«Шығыс Қазақстан облысының аумағында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағын белгілеу туралы» 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 385 қаулыға өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 123-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың қорғау аймағын белгілеу жобаларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысының аумағында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылы 27 желтоқсандағы № 385 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2472, 2008 жылғы 16 ақпанда № 21-22 (15931) «Дидар», № 25-26 (18459) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 1 қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Сапарбаев
Келісілді:
Шығыс Қазақстан облыстық
орман және аңшылық
шаруашылығы аумақтық
инспекциясының бастығы А. Калмыков
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2012 жылғы «___»_____________
№ ____ қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2007 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 385 қаулысына 1 қосымша
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағының көлемдері мен шекаралары
1. Қорғау аймағының жалпы аумағы – 22475 га, оның ішінде Риддер қаласының жерлерінде – 14318 га, Зырян ауданының жерлерінде – 8157 га.
2. Риддер қаласының жерлерінде қорғау аймағы ені екі шақырымнан кем емес, жаппай жолақ түрінде Қорықтың солтүстік – батыс шекарасын бойлай орналасқан. Қорғау аймағына Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Риддер орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиісті – 10218 га, шаруа қожалықтарына тиісті – 520,4 га, дербес қосалқы шаруашылықтарға тиісті – 1,3 га, «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесіне («Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» А-9 автожолы) тиісті – 101,3 га, Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Пихта орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиісті – 3102 га, қосалқы жерлерге тиісті – 375 га жерлер кіреді.
3. Зырян ауданының жерлерінде қорғау аймағы ені екі шақырымнан кем емес, жаппай жолақ түрінде Қорықтың оңтүстік шекарасын бойлай орналасқан. Қорғау аймағына Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Өскемен орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиісті – 610 га, Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Зырян орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиісті – 7547 га жерлер кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |