АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
2016 жылдың 21-22 сәуірінде «Қазіргі қоғам болашағы жастар көзімен: дамудың құқықтық, қаржылық-экономикалық және мәдени-адамгершілік аспектілері» тақырыбында студенттер мен магистранттардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖОСПАРЛАНҒАН СЕКЦИЯЛАР ЖҰМЫСЫ
-
Азаматтық әлем, этносаралық келісім және дінаралық толеранттылық
-
Қазіргі қоғамды саяси жаңғырту
-
Қазіргі қазақстандық қоғамды дамыту: тарихи және мәдени аспектілер
-
Дене тәрбиесінің заманауи тәсілдемелері
-
Көптілдік - заманауи білім беру тренді
-
Қазіргі қазақ тілін білу мәселелері
-
Ғылымда, білім беруде және өндірісте ақпараттық технологияларды интеграциялау
-
Әлемдік экономикадағы және халықаралық қатынастар жүйесіндегі көкейкесті қауіп-қатерлер
-
Қазақстандық және халықаралық заңнаманың қазіргі жай-күйі мен болашағы
-
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінің әлеуметтік-экономикалық мәселелері
-
Экономиканың инфрақұрылымдық салалары: трансформациялау бағыттары және даму трендтері
-
Бизнес үшін «жасыл инвестициялар»: іздеу мәселелері және жұмсау тетіктері
-
Қазіргі ақша-несие саясатының ерекшеліктері
-
Дағдарыс жағдайларындағы салық-несие саясатының мәселелері мен болашағы
-
Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бағыттары
-
Есеп пен аудиттің өзекті мәселелері
-
Туризм индустриясы: бәсекеге қабілеттіліктің тұжырымдамалық мәселелері және туристік қызмет көрсетулерді нарыққа шығару тетіктері
-
Мейрамхана және қонақ үй бизнесін дамытудың өзекті мәселелері
-
Жаһандану жағдайларында маркетинг пен логистиканы дамытудың проблемалық мәселелері
-
Өнімдер сапасы мен қауіпсіздігінің өзекті мәселелері
-
Қазіргі қоғамды дамыту трендтерін экономикалық-математикалық модельдеу және болжау
ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Конференция жұмысына қатысуға студенттер мен магистранттар шақырылады. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Ұсынылып отырған үлгідегі қатысуға берілген өтінім мен ұсынылған талаптарға сәйкес ресімделген тезис 2016 жылдың 18 сәуіріне дейін: nirs_keuk@mail.ru электрондық пошта бойынша «студенттік конференцияға» деген белгімен жіберілуі немесе ұйымдастыру комитетінің төмендегі мекенжайына тапсырылуы қажет: 100009, Қазақстан, Қарағанды, Академическая көшесі 9, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, 359 каб. (материалдар кері қайтарылмайды).
Материалдардың электрондық нұсқасында келесілер болуы қажет:
1. Өтінім
2. Мақала
Өтінім үлгісі
«Қазіргі қоғам болашағы жастар көзімен: дамудың құқықтық, қаржылық-экономикалық және мәдени-адамгершілік аспектілері» тақырыбында өтетін конференцияға қатысуға
Өтінім
-
Автордың тегі, аты, әкесінің аты; ғылыми жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы.
-
Мақаланың атауы.
-
Секцияның атауы.
-
Оқу орнының атауы.
-
Оқу орнының мекенжайы.
-
Телефон.
-
Факс.
-
Электрондық мекенжай.
Конференция қорытындысы бойынша университет сайтында (www.keu.kz) ұйымдастыру комитеті іріктеп алған еңбектер жинағы орналастырылатын болады. Ғылыми жұмыстарды іріктеп алудың өлшемдері: ресімдеудің формалды талаптарына сәйкес келуі, өзектілік, ғылыми жаңалығы, дербес орындаушылық, қорытындылардың негізділігі. Шетелдік қатысушылардың тезистері мен баяндамалары жазылған пікірлер нәтижелері бойынша жарияланады.
МАҚАЛАЛАРДЫ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Конференция материалдары тікелей көшірме жасау әдісімен жарияланады. Авторлар келтірілген фактілерді, дәйексөздерді, экономикалық-статистикалық деректерді, өз аттарын, географиялық атаулар мен өзге де мәліметтерді таңдау мен оның дұрыстығына, сондай-ақ ашық баспасөзге арналмаған деректерді пайдаланғаны үшін жауапкершілік көтереді. Әдебиет пен өзге де көздерден алып пайдаланылған бүкіл мәліметтерді, тиісті сілтемелермен растау қажет. Осымен байланысты баяндамалардың мәтінін келесі ресімдеулермен тапсыруды сұраймыз: мәтін көлемі – 3-4 толық бет, беттерді нөмірлеусіз, А4 форматы, беттің барлық жағынан ашық шеттері – 2 см, қаріп “Times New Roman” 11 pt, жоларалық интервал – бір (дара), мәтінді ені бойынша түзеу, бағдары – кітаптық. Формулалар мен суреттер тезистер мәтініне объекті сияқты қойылады. Әдебиетке сілтемелер квадрат жақшада көрсетіледі. Әдебиеттер тізімі қолданыстағы стандарттарға сәйкес ресімделеді. Мәтін бойынша суреттер мен кестелерге сілтемелер міндетті болып саналады.
Мақаланы ресімдеу үлгісі
А. Құлмағамбетова, УА-32 тобы
ҚҚЭУ, Қарағанды қаласы
Ғылыми жетекші:
э.ғ.к., доцент Л.В.Разливаева
инвестициялық шешімдер қабылдау
(1 интервал)
Мәтін (азат жолдан)
(1 интервал)
Әдебиеттер тізімі:
|
КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТӘРТІБІ
21 сәуір 2016 жыл
10.00-18.00 – Басқа жақтан келетін қатысушыларды күтіп алу.
Университет бойынша таныстыру экскурсиясы
22 сәуір 2016 жыл
10.00-11.00 – Қатысушыларды тіркеу
11.00-13.00 – Конференцияның ашылуы және пленарлық мәжіліс
13.00-14.00 – Үзіліс
14.00-17.00 – Секция отырыстары
17.10-18.00 – Қорытындылау және конференцияның жабылуы
Байланыс үшін: тел.: +7 7212 44 16 24 (34)*ішкі (6500) – Насакаева Бақыт Ермекбайқызы
– Қадыров Біржан Қалкенұлы
факс: +7 7212 44 16 32
e-mail: nirs_keuk@mail.ru
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 100009, Қарағанды қаласы, Академическая көш. 9, 359 кабинет
Достарыңызбен бөлісу: |