1 инвестицияның методологиялық мазмұны 6 1 Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні 6



бет1/5
Дата07.03.2016
өлшемі0.94 Mb.
#45987
  1   2   3   4   5


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ 6

1.1 Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні 6

1.2 Инвестициялық іс-әрекеттің механизмі мен қағидалары 10

1.3 Инвестициялық қызметті құқықтық қамтамасыз етудің қажетттілігі 19


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАСЫМ САЛАЛАРДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯНЫ РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ

2.1 Басымды салалардағы инвестициялық іс-әрекеттің қазіргі жағдайы 25

2.2 Қазақстан Республикасында инвестициялық іс-әрекетті қолдау 44

2.3 Инвестициялық іс-әрекеттің негізгі қиыншылықтары 50


3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ 57

3.1 ҚР іс-әрекеті шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру 57

3.2 2003-2015 жылдарда республикадағы индустриалды-инновацияық

даму стратегиясындағы инвестицияны пайдаланудың негізгі бағыттары 66


ҚОРЫТЫНДЫ 72
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 75


КІРІСПЕ

Инвестициялық іс-әрекет экономика дамуында маңызды рөл ойнайды. Отандық экономиканың дағдарыстан шығуы ең алдымен инвестициялық процесті қалпына келтірумен байланысты. Инвестициялық үрдісті мемлекеттік реттеу ел ішіндегі жинақ көзін ынталандыру және шетел кәсіпкерлік капиталының мол тартылуына бағытталған.

Мемлекеттің экономикалық дамуының позитивті процесі инвестиция тартусыз мүмкін емес. Негізгі капиталға инвестициялар әрбір елдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективасын анықтайды, әсіресе өтпелі экономикасы бар елдер, оның ішіне енетін Қазақстан үшін.

Қазақстан экономикасының дамуы өндірістерді құру және қолданыстағы өндірістік инфрақұрылымның модернизациясы. Бұл елге мол инвестициялардың тартылуымен қатар олардың ұтымды пайдалануды талап етеді. Шетел инвестицияларының ағымы және олардың тиімділігі қолайлы инвестициялық климатқа байланысты. Инвестициялық климатты модельдеу шетел инвесторларын тарту мен қолданудың мемлекеттік саясатын дайындаудың маңызды буыны болып табылады, өйткені ол, біріншіден, шетел инвесторына әсер етуші факторлардың жүйесін береді; екіншіден, елдегі жағдайды терең бағалауға мүмкіндік береді; үшіншіден, шетелдік серіктестердің іс-әрекетінің мотивтерін түсінуге мүмкіндік береді [1].

Аймақта қолайлы инвестициялық климат жасау – бұл әртүрлі толық кешенді шаралар алу, осы кезең үшін аймақтағы инвестициялық климатты бағалаудың салыстырмалы талдауының негізі болып табылатын көрсеткіштер жүйесі.

1.Аймақ нарығы потенциалының сипаттамасы;

2. Табиғи және еңбек ресурстарымен қамтылуы;

3. Экономикалық рефомалардың күйі мен алға жылжуы;

4. Инвестициялық қызмет үшін заңдық базаның болуы;

5. Мемлекеттік органдарда басқару шешімдерінің қабылдануының тәртіпке келтірілуі;

6. Нарықтық инфрақұрылым мен валюта нарығының дамуы

7. Банктік жүйенің тұрақтылығы;

8. Саяси климаттың тұрақтылығы мен бағыттылығы.

Қазақстан Республикасын 2030 жылға дейін дамытудың стратегиялық міндеттерінің ішінде шетел капиталы үшін ел экономикасының ашықтығына, халықаралық қауымдастыққа интеграциялануға, экономикалық өсудің көзі ретінде ішкі инвестицияға бағдарлануға ерекше көңіл бөлінеді. Осыған байланысты дипломдық жұмысты зерттеудің маңыздылығы және өзектілігі білінеді. Экономиканың нақты секторына сырттан инвестициялық капиталдың келуін қамтамасыз ету экономикалық дамудың маңызды факторы болып табылады. Экономиканың нақты секторына шетелдік инвестицияны тарту бойынша мемлекеттік бағдарламаның арқасында,көп үлесі Орталық Қазақстан аймағына келетін, республикадағы бірқатар ірі кәсіпорындар кризистік жағдайдан шығарылды. Олардың қатарында “Испат-Кармет” АҚ, “Балқаш-мыс” АҚ, Жезқазған тау-металлургия комбинаты т.б.

Экономиканың басымды салаларын дамытуға шетел инвестициясын тартуда негізгі факторлар болып төмендегілер есептеледі:

- минералдық ресурстарға бай жер қойнауларын барлау мен ашу мүмкіндігін;

- өнімді экспорттаудан ақшалай түсімнің үлкен үлесінің болатындығы;

- амортизацияның жоғары қарқыны;

- осы сферадағы ынтымақтастықтың екі жақты тиімділігі;

- республика заңнамаларында инвесторлар үшін қолайлы жағдайдың болуы.

Шетел капиталын тарту аймақтағы өндіріс кәсіпорындарын дамытуға ынталандырады, ал ірі өндірістік кәсіпорындар бюджетке аударымдардың негізгі көздерінің бірі болып табылады. Шетел инвестициясын пайдаланудың тұрақты даму жоспарымен қатар ішкі отандық инвесторларды да ұмытуға болмайды. Еліміздегі ең ірі потенциалды инвесторлар ретінде республика тұрғындары бола алады. Қазақстан тұрғындарының инвестициялық потенциалы жеткілікті дәрежеде жоғары.

Қазіргі кезде қолайлы инвестициялық климат жасау еліміздің дамуында маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – экономикалық жағдайлар тұрғысынан еліміздегі инвестициялық климаттың жай күйін оқып-үйрену, зерттеу. Осы мақсатпен төмендегідей міндеттер қойылды:

- инвестицияның экономикалық мазмұнына шолу;

- еліміздің инвестициялық саясатын зерттеу;

- инвестициялық іс-әрекеттің құқықтық реттелуін қарастыру;



күйіне талдау жасау;

- инвестициялық климатты жетілдіру жолдарын келтіру.



1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МАЗМҰНЫ




1.1 Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні

Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметі үшін қолданылатын, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе бекітілген активтерін ұлғайтуға салынған мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) лизинг келісімшарттарын жасау кезінен бастап лизинг құралдарын қоса және оларға құқық.

Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, ел ішіндегі және шетелдегі капиталдың экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

Бірінші жағдайда инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін - өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларына ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.

Капиталдың кейбір салымдары шығысты құраушыларға әсер етеді. Мәселен, шығынды азайтуға апаратын шығыстарға, ал басқалары – табысқа да, шығысқа да. Табыс пен шығыс статьяларына инвестицияның әсерін болжау – салыстырмалы еңбекті қажет ететін тапсырма, олардың өсім немесе, керісінше төмендеу көлемін бағалау өте қиын. Жаңа өнім (тауар, қызмет көрсету) шығару үшін өндірістік қуаттарға инвестиция салу айналым капиталын ұлғайтуды қажет етуі мүмкін (шикізат көлемі, аяқталмаған өндіріс, қоймадағы дайын тауар). Өнімді несиеге сату кезінде дебиторлық қарыз көбейеді және т.с.с.

Барлық инвестициялар екі негізгі топқа бөлінеді: нақты (капитал құрушы) және портфельді. Нақты инвестициялар – бұл негізінен құралдардың (капиталдың) тікелей өндіріс құралдары мен тұтыну затына ұзақ мерзімді салымдар. Олар нақты әдетте, ұзақ мерзімді жобаға салынатын қаржы салымдарын білдіреді және нақты актив иеленумен байланысты. Сонымен бірге заемды капитал, оның ішінде банктік несие қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда банк те нақты инвестициялауды жүзеге асырушы инвестор болып табылады.

Портфельді инвестициялар – құнды қағаздар сатып алумен және олардан тиімді портфель алумен байланысты жобаларға капитал салымы. Берілген жағдайда инвестордың негізгі міндеті – қор нарығында құнды қағаздарды сату мен сатып алу операциялары арқылы жүзеге асатын оптимальды инвестициялық портфельді құру мен басқару. Портфель – бір тұтасқа жинақталған инвестициялық құндылықтардың шоғырлануы [2].

Нақты инвестицияларды кейде тікелей деп атайды, өйткені олар өндірістік процеске тікелей қатысады, мәселен, ғимаратқа, жабдыққа, тауарлық-материалдық қорларға және т.б. құралдар салымы.

Қаржылық мүлікке салым бас кәсіпорындардағы үлестік қатысуларға құқық алу, олардың акцияларын, басқа да құнды қағаздарын, қарыз беру құқығын сатып алу – қаржы инвестициялары деп аталады. Интеллектуалды материалды емес инвестицияларды да бөліп қарастырады – патенттер, лицензиялар, ноу-хау сатып алуға, персонал дайындау мен қайта дайындауға, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар мен жарнамаларға және т.б. салымдарға шығындар.

Одан басқа, бастапқы инвестиция немесе нетто-инвестицияларды айырады, олар кәсіпорын сатып аларда немесе жоба негізінде жүзеге асырылады.

Реинвестициялар – бұл қайтадан босаған инвестициялық ресурстар, өндірістің жаңа құралдарын дайындау мен сатып алуға және басқа мақсатқа қолданылады. Бұндай инвестициялар бар объектіні жаңаға аустыруға, технологиялық жабдық немесе үрдіс рационализациясы мен модернизациясына, шығару көлемін өзгертуге, номенклатура өзгерісімен, өнімнің жаңа түрін жасаумен, өткізудің жаңа нарығын ұйымдастырумен байланысты диверсификацияға, кәсіпорынның перспективада өмір сүруін қамтамасыз етуге (мәселен, жарнамаға, қоршаған ортаны қорғауға және т.б.) бағытталуы мүмкін.

Негізгі капитал мөлшерін ұлғайтатын және оның модернизациясына бағытталған жаңа инвестициялар сомасы жинақ инвестицияларды құрайды.

Тұтынылған құралдар орнын толтыруға, қызмет етуші кәсіпорындар қуаттарын техникалық қаруландыру мен кеңейтуге, сонымен қатар өндірістік және өндірістік емес негізге қорлар алуға бағытталған, қаржыландыру көздеріне тәуелсіз шығындарды ұзақ мерзімді инвестицияларды жатқызады. Олар әрқашан нақты және келесі формада жүзеге асырыла алады: жаңа кәсіпорын құрылысы, қызмет етуші кәсіпорындардың және өндірістік сфера объектілерінің реконструкциясы, кеңейтілуі мен техникалық қайта қарулануы; жер учаскелері мен табиғатты қолдану объектілерін сатып алу; материалды емес активтер сатып алу мен құру.

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік-экономикалық потенциалын сақтау және әрі қарай дамыту. Кәсіпорынның бұл саладағы іс-әрекеті – инвестициялық іс-әрекет деп аталады. Қазақстан Республикасының “Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заңы бойынша инвестициялық іс-әрекет инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкершілік іс-әрекет жатады.

Инвестициялық іс-әрекет – коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуға немесе кәсіпкерлік қызметі үшін қолданылатын бекітілген активтерді ұлғайту немесе құрудағы заңды немесе жеке тұлғалардың іс-әрекеті.

Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар (инвестициялық іс-әрекетті жүргізетін жеке және заңды тұлғалар), тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін қолданушылар, сонымен бірге жеткізушелер, заңды тұлғалар (банктер, қамсыздандыру ұйымдары, инвестициялық қорлар) және басқа да инвестициялық процестің қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге – инвесторлар және басқа инвестициялық жобаны іске асырушы және заңды тұлғалар жатады.

Инвестициялық жоба – қызмет етуші өндірістерді кеңейту және жаңарту, жаңаны құруға инвестиция қамтитын шаралар кешені.

Инвестициялық преференциялар – Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асырушы ҚР-ң заңды тұлғаларына берілетін адрестік сипаттағы артықшылықтар.

Инвестор - ҚР-да инвестицияны іске асыратын жеке немесе заңды тұлға.

Инвестициялық талас – инвестордың инвестициялық қызметіне байланысты инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы шарттық міндеттемелерден туындайтын талас.

Мемлекеттік натурлық гранттар – ҚР-дың заңды тұлғасына инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ақысыз меншікке немесе жер пайдалануға берілетін Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын мүлік.

Құзыретті орган – келісімшартқа отыру және орындалу барысын бақылауменен тікелей байланысты құқықтары берілген орталық атқарушы орган

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы – ҚР-ң заңнамасында бекітілген құрылған заңды тұлға оның ішінде шетел қатысуымен заңды тұлға.



1.2 Инвестициялық іс-әрекеттің механизмі мен қағидалары

Инвестициялық іс-әрекет – мемлекеттің жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықтлады.

Құрылымдық қайта құру институционалдық рефрмалармен қатар Қазақстанда болып жатырған экономиканың орталықты жоспарлаудан әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылыққа трансформациалануда маңызды бағыт болып табылады.

Бұл қайта құру жылдар бойы жинақталған жоспарлы шаруашылықтың терең құрылымдық деформацияларын жоюға арналғанғ, өндірістік күштің сапалы жаңа жүйесін құруды қаматамасыз ету.

Мемлекеттік инвестициялық іс-әрекеттің басты мехнизімінің бірі мемлекеттік қаржы болып табылады. Мемлекеттік қаржы – экономиканы мемлекеттік реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады. Мемлекеттік қаржы арқылы жалпы өндірістің көп бөлігі бөлінеді: Жапония мен Ресейде – шамамен 1/3, Франция мен Нидерланд елдерінде – 1/2, Швецияда – 2/3 артық.

Инвестициялық іс-әрекетті қаржыландыру көздері және жүйесі

Ұйымның, басқарудың интеграциялық құрылымдарының инвестициялық қызметін дамыту мен жүзеге асыру қаржыландырудың негізді жүйесін құруды талап етеді. Ұйымның инвестициялық қызметі заңды және жеке тұлғалрдың сонымен қатар мемлекеттік, шетел және халықаралық ұйымдардың қатысуы арқылы жүреді. Жалпы түрде қаржыландыру жүйесі өзара байланысты бөлімнен тұрады (1 сурет).

Мемлекеттік қаржы өзінің құрамына келесілерді енгізеді:

- мемлекеттік бюджет;

- бюджеттен тыс қорлар;

- мемлекеттік несие жүйесі;

- сақтандыру жүйесі.

Қаржыландыру жүйесі

Мемлекттік қаржы




Шаруашылық етуші субъектілер қаржысы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет