Когнитивті лингвистика пәНІ, оның зерттеу объектісі. Когнитивтіклингвистиканың калыптасу тарихы рахышова Мадина Маратбековна Глубокий ауданы «Прапорщиково орта мектебі» кмм
КОГНИТИВТІ ЛИНГВИСТИКА ПӘНІ, ОНЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ. КОГНИТИВТІКЛИНГВИСТИКАНЫҢ КАЛЫПТАСУ
КОГНИТИВТІ ЛИНГВИСТИКА ПӘНІ, ОНЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ. КОГНИТИВТІКЛИНГВИСТИКАНЫҢ КАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ Рахышова Мадина Маратбековна Глубокий ауданы «Прапорщиково орта мектебі» КММ Когнитивизм – адам ақыл ойын, олармен байланысты ментальды процестерді зерттеу объектісі етіп алган ғалымдарға бағытталады. Қазіргі кезде ғылым салаларында «когнитивті төңкеріс» туралы сөз болуда. Американдық белгілі ғалым Н.Хомский: «Когнитивтік төңкеріс ақыл – ой мен мыйдың жағдайын, олардың адамның когнитивтік болмысына: біліміне, ұғымына, түсінігі мен сеніміне қалай ықпал ете алатынын зерттейді» (Хомский, 1999) деп жазды. Адамның білімі мен түрлі ақпараттарды қабылдауына қатысты процесс когнитивтік немесе когницизм деп аталады. Оларға «интеллектуалды», «менталды», «талдамалы» терминдері синоним бола алады.
Адам интелектісімен, ойлау заңдылығымен ерте заманнан бері логика, филасофия, физиология,психология айналысып келеді. Филасофияда таным теориясымен айналысатын гносеология бөлімі бар. Алайда когнивистика аясында байырғы мәселелер жағңаша түсіндіріле тібасталды.
Когнивистикада адами когницияға басты мән беріледі, ол тек бақылауға алынған іс – әрекет деңгейінде зерттеліп қоймай, оның менталды репрезентациясы (ішкі қабылдау, модель), символы, даму стратегиясы (білім негізінде жүзеге асатын іс – әрекет) , адамның когнитивтік әлемі, тілдің белсенділік әрекетімен ілгерілеп отыратын мінез – құлқы мен іс – әрекеті бойынша зерттеліп, мотивтері мен қалыптасу нәтижесі қатар қаралады.
1960 жылы американдық профессорлар Дж. Миллер мен Дж. Бруннер Гарвард университетінде когнитивтік зерттеудің алғашқы орталығын құрды.
20 ғасырдың аяғында тілді зерттеу адамның танымдық қызметі тұрғысынан қарала басталды. Сөйтіп, когнитивтік лингвистика антропоцентристік парадигма аясында когнитивизм аясында пайда болды. Когниция – когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымы. Ол білім мен ойлаудың тіл арқылы танылуын қарастырады. Сондықтан да когнитивизм тіл білімімен тығыз байланысты. Тіл – мәдениет пен қоғамнан да жоғары дәрежеде адам танымы мен мінез – құлқына жол ашады.
Адам санасы мен ойлау процесіндегі құбылыстар тіл арқылы ғана белгілі болады.
Когнитивтік лингвистика сияқты психолингвистика, этнолингвистика, соцлингвистика ғылымдарының пайда болуы тіл білімінде үлкен өзгеріс тудырды. Лингвистика тілдің жалпы құрылымын зерттейтін ғылымнан тілді адам ойлауы мен танымына байланысты қарастыратын гуманизацияланған ғылымға айналды.
Когнитивтік лингвистиканың негізгі құралдары: есте сақтау бірліктері – фреймдер, концептілер, гештельт жіне т.б когнитивтік лингвистика дүние бейнесін модельдеуге ( тұрпаттауға), тілдік сананы модельдеуге бағытталады.
Дүние туралы белгілі бір дүниетанымның қалыптасуы психикалық сәулеленудің үш деңгейінің өзара қатысымдылығына байланысты: сезімдік қабылдау деңгейі, қабылдауды қалыптастыру деңгейі (жалпыландыру, дерексідену), сөйлеу – ойлау (речемыслительный)процесс деңгейі.
Когнитивтік лингвистика мен дәстүрлі құрылымдық сементикалық лингвистика бір – бірімен альтернативті ойлаудың ағымы емес, олар лингвистикалық ақиқатты танудың әртүрлі қырлары.
Когнитивтік лингвистикада тілдің таным құралы жіне танымның алғы шарты екендігі басты назарда ұсталынады. В. Гумбольдт кезінде тілдің адам болмысы мен танымының барлық аясын қамтитын адами рухтың басты қызмет екендігін баса көрсеткен болатын.
Когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдары: ойлау, білім концептуализациялау, концептуалды жүйе, когниция, дүниені тілдік көру, , когнитивтік база,ментальды репрезентация, когнитивтік модель, категоризация, вербализация, менталдылық, мәдени константтылық, концепт, дүние бейнесі, концептосфера,ұлттық мәдени кеңістік т.б. Когнитивтік лингвистика – 20 ғасырдың 700 жылдары Европада кең таралған лингвистикалық бағыт болып табылады. Бұл лингвистикалық бағыт өзінің пайда болған отаны Америка Құрама Штаттарында «когнитивті грамматика» деп аталса, Ресейде «когнитивті сементика» - когнитивті зерттеулердің алғашқы бастауы болды. Когнитивтік лингвистиканың ерекшелігі жаңа піннің тіл туралы ғылым аясында жорамалдануында да, тіпті зерттеуге жаңа құралдар мен әдістемелер енгізуінде де емес, танымды жаңашатәдіспен бекітуінде болып отыр. Когнитивтік лингвистиканың пайда болуы лингвистиканылық зерттеудегі әдіснамалық ілгерілеу болды. Іргелі ілгерілеудің құрамдас бөлігі Н. Хомскидің генеретивті грамматикасының пайда болуымен, лингвистикалық прагматиканың дүниеге келуімен, лингвистикалық сементиканың қарқынды дамуымен, мәтін теориясымен, осы теорияның шынайы дискурстағы тілдік бірліктердің сипатына ерекше ден қоюымен тығыз байланысты. Барлық осы зерттеу бастамаларында тілдік фактілерді түсіндіру идеясы алдыңғы қатарға шықты. Мәселен, тілдік прагматикада мүндай фактілер адам қызметінің әлеуметтік контекстегі ұстанымдары түрінде болса, когнитивтік лингвистикада құрылым, адам санасындағы үдерістер, атап айтқанда: фрейм, когнитивті модель, менталды кеңістік тілді зерттеудің модельді құрылымдары ретінде алынады. Тілді зерттеудің когнитивтік (танымдық) сипатының қалыптасу тарихын түсіндіру үшін зерттеушілер мынадай фактіні келтіреді. 1970 жылдары американдық лингвист У. Чейфтің зерттеу еңбектерінде жарияланды. Зерттеуде ағылшын тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі мен интонацияға қатысты грамматикалық категориялар: белгілілік/ белгісіздік, мәлімділік (бұрыннан белгілі) / жаңалық (сөйлем арқылы берілетін ақпараттың сипатына байланысты) ұғымдарының адам жадының құрылымына және адам санасында ақпараттың жаңғыруы (белсенділігі) құбылысына қатысы түсіндіріледі. Чейфтің түсіндіруінше, ағылшын тілінде қандай да бір оқиға туралы ақпарат беретін хабарлы сөйлемдердегі интонация мен мезгіл пысықтауыш оқиға туралы ақпарат адам жадының қандай тереңдігінен алынып отыр (бұрынғы өткен оқиға немесе жаңадан болған оқиға), бұл ақпаратты алу үшін қаншалықты когнитивті күш – жігер жұмсалды – кейбір оқиғаларды жадыда жаңғыртудың (белсенділігін арттырудың) бағасы қандай? Деген мәселеге қатысты болады. Мысалы: (1) Steve fell in the SWIMMING pool (мезгіл пысықтауыш жоқ). Стив бассейнге құлады. (2) Steve fell in the SWIMMING pool yesterday. (мезгіл пысықтауышқы екпін түсіп тұрган жок). Стив кеше бассейнге құлады. (3) Last CRISTMAS, Steve fell in the swimming pool. Стив бассейнга алдыңғы Раждествода құлады(мезгіл пысықтауыш тіркес екпінімен айтылып тұр). Ағылшын тілінде берілген сөйлемдерде фразалық екпін түскен сөздер бас әріппен жазылған. Бірінші сөйлемде мезгіл пысықтауышытың болмауы оқиғаның жақын арада өткенін немесе ақпараттың адам жадысының беткі қабаптында (Чейфтің термині бойынша: поверхностной памяти), Чейфтің кейін ұсынған термині бойыншабелсенді статуста тұрғанын білдіреді. Ақпараттың бұл сияқты белсенді статуста тұруы оқиға өткен мезгілдің арақашықтығына, кейінгі ақпараттар ағынының маңыздылығына байланысты. Әрине оқиғаның жуық арада өткенін білдіретін өзге де тілдік белгілер кездеседі (оқиғаның мазмұны, мезгілді білдіретін сөздер т.б). Басқашса айтқанда, мезгіл пысықтауыштың қатыспауы ақпараттың жадының үстіңгі қабатында (терең қабатында емес) болып, оның белсенділік бағасы ауқымды емес екендігін танытады. Бұндай ақпаратты қабылдауға тілдік құралдар көп шығындалмайды. Ал фразалық екпін түспейтін мезгіл пысықтауышты сөйлемде хабарланған оқиға туралы ақпарат «ұсақ» жадыдан тереңде емес (Ченкидің термині бойынша: жартылай белсенді). «Жартылай белсенді» жадыда оқиғаның өту барысы ретімен (жүйелі түрде) сақталады. Терең жады жағдайында кейінгі ақпараттарға орын беретін бұрынғы ақпараттағы оқиға реті ұмытылады, оларды логикалық талдау арқылы ғана қалпына келтіруге болады. Фразалық екпінге ие болған мезгілдік пысықтауышты пайдалану арқылы сөйлемдегі ақпараттың жадының терең қойнауынан алынғандығын немесе жадыдағы ақпараттың белсенді емес статуста тұрғаны байқалады. Жадының терең түкпіріндегі ақпарат жылдап, он жылдап сақталуы мүмкін. Терең жад пен «ұсақ» жадтың арақатысы «ұсақ» және үстіңгі жадтарға қарағанда әлсіз көрінеді. Адам жадысының ақпаратты іздеу, активтендіру, бейактивтендіру үдерісі жүретін құрылымын түсіндіру үшін Чейф белгілік/белгісіздік, мәнлімділік/ жаңалық категорияларына құрылған когнитивтік талдауды ұсынады. Чейфтің түсінуінше белгілік категориясы бойынша айтушы оқиға жөнінде өз пайымдауын хабарлайды, тыңдаушы хабарламадағы мәліметке сәйкес өзінің жадынан қайталанбайтын концепт түрін табады. Мәлімділік категориясына сәйкес айтушының ақпаратты тыңдаушының жадындағы дайын концептілік құрылымды активтендіреді. Сөйтіп, европа лингвистикасында когнитивтік грамматика мәтін, ақпараттың берілуі, тыңдаушы мен айтушының арақатынасы, ақпаратты қабылдауда, қорытуда,қайта жаңғыртудағы адам санасының танымдық құрылымы,қызметі деген мәселелерді негізге алып,қалыптасты.
Когнитивті лингвистика бірнеше ғылым түрлерінің өзара қатысымдылығы негізінде пайда болды: