Төлем көзінен салықты ұстап қалу сұрақтары бойынша
Түсініктеме
Кіріспе
Осы түсініктеме Қазақстан Республикасының салық резиденттері болып табылмайтын, өз қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын және «Казкоммерцбанк» АҚ және К.Х. Ракишев мырзаның 2014 жылғы 29 шілдедегі ұсынысына сәйкес «Казкоммерцбанк» АҚ-қа акцияларын сатуды қалайтын «БТА Банк» АҚ-тың («Банк») акционерлері мен ғаламдық депозитарлық қолхаттарды («ҒДҚ») ұстаушылары («Акционерлер») үшін әзірленген.
Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жалпы талаптарына сәйкес Акционерлерге тиесілі акциялар («Акциялар») үшін сатып алу бағасын («Сатып алу бағасы») төлеу барысында сатып алушы ретінде әрекет ететін «Казкоммерцбанк» АҚ («Сатып алушы») төлем көзінен жеке немесе корпоративтік табыс салығын («Салық») ұстап қалуы тиіс.
Салықты ұстап қалумен байланысты Акционерлер тарабынан ұсынылатын құжаттарды орталықтандырылған қабылдауды «Казкоммерцбанк» АҚ (өткізілетін ҒДҚ бойынша) және Банк (өткізілетін Акциялар бойынша) жүзеге асырады.
Осы түсініктемелер салықтық кеңес болып табылмайды және оның мазмұнында акционердің Акцияларды сатуымен байланысты туындауы мүмкін барлық салыққа қатысты мәселелердің жан-жақты сипаттамасы жоқ және Акционерлердің барлық санаттарына қолданылатын салық салдарын қарастырмайды. Салық салумен байланысты, соның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан туындайтын барлық сұрақтар бойынша Акционерлер кәсіби кеңесшіге жүгініп, кеңес алуы тиіс.
Салықты төлем көзінен ұстап қалу
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің («Салық кодексі») 192 бабымен резидент еместің Қазақстандағы табыс көздерінен алынған табыстары ретінде резидентпен шығарылған бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыс танылатыны қарастырылған.
Жалпы ереже бойынша Акционерге Акциялар үшін сатып алу бағасын төлеу барысында Сатып алушы төлем көзінен Акциялардың құн өсімінен түскен табыстарға салынатын салықты ұстап қалуы тиіс. Құн өсімі Сатып алу бағасы мен Акционер тарабынан сатып алынған кездегі Акциялардың бастапқы құны арасындағы оң айырмашылық ретінде анықталады.
Салық кодексінің 193 бабына және 200-1 бабына сәйкес егер өткізу күніне сәйкес Акционер Акцияларды үш жылдан астам иеленген болса, Акцияларды сату кезіндегі құн өсімінен түскен табыстарға салық салынбайды. Аталған ерекшелік жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген Акционерлерге таралмайды. 1 Қосымшада 2014 жылғы 29 шілдедегі жағдай бойынша жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердің тізбесі көрсетілген. Аталған тізбе мерзімді түрде өзгеруі мүмкін. Банк және «Казкоммерцбанк» АҚ осы тізбенің уақтылы жаңартылуы үшін жауапкершілік алмайды.
Салық Кодексінің 194 бабына сәйкес жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген тұлғалардың табыстарын қоспағанда, құн өсімінен түскен табыстар 15% мөлшерлемесі бойынша салық салуға жатады. Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген тұлғалардың табыстарына 20% мөлшерлемесі бойынша салық салынады.
Қазақстан Респубкасы тарабынан ратификацияланған Қосарланған салық салудан құтылу туралы халықаралық шарттармен арнайы талаптар белгіленуі мүмкін.
Егер Акционер Банкке төменде көрсетілген құжаттарды ұсынбаған болса, Акционерлерге Сатып алу бағасын төлеу Сатып алу бағасынан 20% ұстап қалумен жүзеге асырылатын болады.
Құжатар келесі жағдайларда ұсынылуы тиіс:
1) Акцияларды өткізу барысында – Банкке Өтінішпен бірге;
2) ҒДҚ өткізу барысында – «Казкоммерцбанк» АҚ-қа 28.08.2014ж. дейінгі мерзімде.
Ғаламдық депозитарлық қолхаттарды өткізетін ұстаушылар өз резиденттігін растау үшін және 15% мөлшерлемесін қолдануды, қосарланған салық салудан құтылу туралы халықаралық шартты қолдануды қарастыратын Қазақстан Республикасының резиденттеріне салық салу тәртібін немесе Қазақстан Республикасының резидент еместеріне салық салу тәртібін қолдану, Акциялар құны өсімінің мөлшерін растау, Акцияларды үш жылдан астам иелену фактісін растау үшін өзі туралы (т.а.ә/атауы), өзінің салықтық мәртебесі (тіркеу орны), өткізілетін ҒДҚ саны туралы ақпаратты, осындай ақпаратты «Бэнк оф Нью Йорк Меллон» (The Bank of New York Mellon) банкінде [BONY] ашу арқылы BONY тарабынан жиынтық өтініш «Казкоммерцбанк» АҚ-қа тапсырылатын күнге дейін өздерінің атаулы ұстаушылары арқылы ақпараттың ашылуын қамтамасыз етуі тиіс.
қазақстан республикасының резиденті мәртебесін растау үшін және қазақстан республикасы резиденттеріне салық салу тәртібін қолдану үшін қазақстан республикасының резиденттері банкке олардың қазақстан республикасында тіркелгенін растайтын құжаттарды (жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын құжат және заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама/куәлік) ұсынуы тиіс.
Акциялар құны өсімінің мөлшерін немесе өсімнің болмауын растау
Акциялар құны өсімінің мөлшерін немесе оның болмауын белгілеу мақсатында Акционер оның Акцияларды сатып алған құнын растайтын құжатты ұсынуы тиіс. 2 Қосымшада Салықты ұстап қалумен байланысты Банкке тапсырылатын құжаттарды ресімдеуге қатысты талаптар мазмұндалған.
Акцияларды үш жылдан астам иелену фактісін растау (жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген тұлғаларға қатысты қолданылмайды)
Акцияларды үш жылдан астам иеленуіне байланысты Салық салудан босатылу үшін Акционер келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
1. Акционердің тіркелген орнын растайтын құжат (жеке тұлғалар үшін төлқұжат немесе заңды тұлғалар үшін мекеме орналасқан елде берілген тіркеу құжаттары).
2. Акциялардың сатып алынған күнін растайтын құжат.
2 Қосымшада жоғарыда аталған құжаттарды ресімдеуге қатысты талаптар мазмұндалған.
15% мөлшерлемені қолдану
15% мөлшерлеме бойынша Салықты қолдану үшін Акционер Акционердің тіркелген орнын растайтын құжатты (жеке тұлғалар үшін төлқұжат және заңды тұлғалар үшін мекеме орналасқан елде берілген тіркеу құжаттары) ұсынуы тиіс. 2 Қосымшада аталған құжатты ресімдеуге қатысты талаптар мазмұндалған.
Халықаралық шартты қолдану
Халықаралық шарттың ережелерін қолдану үшін Акционер салық резиденттігін растайтын құжатты ұсынуы тиіс. 3 Қосымшада аталған құжатты ресімдеуге қатысты талаптар мазмұндалған.
Төленген салықты қайтару
Салықтың төленген сомасын (толық немесе ішінара) қайтару үшін Акционер 2014 жылғы 28 қарашадан кешіктірмей «Казкоммерцбанк» АҚ-қа жоғарыда аталған құжаттарды ұсынуы тиіс.
1 Қосымша
2014 жылғы 29 шілдедегі жағдай бойынша жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердің тізбесі
1.Андорра Княздығы.
2.Антигуа және Барбуда Мемлекеті.
3.Багам аралдары Достастығы.
4.Барбадос Республикасы.
5.Бахрейн Карольдігі.
6.Белиз Мемлекеті.
7.Бруней Даруссалам Сұлтанаты.
8.Вануату Республикасы.
9.Гайана Кооператив Республикасы.
10.Гватемала Республикасы.
11.Гренада Мемлекеті.
12.Джибути Республикасы.
13.Доминика Республикасы.
14.Доминика Достастығы.
15.Ирландия Республикасы (Дублин, Шеннон қалаларының аумақтары бөлігінде ғана).
16.Испания Карольдігі (Канар аралының аумағында ғана).
17.Кипр Республикасы.
18.Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана).
19.Колумбия Республикасы.
20.Ислам Федералдық Республикасы Комор аралдары.
21.Коста-Рика Республикасы.
22.Малайзия (Лабуан анклавы аумағы бөлігінде ғана).
23.Либерия Республикасы.
24.Ливан Республикасы.
25.Лихтенштейн Княздығы.
26.Ұлы Герцог Люксембург
27.Маврикий Республикасы.
28.Мавритания Ислам Республикасы.
29.Португалия Республикасы (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана).
30.Мальдив Республикасы.
31.Маршалл аралдары Республикасы.
32.Монако Княздығы.
33.Мальта.
34.Мариан аралдары.
35.Марокко Корольдігі (Танжер қаласы аумағы бөлігінде ғана).
36.Мьянма Одағы.
37.Науру Республикасы.
38.Нидерланды Корольдігі (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана).
39.Нигерия Федеративтік Республикасы.
40.Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана).
41.Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласы аумағы бөлігінде ғана).
42.Палау Республикасы.
43.Панама Республикасы.
44.Самоа Тәуелсіз Мемлекеті.
45.Сан-Марино Республикасы.
46.Сейшель аралдары Республикасы.
47.Сент-Винсент және Гренадины Мемлекеті.
48.Сент-Китс және Невис Федерациясы.
49.Сент-Люсия Мемлекеті.
50.Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):
- Ангилья аралдары;
- Бермуд аралдары;
- Британдық Виргин аралдары;
- Гибралтар;
- Кайман аралдары;
- Монтсеррат аралы;
- Терке және Кайкос аралдары;
- Мэн аралы;
- Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
- Оңтүстік Георгия аралы;
- Оңтүстік Сэндвич аралдары;
- Чагос аралы.
51.Америка Құрама Штаттары (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):
- Американдық Виргин аралдары;
- Гуам аралы;
- Пуэрто-Рико Достастығы;
- Вайоминг штаты;
- Делавэр штаты.
52.Суринам Республикасы.
53.Біріккен Танзания Республикасы.
54.Тонга Корольдігі.
55.Тринидад и Тобаго Республикасы.
56.Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы.
57.Филиппин Республикасы
58.Француз Республикасы (мынадай аумақтар бөлігінде ғана):
- Кергелен аралдары;
- Француздық Полинезия;
- Француздық Гвиана.
59.Черногория Республикасы.
60.Шри-Ланка Демократиялық Республикасы.
61.Ямайка.
2 Қосымша
Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар
Салық ұстап қалумен байланысты «Казкоммерцбанк» АҚ-қа ұсынылатын құжаттар түпнұсқаларда немесе қазақ және орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармаларымен бірге нотариалды куәландырылған көшірмелерде ұсынылуы, заңдастырылуы немесе оларға апостильденуі тиіс (Гаага конвенциясына қатысушы-елдер үшін).
Құжатты заңдастыру немесе оны апостильдеу мүмкіндігі болмағанда, Сіздің қосымша нұсқаулықтар үшін «Казкоммерцбанк» АҚ жүгінуіңіз керек.
3 Қосымша
Салық резиденттігін растайтын құжатқа қойылатын талаптар
Салық резиденттігін растайтын құжат Акционердің резидент болып табылатын елдің уәкілетті салық органымен беріуі, уәкілетті тұлғаның қолымен расталуы және берілген елдің уәкілетті салық органының мөрімен бекітілуі тиіс. Құжатта Акцияны сатып алу бағасын төлеу күніне Акционердің резиденттігінің растамасы болуы керек.
Құжат тиісті түрде заңдастырылуы немесе апостильденуі тиіс (Гаага конвенциясының қатысушы – елдері үшін). Шетелдік нотариуспен расталған резиденттік сертификатының көшірмелері ұсынылған жағдайда, шетелдік нотариустың қолы мен мөрі заңдастырылуға/апостильдеуге жатқызылады. Құжатқа қазақ және орыс тілдерінде нотариалды куәландырыған аудармасы қоса тіркелуі керек.
140376.3.AL_IManage
Достарыңызбен бөлісу: |