Коммунистік партияның ҚОҒамдық Өмірдегі күші мен ықпалының КҮшеюі


Ф.И. ГОЛОЩЕКИННІҢ «КІШІ ҚАЗАН» ИДЕЯСЫ: МӘНІ МЕН САЛДАРЫ.ҰЖЫМДАСТЫРУДЫҢ



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата08.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482675
1   2   3   4   5   6
11 СЕМИНАР АМАНҚҰЛОВА

Ф.И. ГОЛОЩЕКИННІҢ «КІШІ ҚАЗАН» ИДЕЯСЫ: МӘНІ МЕН САЛДАРЫ.ҰЖЫМДАСТЫРУДЫҢ
ӘДІСТЕРІ МЕН ҚАРҚЫНЫ.
БҰЛ ЖЕРДЕ МЫНАНЫ БАСА АЙТУ КЕРЕК - 1925-1933 ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚ ӨЛКЕСІН РЕВОЛЮЦИОНЕР Ф.И.
ГОЛОЩЕКИН БАСҚАРДЫ. ОЛ ҚАЗАҚСТАНДА СТАЛИНДІК БАҒЫТТЫ ЖҮРГІЗІП, «КІШІ ҚАЗАН» ИДЕЯСЫН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРҒАН БАСШЫ БОЛДЫ. Ф.И. ГОЛОЩЕКИНГЕ ҚАРСЫ ОППОЗИЦИЯЛЫҚ БАҒЫТТА ҚАЗАҚ
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ МАҚСАТЫНДА КҮРЕС ЖҮРГІЗГЕН ҚАЙРАТКЕРЛЕР ТҰРАР
РЫСҚҰЛОВ, СМАҒҰЛ САДУАҚАСОВ, СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН, СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВ, ЖАЛАУ МЫҢБАЕВ ЖӘНЕ
БАСҚАЛАРЫ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАДЫ. 1927 ЖЫЛЫ ЖЕЛТОҚСАНДА БКП(Б) XV СЪЕЗІ БОЛЫП, ОЛ
ҰЖЫМДАСТЫРУҒА БАҒЫТ АЛҒАН СЪЕЗД РЕТІНДЕ ТАРИХҚА ЕНДІ. СЪЕЗД 1932 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ҚЫСҚА
МЕРЗІМДЕ ЖЕКЕ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНАН ҰЖЫМДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ (КОЛХОЗ) ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ
ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ. 
КҮШТЕП ҰЖЫМДАСТЫРУ МЕН ОТЫРЫҚШЫЛАНДЫРУ САЯСАТЫНА
ҚАЗАҚ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ҚАРСЫ ШЫҚТЫ. Ә. БӨКЕЙХАНОВ
ҚАЗАҚТАРДЫ ОТЫРЫҚШЫЛЫҚҚА ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН
БІРТІНДЕП КӨШІРУ ҚАЖЕТТІГІН ДӘЛЕЛДЕДІ. АЛ М. ДУЛАТОВ БОЛСА,
ӨЗ ОЙЫН: «ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ КӨШКІЛЕРІ КЕЛГЕННЕН КЕЙІН КӨШІП-
ҚОНЫП ЖҮРГЕН ЖОҚ, ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨШІП
ЖҮР», - ДЕП АШЫНА БІЛДІРДІ. С. САДУАҚАСОВ БҰЛ ЖӨНІНДЕ:
«
ӨРКЕНИЕТ ЕШҚАШАН МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСУҒА
ТЫЙЫМ САЛМАЙДЫ, КЕРІСІНШЕ, ОНЫҢ ӨРКЕНДЕУІНЕ ЖОЛ АШАДЫ»,

ДЕП АТАП КӨРСЕТТІ. 


КСРО БҮКІЛОДАҚТЫҚ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН Т. РЫСҚҰЛОВ
ҚАЗАҚТАР ҮШІН ЖЕКЕМЕНШІК МАЛ БАСЫН АЛТЫ-ЖЕТІДЕН АСЫРМАУ САЯСАТЫНЫҢ
ҮЛКЕН ЗАРДАПТАРҒА ӘКЕП СОҒАТЫНЫН ҚАТТЫ ЕСКЕРТТІ. ҰЖЫМДАСТЫРУ
ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСКЕРМЕСТЕН, КҮШТЕУ САЯСАТЫМЕН
ЖҮРГІЗІЛДІ. 1928 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА ҰЖЫМДАСТЫРЫЛҒАН ШАРУА-
ШЫЛЫҚТАР 2%-ДЫ ҚҰРАСА, 1930 ЖЫЛЫ 1 СӘУІРДЕ БҰЛ КӨРСЕТКІШ 50,5%-ҒА, 1931
ЖЫЛЫ ҚАЗАНДА 65%-ҒА ЖЕТТІ. КЕЙБІР ОБЛЫСТАРДА МҰНДАЙ «ЕКПІНДІ» КӨРСЕТКІШ
БҰДАН ДА ӨСІП КЕТТІ. МЫСАЛЫ, ОРАЛ, ПЕТРОПАВЛ ОКРУГТЕРІНДЕ ҚАЗАҚТАРДЫҢ
ЖЕКЕ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫН ҰЖЫМДАСТЫРУ 70%-ҒА ЖЕТКЕН. 1931 ЖЫЛДЫҢ
КҮЗІНДЕ РЕСПУБЛИКАДАҒЫ 122 АУДАННЫҢ 78-ДЕ ҰЖЫМДАСТЫРУ 70-100%-ҒА
ОРЫНДАЛҒАН. ҚАТАЛ КҮШ ҚОЛДАНУ ӘДІСІМЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН ҰЖЫМДАСТЫРУ
САЯСАТЫ ӨРЕСКЕЛ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ. ӘСІРЕСЕ АДАМ
ҚҰҚЫҒЫ АЯҚ АСТЫ ЕТІЛДІ. ШАРУАЛАРДЫ ЗАҢСЫЗ ТҰТҚЫНДАУ, САЙЛАУ
ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРУ, ЖЕР АУДАРУ, АТУ ЖӘНЕ Т.Б. ЖАЗАЛАР ҚОЛДАНЫЛДЫ. ТЕК 1933
ЖЫЛЫ БІРІККЕН МЕМЛЕКЕТТІК САЯСИ БАСҚАРМА (БМСБ) ОРГАНДАРЫ ҚАЗАҚ
ӨЛКЕСІНДЕ 21 МЫҢНАН АСТАМ АДАМДЫ
ТҰТҚЫНДАҒАН.


1928 
ЖЫЛЫ «БУРЖУАЗИЯШЫЛ-ҰЛТШЫЛ» ДЕГЕН ЖАЛҒАН АЙЫППЕН 44
АДАМ, БҰРЫНҒЫ АЛАШОРДА ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ Ә. БӨКЕЙХАНОВ, А.
БАЙТҰРСЫНОВ, М. ЖҰМАБАЕВ, Ж. АЙМАУЫТОВ ЖӘНЕ Т.Б.
ТҰТҚЫНДАЛДЫ. 1930 ЖЫЛЫ ЕКІНШІ ТОП ІШІНДЕ М. ТЫНЫШПАЕВ, Х.
ДОСМҰХАМЕДОВ СЫНДЫ ЗИЯЛЫЛАРЫ БАР 40-ТАН АСТАМ АДАМ
ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАДЫ. 1937-1938 ЖЫЛДАРДА САЯСИ ҚУҒЫН-
СҮРГІН ҚАТЫГЕЗДІГІ ЖАҒЫНАН ӨЗІНІҢ ШАРЫҚТАУ ШЕГІНЕ ЖЕТІП,
ЖАППАЙ СИПАТҚА ИЕ БОЛДЫ. ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН АЗАМАТТАРДАН
БАСҚА КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ Т.
РЫСҚҰЛОВ, Ж. САДУАҚАСОВ, О. ИСАЕВ, О. ЖАНДОСОВ, ҚАЗАҚ
ӘДЕБИЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ С. СЕЙФУЛЛИН, Б. МАЙЛИН, I. ЖАНСҮГІРОВ,
ҒАЛЫМДАР Қ. ЖҰБАНОВ, C. АСФЕНДИЯРОВ ЖӘНЕ Т.Б. ҰСТАЛЫП,
АТЫЛДЫ. СТАЛИНДІК ҚУҒЫН-СҮРГІН САЯСАТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ
ҚАЗАҚСТАН ЖАЗАЛАУ ЛАГЕРЬЛЕРІНІҢ АЙМАҒЫНА АЙНАЛДЫ. ҚАЗАҚ
ЖЕРІНДЕ ДАЛЬНИЙ, СТЕПНОЙ, ПЕСЧАННЫЙ, КАМЫШЛАГ, АҚТӨБЕ,
ЖЕЗҚАЗҒАН, ПЕТРОПАВЛ ЛАГЕРЬЛЕРІ, КЕҢГІР, ӨСКЕМЕН АРНАЙЫ
ЛАГЕРЬЛЕРІ АШЫЛДЫ. БҰЛ ЛАГЕРЬЛЕР ІШІНДЕГІ ЕҢ ІРІЛЕРІ - КАРЛАГ
(
ЕРЕКШЕ ТӘРТІПТЕГІ ҚАРАҒАНДЫ ЛАГЕРІ), «ОТАНЫН САТҚАНДАРДЫҢ»
ӘЙЕЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚМОЛА ЛАГЕРІ («АЛЖИР») БОЛДЫ. 1937
ЖЫЛДЫҢ КҮЗІНДЕ ҚАЗАҚ ӨЛКЕСІНЕ ҚИЫР ШЫҒЫСТАН «ЖАПОН
ТЫҢШЫЛАРЫ» ДЕГЕН ЗАҢСЫЗ АЙЫП ТАҒЫЛЫП, 100 МЫҢ КОРЕЙ
КҮШТЕП ҚОНЫС АУДАРЫЛДЫ. СОЛ ЖЫЛДЫҢ КҮЗІНДЕ КСРО-НЫҢ
КАВКАЗДЫҚ ШЕКАРАСЫ БОЙЫНАН «ШЕКАРАЛЫҚ АЙМАҚТЫ ТАЗАЛАУ
МАҚСАТЫНДА» МЫҢДАҒАН КУРДТАР, ТҮРІКТЕР, ӘЗІРБАЙЖАНДАР,
ИРАНДЫҚТАР ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ КҮШПЕН КӨШІРІЛІП ӘКЕЛІНДІ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет