Коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарлардың келiп түсу және пайдалану Қағидасын бекіту туралы



Дата14.06.2016
өлшемі70.37 Kb.
#136057
     
Коммуналдық меншiкке келiп

түскен қараусыз қалған жануарлардың

келiп түсу және пайдалану Қағидасын

бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Заңының 18 бабының 22 тармақшасы және 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы №269-ХІІІ Азаматтық Кодексінің 246 бабына және Қазақстан Республикасы Премьер - Министрiнiң 2011 жылғы 18 сәуiрдегi №49-ө «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» өкiмiне сәйкес, аудан әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарлардың келіп түсу және пайдалану Қағидасын бекітілсін.

2. Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарлардың келіп түсу және пайдалану Қағидасының орындалуы «Қарасай аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Д. Сансызбаев) тапсырылсын.

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Исағұловқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.



Аудан әкімі                             А. Дәуренбаев
 
 

Аудан әкімдігінің 2013 жылғы «____» ________________ «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарлардың келіп түсу және пайдалану Қағидасын бекіту туралы» № _________ қаулысына келісім беті.



Енгізуші

Қарасай аудандық қаржы

бөлімінің басшысы Д. Сансызбаев

Келісілді

Аудан әкімінің

орынбасары Ж. Исағұлов

Аудан әкімі

аппаратының басшысы А. Серікқазы

Аудан әкімі аппаратының

заң және мемлекеттік

құқықтық бөлімінің басшысы М. Джанзаков

Қарасай аудандық ветеринария

бөлімінің басшысы С. Иманқұлов



Жіберілсін: Қарасай аудандық қаржы бөліміне, аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік құқықтық бөліміне, Қарасай аудандық ветеринария бөліміне.

Жалпы бөлімінің басшысы К. Интина
Қарасай ауданы әкiмдiгінің
2013 жылғы «____» ______
№____ қаулысына қосымша

Коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарлардың келiп түсу және пайдалану Қағидасы
1. Жалпы қағида
      1. Осы қағида Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексiне, 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Заңына сәйкес жасақталды және коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану тәртiбiн айқындайды.
      2. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншікке түседі және осы қағиданы басшылыққа алып пайдаланылады.
2. Жануарлардың аудандық коммуналдық меншiкке түсуi
3. Жануарлардың аудандық коммуналдық меншiкке түсуi тапсыру - қабылдау актiсi негiзiнде, жүзеге асырылады. Тапсыру - қабылдау актiсi жануарларды тапсырған тұлғаның, тиiстi қала, ауылдық округ әкiмi аппаратының (бұдан әрi – әкiм), «Қарасай аудандық ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – ветеринария бөлiмi), «Қарасай аудандық қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң (бұдан әрi – қаржы бөлiмi) жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жасалады. Тапсыру - қабылдау актiсiн қаржы бөлiмiнiң басшысы немесе оны алмастыратын өкiлеттi тұлға бекiтедi.

Тапсыру – қабылдау актiсiнде мiндеттi түрде аудандық коммуналдық меншiкке түсетiн жануарлардың жасы, тұқымы, түр-түсi, жынысы, күйi және саулығы көрсетiлуi тиiс.


3. Жануарларды уақытша күтiмге алу
4. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды, уақытша күтiмге алу үшiн әкiм анықтаған жеке адамдарға шаруа немесе фермер қожалықтарына немесе мемлекеттiк заңды тұлғалардың қосалқы шаруашылықтарына 6 (алты) айға дейiнгi мерзiмге келiсiм - шарт негiзiнде бекiтiлiп берiледi.

5. Әкiм жануарларды уақытша күтiмге алатын түлғаларды анықтау кезiнде олардың жануарларды күтiмге алу жағдайына алдын - ала зерттеу жүргiзедi. Жануарларды уақытша күтiмге алушы тұлғаны анықтау кезiнде мiндеттi түрде, күтiмге алатын тұлғаның жануарды бағып - күтетiн орын жайының (қорасы, ауласы), құрал - сайманының, тәжiрибесiнiң болуы, сонымен қатар, жануарларға адамгершiлiк тұрғыда қарай алатыны ескерiлуi тиiс.

Зерттеу қорытындысы қаржы бөлiмiне ұсыныспен қоса жолданады.

6. Жануарларды уақытша күтiмге алушы тұлғамен келiсiм - шарт әкiмнiң ұсынысы негiзiнде қаржы бөлiмiмен жасақталады.

7. Жануарларды күтiмге алу шығыны күтушi тұлғаға қаржы бөлiмiмен жергiлiктi бюджет есебiнен өтеледi. Өтеу шығынына сол жердегi нарықтық бағамен белгiленген зоотехникалық нормаға негiзделген жем, шөптiң құны және күтушiнiң еңбек ақысы кiредi. Күтушiнiң еңбек ақысының мөлшерi Қазақстан Республикасы Заңында белгiленген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауы және мемлекеттiк заңды тұлғалар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiнде белгiленген мөлшерден артық болмауы тиiс. Өтеу шығынынан жануарларды күтiмге алу кезеңiнде, олардан түскен пайда, сол елдi мекендегi нарықтық бағамен есептеп шегерiледi.

8. Жануарларды күтiмге алған тұлға олардың өлiм - жiтiмi мен жарамсыздығына кiнәсi болған жағдайда, сол жануардың құны мөлшерiнде жауапты болады.

9. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды ветеринариялық қадағалау және жұқпалы ауруларға қарсы егу iс - шаралары ветеринария бөлiмiнiң қадағалауымен жүзеге асырылады. Ветеринариялық қадағалау және егу шығындары жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылады.
4. Жануарларды бағалау, есепке алу және бекiтiп беру
10. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды одан әрi пайдалану үшiн оларды аудандық коммуналдық мүлiктер тiзбесiне енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жүргiзiледi. Тiзбеге енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы бөлiмi жүзеге асырады.

11. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейiн жануарларды аудандық әкiмдiктiң қаулысымен тиiстi әкiм қабылдау - беру актiсi негiзiнде аппаратының теңгерiмiне бекiтiлiп берiледi. Теңгерiмге алу Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен қабылдау - беру актiсi негiзiнде жүзеге асырылады.


5. Жануарларды одан әрi пайдалану
12. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен қараусыз жануарларды мынадай тәсiлдердiң бiреуiмен пайдаланылады:

1) қосалқы шаруашылығы бар мемлекеттiк заңды тұлғалардың теңгерiмiне өтеусiз беру;

2) аукцион арқылы сату;

3) сауда ұйымдары арқылы сату;

4) жануарларды (ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарынан басқа) қорғайтын арнайы орындарға немесе жеке адамдарға өтеусiз беру.
      13. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды одан әрi пайдалану тәсiлiн әрбiр нақты жағдайда аудандық әкiмдiктiң қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрi - комиссия) жануарларды уақытша күтiмге берiлген мерзiм iшiнде шешедi. Комиссия шешiмi хаттамамен рәсiмделедi.
6. Жануарларды бұрынғы меншiк иесiне қайтару
14. Жануарларды аудандық коммуналдық меншiкке өткеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншiк иесiне үйiрсектiгi сақталғанын немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дәлелдейтiн мән - жайлар анықталған жағдайда комиссияның келiсiмiмен, ал келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда сот шешiмiмен қайтарылуға жатады.

15. Жануарларды қайтару бұрынғы меншiк иесiнiң оларды бағуға байланысты шығынды жергiлiктi бюджет кiрiсiне жануарларды пайдаланудан алынған табысты шегере отырып өтегеннен кейiн жүзеге асырылады.

16. Жануарларды бұрынғы меншiк иесiнен оларды қайтару жөнiнде өтiнiш түскенге дейiн сатылып кеткен немесе басқа меншiк иесiне өтеусiз берiлiп кеткен жағдайда жануарларды сатудан түскен түсiм немесе оның құны жергiлiктi бюджет есебiнен өтеледi. Бұл жағдайда жануарларды бағуға байланысты жұмсалған қаржының мөлшерi шегерiледi.

17. Жануарларды қайтару немесе оның құнын өтеу бұрынғы меншiк иесi мен қаржы бөлiмi арасында жасалатын келiсiм- шартпен рәсiмделедi.


7. Қорытынды қағида

18. Жануарларды сатудан түскен қаражат заңнамада белгiленген тәртiппен жергiлiктi бюджет кiрiсiне толық есептеледi.



19. Жануарларды есепке алумен, бағалаумен, сатумен және өтеусiз берумен байланысты шығындар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет