Конференция жұмысына қатысуға тақырып бойынша маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері бар Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы



Дата17.07.2016
өлшемі39.44 Kb.
#205109
«Сырдария» университеті
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!

«Сырдария» университеті 2013 жылы қазан айының 19–20 аралығында «Сырдария» университетінің 15 жылдығына арналған «Қазақстан білім қоғамы жолында: білім жүйесін жаңғырту – білім қоғамының басты бағыты» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізетіндігін хабарлайды.

Конференция жұмысына қатысуға тақырып бойынша маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері бар Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының қызметкерлері және ізденушілер шақырылады.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:



  • гуманитарлық ғылымдар;

  • жаратылыстану ғылымдары;

  • педагогикалық ғылымдар;

  • экономикалық ғылымдар;

  • құқықтану.

Конференция жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Баяндаманы дайындауға қойылатын талаптар:

Баяндама (мақала) мәтіні 5 беттен аспауы тиіс, 1,0 интервал арқылы WORD редакторында, TIMES NEW ROMAN қарпімен А4 форматында 14-ші шрифтімен терілген болуы тиіс, жаңа жол 0,9 см, жоғары және төменгі жағынан 2,0 см, оң жағынан 2,0 см, сол жағынан 3,0 см қалдыру керек. Сол жақ жоғарғы бұрышында міндетті түрде ӘӨЖ (УДК) индексі қойылады, келесі жолда – ортасынан баяндама тақырыбы бас әріптермен (қою шрифтпен). Баяндама тақырыбы астына – парақ ортасына жәй әріптермен автор (лар) – дың тегі, аты-жөні жазылады. Одан соң, жұмыс орындалған мекеменің толық аты (мақала авторы оқитын немесе жұмыс істейтін жоғары оқу орны, кәсіби орта оқу мекемесі, мектеп). Бір интервалдан кейін жаңа жолдан – баяндама (мақала) материалдары және әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай мақаланың соңында жазылады. Сілтеме берілген әдебиеттер мәтінде тік жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі нөмеріне сай көрсетіледі. Дәйектеме (цитата) қолданған жағдайда міндетті түрде түпнұсқаның беті көрсетіледі. [1, 256 - б.]. Келесі жолда курсивпен – орыс тіліндегі баяндамалар үшін түйін және summary, қазақ тіліндегі баяндамалар үшін резюме және summary, ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін түйін және резюме көрсетіледі. Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін, жоғарыда көрсетілген ережелерге лайық емес материалдарды қабылдамауға құқылы. Қолжазбаларға пікір берілмейді және қолжазбалар қайтарылмайды.

Ұйымдастыру комитеті ұсынылған материалдардың мазмұнына, грамматикалық және стилистикалық қателеріне жауапкершілік алмайды.

Конференция жұмысына қатысу жөнінде тапсырыс (үлгі бойынша) пен баяндама мәтінінің баспа түрі, электрондық нұсқасы мен ұйымдастыру жарнасы төленгені туралы түбіртектің көшірмесін 2013 жылы қазан айының 1 жұлдызына дейін төмендегі мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз.

160500 Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, М. Әуезов көшесі 11, «Сырдария» университетінің бас ғимараты 3-қабат, 301-кабинет. Конференцияны ұйымдастыру комитеті.

Анықтама телефоны 8/725/ 34 6-15-52

Е- mail: Sirdariya-konf@mail.ru

2 000 теңге ұйымдастыру жарнасын «Конференция жұмысына қатысу үшін» деп атап көрсетіп, «Сырдария» университетінің мына есеп айырысу шотына жіберулеріңізді сұраймыз:

РНН 580400006905

ИИК KZ159260801123056000

БИК: KZKOKZKX

АО КазкоммерцБанк

Конференция жұмысына келіп қатысу шығыны қатысушы жақтан төленеді.




ӘӨЖ
Қазақстан тарихы ғылымының дамуына академик

А.М. Панкратованың қосқан үлесі (14 пт.)
Асылбеков М.Х. (12 пт.)

«Сырдария» университеті, т.ғ.д., профессор (12 пт.)
Резюме (12 пт.)
Summary (12 пт.)
Баяндаманың негізгі мәтіні (14 пт.)




Өтініш (үлгі)

1

Баяндамашының тегі, аты - жөні




2

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы




3

Ұйым оның мекен-жайы




4

Автордың мекен-жайы (индекс көрсетілуі міндетті)




5

Телефон (ұялы, үй, жұмыс телефон номерлері, халықаралық кодымен)




6

Жұмыс орнының атауы, қызметі




7

Е- mail (міндетті)




8

Мақала тақырыбы




9

Секция




10

Керекті техникалық құралдар




11

Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі (иә, жоқ)





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет