МазмұНЫ: Кiрiспе Араб графикасына негiзделген қазақ жазуының ерекшелiктерi Орыс графикасына негiзделген қазақ әліпбиiнің жобалары (хіхғ.)



бет1/5
Дата20.09.2022
өлшемі91.5 Kb.
#460988
  1   2   3   4   5
jhajuhfabz


МАЗМҰНЫ:
1.Кiрiспе
2.Араб графикасына негiзделген қазақ жазуының ерекшелiктерi
3. Орыс графикасына негiзделген қазақ әліпбиiнің жобалары (ХІХғ.)
4. А. Байтұрсынұлы ұсынған Төте жазудың графика-орфографиялық ерекшелiктерi
5.қорытынды
6.пайдаланылған әдебиеттер тізімі


КIРIСПЕ

Жазу – адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатарына жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігi. Адамзат мәдениетiнің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу типiнің пайда болуынан басталса, өркениеттің әлемиетке ұласуы жазба коммуникацияның, жазба тiлдің жоғары даму сатысына жеткенiнен хабар бередi. Жазу кеңістiгi ұлғайғаны соншалық оны жазу және мәдениет, жазу - өркениет, жазу - қоғам, жазу мен ойлау, жазу мен тiл, жазу және коммуникация сияқты iргелi ұғымдар оппозициясында қарауға болады. өйткені дыбыстық жазу адамның эмоциялық, экспрессивтiк сезiмдерiн таңбалаудан гөрi, ақпарат тарату, сақтау қажеттiлiгi туғанда мемлекеттің пайда болуымен қатар шықты. Сондықтан бүгінгi таңда ұлттың мәдени-әлеуметтiк, экономикалық дамуы жазудың тұрақтылығына, жетiлуiне қатысты болады.


Жазба мәдениетi дамыған ареалдардың жазу тарихында үш кезең болды: 1) әркім өз қалауынша жазған шығармашылық кезең; 2) жазба коммуникацияның ұлғаюымен байланысты жазу узусы болған кезең; 3) жазу нормасы, орфографиясы пайда болған кезең [1, 30 б.]. Сонда ХХ ғ. жазу нормаларын қалыптастыру, негiздеу дәуірi болса, ХХI ғ. жазудың таңбалық, код болу сипаты күшейетiн, әлеуметтік коммуникацияны өзгертiп, қайта құратын, ауызша тiлдi (ары қарай АТ) игеретiн кезеңi болады.
Қазақ жазуының тарихы өте тереңде жатыр. Қазіргі Қазақстан мен Орта Азия территориясындағы ертедегі тайпалар өмірін бейнелейтін, тасқа қашап жазған мұндай жазулар жиі кездеседі. Бұл сияқты тасқа қашалған жабайы аңдар, хайуанаттар, адам бейнелері, аңшылық, садақ тарту, желекті найза ұстау, жыртқыштан қорғану, ертедегі адамдардың киелі түсініктері, ғұрыптары мен әр алуандас көріністері аң аулап, мал баққан ертедегі тайпалардың тұңғыш жазуы болып табылады. Тіл білімінің терминімен айтсақ, бұл ертедегі сурет жазуы немесе пиктографиялық жазу.
Жалпы жазу түрлерінің ғұмыры адамзат өркениетінің ғұмырымен өлшенедi. Тiл-тілдің барлығында бiр буынды түбірлердің көптігі сөз жазудан дыбыс жазуға өту сатысын растайды. Ойжазу, суретжазу, буынжазу, сөзжазу, дыбысжазу терминдерi пиктографиялық, семасиографиялық, силлабографиялық, фонемографиялық жазу түрлерiне сәйкес келедi.
Қазақ халқының пайдаланған дыбыстық жазу түріне көне түркі жазуы, ұйғыр, араб жазуы және А.Байтұрсынұлының төте жазу (ТЖ) үлгісi, латын графикасына негiзделген қазақ жазуы (ЛГнҚЖ), орыс графикасына негiзделген қазақ жазуы (ОГнКЖ) жатады. Аталған әліпби түрлерi диплом жұмысында жекелей зерттеу объектiсi болатындықтан бүгінге дейiн аталған жазу түрлерi зерттеу нысанына алынбағандықтан, жұмысымызда жоғарыдағы әліпби түрлерінің белгiлi бiр ерекшелiгi мен әліпби құрамы, ондағы әріп пен фонема сәйкестiгi, iшiнара емле ережелерi туралы сөз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет