Балалардың құқықтық қорғалу деңгейін анықтауға қатысты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) жылсайын өткізілетін балалардың құқықтық қорғалу деңгейін анықтау бойынша әлеуметтік зерттеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілгенін хабарлайды. Қызметтерді жеткізуші болып «Форсайт орталығы» ҚҚ анықталды. Әлеуметтік зерттеудің шеңберінде балалардың өз құқықтарын, міндеттерін және оларды іс жүзінде қолдану деңгейін бағалау арқылы, сондай-ақ ата-аналардың (заңды өкілдердің) Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелерін орындауын зерделеу арқылы Балалардың құқықтық қорғалу деңгейін анықтау жоспарлануда. Сауалнамаға жалпы орта білім беретін мектептердің 10 жастан 17 жасқа дейінгі білім алушылары қатысуы керек. Техникалық ерекшелікке сәйкес әлеуметтік зерттеуді 14 облысты және республикалық маңызы бар 3 қаланы, кемінде 13 шағын қаланы және кемінде 50 ауылдық елді мекенді қоса алғанда, ҚР әртүрлі үлгідегі 80 елді мекенді қамти отырып, ҚР барлық 20 өңірінде қашықтықтан қосымшаға сәйкес жүргізу жоспарлануда.
Сауалнаманытолтыруғаарналғансілтемелер:
https://www.survio.com/survey/d/D2L0F9E9U8T4L8W3U -ата-аналарғаарналғансауалнама; https://www.survio.com/survey/d/W0L6S9T1K9X2N8M8W - балаларғаарналғансауалнама; Осыған байланысты көмек көрсетуді және сауалнаманы уақтылы және сапалы толтыруға жауапты тұлғаны анықтауды сұраймыз. Сауалнаманың өткізу мерзімі а.ж.6 қазанға дейін. Барлықсұрақтар бойынша О.П. Буторинамен хабарласуға болады,
тел. 8 7773031551.
Қосымша: п.
Комитет төрағасы Н. Оспанова