Конференцияға қатысуға берілетін тапсырыс Тегі – Бекова Аты Баглан Әкесінің аты Ботаевна



Дата17.07.2016
өлшемі100.69 Kb.
#205231
Конференцияға қатысуға берілетін тапсырыс
Тегі – Бекова

Аты - Баглан

Әкесінің аты - Ботаевна

Ғылыми дәрежесі, атағы -

Жұмыс орны (ЖОО және т.б.), қызметі – «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АҚ, аға оқытушы

Байланыс телефондары – 39 77 79

Электрондық мекенжайы – baglan.bekova@mail.ru

Секция атауы – «Табиғи ресурстарды басқару жүйесіндегі жаңа бағыттар (жер, орман, су, балық ресурстары)»

Мақала атауы – «Қазақ Республикасындағы жер нарығының дамуы»

Қажетті техникалық құралдар – LCD проектор

Қосымша авторлар -

Пошталық мекен жайы – Астана қ., Біржан Сал көшесі, 3/2 үй, 14 пәтер

Қатысу формасы (іштей немесе сырттай) - іштей

Қонақ үй мен жатақхана қажеттілігі (орын саны және мерзімі) -

ӘОЖ: 330.34:332.72 (574)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ

ЖЕР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ
Бекова Б.Б.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,

Қазақстан Республикасы, Астана, baglan.bekova@mail.ru


Соңғы онжылдықта Қазақстан Республикасының территориясында жерге орналастыру жаңа негізде қалыптасты: жерге деген мемлекеттік монополия жойылды, жерді ақылы пайдалану жүйесі енгізілді. Ауыл шаруашылық алаптарының басым бөлігі мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында болды, көптеген жерге орналастыру, жер кадастры жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда жер нарығында қарқынды дамып жатқан ауыл және қала маңы жер нарығы болып табылады.

Жер нарығы – сауда нарығына ұқсамайды, ол бір орында тұрмайды және бір орында тұруы да мүмкін емес және онда жер учаскелерінде көптеген операциялар жүргізіледі. Бұл – жердің халықтың экономикалық өмірінен тәуелсіздігімен және өзіндік ерекшелігімен түсіндіріледі. Жерді қолдан жасап алуға, өндіріп алуға болмайды, ол табиғи ресурс, халқымыздың қазынасы. Жердің тағы бір ерекшелігі – орнының тұрақтылығы. Жер учаскесінің бағасы орналасқан орнына тікелей байланысты. Оған қоса жер учаскесінің бағасына табиғи жағдай да әсер етеді: топырағы, межесі, бедері, қойнауы.

Жер табиғи зат ретінде, адам әрекетінің әсерінсіз келесідей қасиеттерге ие: жердің ең басты қасиеті – ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында топырақ жамылғысы сапасынан тәуелді. Топырақ жамылғысы жердің сұраныс бағасына да үлкен әсер етеді, оның пайдасы, мақсатты пайдаланылғанда және еңбек процесімен қосылғанда азық алу көзі болып табылады. Жердің кеңістік шектелуі ондағы өнім алудың шектелуін көрсетпейді, тек сол табиғи шептермен шектелген ауданда ғана пайдалану қажеттілігі мен мүмкіндігін көрсетеді. Жердің белгілі бір табиғи шептермен шектелуі жер рентасының пайда болуының себебі болып табылады.

Жердің орны тұрақты болғандықтан, тұрған орныңда ғана пайдаланылады. Жер учаскесінің орналасқан орны экономикалық -әлеуметтік, әкімшілік және табиғи факторларын анықтайды.

Жердің тағы бір ерекшелігі, басқа құралдармен алмастыруға келмейді, яғни жердің орнына басқа ешқандай құралды пайдалануға келмейді. Жер ресурстарының шектеулілігіне байланысты жердің құнарлылығын сақтау және арттыру мақсатында, қосымша қаржыны қажет етеді.

Жер учаскесіндегі топырақ жамылғысы, тұйықталған су, орман, ғимараттар онымен үзілмес байланыста болады.

Жер нарығының ерекшелігі – жер учаскесінің пайдаланылуында, жерге зат ретінде, сұраныс пен ұсыныстың болуы.

Жер көп қасиетті, табиғи объект ретінде экологиялық функцияны атқарады. Топырақ сияқты, жердің жоғарғы қабаты немесе кеңістік базисі ретінде шаруашылық объектісі болады, ол экономикалық қатынастарға байланысты. Сонымен қатар, адамдардың өмір сүру ортасы ретінде әлеуметтік ролі бар. Мемлекет территориясы ретінде саяси сипатқа ие.

Жер нарықтық экономикада зат ретінде кеңістік қызметін атқарады. Нәтижесінде қоғамның және жеке адамның қызығушылығына шек қойылады. Сол үшін нарықтық қатынастардың пайда болуы, жер учаскелерінің тіркелуіне, санағына жоғары талап қояды. Жер ең басты жылжымайтын мүлік объектісі және кеңістік базисі.

Жер нарығы көптеген нарықтық элементтерден құралған қиын жүйеден тұрады. Ол екі бөлшекке бөлінеді: бірінші реттік және екінші реттік нарығы.

Бірінші реттік нарығы мемлекетпен жеке тұлғалар, мемлекеттік емес заңды тұлғалар арасындағы қатынастарды қамтамасыз етеді. Сату-сатып алу институты пайда болған сәттен бастап республикада мемлекетпен сатылған жер учаскесі және жер иелену құқығы бойынша 58,2 мың іс жасалып, тіркелген. Жеке меншік – жер нарығының жалғыз міндеті емес. Сондықтан, зерттеудің мақсаты – мемлекетпен берілетін, сатылатын, бірінші жер нарығының жолдарын, сонымен бірге жер нарығы учаскесінің құрылымын, бірінші реттік нарығы қатысушыларының қызығушылығын және жер учаскесіне қойылған талаптардың себебін анықтау қажет.

Жер учаскесінің мемлекетпен жеке меншікке пайдалануға берілуі 1 суретте көрсетілген.

Жеке меншікке келесі мақсаттарда пайдалануға жер учаскелері берілуі мүмкін: өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізуге, бағбандыққа және саяжай құрылысына.

Жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың жеке меншігінде: жер учаскелері, құрылыс астындағы немесе құрылыс жері, сонымен бірге тұрғын үйлер немесе тұрғын үй салуға берілген жер учаскесі белгіленген мақсатта болады.

Мемлекет-пен жер учаскелері-нің жеке меншікке берілуі

Мемлекет-пен жер учаскелері-нің жеке меншікке сатылуы

Мемлекет-

пен жер


учаскелерінің

мемлекеттік кәсіпорындарға тұрақты

пайдалануға

берілуі


Мемлекет-

пен жер учаскелері-

нің уақытша пайдалануға берілуі


Мемлекет-тік арнайы гранттар

1.Өзіндік қосалқы шаруашы-лық жүргізуге, бағбандыққа және саяжай құрылысын,тұрғын үй салу үшін бекітілген норма бойынша;

2.Кондоми-ниумның пайда болуы



1.Құрылыс астындағы немесе құрылыс жері, сонымен бірге тұрғын үйлер немесе тұрғын үй салуға берілген жер учаскесі бекітілген норма бойынша;

2.Өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізуге, бағбандыққа және саяжай құрылысын,

тұрғын үй салу үшін бекітілген норма бойынша


1.Заңды тұлғаларға ғимараты бар, объектісінде кондоминиумы бар, шаруашылық жүргізу немесе басқару құқығымен;

2.Заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге және орман өсіруге;

3.Заңды тұлғаларға ерекше қорғалатын аймақта жер пайдаланушылықты жүргізу үшін;


  1. 4.Ерекше жағдайларда ҚР заңымен қарастырылады

1.Жалға;

2.Кепілге;

3.Мемлекеттік заңды тұлғаларға;

4.Басқа да



1.Инвес-

торларға беру



Бірінші жер нарығы

Сурет 1. Қазақстанда бірінші реттік жер нарығының пайда болуы


Тұрақты жер пайдалану құқығы төмендегі мемлекеттік жер пайдаланушыларға, заңды тұлғаларға беріледі:

  1. ғимараты бар, объектісінде кондоминиумы бар, шаруашылық жүргізу немесе басқару құқығымен;

  2. ерекше қорғалатын аймақта жер пайдаланушылықты жүргізу үшін;

  3. ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге және орман өсіруге;

  4. ерекше жағдайларда ҚР заңымен қарастырылады.

Мемлекет меншігіндегі жерге жер пайдалану құқығы жеке тұлғаларға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тегін, ерекше жағдайларда ҚР Үкіметімен бекітілгенде ақылы беріледі.

Жоғарыда көрсетілген мақсатта екінші рет тегін жер учаскесін алуға рұқсат етілмейді. Ерекше жағдайларда ҚР Үкіметі бекіткен сату бағасы бойынша беріледі.

Зерттеу қорытындысында белгіленгендей, Қазақстанда Жер реформасын жүргізу кезінде шаруашылық субъектісінің құрылымы мен жер иелену формасы өзгерді. 2001жылы 3,6 млн азамат өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізуге, бағбандыққа және саяжай құрылысы үшін жеке меншікке жер учаскесін алған. Бұл жалпы Қазақстан Республикасы аумағының 0,16% (434,0 мың.га) құрайды.

Зерттеу қорытындысында көрсетілгендей бағасы шамамен 13,0 млрд.теңге болатын, 155,2 мың.га жерде мемлекетпен жеке меншікте жер пайдалануға беру мақсатында 55,1 мың іс жүргізілген. Соның ішінде уақытша жер пайдалануға бағасы шамамен 10,5 млрд. теңге, ауданы 49,7 мың.га жер болатын 48,0 мың жер учаскесі сатылды.

Зерттеу қорытындысы көрсеткендей, бірінші реттік нарығында, Қазақстанда тұрақты пайдалануға берілген жер учаскелері көп үлесті алады. Оның құрамына: шаруа (фермерлік) қожалықтары, мемлекеттік емес ауыл шаруашылық заңды тұлғалар (акционерлік қоғамдар, ауыл шаруашылық кәсіпорын кооперативтері және басқалары), мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындар кіреді. Бұл жерлер 93 млн.га жерді алып, Қазақстан Республикасының - 34,2% құрайды. Ең аз үлесті уақытша пайдалануға сатылған 49,7 мың.га немесе республика аумағының 0,02% жерлер алады.

Зерттеу қорытындысы бойынша, Қазақстанда бірінші реттік нарығы жер пайдаланушылық құрамы бойынша және жер учаскесінің пайдалану құқығы бойынша әртүрлі. Қазақстан жерінің көп бөлігі мемлекеттік меншікте, бірақ, бірінші реттік нарығында жер айналымы пайда болады, әсерін тигізеді және екінші реттік нарығының пайда болуына негіз болады.

Жер нарығындағы жер көлемін жалпы мемлекет аумағындағы жерден нарықтық істерді жүргізуге тыйым салынған, яғни сатуға, сатып алуға, кепілге беруге болмайтын жерлерді алып тастап анықтауға болады. Қазақстан Республикасының жер қоры 272,5 млн.га, соның ішінде 34% ауыл шаруашылық мақсатындағы және 43,9% босалқы жерлер. Жер қорының көп бөлігі (81,6%) жайылымы бар ауыл шаруашылық жерлеріне берілген.

Жер реформасын жүргізу кезінде меншік түрлеріне бөлінуде көптеген өзгерістер болды. Ауыл шаруашылық мақсатындағы ауданы 89,9 млн.га немесе 96,6% жер мемлекеттік емес ауыл шаруашылық кәсіпорындарының еншісінде. Мемлекеттің жеке меншігінде 3,2млн.га жер немесе ауыл шаруашылық мақсаттағы жердің 3,4%.

Қазіргі заман талабына сай белгілі себептерге байланысты жер нарығы айналымынан 200 – 210 млн.га жер шығарылды. Жер нарығының потенциалдық көлемінде 50 - 60 млн.га жер қалады. Болашақта жер нарығы қандай жағдайда дамитынын, жердің қанша бөлігі сату - сатып алуда болатынын және қанша жер учаскесі иелерін өзгертетіні анықталуға тиісті.

Екінші реттік нарығы



Жеке және заңды тұлғаның меншігіндегі жерді сату, сатып алу

Жер пайдалану-шылық құқығын сату, сатып алу

Жер учаскесіне кепілдік және жер пайдалану құқығы

Жер учаскесін жалға алу

Шартты жер үлесімен іс-қимылдар

Жер учаскесін-де басқа да жұмыстар (сыйға тарту, айырбас-тау, мұрагер-лік)

Сурет 2. Қазақстан Республикасында екінші реттік нарығының пайда болуы

Бірінші жер иелерінің, ягни жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жерлерін жылжымайтын мүлік ретінде қайта бөлу екінші реттік жер нарығының пайда болуына әкелді (2 сурет). Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жер пайдаланушы мен жер иеленуші мемлекеттің қатысуынсыз өздігінен иелік етеді. Екінші реттік жер нарығы бойынша ауыл шаруашылық мақсатындағы жер айналымына қойылатын талаптар бар. Соған сәйкес, ауыл шаруашылық жерлері бір меншіктен екінші меншікке ауысып, яғни екінші реттік жер нарығына қатысуда. Бұл құқық жер пайдаланушылықтың ауданына шек қоймайды. Қазақстан Республикасының “Жер туралы” заңына сәйкес, уақытша пайдаланудағы немесе ұзақ мерзімді ауыл шаруашылық өнімін өндіруде пайдаланудағы жер пайдаланушылық ауданы жергілікті атқарушы органмен жергілікті жердің ерекшеліктері мен талаптарына сай бекітіледі.

Жер пайдаланушылық меншігі анықталғанша жер мемлекет меншігінде болады. Екінші реттік жер нарығының масштабы әзірше белгісіз, негізіне елді мекен жерлеріне әсер етеді. Жер үлесін жүргізу заңға сәйкес уақытша тоқтатылған.



Қорытындылар мен ұсыныстар.

1. Қазақстанда жер қатынастарының реттелуі онжылдық уақытта жүргізіліп жатыр. Іс жүзінде жерге деген мемлекеттік монополия жойылды. Жерді ақылы пайдалану енді, азаматтардың пайдасына жерді тегін қайта бөлу жүргізілді. Ауыл шаруашылық жерлерінің көп бөлігі мемлекеттік емес ауыл шаруашылық кәсіпорындарында.

2. Жер нарығы көптеген әлеуметтік-экономикалық категориядан тұрады. Жер нарығы көптеген нарықтық элементтерден құралған қиын жүйеден тұрады. Ол 2 ішкі жүйеге бөлінеді: бірінші реттік жер нарығы және екінші реттік жер нарығы. Бірінші реттік жер нарығының мақсаты жерлерді мемлекеттік меншіктен жеке меншікке ауыстыру немесе жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға беру. Бірінші реттік жер нарығының ауданы 50 - 60 млн.га немесе республика аумағының 18% алады.

3. Жер пайдалану құрылымына қазіргі жер нарығы өзгерістер енгізуде. Бірінші реттік жер нарығында, Қазақстанда тұрақты пайдалануға берілген жер учаскелері көп үлесті алады. Оның құрамына: шаруа (фермерлік) қожалықтары, мемлекеттік емес ауыл шаруашылық заңды тұлғалар (акционерлік қоғамдар, ауыл шаруашылық кәсіпорын кооперативтері және басқалары), мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындар кіреді. Ең аз үлесті уақытша пайдалануға сатылған 49,7 мың.га немесе республика аумағының 0,02% жерлер алады.

4. Жер нарығының дамуының әлеуметтік базасы жасалды. Көптеген жеке меншік иелері пайда болды. Жер нарығында өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізуге, бағбандыққа және саяжай құрылысын, тұрғын үй салу үшін берілген жерлер ұтымды пайдалануда. Ауыл шаруашылық алаптарында жер нарығының дамуына заңнамамен уақытша тоқтатылып тұр.

5.Нарықтық механизм дамыған мемлекеттердің өзінде де өздігінен реттелмейді, сондықтан жер айналымын мемлекеттік реттеуді қажет етеді.

Қолданған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы.-Алматы: «Қазақстан», 1995 ж.



2.Қазақстан Республикасының Жер Кодексі - Алматы: «Жеті жарғы», 2003 ж.

3.Коваленко Г.П. Рынок недвижимого имущества в Республике Казахстан – Алматы: «Жеті жарғы», 2002 ж

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет