кодексінің 117-бабына сәйкес және «Мемлекеттік статистика туралы»



бет1/6
Дата23.02.2023
өлшемі83.16 Kb.
#469964
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6
468 1±9@K›




«Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 117-бабына сәйкес және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 15594 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 8 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жартыжылдық қаржылық есептілік ағымдағы қаржы жылының 30 маусымдағы жағдай бойынша жасалады.
Жылдық қаржылық есептілік есептіден кейінгі жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жасалады.
 Жылдық қаржылық есептілік 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда күнтiзбелiк кезеңге жасалады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Жартыжылдық және жылдық қаржылық есептіліктерге мемлекеттік мекеменің басшысы, бас бухгалтері немесе мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есепті жүргізуді қамтамасыз ететін бөлімшені басқаратын тұлға қол қояды.
Басшы мен бас бухгалтердiң қолдарымен бір қатарда мiндеттi түрде қойылған қол таратып жазылған болуы тиіс (тегі, аты-жөні).»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Баланстан тыс шоттарда мемлекеттік мекемелерге тиесілі емес, бірақ уақытша оның пайдалануындағы немесе билігіндегі құндылықтар, сондай-ақ қатаң есептегі бланктері, қорлар, жауапты сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген демалыс үйлеріне жолдамалар, 2011 жылғы 1 марттағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» заңнамасының 21-бабында көзделген жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүлік меншігіне айналдырылған (түскен) бағаланған мүлік жекелеген негіздер бойынша Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмi деректерімен өзге негіздер бойынша көрініс табады.
610, 620, 630, 640, 650, 660, 670, 680, 690, 700-жолдары бойынша жолдардың нөмірлеріне сәйкес материалдық құндылықтар, жалға алынған активтер мен басқа де баланстан тыс активтер есепке алынған баланстан тыс активтер санамаланған.»;
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«79. Қаржылық есептілікке ашылымдарда мынадай ақпарат ұсынылады.
«Ақшалай қаражат және олардың баламалары» деген бап бойынша (ҚЕ-1 «Бухгалтерлік баланс» нысанының 010-жолы):
ҚЕ-5 «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» нысанының 1-кестесіне сәйкес есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы ақша қаражаты қалдығы туралы деректер.
«Қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялары» деген бап бойынша (ҚЕ-1 «Бухгалтерлік баланс» нысанының 011 және 110-жолдары):
ҚЕ-5 «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» нысанының 2 және 5-кестелеріне сәйкес есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы қаржылық инвестициялар (квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаржылық инвестициялардан басқа) және өзгерістері бойынша деректер;
квазимемлекеттік сектордың субъектілеріне салынған ұзақ мерзімді инвестициялар (квазимемлекеттік сектор субъектілерінің атаулары мен тұрғылықты жерлері, жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі) бақыланатын және басқа субъектілер бойынша жеке ақпарат;
кейіннен қаржы инвестицияларының жекелеген сыныптары бойынша (әділ, амортизацияланған немесе қандай да бір өзге құны бойынша) бағалау;
берілген қарыздар бойынша ақпарат;
қаржы инвестицияларының және берілген қарыздардың құнсыздануының объективті белгілерінің болуы;
есепті күнге қаржы инвестицияларына байланысты тәуекелдердің сипаты мен мөлшерлері;
кірістердің тиісті бюджет сыныптамасы кодына бюджетке аударылуға жататын және аударылған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің дивидендтері мен таза табысының бөлігі бойынша ақпарат.
«Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді дебиторлық берешек» деген бап бойынша (ҚЕ-1 «Бухгалтерлік баланс» нысанының 012, 013, 014, 015, 016, 017, 018, 019, 021, 022, 023, 111, 112 және 113-жолдары):
есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы дебиторлық берешекті салыстыруды, есепті кезең үшін дебиторлық берешек сомасындағы өзгерістерді талдау ұсынылады;
байланысты тараптармен (өз жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен бақыланатын субъектілер) операциялар бойынша ақпарат;
күмәнді дебиторлық берешектер бойынша құрылған резерв жөнінде есеп айырысулар;
есептен шығарылу себептерін көрсете отырып, күмәнді дебиторлық берешектер бойынша есептен шығарылған үмітсіз борыштардың сомалары;
қажет болған кезде қосымша ақпарат беріледі.
«Қорлар» деген бап бойынша (ҚЕ-1 «Бухгалтерлік баланс» нысанының 020-жолы):
ҚЕ-5 «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» нысанының 4-кестесіне сәйкес түсімдерді, қорлардың құнсыздануынан болған залал және өзге өзгерістерді көрсететін есепті кезеңнің басында және аяғындағы баланстық құнның салыстырмасы ұсынылады;
қорларды бағалау әдісі;
қорлардың құнсыздануына арнап құрылған резерв жөнінде есеп айырысулар;
қорлардың құнсыздануына арнап резерв құру себептері;
қорлардың құнсыздануынан болған залалды қалпына келтіру себептері мен сомалары.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің әрбір тобының оны алу (жинау) кезінде әділ құнын айқындау кезінде пайдаланылған әдістер туралы ақпарат.
«Өзге қысқа мерзімді активтер» деген бап бойынша (ҚЕ-1 «Бухгалтерлік баланс» нысанының 022-жолы) жылдың басында, жылдың аяғында қозғалысы (ұлғаюы және азаюы) болуы туралы деректердің есепті кезеңдегі өзге қысқа мерзімді активтердің түрлері бойынша сипаттамасы.
«Ұзақ мерзімді активтер» деген бап бойынша (ҚЕ-1 «Бухгалтерлік баланс» нысанының 114, 116 және 118-жолдары):
ұзақ мерзімді активтердің әрбір сыныбы бойынша түсіндірме жазбаның ҚЕ-5 «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» нысанының 6, 7 және 9-кестелеріне сәйкес түсімдерді, амортизацияны, құнсызданудан болған залалды және өзге өзгерістерді көрсететін есепті кезеңнің басына және аяғына арналған баланстық құн салыстырмасы;
ұзақ мерзімді активтерді бағалау әдісін;
ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануына арналған резерв құру бойынша есептеулерді;
ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануына арналған резерв құру себептерін;
ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануынан болған залалдарды қалпына келтіру себептері мен сомасын;
уақытша тұрып қалған ұзақ мерзімді активтер туралы ақпаратты;
толығынан амортизацияланған, бірақ пайдаланылып жүрген ұзақ мерзімді активтер туралы ақпаратты;
ұзақ мерзімді активтерді жалдаудың түрлері, мерзімі, шарттары туралы ақпаратты ұсыну қажет.
Ұзақ мерзімді активтер қайта бағаланған құны бойынша көрсетілген жағдайда:
қайта бағалау жүргізілген күні туралы;
тәуелсіз бағалаушының қатысуы (лицензиясының нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып) туралы;
ұзақ мерзімді активтер объектісінің әділ құнын анықтау үшін пайдаланылған әдістер туралы ақпаратты ұсыну қажет.
«Аяқталмаған құрылыс және күрделі салымдар» деген бап бойынша (ҚЕ-1 «Бухгалтерлік баланс» нысанының 115-жолы) құрылысы аяқталмаған объектілердің шығындары мен оған күрделі салымдар бойынша ақпарат ұсынылады.
«Биологиялық активтер» деген бап бойынша (ҚЕ-1 «Бухгалтерлік баланс» нысанының 117-жолы):
биологиялық активтердің әрбір тобына сипаттама берілсін;
ауылшаруашылық өнімдерінің, оларды алу (жинау) сәтіндегі әрбір тобы мен биологиялық активтердің әрбір тобының әділ құнын анықтау үшін пайдаланылған әдістер туралы ақпарат;
іс жүзіндегі шығындар бойынша бағалау жағдайында түсімдер, амортизация, құнсызданудан болған залал және өзге өзгерістері түсіндірме жазбаның ҚЕ-5 «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» нысанының 8-кестесіне сәйкес көрсетілетін есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы баланстық құн салыстырмасы ашып көрсетілсін.
«Өзге ұзақ мерзімді активтер» деген бап бойынша (ҚЕ-1 «Бухгалтерлік баланс» нысанының 120-жолы) жылдың басында, жылдың аяғында қозғалысы (ұлғаюы және азаюы) болуы туралы деректердің есепті кезеңдегі өзге қысқа мерзімді активтердің түрлері бойынша сипаттамасы.
Жалға алынған немесе берілген, сондай-ақ концессияға берілген мүлік бойынша ақпарат.
«Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелері» деген бап бойынша (ҚЕ-1 «Бухгалтерлік баланс» нысанының 210 және 310-жолдары):
қарыз алудың түрлері, шарттары және сомалары;
қаржылық міндеттемелердің жекелеген сыныптары бойынша (әділ, амортизацияланған немесе қандай да бір өзге құн бойынша) кейіннен бағалау;
ҚЕ-5 «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» нысанының 10 және 11-кестелеріне сәйкес есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы өзгерістер.
мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша міндеттемелер жөніндегі ақпарат.
«Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиторлық берешек» деген бап бойынша (ҚЕ-1 «Бухгалтерлік баланс» нысанының 211, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 218, 219, 220, 221, 223, 224, 311, 312, 313 және 315-жолдары):
байланысты тараптармен (өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерімен және бақылайтын субъектілермен) операциялар бойынша ақпарат;
пайдаланылмаған еңбек демалыстары бойынша резерв бойынша берешекті есептен шығару және есепке алу жөнінде ақпарат;
кредиторлық берешекті есептен шығару сомалары мен себептері;
активтерді жалдау бойынша кредиторлық берешек туралы ақпарат.
«Бағалау активтері мен бағалау міндеттемелері» деген бап бойынша (ҚЕ-1 «Бухгалтерлік баланс» нысанының 222 және 314-жолдары):
құрылған бағалау міндеттемелері жөнінде ақпарат;
есепті кезең ішінде бағалау міндеттемелерінің пайдаланылған сомалары;
шартты міндеттемелер мен шартты активтердің қысқаша сипаттамасы.
«Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» деген бап бойынша (ҚЕ-1 «Бухгалтерлік баланс» нысанының 221-жолы) өзге кредиторлық берешек түрлері бойынша есепті кезеңдегі жылдың басында және аяғында болуы, қозғалысы (ұлғаюы және азаюы) туралы деректердің сипаттамасы.
«Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер» деген бап бойынша (ҚЕ-1 «Бухгалтерлік баланс» нысанының 315-жолы) өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер түрлері бойынша есепті кезеңдегі жылдың басында және аяғында болуы, қозғалысы (ұлғаюы және азаюы) туралы деректердің сипаттамасы.
«Өзге қысқа мерзімді міндеттемелері» деген бап бойынша (ҚЕ-1 «Бухгалтерлік баланс» нысанының 223-жолы) өзге қысқа мерзімді міндеттемелер түрлері бойынша есепті кезеңдегі жылдың басында және аяғында болуы, қозғалысы (ұлғаюы және азаюы) туралы деректердің сипаттамасы.
«Резервтер» деген бап бойынша (ҚЕ-1 «Бухгалтерлік баланс» нысанының 411-жолы) қайта бағаланған құнымен бағаланатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді қайта бағалау бойынша резервтер бойынша қалдықтар мен операциялар туралы ақпарат ұсынылады.
«Кірістер» және «Шығыстар» деген баптар бойынша (ҚЕ-2 «Қаржы қызметі нәтижелері туралы есеп» нысанының 100 және 200-жолдары) есепті кезеңге кірістер мен шығыстар бойынша ақпарат ұсынылады:
кірістердің әрбір санаты бойынша;
активтерді басқарудан түсетін кірістер мен шығыстар бойынша (инвестициялардан, қарыздардан, қаржылық жалдаудан сыйақылар және активтерді басқарудан түсетін өзге кірістер мен шығыстар бойынша);
негізгі құралдардың, инвестициялық жылжымайтын мүліктің шығуынан кірістер мен шығыстар бойынша;
негізгі құралдардың құнсыздануынан болған залалдар және бұрын танылған резервті қалпына келтіру бойынша;
қорлардың құнсыздануының резерв сомалары бойынша және бұрын танылған резервті қалпына келтіру;
есепті кезеңде және өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінде құрылған бағалау резервтерінің сомалары бойынша және бұрын танылған резервтерді қалпына келтіру.
«Өзге кірістер» деген баптар бойынша:
ұзақ мерзімді активтердің әрбір сыныбы бойынша – олардың әділ құнының өзгеруінен алынған кірістер туралы;
өтеусіз қабылданған ұзақ мерзімді активтер туралы;
ҚЕ-5 «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» нысанының 12-кестесіне сәйкес өзге кірістер бойынша ақпарат ұсынылады.
«Бюджетке түсетін салықтық кірістер» деген бап бойынша ҚЕ-5 «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» нысанының 13-кестесіне сәйкес (ҚЕ-2 «Қаржылық қызмет туралы есеп» нысанының 020 жолы) бюджетке түсімдерден есептелген кірістер туралы ақпарат ұсынылады.
трансферттер түсімдері мен республикалық және жергілікті бюджеттерге басқа да түсімдер.
«Өзге шығыстар» деген баптар бойынша:
ұзақ мерзімді активтердің әрбір сыныбы бойынша – активтерді түгендеу барысында айқындалған активтердің құнсыздануынан шыққан шығыстар туралы;
күмәнді дебиторлық берешектер бойынша резервтер туралы;
өтеусіз берілген ұзақ мерзімді активтер/қорлар туралы;
ҚЕ-5 «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» нысанының 14-кестесіне сәйкес басқа шығыстар бойынша ақпарат ұсынылады.
«Өтеусіз берілген ұзақ мерзімді активтер/қорлар» деген бап бойынша:
ҚЕ-5 «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» нысанының 16-кестесіне сәйкес өтеусіз берілген ұзақ мерзімді активтер/қорлар туралы.
«Концессиялық активтер бойынша ақпарат» деген бап бойынша:
ҚЕ-5 «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» нысанының 17-кестесіне сәйкес негізгі құралдар түрлері бойынша концессиялық активтердің болуы туралы.
«Өзара операциялар бойынша ақпарат» деген бап бойынша:
ҚЕ-5 «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» нысанының 18-кестесіне сәйкес элиминирлеу бойынша операцияларды анықтау мақсатында өзара операциялар бойынша кіріс және шығыс түрлері жөніндегі ақпарат.
7120 «Бюджетпен есеп айырысулар бойынша шығыстар» шоты бойынша есептелген және аударылған сомалар жөніндегі ақпарат бабы бойынша:
7120 «Бюджетпен есеп айырысулар бойынша шығыстар» шоты бойынша есептелген және бюджет кірістері мен шығыстарын элиминирлеу бойынша операцияларды анықтау мақсатында ҚЕ-5 «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» нысанының 19-кестесіне сәйкес бюджет түсімдерінің санаттары бойынша бюджетке аударылған сомалар туралы ақпарат.
«Бюджетке түсетін түсімдердің азаюы бойынша шығыстар» деген бап бойынша (ҚЕ-2 «Қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп» нысанының 137-жолы) ҚЕ-5 «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» нысанының 15-кестесіне сәйкес Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше мемлекеттералдындағы бұрын есептелген кірістерді және аударылған кеден баждарын түзету кезінде туындайтын бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің азаюы бойынша шығыстар туралы ақпарат ұсынылады.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша міндеттемелер» деген бап бойынша ҚЕ-5 «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» нысанының 20-кестесіне сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шартта көзделген қаржылық емес және қаржылық міндеттемелер бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жөніндегі міндеттемелер – инвестициялық шығындарды өтеу, сыйақы, жедел шығындарды өтеу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша міндеттемелер туралы шарттар бойынша және шарт бойынша ағымдағы жылы аударылған өзге де сомалар туралы ақпарат ұсынылады.
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет