Коммунистік партияның ҚОҒамдық Өмірдегі күші мен ықпалының КҮшеюі



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата08.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482675
  1   2   3   4   5   6
11 СЕМИНАР АМАНҚҰЛОВА



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
«
ШЕТЕЛ ТІЛІ: ЕКІ ШЕТЕЛ ТІЛІ» ФАКУЛЬТЕТІ
ОРЫНДАУШЫ: АМАНҚҰЛОВА З.І.
ТОБЫ: 101(2)
ТЕКСЕРУШІ: БЕГИМБАЕВА Ж.С
Т.Ғ. К., ДОЦЕНТ
А
ҚТӨБЕ Қ. 2023 Ж 
КЕҢЕСТІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫС ҮЛГІСІНІҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ


ЖОСПАРЫ: 
КОММУНИСТІК ПАРТИЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРДЕГІ КҮШІ МЕН ЫҚПАЛЫНЫҢ КҮШЕЮІ.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Ф.И. ГОЛОЩЕКИННІҢ «КІШІ ҚАЗАН» ИДЕЯСЫ: МӘНІ МЕН САЛДАРЫ.ҰЖЫМДАСТЫРУДЫҢ
ӘДІСТЕРІ МЕН ҚАРҚЫНЫ. 
ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНА ҚУҒЫН-СҮРГІННІҢ БАСТАЛУЫ. СТАЛИНДІК ҚУҒЫН-СҮРГІН, ОНЫҢ
АУҚЫМЫ ЖӘНЕ АУЫР ЗАРДАПТАРЫ.
БАЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ТӘРКІЛЕНУІ.
КӨШПЕЛІ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ КӨШПЕЛІ ҚАЗАҚ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫН ОТЫРЫҚШЫ ӨМІРГЕ
КҮШТЕП КӨШІРУ. АШАРШЫЛЫҚ САЛДАРЫ.
КЕҢЕСТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ.
ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН. ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ
МАЙДАН ІС-ҚИМЫЛДАРЫНА, ПАРТИЗАНДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСҚА ҚАТЫСУЫ.


КОММУНИСТІК ПАРТИЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРДЕГІ КҮШІ МЕН ЫҚПАЛЫНЫҢ КҮШЕЮІ.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1920 
ЖЫЛДАРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДА ЕЛДЕ КЕҢЕС ӨКІМЕТІ ТОЛЫҚ
ОРНАТЫЛДЫ. ОНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ МЕН ӘКІМШІЛІК ЖҮЙЕСІ
ҚАЛЫПТАСТЫ. КЕҢЕСТІК СОЦИАЛИСТІК РЕСПУБЛИКАЛАР ОДАГЫ ҚҰРЫЛЫП,
ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢЫ – КЕҢЕСТІК КОНСТИТУЦИЯ ҚАБЫЛДАНДЫ. АЗАМАТ
СОҒЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ҚИРАҒАН ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАЛПЫНА
КЕЛТІРІЛДІ. СОНДЫҚТАН ДА 1920 ЖЫЛДАРДЫҢ ОРТАСЫНДА КЕҢЕСТЕР ОДАҒЫНДА
СОЦИАЛИЗМ ОРНАТУДЫҢ ДОКТРИНАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛА БАСТАДЫ. ОЛ ҮШ ҮЛКЕН
МІНДЕТТІ: ИНДУСТРИАЛАНДЫРУДЫ (АГРАРЛЫҚ ЕЛДЕН ДАМЫҒАН ИНДУСТРИЯЛЫ
ЕЛГЕ); ҰЖЫМДАСТЫРУДЫ (СОЦИАЛИСТІК ҰЖЫМДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН
ҚҰРУ); МӘДЕНИ РЕВОЛЮЦИЯНЫ (САУАТСЫЗДЫҚПЕН КҮРЕСУ, КЕҢЕСТІК БІЛІМ
ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ, ҒЫЛЫМ МЕН МӘДЕНИЕТТІ, КЕҢЕСТІК ИДЕОЛОГИЯҒА ҚЫЗМЕТ
ЕТЕТІН ЗИЯЛЫ ҚАУЫМДЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ) ҚАМТЫДЫ.
АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ ЕЛДІ ИНДУСТРИАЛАНДЫРУ САЯСАТЫНАН БАСТАЛДЫ. 1925
ЖЫЛЫ ЖЕЛТОҚСАНДА БКП(Б) XIV СЪЕЗІ ӨТІП, ОНДА ЕЛДІ ИНДУСТРИАЛАНДЫРУ
БАҒЫТЫНА КӨШІРУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ. БҰЛ ШЕШІМ БОЙЫНША
ҮКІМЕТТІҢ АЛДЫНА ЖЕДЕЛ ҚАРҚЫНМЕН АГРАРЛЫ ЕЛДЕН ДАМЫҒАН ЕНЕРКӘСІПТІ
ЕЛГЕ АЙНАЛДЫРУ МАҚСАТЫ ҚОЙЫЛДЫ. ИНДУСТРИАЛАНДЫРУ БАСТАЛҒАН КЕЗДЕ
ҚАЗАҚ АКСР-НЫҢ ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНІМІ 84,5%-ДЫ ҚҰРАСА,
АУЫЛДА ТҰРАТЫН ХАЛЫҚ САНЫ 90% БОЛДЫ. ОДАҚТЫҢ ОРТАЛЫҚ ОРГАНДАРЫ
АЛҒАШҚЫ КҮННЕН БАСТАП ҚАЗАҚ ӨЛКЕСІН КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ ШИКІЗАТ
БАЗАСЫНА АЙНАЛДЫРУ БАҒЫТЫН КЕЗДЕДІ. 


ЖОҒАРҒЫ БАСШЫЛЫҚ ЖЕР БАЙЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУДІҢ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАСАП, ТҮСТІ МЕТАЛЛ,
КӨМІР ЖӘНЕ МҰНАЙ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУДЫ НЕГІЗДЕДІ. ИНДУСТРИАЛАНДЫРУ ЖЫЛДАРЫ
ІРІ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ ОРЫНДАРЫ ДА САЛЫНДЫ. ОЛАРҒА СЕМЕЙ ЕТ КОМБИНАТЫ, ГУРЬЕВ
БАЛЫҚ ЗАУЫТЫ, АЛМАТЫ ЖЕМІС-КОНСЕРВІ КОМБИНАТЫ, ЖАМБЫЛ, МЕРКЕ, ТАЛДЫҚОРҒАН
ҚАНТ ЗАУЫТТАРЫ ЖАТАДЫ. ЕГЕР 1926 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА 44 ҚАЛА ЖӘНЕ ҚАЛАШЫҚ БОЛСА,
1939 
ЖЫЛЫ ОЛАРДЫҢ САНЫ 81-ГЕ ЖЕТТІ. ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ САНЫ 8,2%-ДАН 27,7%-ҒА
ӨСТІ. ИНЖЕНЕР-ТЕХНИКАЛЫҚ, ЖҰМЫСШЫ КАДРЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІ ТОБЫ ҚАЛЫПТАСТЫ. 1926
ЖЫЛЫ ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ІСТЕЙТІН ЖҰМЫСШЫЛАР САНЫ 10,7%-ДЫ ҚҰРАСА, 1939
ЖЫЛЫ БҰЛ КӨРСЕТКІШ 33,8%-ҒА ЖЕТТІ. СОНЫМЕН ҚАТАР ИНДУСТРИАЛАНДЫРУДЫҢ
КЕЛЕҢСІЗ ЖАҚТАРЫ ДА АЗ ЕМЕС ЕДІ. ИНДУСТРИАЛАНДЫРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮЛКЕН
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОРДЫ ҚАЖЕТ ЕТТІ, АЛ ОЛ ҚАРЖЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕСЕБІНЕН ЖӘНЕ ІШКІ
НЕСИЕ АРҚЫЛЫ АЛЫНДЫ. ИНДУСТРИАЛАНДЫРУДЫҢ ОДАҚ БОЙЫНША ДАМУЫ ҚАЗАҚСТАН
ӨНЕРКӘСІБІН ШИКІЗАТ ӨНДІРУ БАҒЫТЫНДА ҒАНА ДАМЫТУҒА ӘКЕЛІП СОҚТЫ. ГАЗ, МҰНАЙ,
МЕТАЛЛ ӨҢДЕЙТІН, МАШИНА, СТАНОК, ПРИБОР, АВТОМОБИЛЬ ЖАСАУ КӘСІПОРЫНДАРЫ
САЛЫНБАДЫ. ҚАЗАҚ РЕСПУБЛИКАСЫ ЕЛДІ ЭЛЕКТРЛЕНДІРУ, ТЕМІРЖОЛДАР МЕН ОНЫ
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ОДАҚ КӨЛЕМІНДЕ АРТТА ҚАЛДЫ. 1928-1939 ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАН
ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ХАЛҚЫ ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРДЫҢ ЕСЕБІНЕН ҒАНА 1,8 МИЛЛИОН АДАМҒА
ЖЕТТІ. НӘТИЖЕСІНДЕ 1920-1930 ЖЫЛДАРЫ БОЛҒАН АШТЫҚ ПЕН ҚОНЫС АУДАРУДЫҢ
САЛДАРЫНАН ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҮЛӨСІ 1939 ЖЫЛЫ 33,8 %-ҒА ДЕЙІН ТЕМЕНДЕП КЕТТІ.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет