Конкурс жариялайды: «Аққайың ауданы әкімінің аппараты»



Дата04.07.2016
өлшемі101.1 Kb.
#176109
түріКонкурс



«Аққайың ауданы әкімінің аппараты» ММ

«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:



1.«Аққайың ауданы әкімінің аппараты» ММ, жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшенің қызметтік хат-хабарларды өңдеу және бақылау жөніндегі бас маманы, «Е-4» санаты, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 77451 теңгеден 104934 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Кіріс құжаттардың тіркелуін қамтамасыз ету. Кіріс хат-хабарлардың уақытында орындалуын қадағалау. Құжаттарды мұрағатқа тапсыру үшін әзірлеу және тапсыру. Аудан әкімі жанындағы отырыстардың хаттамаларын ресімдеу, олардың уақтылы орындалуын бақылау. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс және аудан әкімдігі актілерінің орындалуын бақылау. Аппарат басшылығымен жүктелген басқа да құзыретті жүзеге асырады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізігі талаптар:

Жоғары: немесе «Білім», немесе «Гуманитарлық ғылымдар», немесе «Құқық», немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», немесе «Ауыл шаруашылық ғылымдар» (агрономия, зоотехния, орман рессурстары, орман шаруашылығы), немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (ақпараттық жүйелер, есептеу техника және бағдарламалық жабдықтау) бейіндері бойынша.

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



2. «Аққайың аудандық жер қатынастар бөлімі» ММ, заң және жер мәселелері жөніндегі бас маманы (негізгі қызметкердің бала күту бойынша демалыс уақытына, «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Облыстық және аудандық жергілікті өкілетті және атқарушы органдармен жер қатынастары сұрақтары бойынша , жерді қолдану және қорғау, жер реформаларын жүргізу бойынша ара қатынас.Бөлімнің қызмет саласына қатысты, зерттеу және өткізу бағдарламасына қатысу. Елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жоспарын жасау. Арнайы жер қоры және имиграциялық қор туралы аудан әкімдігінің қаулысының жобаларын әзірлеу.Қазақстан Республикасы Үкіметінің (Республикалық маңызы бар қалалар, орталықтар) атқарушы органдары құзырлығына кіретін, жер учаскесін беру және алу айрықшылық жағдайлардан басқа, жеке меншікке және жер пайдалануға жер учаскесін беру,мемлекет керегіне жер учаскесін алып тастау туралы аудан әкімдігі қаулысының жобаларын әзірлеу. Жер реформасын және жерді орналастыруды іске асыру жұмыстарын ұйымдастыру. Мемлекеттік жер кадастрын және жер мониторингін жүргізу, жерді зоналау жұмысын ұйымдастыру, жерд заңнамасын пайдалану іс тәжірибесін қолдану. Нақты жер учаскесінің тұрақты бағалау құнын анықтау жұмыстарын жүргізу. Жер мониторингісін, мемлекеттік жер кадастарлық жүргізу мақсатында ізжобалық іздестіру, ғылыми-зерттеуге мемлекет тапсырысын құруға қатынасу. Жердің болуы және оларды санаттарға бөлу, жер учаскесінің меншік иелері және жер пайдаланушылары, бұзылған жердің рекультивациясы және жердің құнарлы қабатын пайдалану және алу туралы жылдық, тоқсандық аудан есептерін құрау. Аудан әкіміне және облыстық жер қатынастар басқармасына айлық есептер жасау.Елді мекендер аймақтарында жергілікті – шаруашылық орналасуының жоспарын бекіту және оның орындалуын қамтамасыз ету. Жер заңнамасының бұзылуын жоюға іс-шаралар қолдану. Сараптамалық жұмыс. Жер қатынастарын реттеу туралы шешімдерді орындау сұрақтары бойынша жұмысшыларға тәжірибелік көмек көрсету. Жерді қолдану құқұғы туралы жалға беру шарттарын дайындау. Жер заңнамасы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тексеру. Жер комиссиясы қарауына мәліметтерді дайындау. Құқықты реттеу саласында бөлім мүдделерін ұсыну.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізігі талаптар:

Жоғары: «Құқық» (юриспруденция), немесе «Қызметтер» (жерге орналастыру), немесе «Ауыл шаруашылық ғылымдар» (агрономия), немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіндері бойынша.

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



3. «Власовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әлеуметтік, ауыл шаруашылық және шұғыл мәселелері жөніндегі жетекші маман, «Е-G-4» санаты, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 62 461 теңгеден 84 115 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Ветеринария және ауыл шаруашылығы саласында Қазақстан Республикасы Заңнамасының талаптарын сақтау үшін бақылауды қамтамасыз ету. Салық төлемдерді жинауды қамтамасыз етеді. Азық-түлік тауарларға мониторинг жүргізеді, кәсіпкерлік мәселелерін жасайды. Заңды мәселелер жөнінде жұмысты ұйымдастырады. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөнінде жұмыс.Жұмылдыру және жұмылдыруға дайындық, әскери қызмет және әскери міндет мәселелері жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру. Веб-сайтта ақпараттарды уақытында орналастыруды қамтамасыз етеді, веб-сайтты уақытында жаңартуды бақылау жасайды. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөнінде жұмысты жүргізу, аудандық кәмілетке толмағандар істер жөніндегі комиссиямен әрекет етеді. Аппараттың құжаттамалық қызметін мемлекеттік тілде ұйымдастыру. Аппарат қызметкерлерін қазақ тіліне үйретеді. Мемлекеттік тілде азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен, ішкі саясат бөлімімен, дене шынықтыру және спорт бөлімімен, білім бөлімімен жұмыс жасайды. Округ әкімімен жүктелген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізігі талаптар:

Жоғары: немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар», немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «Ауыл шаруашылық ғылымдар», немесе «Ветеринария», немесе «Жаратылыс ғылымдар» (экология), немесе «Құқық», немесе «Білім», немесе «Әскери қызмет және қауіпсіздік», немесе ортадан кейінгі, не орта техникалық, немесе кәсіптік: немесе «Метрология, стандарттау және сертификаттау», немесе «Геология, тау кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру», немесе «Мұнай-газ және химия өндірісі», немесе «Энергетика», немесе «Металлургия және машина жасау», немесе «Көлік» (салалар бойынша), немесе «Өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша) Көлікті пайдалану», немесе «Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар. Электрондық техника», немесе «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық», немесе «Сервис, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша)), немесе «Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (агрономия, ветеринария, зоотехния, өсімдік шаруашылығы, фермерлік шаруашылығы (бейіні бойынша), балық шаруашылығы (түрлері бойынша), аңшылықтану және аң өсіру шаруашылығы, орман шаруашылығы, бақша-саябақ және ландшафт құрылысы (түрлері бойынша), экология, табиғат ресурстарын сапалы пайдалану (түрлері бойынша), өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардағы қорғау (бейіні бойынша), немесе «Құқық», немесе «Білім» бейіндері бойынша.

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



4. «Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әлеуметтік мәселелер жөніндегі жетекші маман, «Е-G- санаты, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 62 461 теңгеден 84 115 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөнінде жұмысты жүргізу, аудандық кәмілетке толмағандар істер жөніндегі комиссиямен әрекет етеді. Аппараттың құжаттамалық қызметін мемлекеттік тілде ұйымдастыру. Аппарат қызметкерлерін қазақ тіліне үйретеді. Мемлекеттік тілде азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен, ішкі саясат бөлімімен, дене шынықтыру және спорт бөлімімен, білім бөлімімен жұмыс жасайды. Округ әкімімен жүктелген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізігі талаптар:

Жоғары: немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар», немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «Ауыл шаруашылық ғылымдар» (агрономия, зоотехния, орман ресурстары және орман шаруашылығын жүргізу), немесе «Құқық», немесе «Білім» бейіндері бойынша, немесе ортадан кейінгі, не орта техникалық, немесе кәсіптік: немесе «Метрология, стандарттау және сертификаттау», немесе «Геология, тау кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру», немесе «Мұнай-газ және химия өндірісі», немесе «Энергетика», немесе «Металлургия және машина жасау», немесе «Көлік» (салалар бойынша), немесе «Өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша) Көлікті пайдалану», немесе «Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар. Электрондық техника», немесе «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық», немесе «Сервис, экономика және басқару» экономика (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), немесе «Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (агрономия, зоотехния, орман шаруашылығы, бақша-саябақ және ландшафт құрылысы (түрлері бойынша)), немесе «Құқық», немесе «Білім» бейіндері бойынша.

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестілеу бағдарламасындағы «Е-4», «Е-R-4», «Е-G-4» санаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйыдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік деңгейін анықтауға арналған тестілер белгіленеді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық күәландырылған көшірмесі).

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалды куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан   «Аққайың ауданы әкімінің аппараты» ММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Аққайың ауданы әкімінің аппараты және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150300, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Народный көшесі, 50 Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты немесе Akkain-akimat@sko.gov.kz. электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Анықтамаларды 8(71532) 21664, факс 8(71532) 21159 арқылы алуға болады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет